- Читать следующее литературное произведение - 3-й класс
- Алтын мүйізді киік
🕙 Минуты чтения - 2
Алтын балта
Общее количество слов 309
Общее количество уникальных слов составляет 186
58.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
69.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
73.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
(Ертегі)
Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап алып, отынға барыпты.
Біраз отын шауып бола берген кезде, кедейдің балтасының басы ұшып кетіп, қасындағы диірмен тасын айналдырып жатқан суға барып түсіпті.
Кедей диірменші шалға келіп, балтамды алып бер деп жалынады. Шал диірменін тоқтатып, суға қолын тығып жібереді де, бір алтын басты балтаны алып шығады.
- Мынау ма, балтаң? - дейді диірменші.
- Жоқ, бұл емес, - дейді кедей.
Шал суға екінші рет қолын малып жіберіп, күміс басты балтаны алып шығады да:
- Мынау ма, балтаң? - дейді тағы да кедейге.
- Бұл да емес.
Диірменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді.
Сол кезде ғана кедей:
- Е, міне, менің балтам! - деп оған қолын соза бергенде, диірменші шал оны тоқтатып:
- Шырағым, дүниеқоңыз емес, ақпейіл, адал жан екенсің. Сол үшін менен мына балтаны сыйға ал. Оның сен сияқты кедейге тигізер пайдасы көп. Осы балта қолыңда тұрғанда, күнкөрісің түзелер, тез арада-ақ ел қатарына қосыларсың, - деп оған алтын балтаны береді.
Кедей бұл балтаны үйге әкелген күннен бастап құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы балта екен, кедей отынды да өндірте жарады. Сөйтіп, ісі оңға басады. Үйге береке кіреді. Мұны көрші бай да байқап қалады. Бір күні ол кедейден мұның сырын сұрайды. Кедей жасырмай, барлық болған оқиғаны айтып береді.
Енді қара балтасын ала салып, бай да отынға келеді. Ол отынды шабар-шаппастан-ақ шыдамай, балтасын диірмен суына лақтырып жібереді де, алып бер деп, диірменші шалға келеді.
Шал судан алтын басты балтаны алып шығады.
Сол сол-ақ екен бай:
- Менің балтам, мынау - менің балтам! - деп, тұра ұмтылады.
Бірақ диірменші шал оны кеудесінен итеріп, тоқтатады да:
- Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме! Міне, сенің балтаң, - деп, байға өзінің темір басты балтасын алып береді.
Бай амалы құрып, үйіне қайтады.
Еңбегімен күнелткен кедейді күндеп, көре алмай, ішқұса болған бай шаруасына да жөндеп қарай алмапты. Тұрмысының да берекесі кетіпті.

Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.