🕙 1-minuto de lectura

Талпақ танау тарғылым

El número total de palabras es 91
El número total de palabras únicas es 69
27.4 de palabras están entre las 2000 palabras más comunes
33.0 de palabras están entre las 5000 palabras más comunes
40.1 de palabras están entre las 8000 palabras más comunes
Cada línea representa el porcentaje de palabras por cada 1000 palabras más comunes.
  Ә деп уызын жегізген,
  Аузымды аққа тигізген -
  Талпақ танау тарғылым.
  Шөлдегенде айраным,
  Қарным ашса, қаймағым -
  Талпақ танау тарғылым.
  
  Кертіп жейтін қатығым,
  Тік тұратын қасығым,
  Талпақ танау тарғылым.
  Сауып жатса - көпіршік,
  Сауып алса - ірімшік,
  Талпақ танау тарғылым.
  Алақанда сарымайым,
  Құртым толы баспағым.
  
  Сенің жөнің бір басқа,
  Бұйра құртым сар қасқа -
  Талпақ танау тарғылым.
  Бәрі менің тарғылым,
  Бәрін берген тарғылым.
  
  Тарғылымды нетейін?
  Тарғылымды күтейін:
  Бағайын да, қағайын,
  Арқаңа үзік жабайын.
  
  Аузыңа шөп тосайын,
  Суарайын, қарайын,
  Жылы жерге салайын.
  Тарғылымды жатқызып,
  Мен де ұйқыға жатайын.
  
  «Жүсіпбек Аймауытов шығармалары» жинағынан
Has leído el texto 1 de kazajo literatura.