🕙 Минуты чтения - 1

Алтын мүйізді киік

Общее количество слов 192
Общее количество уникальных слов составляет 143
54.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
68.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
74.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  (Ертегі)
  
  Ертеде Бұлдырмерген деген атақты аңшы болыпты. Өзі мерген әрі қарулы, ақылды, ержүрек адам екен.
  Бір күні ол аңға шығады. Орманды, тауды аралайды. Шаршаған соң, бір ағаштың көлеңкесіне келіп демалады.
  Бұлдырмерген қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырады. Сөйтсе байқамапты. Бұлақтың арғы жағасында, үлкен жартастың түбінде бір киік жайылып жүр екен. Екі мүйізі күнге шағылысып жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлдырмерген өз көзіне өзі сенбей, таңдана қарады. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, алтыннан екен.
  Ол киікті атып алмақ болып, садағын кезейді. Сонда алтын мүйізді киікке тіл бітіп:
  - Сабыр ет, мерген! - деп Бұлдырмергенді тоқтатады. Аңшшы оның жанына келеді. Ол аң аулап жүріп, бұрын-
  соңды мұндай ғажапты көрмеген екен. Қатты таңғалады.
  Алтын мүйізді киік әп-сәтте алтын мүйізді ақсақалды шалға айналады. Үстіндегі киімі күмістей жарқырайды. Ал екі алтын мүйізі сол қалпында қалады. Бұлдырмерген ештеңе демей, ғажапқа таңдана қарайды.
  - Осы тауда Бұлдырмерген деген атақты аңшы батыр бар деп естіп, соны іздеп шығып едім. Оны білмейсің бе, балам? - дейді ақсақалды шал.
  - Отағасы, ендеше сол Бұлдырмерген мен боламын! - дейді аңшы.
  - Рұқсат болса, балам, сені іздеп шыққан шаруамды айтайын.
  - Айтыңыз.
  - Менің балам - жерасты елінің ханы. Мен - соның туған әкесімін.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.