🕙 Минуты чтения - 1

Альбомдағы суреттер

Общее количество слов 78
Общее количество уникальных слов составляет 65
44.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
52.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  Мынау - менің құндақтаулы жатқаным,
  Ана сүтін тұңғыш рет татқаным.
  
  Мынау - менің өзім және бесігім,
  Елеңдеймін айтылғанда есімім.
  
  Ал мынау - бір жүрген кезім еңбектеп,
  Ұмтылғаным сүт құюлы шөлмекке.
  
  Мынау - енді тәй-тәй басып жүргенім,
  Мынау - анам, оң жағымда тұр менің.
  
  Сондай-сондай толып жатыр сәттерім,
  Ойыншықтар: түйе, сиыр, ат керім!
  
  Бүгін емес,
  Ертеңімді уайымдап,
  Келешекке қойдым орын дайындап.
  Онда былай жазылады:
  «Марстан
  Қайтқан қазақ ғарышкері - Арыстан!»
  
  Дәл осылай өсіреді мені елім,
  Дәл осылай боларыма сенемін!
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.