- Читать следующее литературное произведение - 3-й класс
- Ақсақ киік
🕙 Минуты чтения - 2
Аман мен телефон
Общее количество слов 199
Общее количество уникальных слов составляет 154
48.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
57.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
61.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Асан ағайдың Аман деген баласы бесінші сыныпта оқиды. Оның бір жаман әдеті - мектептен үйге келген бойда телефонның құлағына тыныштық бермейді. Өзі секіріп ойнап тоздырған орынжайға жатып алып, Досан досымен ұзақ сөйлеседі. Міне, ол:
- Аллооо! Досан! Есебіңді шығардың ба? - деп, орынжайға шалқасынан жатып алып, таңқыш танауын аспанға көтерді.
- Есепті шығардым, оны сенің дәптеріңе көшіріп қойдым, - деп, Досан мақтанып, маңғаздана жауап берді.
Аманның ағасы Ақай інісінің кесірленіп жатқанын көріп қалып:
- Телефонмен жатып алып сөйлескенің - әдепсіздік қой, - деп кейіді.
- Көке, кедергі жасамаңыз! - деп, Аманның көзі шарасынан шығып кете жаздады.
- Үйге берілген тапсырманы Досанға орындатқаның - жалқаулық қой, балам, - деп, Анар ана қабағын түйді.
- Мен жалқау емеспін! - деп, Аман қолын бір сілкіп, телефон тұтқасына жармаса түсті.
- Аллооо! Аллоооо! Досан, мен әлгі, білесің ғой... Иә, сол қызбен ұрсысып қалдым... Қойшы, ей...
Аманның телефондағы «жыры» таусылмады. Сөйтіп, ол уақытты ұтымды пайдалану туралы өзі түзген күн тәртібін ұмытып кетті. Келесі күнгі сабақтан зорға дегенде «үштік» арқалап қайтты.
- Телефонның кесірінен оқудағы үлгерімің бір жақсармай қойды, - деп, Асан ағай кейіп жүр.
Ал Аман кейімейді. Өйткені онда әдеп пен намыс жоқ. Әдепсіз, намыссыз бала әке-шешенің тілін алмай, оларды ренжітіп, өзіне бақытсыздық әкеледі.

Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.