Latin Common TurkicChaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.
Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17
Le nombre total de mots est de 3741
Le nombre total de mots uniques est de 2016
26.4 des mots font partie des 2000 mots les plus courants
37.4 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants
44.1 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
беруге асығар емес. Бұл бiр. Екiншiден, өткен конгресте көтерiлген
мəселелердiң көпшiлiгi сол қалпында. Əлдеқашан атқарылуға тиiс қайсыбiр
маңызды шаруалардың өзi iлдəлда, өгiз аяңмен жүрiп, екiншi конгресс
үлесiне қалып қойды. Соның бастыларының бiрi – бiрiншi конгресс
мiнберiнде тұрып айтқан Президент Н.Назарбаевтың
«Қазақстан жастарының конгресi» ұйымын құру идеясы. Бұл барша
қазақстандық жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң, қозғалыстарының
басын бiрiктiру бағытындағы бастама өкiнiшке қарай, өзектi шараның бiрi
ретiнде мəжiлiстiң күн тəртiбiне қойылды. Табиғатында қызуқанды əрi
бастаған iсiн жедеғабыл тындыруға тырысатын жастарыңыз өз
проблемаларына келгенде «өгiз қара күшке» салмауы түсiнiксiз.
Ескi тақырып, жаңа мəселе болатын себебi, сонау 1991 жылы қабылданған
«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңның қазiргi уақыт талабына
ешқандай жауап бере алмайтындығы мен сол кезден бергi егемен елдiң
ерiктi жастарының бастарын бiрiктiру идеясы жаңалықтың жаршысындай
көрiнгенiмен iске аспай-ақ келедi. Неге? Бұған ендi шегiнiс жасай отырып,
өткенге үңiлiп көрелiк.
Алдымен көзге ұратыны – тəуелсiздiк алған он жылдың iшiнде жастарға
қатысты нақты жөндем құжаттың қабылданбағаны. Қабылданғанының өзi
iске асып жарытпаған сыңайлы. Қараңыз, жастардың белсендiлiгiн
барынша арттыру, жастар бастамаларын қолдау, тұлғаның
қалыптасуына жағдай жасау мақсатында «Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы» (1999 жылы
қабылданған), «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының
тұжырымдамасын жүзеге асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған iс-шаралар
жоспары» атты үкiметтiң қаулы жобасы мен «Қазақстан жастары»
республикалық бағдарламасы сол жастардың тарапынан қолдау таппады.
Себебi, жүзеге асу механизмдерi қарастырылмаған. Ал, оған 2000 жылдың
тамыз айында үкiметтiң жанынан құрылған жастар iсi жөнiндегi Кеңес бас
қатырып жатпаған ба дейсiз. Ұзын саны екi жүзге тарта жастар ұйымдары
ұжымдасудың орнына бас-басына ұрандап, ұтылып келгенi анық. Алайда,
Елбасы жастарды назарынан тыс қалдырған емес. 2000 жылдың
қарашасында жастар қозғалыстарының бiр топ жетекшiлерiн қабылдады.
Кəрi Каспий жағасындағы жиынға арнайы ат басын бұрып барды.
Дегенмен, əр кездесу сайын ел Президентi белгiлеген нақты
тапсырмаларды жастар орындай алмай-ақ келедi. Бұған бiреу кедергi ме,
əлде кiнə жас буынның өзiнен бе? Елбасымен жүздесуден соңғы нəтижелерi
алдыңғыларының аяғын құшып жүрмей ме?
Егер, бүгiнгi Қазақстан жастарына қатысты əдеби шығарма жазыла қалса,
сөз жоқ олардың аса зор үмiтпен қарайтын Президентпен кездесулерi əдеби
дүниемiздiң шарықтау шегiне (кульминациясына) айналар едi. Одан кейiнгi
оқиға шарықтау шегiнен қайта төмен түсе бастайтыны түсiнiктi. Яғни,
жастардың көкiрегiнде жылы ұялаған Елбасымен болған жүздесулер соңы
сиырқұйымшақтанып кететiнi байқалады. Қорытындысында, əлгi
шығармамыз сұрқайлау əрi пессимизмге құрылған еңбекке айналып
жататын. Бiрақ, қалай дегенмен де, Президенттiң жастар мəселесiне
айрықша маңыз берiп отырғаны байқалады.
Осы жағдайда Елбасымен соңғы кездесуден соң жағдай өзгеруi мүмкiн бе?
Мүмкiн. Президент жастар мəселесiн тiкелей назарына алды. Елбасы
маңыз берiп отырған «болашақтың құжаты» болашақта емес, көп кешiкпей
қабылданып қалады. Ал, Президенттiң айтқан «Қазақстан жастарының
конгресi» атты бүкiл қазақстандық жастар ұйымын құру туралы бастамасы
iске асып жатса, ештен кеш жақсы деймiз. Себебi, кеше не бүгiн емес,
соңғы он жылда көз жеткен, көңiл сенген мəселе.
Жастардың күшi – бiрлiкте. Алдымен қалай бiрiктiру, қайтiп iстi
ұйымдастыру жаңадан құрылған «Қазақстан жастары конгресiнiң» ғана
шаруасы емес. Республикамыздағы төрт миллионға жуық жастар өз
мүдделерiнiң оңды шешiлуiне шын ықылас бiлдiргенде ғана бiрлiк түбi
тiрлiк болмақ. Əрине, жастар жаңа ұйымдарының қайбiр «Қазақстанның
болашағы үшiн» секiлдi науқаншыл қозғалыстардың аяғын құшып кетпеуiн
қадағалауы қажет. Əрi республикадағы жастар саясатына монополистiк
көзбен қарап, шенеунiктiк шiренiс танытпауын назарға алса. Бұл құрылым
жастар үшiн, жастардың мүддесi үшiн қызмет iстеуi тиiс. Сондай елдегi
туындап отырған жастар проблемаларының аса маңызы бар басым
бағыттары: жұмыспен қамту, бiлiм алу, денсаулық сақтау, кылмыстың өсуi
жəне демография сынды мəселелердi шешу жолдарына аталған ұйым
алдымен кiрiсуi қажет-тi. Əлгi жайттардың маңыздылығына көз жеткiзу
үшiн бiр ғана жастар арасындағы жұмыссыздыққа аз-кем тоқталалық.
Жастар негiзiнен жұмыссыздар армиясында. Əсiресе, ауылдағы жəне
қалаға үдере көшкен қазақ жастары арасындағы жұмыссыздықтың жаппай
бел алғаны белгiлi. Неге басқа əлеуметтiк-этникалық топтарға қарағанда
бұл топтың үлес салмағы басым? Əлде, олардың кəсiби шеберлiгi төмен бе,
əлде, олардың құқы қорғалмаған ба? Əлде, о баста өздерiн артта қалдырған
тарихи қалыптасқан мүшкiл жағдайы ескерiлмеген бе? – мiне, конгрестiң
зерттейтiн-зерделейтiн сұрақтары.
Əйтеуiр, елдiң еңбекке қабiлеттi тұрғындарының жартысына жуығын
құрайтын жастардың, соның iшiндегi қазақ тiлдiлерiнiң өз жерiнде екi
қолға бiр күрек таппауы қынжылтады-ақ. 2000 жылдың басында
Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы саны (жасырын жұмыссыздықты
қоса есептегенде) 1,5 млн. адамды құраған. Олардың негiзгi бөлiгiнiң
тiркелмейтiндiгi салдарынан көбiсi жəрдемақы да алмайды. Ал, осы
жұмыссыздардың елу пайызға жуығы 26 мен 29 жас аралығындағылар.
Яғни, жастар. Бұл республикамызда жұмыссыздар партиясы құрыла қалса,
соның жартысына жуық мүшелерi жастар болады деген сөз. Оның үстiне
жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Дəл осы жұмыссыздардың
тағдыры тiптен ауыр. Дегенменде, бұл тығырықтан шығар жол жоқ емес.
Бар мəселе қаржыға тiрелiп тұрған кезде жастар саясатын өз деңгейiнде
жүргiзу үшiн ел бюджетiнен жеткiлiктi қаражат та бөлiнiп отыр.
Салыстырмалы тұрғыда қарағанда жастар саясатына бөлiнбек қаржы жаңа
серпiн берерлiк тегершiк iспеттi. Тек соның өз орнымен жұмсалып, шын
мəнiнде жастардың қажетiн өтеу үшiн сол жас буын белсендiлiгi қажет.
Айналып келгенде, ең маңызды сұрақ жастардың өзiне келiп тiреледi. Осы
уақытқа дейiнгi самарқаулыққа кiнəлiнi iздеп қажет емес. Шындығында,
аталған мəселенiң тезiрек шешiлуi жастардың өзiне керек. Олай болса, күнi
өтiп, уақытын оздырып алған адамдарша өкпелегiштiк пен марғаулықтан
айығу лəзiм. Əрi жастардың күшi бiрлiкте екенiн түсiнетiн мезгiл келдi. Кiм
мүдделi? Жастар өздерiне, елдiң болашағына жауаптымыз десе, бұл – тiзе
қосатын уақыт. Қалғаны қалың қолдың шаруасы.
Р.S. Жастарға қарай «Астана-эйр» əуе компаниясы да бет бұрған. 15 пен 26
жас аралығындағы өрендердi жеңiлдiкпен тасымалдаймыз дейдi олар. Сол
жастар билеттi қанша жеңiлдеткенмен де «Астанаэйр» ұшақтарын
пайдалануға мүмкiндiктерi көтере ме екен? Бұл жастарға арналмаған
жарнама.
2004 жыл.
Төрт миллион тағдыр
«Ғалымдардың есептеуiнше, əзiрбайжан тұрғындарының орта жасы 29,5
жас екен. Бұл не деген сөз? Əзiрбайжан халқының болашағы өте зор деген
сөз».
Ендi өзiмiзге келейiк. Осыдан бiршама бұрын жарық көрген Елбасының
«Тарих толқынында» атты кiтабында қазақстандықтардың орта жасы 25
жас деп көрсеткен. Дəл бүгiнгi күнi орта жас 29-ға келiп қалыпты. Яғни, бiз
де жас ұлт, өсетiн халықтардың қатарындамыз. Алайда, осы құбылысты
жете зерттеп жатқан орталықтар жоқ. Сондықтан да, жастарға қатысты
соңғы мəлiметтердi қолыңызға шам алып iздесеңiз де таба алмайсыз.
Дегенмен, төмендегi деректер аталған мəселенiң маңыздылығынан хабар
берер деген ойдамыз.
Қазақстан тұрғындарының 26 пайызға жуығын (16-29 жас аралығындағы
жас азаматтар саны 4 миллионға шамалас) жастар құрайды. Бұл республика
жұртшылығының төрттен бiр үлесiн иеленген жас буынның болашаққа
бастар үлкен қол екенiнiң көрiнiсi iспеттi. Сол кемел келешектен үмiткер
қалың қолыңыздың халы нешiк дегенге келейiк.
Еңбекке қабiлеттi ел тұрғындарының 40 пайызы жастар екенiн ескерсек,
республикадағы жұмыссыздардың 48 пайызын сол жас буынның құрауы
ойлантарлық-ақ. Əрбiр он жұмыссыз адамның бесеуi – жастар. Олардың
негiзгi бөлiгiнiң тiркелмейтiндiгi салдарынан көбiсi жəрдемақы да
алмайды. Жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Тiптен, осы ауыр
тағдырдан қашып қалаға барса да шекесi қыза қоюы неғайбыл. Екi қолға
бiр жұмыс iздеп шаршайды. Тапқан күнде ауыр еңбектiң ақысы аз, кейде
соның өзiн ала-алмай тауы шағылады. Одан қалса, қызыл жағалылардың да
айналдыратыны ауыл жастары. Содан не оңсын, құқы тапталған, қолы тым
қысқа олар басқа да əлеуметтiк мұқтаждықтардың мүйiздеуiне бiрiншi iлiге
кетедi. Мысал керек пе?
Медициналық тексеруден өтiп жататын миллионға жуық жастардың
шамамен 46 пайызының денсаулығы жоқ. Бұл оның жартысы дерттi деген
сөз. Əскер жасындағы бозбалалардың бүгiнде 12 пайызы денсаулығына
орай əскери мiндетiн өтеуге жарамсыз деп табылған. Жыл сайын жалпы
бiлiм беру мектептерiн бiтiретiн 200 мың баланың 70-90 мыңының кəсiби
бiлiм алу мүмкiндiгi жоқ. Сол жыл сайынғы мектеп түлектерiнiң 40 мыңы
ғана оқуға түссе, қалған 160 мыңы сенделiп қалады екен. Бос жүрген
бозбала мен бойжеткен қылмыс пен жеңiл жүрiске тез ұрынары сөзсiз.
Еңбек рыногына əр жылда келiп қосылатын жастардың 20 пайызына
жуығының мамандығы мен бiлiктiлiгi жоқ. Жəне бiр арқаға аяздай батар
мəселе – демография. Жыл сайын жастардың саны өсудiң орнына 22 мың
адамға азаюда. Соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200
мыңға азайып кеткен.
Ел ертеңiнiң бүгiнгi жайын көктей шолып өткендегi нобайы осы. Бұдан бiр
ұққанымыз, жас ұлт, өсетiн халқымыздың қазiргi күйi қайшылықты екенi.
Түсiнiктi, кешегi əрiсi ұрандатып БАМ ды тұрғызып, берiсi жас шопандар
отрядын құрып үйренген билiк жастарға науқаншыл көзқараспен қарап
келдi. Осылай бiрнеше ұрпақ өсiп, өркен жайды. Нəтижесiн бүгiн көрiп
отырмыз. Соның бiр ғана көрiнiсi – басқа кезде қажетi шамалы жастар
науқан уақытында, айталық, сайлаулар кезiнде тартылатын республикалық
деңгейдегi акциялар, съездер, конгрестер...
Науқаншыл көзқарастың сарқыншағы жастарды əлi де уақыттың илеуiне
салғысы бар. Ендi бүгiн қарасақ, кешегi «Алға, комсомол!»
идеологиясының артықшылығы бар. Əйтеуiр, жас буынды ортақ мақсатқа
үндеп, бiр мүддеге жұмылдырды. Бүгiн ше? Комсомол секiлдi 200-ге тарта
қоғамдық ұйымдар саяси ұпай жинау үшiн əр кезде бiр бой көрсетiп қана
қояды. Республикалық деңгейдегi «Қазақстанның болашағы үшiн» жəне
жаңадан пайда болған «Жастар таңдауы» ұйымдары науқан кездерiнде ғана
дүркiреп шығып, көп ұзамай сап тыйылады. Кейде қатты кетiп, жоғары
билiкке керi жарнама жасап алатыны бар. Ал, комсомолдың тiкелей
мұрагерi – «Қазақстан Жастар одағы» iшiнен «жiк шығып, жiк шыққанда
екi құлағы тiк шығып», жастар iсiмен емес, сотпен əуре болып жүр.
«Бас-басына би болған...» жерде береке, бiрлiк тұрақтамасы анық. Бұл
жерден тарқайтын түйiк жалпы жастардың (мейлi ұйымы, бiрлестiгi, өкiлi,
лидерлерi болсын) ықпалды күшке айнала алмай келе жатқаны. Сондықтан,
олармен ешкiмнiң де санаса қоймасы белгiлi.
Бəлкiм жоғары билiкке керегi де осы болар.
«ҚР Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заң мың-миллион жастың ендiгi
бiрден-бiр үмiтi iспеттi. Өйткенi, тəуелсiздiк алған уақыттан берi ел
жастарының құқын қамтамасыз ететiн жөндем заң қабылдана қоймаған.
Бұл заңда өз iсiн бастаймын деген жастарға несие беру, жастарға салық
жағынан жеңiлдiк жасау жəне жұмыс берушiлерiнiң бiрiншi кезекте
жастарды тартуына мүдделiлiк туғызу сияқты нақты заңдық күшi бар əрi
жастар аса зəру мəселелердiң көрiнiс табуы қажеттiлiк.
Құқықтық мемлекетте өмiр сүру үшiн үздiк заң шығарып қана қою
жеткiлiксiз екенiн көрiп те, сезiнiп те жүрмiз. Бұл ретте «Жастар саясаты
туралы» заңға бағынатын адамдар мен оның əрбiр бабын бақылап
отыратын мықты механизм – мемлекет жүйесi керектiгiн тəуелсiздiгiмiздi
алғаннан бергi уақыт бедерi керсетiп бердi. Алдағы уақытта заңымыз
депутаттардың қолдап, қабылдауынан кейiн оның жiтi жүзеге асуына
құзырлы орган ретiнде жастар саясаты департаментi мойнына алуы
құбақұп. Қазақстанның жас мемлекет екендiгi жайында бiрнеше дүркiн
үлкен мiнберлердiң өзiнен айтылып жүрдi. Сондағы ой жосығы: «Бiз өзге
мемлекеттер секiлдi шау тартып, шаршаған жаста емеспiз. Елiмiз жас,
сондықтан, əлi қарыштап өсуге тиiспiз» деген сыңайда. Оптимист болған
жақсы-ау. Алайда, сөзден iске көшпесек, «Айта-айта Алтайды, Жамал апай
қартайды» дегендей, қартаю сатысына өтiп кетiп жүрмейiк.
Əзiрге, жаңа науқан басталғанша, бəрi тым-тырыс. Жастар өз қотырын өзi
қасып, сабылып жүр.
2002 жыл.
Жастар қашаннан саясаттың құрбаны
Қазақстан жас мемлекет екендігі жайында бұған дейін бірнеше дүркін
үлкен мінбелердің өзінен айтылып жүрді. Сондағы ой жосығы: «Біз өзге
мемлекеттер секілді шау тартып, шаршаған жаста емеспіз. Еліміз жас,
сондықтан əлі қарыштап өсуге тиіспіз» деген сыңайда. Бірақ, қалай?
Қайтіп? Бұл пікір сол елдегі жас буынның жағдайы ескеріліп, жан-жақты
сарапталып айтылды ма? Оптимист болған жақсы. Алайда Республика
жастарының дəл қазіргі жайы басқаша ойға жетелейді.
Жүйе өзгеріп, мемлекеттік билік машинасы ауысып, бұрнағы аурусырқаудан ада-күде айыққанмен əдет (мүмкін, жаман əдет!) бəрібір қалып
қояды екен. Əрісі ұрандатып БАМ-ды тұрғызып, берісі жас шопандар
отрядын құрып үйренген билік жастарға науқаншыл көзқараспен қарап
келді. Осылай бір-бірнеше ұрпақ өсіп, өркен жайды. Жəне тамыры тереңге
бойлап та кетті. Нəтижесін бүгін көріп отырмыз. Соның бір ғана көрінісі –
басқа кезде қажеті жоқ жастар дəл сайлаулар кезінде тартылатын
республикалық деңгейдегі (!)
«Мы знаем – кого выбираем!» секілді акциялар.
Қысқасы, сол науқаншыл көзқарас əлі күшінде қалып қойды. Қайта
салыстырып қарағанда, кешегі «Алға, комсомол!» идеологиясы артық па
дейсің. Əйтеуір жастарды ортақ мақсатқа үндеп, бір мүддеге жұмылдыра
білді. Бүгін не? Олардың мəселелерімен шындап айналысатын мемлекеттік
мекеме де, қоғамдық ұйымдар да жоқтың қасы. Əлгі комсомолымыз –
бақандай республикалық жастар ісімен айналысатын мекемелер қысқара,
ықшамдала келе қазір жұқанасы да қалмады. Атауы – Мəдениет, ақпарат
жəне қоғамдық келісім министрлігіне қарасты жастар ісі бөлімі. Бөлімде
үш-ақ адам. Ал Қазақстандағы халық санағының алғашқы мəліметтері
бойынша, Республикада тұратын 16 мен 29 жас аралығындағы жас
азаматтар саны 4 млн-ға жуық. Яғни, тұрғындардың жалпы санының 4/1-ін
құрайды. Сонда үш адам 4 млн. жастың мəселесімен айналысып жүрген
болып шығады. Бұл не қылған парадокс? Көтере алмайтын шоқпарды белге
байлай беретін біздің билік басындағыларға таңданбасқа лаж жоқ. Аталған
бөлім жастар мəселесін шешуде өзінше тырбанып жатқан шығар. Алайда
саусақпен санарлық қана адамның əрекеті 4 млн. тағдырға шыбын шаққан
құрлы əсер етпесі анық.
Əзірге билік басындағылар жаңа науқан бастамағанша, жастардың қажеті
шамалы. Биліктегілер тым-тырыс. Жастар өз қотырын өзі қасып сабылып
жүр. Бір қарағанда бəрі орнында. Тіршілік үшін күрес əркімнің өзіне
тиесілі болған заманда тіпті, «жаны ашымастың қасында бас ауырып
жатқан жоқ». Ал, жастарға қатысты əлеуметтік мəселелер күн сайын
күрделеніп барады.
«Алға, КОМСОМОл!» артымыз қандай, алдымыз қалай?
Бұдан бірнеше жыл бұрын статистикалық зерттеу орталықтарында
жастардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туғызатын бағдарламалар
түзілетін. Қазір көзден бұл-бұл ұшқан. Бұл сөз жоқ, біздің үкіметтің
жастарға назар аударып, мемлекеттік деңгейде шаралар өткізбек тұрмақ,
ешқандайда осы тұрғыда қимыл-қозғалыс жоқ дегенге саяды.
Əнебір кезде шыққан Президентіміздің «Тарих толқынында» атты
кітабында қазақстандықтардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дəл
бүгінгі күні орта жас 30-ға келіп қалыпты. Бұл нені көрсетеді? Тоқ етерін
айтсақ, аталған жағдай мемлекетіміздегі жүріп жатқан реформаларға
қатысатын адам ресурсын азайтуға əкеліп, күрделі бір мəселені
туындатқалы отыр. Сайып келгенде бұл бөлек əңгіменің арнасы.
Еліміздегі статистика мəселесімен айналысатын мекемелердің
мəліметтеріне көз жүгіртсек, Республика тұрғындарының 26 пайызын
құрайтын жастардың 1 950,9 мыңы (55,9 пайызы) қалада, 1 539,7 мыңы
(44,1 пайызы) ауылдық жерде тұрып жатыр. Олардың 51 пайызы жігіттер,
49 пайызы қыз-келіншектер. Бұған бөлекше қосарымыз, елдің еңбекке
қабілетті тұрғындарының 40 пайызын жастардың құрайтындығы.
Міне, жоғарыдағы цифрларға көз жүгіртіп өткеннен кейін-ақ мəселенің
мəнісі айқындалып қалғандай. Шын мəнінде жастардың мəселесі
алаңдаушылық туғызады. Оған жастардың жалпы аса маңызы бар:
жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, қылмыстың өсуі жөне
демография сынды мəселелері бүгінде бұлтартпас дəлел.
Жастар жұмыссыздар армиясында
Əсіресе ауылдағы жəне қалаға қоныс аударған қазақ жастары арасында
жұмыссыздықтың жаппай бел алып келе жатқаны белгілі. Осы тұста заңды
бір сауалдар туындайды. Неге, басқа əлеуметтікэтникалық топтарға
қарағанда, бұл топтың үлес салмағы басым? Əлде олардың кəсіби
шеберлігі төмен бе, əлде олардың құқы қорғалмаған ба? Əлде о баста
өздерін артта қалдырған тарихи қалыптасқан мүшкіл жағдайы ескерілмеген
бе?
Əйтеуір елдің еңбекке жарамды тұрғындарының жартысына жуығын
құрайтын жастардың, соның ішіндегі қазақ тілділерінің өз жерінде екі
қолға бір күрек таппауы қынжылтады. Оған төмендегі мына мəліметтерге
назар салсақ жеткілікті.
Өткен жылдың аяғында Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы саны
(жасырын жұмыссыздықты қоса есептегенде) 1,5 млн. адамды құраған.
Олардың негізгібөлігініңтіркелмейтіндігісалдарынан көбісі жəрдемақы
алмайды. Осы жұмыссыздардың 41 пайызы 26 мен 29 жас
аралығындағылар. Яғни, жастар. Республикамызда жұмыссыздар партиясы
құрыла қалса, соның жартысына жуық мүшелері жастар болады деген сөз.
Əлгінде қадап айтқандай жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Дəл
осы жұмыссыздардың тағдыры тіптен ауыр. Өйткені
ауылшаруашылығының қантамыры жақын арада бүлкілдей қоймайтынына
ел куə. Сонда елдегі жастардың тең жартысы жақын болашақта жағдайы
жақсара қоймасы анық. Бұл тауқымет тағы да қазақ тілді жастардың
үлесіне тиесілі. Оған жұмыссыздықтың қатты белең алған аймақтарына
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан жəне Атырау сынды ірі облыстардың
жатуы дəлел.
Көксау жас – бұлдыр келешек
Соңғы жылдары Республика жастары мен жасөспірімдері арасында түрлі
ауру-сырқау түрлері көбейе бастады. Бұған тіпті ел ішінде ұмытыла
бастаған сырқат пен дерттің қайта бас көтеруі жығылғанға жұдырық
іспетті.
Халық есімінің кемуі мен өлімінің жоғары деңгейі жағдайында ел
тұрғындарының, соның ішінде жас буынның денсаулығы да айтарлықтай
төмендеген. Медициналық тексеруден өткен млнға жуық жасөспірімнің
46 пайызы аурулы болып шыққан. Бұл 10 баланың 5-і дертті деген сөз.
Жəне бір туындайтын сауал ел жасөспірімдері мен жастары жоғары оқу
орындары мен мектептерде не үшін жүр? Білім алу үшін жүр ме, əлде,
бұзылу үшін бе? Сауалды дəл осылай төтесінен қоюға негіз де бар. Жалпы
жастар денсаулығының нашарлауына есірткі заттарын, спиртті ішімдіктер
мен темекі өнімдерін қолдану орасан зиянын тигізіп отырғаны мəлім. Оған
нақты дəлел жоғары оқу орындары мен мектептегілердің 80 пайызы
шылым шегетіндігі! Бұдан жасөспірімдердің білімге ден қойғандығын
емес, басқа алдампаз ауанның жетегіне ергендігін көре аламыз.
Нəтижесінде не болып жатыр? Кейінгі 5 жылда жастар арасында
нашақорлар саны 5 есеге өскен. Тіркелгені – 33041.
Мектеп партасынан күні кеше қол үзген əскер жасындағы бозбалалардың
12 пайызы денсаулығына орай əскери міндетін өтеуге жарамсыз деп
табылған. Тіпті əскерге қайбір облыстардан бара тын балалардың салмағы
41-43 келінің ар жақ бер жағында. Бұдан шығатыны – дініне берік, дені сау
ұрпақ қана діттегеніне жете алады десек, əлгі мəліметтер керісінше ойға
жетелейді.
...Қылмысқа қарсы жəне бірге!
«Жынды» нарықтың атойына төтеп бере алмағандықтан да шығар, қылмыс
жастар ішінде кең етек алып кетті. Ауылда отар-отар қой, табын-табын
сиыр, үйір-үйір жылқы ұрлануы таңсық емес. Қалада рэкет, апиын сату,
жезөкшелік сынды терминдер өмірімізге дендеп енді де, ұсақ-түйек
қылмыс түрлері кең қанат жайды.
Еңбек пен оқудан тыс қалған, кəмелетке толмаған жастардың қылмысқа
араласуы күн өткен сайын өсуде. Яғни, мемлекет өз азаматтарын лайықты
жұмыспен қамтамасыз ете алмауы арқылы «жаңа қылмыскерлер
армиясын» сапқа тұрғызуда. Мұның қомақты қатары əсіресе, Астана,
Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай,
Павлодар сынды облыстарда байқалуда.
Заманына қарай адамы демекші, қазіргі уақыттың еншісіне бұйырған
ерекшелік – топпен жасалатын ауыр қылмыстар мөлшерінің артып
отырғаны. Бір ғана факт: 2000 жылдың 9 айында 5604 рет жастар
қылмысқа барып, көрсеткіш 6 пайызға өскен...
Сауатсыз ұрпақ сапта бар, санатта жоқ
Бүгінгінің ең ащы шындығы ауылда жұпыны тұратын отбасы балалары
мектепке бара алмауда. Əрі сол мектепті бітіргендерінің өзі жоғары оқу
орындарына түсе алмауда. Себеп көп. Салдар сан тарау. Жəне заңды сауал:
кедей отбасынан шыққан қазақ жастарының қолы жететін білім беру
жүйесін қалай жасауға болады, немесе бар жүйені қалай жетілдіреміз?
Жыл сайын негізгі жалпы білім беру мектептерін бітіретіндердің 70-90
мьңының кəсіби білім алу мүмкіндігі болмайды. Сонда олар не істейді
десеңіз, əлгілердің жартысынан астамы жұмыссыз атанып, қылмысты
топтарды толықтырады. Ал, еңбек рыногіне əр жылда келіп қосылатын
жастардың 20 пайызға жуығының мамандығы мен біліктілігі жоқ.
Осы қалыптасқан жағдайға қарсы күресудің орнына, мемлекеттік
бюджеттен білім беру саласын қаржыландыру жылдан-жылға күрт кеміп
келеді. Егер 1993 жылы қаржыландыру 8,1 пайызын құраса, 1998 жылы –
6,3, ал 1999 жылы 4 пайызға бір-ақ төмен түскен. Өткен 2000 жылы білім
беру саласына бөлінген қаржы 3,77 пайызды ғана құраған!
Білімге қатысты əңгіме қозғалғанда ақылы оқыту меселесін де айтпай кете
алмайсыз. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының жалпы саны соңғы үш
жылда 5-ке азайған, ал мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны
35-ке көбейген. Ресми емес, ақпарат көзіне сенсек, еңдігі 2-3 жыл ішінде
мемлекеттік оқу орны мəртебесін республика бойынша ұлттық статусы бар
4 ірі жоғары оқу орындары ғана сақтап қалмақ. Солай-ақ болсын. Алайда
мазалайтыны – осы тұрғыдағы біріншіден, білімнің сапасы, екіншіден,
жастардың бұған дайындығы. Өкінішке орай жас ұрпақ сəтсіз эксперимент
нысанасына айналғанын күнделікті дау-дамай, тексерулер көрсетіп берді.
Жас өспесе, көкіректі теспесе...
Демография – бала туу, халықтың өсуі мəселесі қазір жастар үшін ғана
емес, мемлекет үшін аса маңызы бар дүние. Қазақта тарихи қалыптасқан
көп бала туу дəстүрі бұзылды. Себебі қазақ елдегі ең нашар тұратын ұлт
санатында ері туған балаға берілетін жəрдем ақы мөлшері өте аз.
Қорытындысында көп балалы болуға тиісті қазақ отбасылардың барлығы
бала тəрбиесіне жіті көңіл бөлуден қалды.
Тағы бір алаңдататын нəрсе – жыл сайын жастардың саны өсудің орнына
22 мың адамға азайып келеді. Жас отбасылардың басым көпшілігі 1-2
сəбиден артық баланы дүниеге əкеле алмауда. Сондайақ бала табуға
қабілетті 20-29 аралығындағы жас келіншектер саналы түрде
отбасыларында бала санын шектеді.
Жалпы халықтың саны өсу үшін əр отбасында 3-4 баладан кем болмауы
керек екенін демограф ғалымдар түгілі, қарапайым адам біледі. Бəрінен
бұрын демография мəселесіне қатысты қалыптасып жатқан жағдай
экономикалық тұрғыдан келгенде түптің-түбінде тəуелсіздігімізге үлкен
қауіп төндіреді. Соның заңды бір көрінісіндей соңғы бес жылда еңбекке
жарамды жастардың саны 200 мыңға азайып кеткен.
Хал мүшкіл. харекет қандай?
Жоғарыда Республикадағы жастардың ғана емес, бүгінгі, тіпті ертеңгі
мемлекетіміздің толғақты мəселесінің бет-бейнесін көре алдық. Ендігі
əңгіме не істелініп жатқандығы жайында.
Алдымен мемлекеттік мекемелеріміз не тындырып отыр дегенге келсек,
өткен жылғы тамыз айында үкіметтің жанынан құрылған жастар ісі
жөніндегі Кеңестің осы жұмысқа əзірге мұрындық болар түрі
байқалмайды. Қағаз жүзіне қарап отырсаңыз, істелініп жатқан шаруалар
шаш-етектен. Іс жүзіне келсек, айтарлықтай дəнеме жоқ.
Дұрыс, жастардың белсендігін барынша арттыру, жастар бастамаларын
қолдау, тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау мақсатында Қазақстан
Республикасы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы
қабылданды. Бұл аз десеңіз, оған қоса «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі
2000 жылға арналған іс шаралар жоспары» атты Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулы жобасы дайындалған. Ал нəтижесі қандай? Оны осы
жоспарларды дайындаған азаматтар ғана білсе, білетін болар. Алайда,
жастар аталған құжаттардың
нəтижесін көрмек тұрмақ, олардың қабылданғанынан да хабарсыз. Мұндай
дүниелерді қағазға түсіріп, қаттаудан жалықпаған билік жақында
«Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасын қабылдады.
Білуімізше, жастар мəселесіне жыл сайын қаражат бөлінеді. Бірақ ол қайда,
қандай мақсатқа жұмсалғандығынан сол жастар бейхабар. Соның
көрінісіндей əлгі заңда көрсетілген баптар бойынша қоғамдық ұйымдардан
ұсыныс-жоба, өтініш т.б. түсіп жатса, жауап «қаржы жоққа» саяды да
тұрады. Сонда сауал туады: «Жастар мəселесіне бөлінген там-тұм тиынтебен сол жастардың аса қажетті жобаларына жұмсалмағанда қайда кетіп
жатыр?»
Қысқа қайырғанда, жастар ісіне қатысты мемлекеттік мекемелердің тыныстіршілігі осы сыпатта. Ал, қоғамдық ұйымдарға келсек, республика
бойынша жастарға қатысты мемлекеттік ұйымдар саны 200. Санына қарап
қарныңыз тойып қалады. Сапасына келсек, сөз басқа.
Республикадағы жастар ұйымдарының көш басында тұрған
«Қазақстанның болашағы үшін» Республикалық жастар қозғалысы дəл
қазір өгей баланың күйін кешуде. Кезінде билік керек уақытында құрып,
қаржыдан тарықтырмай, қамқорлыққа алды. Енді науқан аяқталып,
сайлаулар біткен соң, бастан сипауды қойған.
Міне, жастарға деген биліктің көзқарасы. Алайда бұл қозғалыстың қазіргі
басшылығы өзінше əрекет қылып, өлместің қамын жасап, жүрген сыңайлы.
Жастардың басын қосуды, олардың құқықтарын қорғауды басты ұстаным
етіп алғандықтан ілгеріректе өз күштерімен Президенттің қабылдауына
елдегі жастар қозғалыстары жетекшілерін бастап барған.
Президент не деді?
Жастар мейлінше ашық əңгімені қалаған. Президент те Республикада
қордаланып қалған жастар мəселелеріне қатысты өз ойларын,
ұсыныстарын ортаға салды. Жүздесу барысында мемлекеттік жастар
саясаты, жергілікті деңгейдегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттік
құрылымның жоқтығы, жұмыспен қамту, жастар кəсіпкерлігі мен олар
үшін шағын несие саясатын жүргізу, əлеуметтік қорғау жəне ел
жастарының өз БАҚ-тарының болуы сынды т.б. мың-сан мəселелер
талқыланып, айтылған осы дүниелер тиісті адамдарға тапсырылған. Содан
бері нəтиже жоқ.
Сонда дейміз-ау, Президент айтқан, тапсырма берген мəселе
сиырқұйымшақтанып барып іске аспаса, басқаша қалай шешіледі?
Егер, бүгінгі Қазақстан жастарына қатысты əдеби шығарма жазыла қалса,
сөз жоқ жастар жетекшілерінің Президентпен кездесуі əдеби дүниеміздің
шарықтау шегіне (кульминациясына) айналар еді. Одан кейін оқиға
шарықтау шегінен қайта төмен түсе бастайтыны түсінікті. Яғни, жастардың
ең соңғы зор үміт артқан Елбасымен кездесуі де нəтижесіз қалған болып
шығады. Қорытындысында шығармамыз өте сұрқай əрі пессимизмге
құрылған дүниеге айналады.
Айтып-айтпай не керек, Республика жастарының мəселесі Елбасының
алдынан шешілмей қайтты. Əрине, оны Президент білмейді. Білсе, басқаша
болар ма еді?
Қысқасы, Қазақстан жастарының, оның ішіндегі қазақ жастарының
болашағы жоқ деп тұжыруға осыдан кейін құқымыз бар ма, əлде...
Тағы бір басы қылтиятын шындық: ел тұрғындарының төрттен бірінен
көбін құрайтын жастардың мəселесі тек сол өздерінің ғана емес,
мемлекеттің де ертеңіне қауіп төндіретін мəселеге айналмасына ешкімнің
кепілдік бере алмайтындығы. Ендеше, шенеуніктер мəселеге тіпті
болмағанда осы тұрғыдан қарау қажеттігі өздігінен-ақ туындайды.
Не істеу керек?
Айналып келгенде ең маңызды сұрақ жастардың өзіне келіп тіреледі. Енді
кінəліні сырттан іздегенмен таппасыңыз анық. Шындығында осы
мəселенің шешілуі жастардың өзіне керек болмаса, дəл қазір өзгеге керек
бола қоюы неғайбыл. Қысқасы, күні өтіп, уақытын оздырып алған
адамдарша өкпелегіштік пен марғаулықтан айығу лəзім. Əрі жастардың
күші бірлікте екенін түсінетін мезгіл, келді. Яғни, кім мүдделі? Жастар өз
мəселесінің шешілуіне мүдделі болса, бұл – тізе қосатын уақыт. Қалғаны
қалың қолдың шаруасы. Бірігетін кез келді!
2001 жыл
«Жаңа буын» жақсылық əкелмеді
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендi халық қалп айтпапты.
Заман өзгердi, заңы соған сəйкестенiп бағуда. Өмiрдiң өзгермек түгiл бiр
пəсте өңi он құбылатынын құптамаса да сол халық қайран. Мұны тiптен
тəкаппар мiнездi уақыт елер емес...
Бұрынғы бiр ғана партияның шебiндегi қалың нөпiр ендi қалай, қайсысына
қарарын бiлмей бас қатырады деп кiм ойлапты. Ендi компартия емес,
бiрнеше партия, қозғалыс, бiрлестiк, одақтар өздерiне тартып, күн өткен
сайын қатары да қомақтана түсуде.
«Бiздiң жол – əдiл, ерсең есең кетпейдi» дейтiндерi «басқанiкi – балаң, бас
ауыртып қайтесiңдi» меңзеп қояды. Бастысы бұл емес. Бəсекеде. Кiм
жеңедi? Қалай жеңедi? Сауалды суыртпақтай берсе көп. Ең алдымен ол
қандай, қауқары қаншалықты дегендi дiттелiк.
Тоқсаныншы жылдардың үлесiнде қалған мына құбылысты бүгiнге сабақ
болар деген оймен саралап көрсек. Сол кезде ə дегеннен көп əрiптесiнен
көш iлгерi кетпесе де басқасынан бедерi бөлектенгенi – «Жаңа буын»
қоғамдық-саяси қозғалысы. Бiрiншiден, қозғалысты құрған – қалталы
кəсiпкерлер. Екiншiден, олар кiл еуропалық көзқарастағы, қалалық жастар.
«Жаңа буын» қоғамдық-саяси қозғалысы бағдарламасының кiрiспесiнде-ақ
бағыт-бағдарын айқындап алған.
Бiздiң мемлекетiмiздiң қазiргi саяси-экономикалық жағдайы терең
дағдарысқа тап болды. Дағдарыс халық шаруашылығының барлық
салаларын қамтыды. Əлеуметтiк аландау бəсеңдер емес. Өкiметтiң жоғарғы
сатылары қазiр республикадағы жағдайға толық ие бола алмайды.
Жағдайдың асқына түсуi байқалып отыр.
Мемлекет əлi де өз мүддесiнiң басым салаларын анықтамауы қалыптасқан
жағдайдың себепкерi. Ол баяғы тəжiрибесiне сенiп, барын да, бəрiн де
реттемекшi. Өкiмет құрылымдары бұл бағытта неғұрлым күш-жiгер
жұмсаған сайын өкiметтiк құрылымның басқару қабiлетiнiң қожырауы

You have read 1 text from Kazakh literature.
Suivant - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18
- Pièces
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3667Le nombre total de mots uniques est de 213222.4 des mots font partie des 2000 mots les plus courants33.4 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants41.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3702Le nombre total de mots uniques est de 210625.1 des mots font partie des 2000 mots les plus courants38.5 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants46.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3647Le nombre total de mots uniques est de 224724.0 des mots font partie des 2000 mots les plus courants35.4 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants41.5 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3640Le nombre total de mots uniques est de 222724.1 des mots font partie des 2000 mots les plus courants36.2 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants43.1 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3723Le nombre total de mots uniques est de 223428.8 des mots font partie des 2000 mots les plus courants42.0 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants50.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3744Le nombre total de mots uniques est de 245825.3 des mots font partie des 2000 mots les plus courants37.5 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants44.5 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3727Le nombre total de mots uniques est de 228220.4 des mots font partie des 2000 mots les plus courants30.5 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants36.0 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3681Le nombre total de mots uniques est de 235022.1 des mots font partie des 2000 mots les plus courants31.8 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants38.0 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3681Le nombre total de mots uniques est de 219829.3 des mots font partie des 2000 mots les plus courants41.7 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants47.8 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3722Le nombre total de mots uniques est de 233125.7 des mots font partie des 2000 mots les plus courants38.6 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants45.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3679Le nombre total de mots uniques est de 236827.9 des mots font partie des 2000 mots les plus courants40.6 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants47.5 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3825Le nombre total de mots uniques est de 252326.3 des mots font partie des 2000 mots les plus courants39.6 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants46.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3704Le nombre total de mots uniques est de 246527.2 des mots font partie des 2000 mots les plus courants39.8 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants47.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3786Le nombre total de mots uniques est de 252423.5 des mots font partie des 2000 mots les plus courants35.5 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants41.8 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3807Le nombre total de mots uniques est de 236626.7 des mots font partie des 2000 mots les plus courants38.5 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants45.8 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3861Le nombre total de mots uniques est de 237122.5 des mots font partie des 2000 mots les plus courants32.9 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants38.6 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3741Le nombre total de mots uniques est de 201626.4 des mots font partie des 2000 mots les plus courants37.4 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants44.1 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3807Le nombre total de mots uniques est de 231325.2 des mots font partie des 2000 mots les plus courants36.6 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants43.0 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3912Le nombre total de mots uniques est de 231822.9 des mots font partie des 2000 mots les plus courants35.5 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants41.4 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 3920Le nombre total de mots uniques est de 245133.4 des mots font partie des 2000 mots les plus courants47.4 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants55.5 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21Chaque ligne représente le pourcentage de mots pour 1 000 mots les plus courants.Le nombre total de mots est de 1898Le nombre total de mots uniques est de 130839.5 des mots font partie des 2000 mots les plus courants54.7 des mots font partie des 5 000 mots les plus courants61.0 des mots font partie des 8 000 mots les plus courants