🕙 2-minuto de lectura

Ауылға келген мұғалім

El número total de palabras es 201
El número total de palabras únicas es 172
52.8 de palabras están entre las 2000 palabras más comunes
69.0 de palabras están entre las 5000 palabras más comunes
78.7 de palabras están entre las 8000 palabras más comunes
Cada línea representa el porcentaje de palabras por cada 1000 palabras más comunes.
  Ауылына келген, еуропаша киінген, сұңғақ бойлы Ахметден деген аққұба жігітті Мағжанның әкесі Бекен ізетпен қарсы алды.
  Қой сойып, қонақ етеді. Ас үстінде Ахметден өзінің башқұрт жігіті екендігін баяндайды. Бұл хабар Бекеннің және Гүлсім апайдың да құлағын елең еткізеді. Балаларына мұғалім керек еді.
  Сөйтіп, Ахметден Бекен ауылының мұғалімі болып орналасады. Бекен мектепке арнап жеке отау тігіп береді. Мектептің ішіне тақта, үстел, орындық, бор, дәптер, қалам сияқты барлық керекті заттар қойылады. Сонымен Бекеннің үйінде ашылған мектепте оқу басталады. Әттең, не керек, ересек балалар оқуға еркін кіріскенмен, төрт жастағы кішкентай Мағжанды ешкім есіне алмайды... Дегенмен үш жасында атасы Жұмабайдан: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады», - деп бата алған кішкентай Мағжан қарап отырмайды.
  Әуелі мектептің есігінен сығалап жүреді. Бірнеше күннен соң босағаның жанына барып отырып алады. Ол мұғалімнің бір сөзін де босқа жібермей тыңдап, ұғып алуға тырысады. Кішкентай баланың бұл қылығын ересек балалар көріп күле бастаса, мұғалім қайран қалады.
  Бір күні мұғалімнің тақтаға жазған сөздерін Мағжанның үлкен ағасы Мүслім дұрыстап оқи алмай тұрады, сол кезде кішкентай Мағжан ...
  Сонда Ахметден мұғалім жас баланы қолынан ұстап жетектеп әкеледі де, ең алдыңғы партаға отырғызады. «Бүгіннен бастап, Мағжан, сен де менің шәкіртімсің!» - дейді. Сөйтіп, төрт жасар Мағжан мектеп есігін ашады.
  
  «Мағжан Жұмабаев шығармалары» жинағынан
Has leído el texto 1 de kazajo literatura.