🕙 Минуты чтения - 2

Гиннесс кітабына енген қазақ

Общее количество слов 211
Общее количество уникальных слов составляет 180
47.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
55.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
60.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  «Тбилиси» крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Тоқтар сынақшы-ұшқыш ретінде бұл ерлігін МИГ-29 ұшағымен жасады. Кеңес ұшағы лып етіп көтеріле ала ма? Әлде бұрқ етіп жоқ бола ма? Бүкіл дүние-жүзінің мамандары демін ішіне тартып, қарап тұрған еді. Тоқтар Әубәкіровтің алдына крейсердің қып-қысқа ұшу алаңынан МИГ-29 ұшағын лып еткізіп көкке көтеру міндеті қойылды. Жаңа әдістің ерекшелігі сонда: ұшақ құдды трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, дүр етіп ұша жөнелген кептердей тез көтеріліп кетуі керек. Барлық мәселені аз-ақ секундтар шешеді. Ол ұшақтың моторына байланысты. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. А деп ауызды ашқанша құйрығы қайқаң етіп зеңгір көктен көрінетін дыбыстан жылдам ұшақты Тоқтар сонда зыр еткізіп көтеріп үлгерді. Асқан дәлдікпен аядай жерге ұшақты қайта қондыру да ғаламат ерлік болатын. Авиация тарихында бірінші рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырғаны үшін Тоқтардың бұл ерлігі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл 1989 жылдың 1 қарашасында болған оқиға еді.
  Ал 1991 жылы Тоқтар Әубәкіров қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 1 тәулік 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
  «Ер қанаты - тұлпар» деген сөз бар. Темір тұлпарды ерттеп мінген нағыз батыр Тоқтар Әубәкіров аршындап алға басып барады.
  Нағыз қазақ!
  Қыран қазақ!
  Қанатың талмасын!
  Дәл бүгін бар қазақтың осы бір нар қазаққа айтар тілегі осындай.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
  • Читать следующее литературное произведение - 2-й класс
  • Жаңбыр