🕙 Минуты чтения - 1

Байлық

Общее количество слов 124
Общее количество уникальных слов составляет 98
56.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
66.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
71.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей екенін айтып, мұңын шағады. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін айтады.
  - Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің? - дейді ұстазы. - Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың, - деп шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрайды: - Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?
  - Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін! - дейді жігіт.
  - Қаншаға берер едің: жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды? - дейді ұстаз.
  - Мен бұларды дүниенің малына айырбастамас едім, - дейді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке:
  - Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің? - дейді.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.