🕙 Минуты чтения - 2

Құмырсқа және бидай дәні

Общее количество слов 267
Общее количество уникальных слов составляет 179
59.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
72.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
74.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  Егінді түгел жинап алғаннан кейін бидайдың жалғыз дәні жерде қалып қойған еді. Қыс түспей тұрып, өзіне топырақ астынан пана іздеуді ойлайды. Осы кезде қасынан өтіп бара жатқан құмырсқа бидайдың дәнін көрді де, қуанғаннан бұл олжасын илеуіне қарай домалатып ала жөнелді. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскен құмырсқаға бидай дәні:
  - Әй, құмырсқа, сен бұлай бейнетке бата бермесең қайтеді. Мені таста да кете бер, - деді.
  - Мен сені тастап кетсем, қыста азықсыз қаламын ғой. Біз көппіз. Осылай әрқайсысымыз бір-бірден дән апарсақ, қысқа көп азық жинап аламыз. Сөйтіп, құмырсқа илеуі қазынаға толады.
  Сонда бидай дәні аз ойланып тұрып, былай деді:
  - Әй, еңбекқор құмырсқа, менің сөзімді тыңдашы өзің.
  Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнді жерге түсіріп, дәннің сөзін тыңдап, демалып отырды. Дән айтты:
  - Кел, құмырсқа, екеуіміз шарт жасасайық. Менің бойымда ғажайып жасампаз ұлы күш бар. Менің игі мақсатым - өз бойымнан жаңа дән шығару. Онда да көп дән. Кел, сол үшін шарт жасасайық.
  - Қандай шарт? - деп құмырсқа таңдана қарады.
  - Ал, тыңда, олай болса. Егер мені илеуіңе апармай, далаға қалдырып кетсең, келесі жылы менен бір дәннің орнына жүз дән аласың.
  Бұл сөзге таңданған құмырсқа басын шайқады.
  - Еңбекқор құмырсқа, менің адал да ақ сөзіме сен. Егер мені тастап кетсең, келесі жылы жүз дән болып тұрамын. Құмырсқа илеуі дәнге толады.
  Құмырсқа желкесін қасып, ойланып қалды. «Бір дәннің орнына жүз дән, ә! Осындай ғажап болады екен-ау».
  - Қалай сен жүз дән бола аласың? - деді құмырсқа әлі сеніңкіремей.
  - Құмырсқа, бұл - өмір құпиясы. Мені топырақ астына жасырып кет. Келесі жылы қайта орал. Мен жүз дән болып өсіп тұрамын.
  Құмырсқа жыл өткізіп, қайта келсе, бидай дәні берген сертінде тұрған екен.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
  • Читать следующее литературное произведение - 2-й класс
  • Салақтық