🕙 1-minuto de lectura

Алтын сөз

El número total de palabras es 96
El número total de palabras únicas es 83
44.5 de palabras están entre las 2000 palabras más comunes
55.3 de palabras están entre las 5000 palabras más comunes
67.3 de palabras están entre las 8000 palabras más comunes
Cada línea representa el porcentaje de palabras por cada 1000 palabras más comunes.
  Сәулелі сөз сөне ме?!
  Орны бөлек батаның.
  Бізге тәлім, өнеге -
  Ақ тілеуі атаның.
  
  Мән беріп, ден қойғанда,
  Терең ойға батасың.
  Шілдехана, тойларда
  Береді атам батасын.
  
  Әр сөзінің ақырын
  Жақсылыққа тірейді,
  Қадап айтып ақылын,
  Көпке бақыт тілейді.
  
  Кім сүймейді атасын,
  Асқар таудай көрінген.
  Бөбекке айтар батасын,
  Жаттап алған едім мен:
  
  «Жүйрік тілді ақын бол,
  Жақсыларға жақын бол!
  Достарыңмен тату бол,
  Дұшпаныңа қату бол!
  
  Ұсақ болма, ірі бол,
  Өз ортаңның гүлі бол!
  Ата-анаңның көзінің
  Сөнбейтұғын нұры бол!
  
  Кім болсаң да, әйтеуір,
  Азаматтың бірі бол,
  Туған елдің ұлы бол!»
  Ойға тоқы, парқын сез,
  Ата сөзі - алтын сөз!
Has leído el texto 1 de kazajo literatura.