🕙 1-minuto de lectura

Есеннің кірпісі

El número total de palabras es 178
El número total de palabras únicas es 150
49.9 de palabras están entre las 2000 palabras más comunes
63.1 de palabras están entre las 5000 palabras más comunes
68.3 de palabras están entre las 8000 palabras más comunes
Cada línea representa el porcentaje de palabras por cada 1000 palabras más comunes.
  (Әңгіме)
  
  Есен үйінің айналасында зәулім ағаш көп. Бірінде алма, бірінде алмұрт, тағы біреуінде моншақтай қызыл шие, уылжыған өріктер өсіп тұр. Ағаштардың арасында қызғылт бүлдіргендер де жасыл жапырақ арасынан қылтиып бой көрсетеді. Есеннің аса бір күтетіні - өзі егіп өсірген гүлден тіккен шатыр сияқты дөңгелене өскен шоқ ағаш. Оның ішіне Қаби екеуі үйінен тартылған электр сымына шам орнатты. Түнде оны жағып, екеуі сабаққа дайындалады.
  Есеннің асыранды кірпісі электр шамы жанған кезде ағаштардың арасынан шығып, жаздық күркедегі кереуеттің астына кіріп кетеді. Ол кереует астынан шығып, қараңғы түнде жайнаған электр жарығына таңырқағандай кішкене тұмсығын шығарып қарап-қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің «кірпім-кірпім» деген дауысы шыққанда тұмсығын шығарып, азығын іздейді. Есен оның азығын күні бұрын дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды.
  Есен кереуеттің бас жағында тұрған мандолинасын алып тартты. Мандолинаның дыбысы түнгі тынық кеште өте ашық, әдемі еді. Біраздан соң кірпі домаланып кереует астынан шықты да, дыбысты аңғарып, тура Есеннің алдына келді. Сөйтті де әуенді анық тыңдағысы келгендей тұмсығын сәл көтеріп, аз тұрды. Кітап оқып отырған Қаби басын көтергенде:
  - Мына кірпінің тыңдап тұрғанын қарашы. Әуен ырғағын сезеді өзі, - деді Есен күлімсіреп.
Has leído el texto 1 de kazajo literatura.