🕙 1-minuto de lectura

Абайдың шаңырағы

El número total de palabras es 122
El número total de palabras únicas es 110
56.3 de palabras están entre las 2000 palabras más comunes
69.8 de palabras están entre las 5000 palabras más comunes
72.5 de palabras están entre las 8000 palabras más comunes
Cada línea representa el porcentaje de palabras por cada 1000 palabras más comunes.
  Үй ішіне кіргеннен кейін Әуез де көпке дейін үнсіз бір орында тұрып қалды. Оң жақта сүйек төсек тұр. Одан жоғары орналастырылған кітап шкафы, әсіресе үш ішекті домбыра Әуездің көзіне жылы ұшырап, ыстық көрініп кетті.
  Төр алдында жазылған қызыл күрең кілемнің үстіндегі жеке-жеке қонақкөрпелер мен дөңгелек үстел Абайдың да алыста жүрмегенін аңдатқандай сезім құшағына бөледі. Қазір, қазір-ақ Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр дауысы естілетін сияқты.
  Қатты толқуға түскен Әуез:
  - Алда, қарағым, Абайжан-ай! - деп қалды.
  Үлкен адамның қобалжыған күйін аңғарған Кәрім:
  - Ау! - деп сөз аралатты. - Нағыз сахараның ақ күмбезі ғой мынауыңыз.
  Көз талдыра жан-жағына қарасқандардың үнсіздігін әлден соң Әуез бұзды:
  - Қайырлы болсын! Біз бұдан артық не тілейміз, бәріңе де рақмет!
  Осылайша тілек еткен Әуез төрге шығып, жайласқан еді.
Has leído el texto 1 de kazajo literatura.