🕙 Минуты чтения - 1

Вавилонның аспалы бағы

Общее количество слов 142
Общее количество уникальных слов составляет 120
31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
44.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
50.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  Вавилонның аспалы бағы - әлемнің алғашқы жеті кереметінің бірі. Бұл бақты Вавилон патшасы Навуходоносор әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған. Мидиялық патша қызы Вавилонның шаңдағында өз еліндегі гүл-құрақтың хош иісі мен ағаштың сыбдырын аңсайды. Сонда патша Мидия баурайындағы саялы мекеннің елесін орнату үшін осы бақты салдырады.
  Аспалы бақтың құрылысына патшалықтың күш-қуаты жұмылдырылып, тәжірибелі құрылысшылар мен математиктер қатысқан. Бірнеше қабаттан тұратын бақтың табанына тас төселіп, оның үстіне қамыс жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт және қақталған қорғасын жабылған. Мұның үстіне зәулім ағаштың өзі тамыр жайып шығатындай етіп топырақ төгілген. Бұл жасанды жолмен жасалған бақта жұбайлар қыдыратын, демалатын, тамақтанатын. Патшайым бақтың ең үстіңгі қабатында судың сылдырына рақаттана құлақ түріп отыратын. Ал бұл су Евфрат өзенінен каналдар жүйесі арқылы келетін. Патшайымның сұлу бейнесі ұрпақтар есінде көмескі тартып, Ассирияның әйел патшасы есімімен астасып сақталған. Сондықтан да аспалы бақты «Семирамида бағы» деп атайды.
  
  «Әлемнің 7 және 37 кереметі» кітабынан
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.