🕙 1-minute de lecture

Болаттың белгісі

Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.
Le nombre total de mots est de 189
Le nombre total de mots uniques est de 159
54.6 des mots font partie des 2000 mots les plus courants
63.2 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants
71.2 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
  Болат тау беткейінен қолқорабын толтыра қарақат теріп, қайтып келе жатыр. Тас төбеден аумай, шақшиып тұрған күн таңдайды кептіреді. Жолда сұп-суық сарқырама өзен бар-ды.
  Сол жаққа қарап еді, бір топ бала шомылып, асыр салып, ойнап жүр екен. Соларға барып қосылса, салқын суға сүңгіп-сүңгіп алса, қандай рақат! «Бірақ балалар қарақатымды талап жеп қояды-ау!» деп ойлады Болат. «Апам одан тосап қайнатам демеп пе еді?»
  Оны балалардан қызғанған Болат қорабын оң жақ қапталдағы қалың егін арасына тығып кетіп, қайтарда алмақшы болды. Мұндайда бір белгі қою керек. Бірақ біркелкі егін арасынан ондай оқшау белгі табылмады. Сөйтіп, аңырып тұрғанда, аспандағы күннің бетін тоқымдай бұлт көлегейледі де, көлеңкесі Болаттың аяғының астына келіп түсті. Болат қуанып кетті. Әлгі көлеңкені белгі етіп, ыдысын қойып, бетін шөппен бүркеді. Сөйтті де, өзенге қарай жөнелді. Біраздан кейін Болат суға шомылып, салқындап қайтып келе жатты. Бірақ ол қанша іздесе де, ыдысын да, белгілеп кеткен көлеңкені де, күн бетін бүркеген бағанағы ақша бұлтты да таппады. Көз тұндырған жалпақ егіннің ішінен кіп-кішкентай қорапты табу оңай ма? Әбден ша расы таусылған Болат өзен жағасындағы балаларға қайтып келіп, жыламсырап тұрып, бәрін де амалсыз айтып берді.
  Болаттың қызғаншақтығы мен аңқаулығы көпке дейін жолдастарының арасында әзіл боп жүрді.
Vous avez lu le texte 1 de Kazakh littérature.