Latin Common Turkic

Көшпенділер - I - Алмас қылыш-06

Total number of words is 2750
Total number of unique words is 1660
34.8 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
58.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Өткені емес халқымның
Болашағы шер-мұңым...
деп ел-жұртының келешегін ойлап сәл қайғырып отырды да, қос жырауға бұрылды. Халықтың айтысты күтіп отырғаны есіне түсіп:
— Қазтуған жырау, баста! — деді.
Қыпшақ елі, Орта Азия хұнулары — чұмхуну ұрпақтарынан, біздің дәуірімізден бұрын келе жатқан Европа халқы түстес, дінілі тайпасының күнбатыс бөлегі, көне сақтар сарқындысы, Қыпсақ деп аталатын рудан және көне Қангуй елінің қалдығы — қаңғылардан құрылған, түркі тұқымдас, Ертіс пен Тобыл өзендерінің арасындағы ағашты өңірді жайлаған, жау жүрек қалың жұрт болатын. Оныншы ғасырдың бас кезінен бастап, гуздарды (осы күнгі түрікмендер) оңтүстікке, печенгтерді (көне кенгерес елі) күнбатысқа, карлуктарды (қазіргі қарақалпақтарды) оңтүстік-күншығысқа, углерді (карелофиндарды) солтүстіктегі қалың орман арасына қуып, көне Қангуй жеріне келіп орналасқан. Сол күннен бастап сонау Еділ мен Ертістің ортасын Дәшті Қыпшақ жері не Қыпшақ даласы деп атап кеткен. Қыпшақтар он бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне келіп жеткен. Өзінің шекарасына келген елді орыс жұрты шаштарының сар-
ғылттығына қарап «Половцы» деп атаған (Полова — кесілген сабан), ал батыс Европа елі — коман деген ат қойған. Бұл жау баққан көшпелі ел көршілес жұрттарына қырғидай тиді. Жат соғыс әдістері бұларды өте қауіпті етті.
Ғасырлар бойы әдеттенген тәсілдері бойынша, жауына жоқ жерден тиіп, заматта ғайып болып, үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері соғысқа әбден үйренген, ұзақ жорықтарға шыныққан жау жүрек жауынгерлер еді. Жасынан садақ атып, арқан тастап баулынған, Қыпшақ сыпайлары ұшып бара жатқан құсты жақпен көздемей бір-ақ тартып түсіретін шетінен мерген келетін. Бұлардың негізгі қаруы садақ, иықтарына ілгені жебеге толған қорамсақ, қисық алдаспан және жау мойнына лақтыратын қыл арқан. Көпшілігі найза ұстайтын. Үнемі ұшы-қиыры жоқ жазық далада көшіп жүретіндіктен, дала бүркіттеріндей қырағы жаралған. Жауға бұлардан жасырынып қалу тіпті мүмкін емес-ті. Қас жағының әскерін көрісімен-ақ бұлар жақтарынан жебені қардай боратып, ат қоятын. Қарсы жағы берік болса, қорқып кеткендей жорта кейін шаба жөнелетін. Қашқан Қыпшақтарды жауы оп-оңай қуып тастамақ боп тұра ұмтылса, бір жасырын қойнауда тығылып тұрған мергендері оларды оқтың астына алатын. Күтпеген жерден мұндай жағдайға ұшыраған жау әскері сасып қалып сәл кідірсе, жаңа ғана қашып келе жатқан Қыпшақтар кенет аттарының басын кейін бұрып, қайтадан атой салатын. Мұндай тәсілге үйренбеген жау әскері быж-тыж болып қаша жөнелетін. Оларды Қыпшақтар арттарынан қуып жүріп садақпен атып, не болмаса болат алдаспандарын құлаштай сермеп қырып салатын.
Ал екі жақтың күші бірдей түсіп жаумен бетпе-бет кездесер жағдай туса, Қыпшақтар сап-сап боп бірнеше қатарға бөлінетін. Әдет бойынша алдыңғы қатардағы атты жауынгерлер саптарын сүйір ұшты етіп құратын. Бұл оларға жұмсақ жерге кірген қазықтай, жау шебін оңай бұзуға керек-ті. Әр топтың ара-араларына және арт жағынан шабуылға шыққан жауды кідірту үшін арбалар қоятын. Осы арбалардың артында керек кезінде ұрысқа түсуге дайын тұрған тағы да әскері болатын. Ал егер жау жағының күші басым келіп, шабуылды олар бастайтынына Қыпшақтардың көздері жетсе, соғысу тәсілін басқаша жүргізетін. Үстіне өгіз, түйе терілерін жапқан арбалардан дөңгеленте бекініс жасайтын. Арбалардың шетінде жағалай тұрып алып, шабуылға шыққан жауына оқ жаудыратын. Жау қай жағынан келсе де дөңгелене құрылған бекіністегі Қыпшақтарды ала алмайды. Өздері оққа ұшады. Оның үстіне Қыпшақтар әлгі арбадан жасалған дөңгелек бекіністерінің ара-араларында қисық-қисық жол қалдырып, жау күшінің әлсірегенін білсе, өздеріне таныс қисық жолдарымен жау шебіне ат қояды. Ал шабуыл жасаған жау бұл жолдарды пайдалана алмайды. Шауып келіп кіремін деген жауынгер екпінімен кеп алдындағы арбаны соғып, быт-шыты шығады. Ал әлдеқайда кіре қалған етрат 21  бұраңдап жатқан жолмен бекініс ортасындағы шепке жеткенше Қыпшақтың бірер жігітінің шірене тартқан садағының сауыт бұзар жебесіне душар болады. Тіпті таяп қалса найзағайдай жарқылдаған наркескенінен қаза табады. Ал арба арасындағы қисық жолдарды Қыпшақ жауынгерлері мейлінше еркін пайдаланатын. Жау күтпеген жерден, тал арасынан шыққан жолбарыстай, лып етіп пайда болып, садақ оғын жаудырып-жаудырып жіберіп, қайтадан кіріп жоқ болып кетеді. Басына жүген киіліп, үстіне ер түскенінен бұл әдіске машық болып үйренген Қыпшақ жыл-
қылары еш уақытта әдет алған жолынан жаңылыспайды. Қамыс арасымен сусылдап өткен жыландай, арбалар арасынан қалай болса солай өте шығатын. Мұндай әдіске дағдыланбаған жау аттары екпінімен кеп, ең бірінші бұрылыста-ақ арбаға соғылып, арындап барып шалқасынан түседі. Соңынан келе жатқан жауынгерлер жолы бөгеліп тоқтап қалатын. Осы сәл аял Қыпшақ жігіттеріне жеткілікті. Құлаштап тартқан қайың садақтан ысылдай атылған ажал жебелері кімді болса да ат үстінен ұшырып түсіреді.
Қыпшақтар бұл бекіністерін өздеріне қолайлы жерге орнататын. Егер таңдаған жерлері алда-жалда қауіпті болса, бір қалтарыста, не ымырт үйіріле дағдыланған әдет бойынша арба жетегін үзеңгілеріне іліп алып заматта бөтен жаққа көшіп кетеді. Жау орнын сипап қалады.
Осындай жылжымалы бекініске орналасқан Қыпшақтарды жау ала қоям деп дәметпейтін. Өгіз, түйе терілерімен жабылған арба қорғанына Қыпшақтардың бекінгенін білсе, әдетте жау ұрыс ашпайтын, өз бетімен кейін шегінетін.
Бірақ Қыпшақтардың ашулы тасқыны орыс қалаларынан әрі аспады. Тек кейбір толқындары ғана Еділ бойлары мен Византияға жетті. Бірақ одан аса алмады. Ұлы Россия көшпелі елдің шабуылынан өз жерін кеудесімен қорғап, әдеті бойынша Европаны тағы бір апаттан сақтап қалды.
Қыпшақтар осы жүз елу жыл жүргізген шапқыншылығында Киевтен бастап Россияның көп қаласына қауіп туғызды. Ал орыс князьдарының бастары қосыла бастаған күндерден кейін, кешегі қабыландай қайратты, жансебіл жандар, кенет құдайдың қарғысы ұрғандай, бастарына сор нөсердей жауып, сан мәртебе мерт болды. Әсіресе бір мың елу үшінші жылдан бір мың бір жүз жиырма бесінші жылға дейін өмір сүрген Переяславль мен Киевтің ұлы князі Владимир Мономах бытырап жүрген өзге орыс князьдарының басын қосып, Қыпшақтарға қарсы шабуыл ұйымдастыра алды.
Одан Қыпшақтар бір мың он бесінші жылы оңбай жеңілді. Содан бері бұл қаһарлы тайпа орыс жеріне шын қауіп болудан қалған.
Міне, осы Қыпшақтарды қазір арқалы жырау қарға бойлы Қазтуған мақтауы керек. Бейбітшілік пен тыныштықты, сұлулық пен ойшылдықты сүйетін ұлы сыншы Асан Қайғы Қыпшақтардың тарихына қанық-ты. Қазір ол тыныш елдерге бүйідей тиген бұл шапқыншыл елді жүйрік жырау қай жағынан мақтар екен деп мүлги күтіп отыр. Оған Қотан қарт не айтпақ? Қыпшақтың ерлігіне қандай мін тақпақ? Шапқыншылықты, ерлікті мұрат көрген мына қу заманда жұрт оның ойына түсінер ме?
Қазтуған, Асан Қайғы күткендей әйгілі арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландыға бір тоқтап, Қыпшақтың шапқыншыл ел екенінен бастады. Қарағай кәрі домбырасын лақтыра безілдетіп, арқасы ұстап, Қазтуған жырау домбыраның күйімен өзі бірге шалқып малдас құрған қалпында кенет ытқи алға бір ұмтылып, қайтадан отыра қап құйрығымен шыр көбелек айнала тепеңдей жылжыды. Ханның сол жағында отырған қазіргі Қобыланды батыр арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландының атын естігенде, шоқтығы өзгелерден анағұрлым жоғары көтеріліп, бір масайрап қалды. Қыпшақ жағының адамдары Қазтуғанның жырынан делебелері қозып, нақ өздері жүз елу жыл ерлік еткендей у-шу жырауға қошемет көрсетті.
Асан Қайғы Қотан қартқа бетін бұрды.
— Сөйле, жырау, — деді.
Қалың ойға шомып кетіп басын төмен салып үн-түнсіз отырған қарт жырау, шапқан дүбірді естіп, тыпырши қалған кәрі тарландай, кенет басын көтеріп алды. Сол сәтте-ақ қыл қобыздан күй аңырап қоя берді. Ақтарыла сарнаған қобыз үнімен бірге, бір кезде құлаққа жағымды қоңырқай, қазір кәріліктен өңі бұзылған Қотан қарттың қарлыққан даусы да шықты. Ол: — Өлімнен қорықпау ерлік емес, ерлік өмірді қорғау, — деді. Жырау шын батырлық біреудің жерін шауып, елін тонауда емес, өз жеріңді, өз еліңді жаудан қорғаудан туады дей келіп, аз бола тұрып көпке шапқан, Қазтуған мақтаған Қыпшақтың көп бола тұрып аздан қашқан кездерінің болғанын айтты. Жырау таққан кінәні естігенде бастығы Қобыланды батыр болып елеуреп қопаңдай қалды.
— Қашан? Қай жерде? —деген де шу шықты. Қарт тайшы оларға аяй қарап, Қыпшақтар өздері ұмытқанмен өзге рулар сақтап қалған «Қыпшақ қашқан» хикаясын естеріне салды.
Қыпшақтар алты құлаш Шерухан бастаған бір аттанысында Чернигов қаласын алмақ болған. Чернигов әскері қарсы шыққан. Бір мың алпыс сегізінші жылдың алтыншы айында екі әскер Деснаның таралуы Синави өзенінің жағасында кездескен. Орыс әскерлері үлкен ерлік пен табандылық көрсетіп, үш мың адамнан Қыпшақтың жиырма мың әскері жеңіліп, кейін қашқан. Көбі әбден қатып болмаған өзеннің мұзы ойылып кетіп, ат-матымен суға кетіп, бықпырт тигендей қырылған. Осы ұрыстан кейін іле-шала орыс жерінде ғажайып ақ түтек боран тұрып, қалған нөпір топ жолдан адасып, елдеріне жете алмай үсіп өлген. Бұны артынан қазақтың басқа рулары «Қыпшақ қашқан» ұрыс деп атаған.
Қыпшақ жағы енді басылып қалды. Арғын тобы, «Пәлі, кәрі тарланым, аяғын қалай-қалай тастайды!» деп Қотанды қошаметтеп көтеріле түсті. Бірақ өр мінезді, жалын жанды Қазтуған Қотан толғауынан мойымады. Қамшы тиіп, ырши түскен жүйріктей, енді тіпті долданып кетті. Қарағай домбырасын аспанға лақтырып, аруағы ұстап, жыр дабылын үсті-үстіне дақпырата ұрды.
— Шерухан ханды жақсы қармадың, абыз жырау, — деп бастады ол жаңа толғау ырғағын. «Алып бойлы Шерухан» деп орыс елінің өзі қыса еткен Шерухан ханның ерлігіне, шапқыншылық ісіне бір қыдыру тоқтап өтті. Содан кейін қарға бойлы Қазтуған орыс қалаларын шапқан Бонақ, Тұғырхан, Қотан, Шерухан, Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Сүңгір, Көбек, Торсық тағы басқа Қыпшақ хандарының әрқайсысының жауынгерлігін, ел аузында аңыз болып жайылған жорықтарын дәріптей келіп, «өз елдері түгіл бөтен елдерге өлмес аңыз қалдыр-
ған осындай хан мен батырлар тудырған Қыпшақты кім қор санар?» деп ожарлана жырын тоқтатты.
— Сөйле жырау, — деді Асан Қайғы Қотанға:
— Бөтен елге бұл хандар аңызымен бірге, жаман аты мен сүйектерін де қалдырды, — деп бастады бұл жолы толғауын Қотан қария ырық бермей. Жаңағы аты аталған хандардың көбінің шапқалы барған жерінің князьдерінің қолынан өлгендігін айта келіп, Қотан жырау «Өз жерінің топырағы тас болып па еді бұларға! Не жетпеді соншама бөтен елден ажал іздерлік?» деген сұрақ қойды. Жайшылықта салмақты қарт, бұ жолы біреу шабынан түртіп, мазасын ала бергендей, қабағын кәрлене түйді. Енді ол өз сұрағына өзі жауап берді. — Жоқ, зираттық екі құлаш жер оларға Қыпшақ даласынан да табылатын еді, — деді. Бірақ хандардың іздегені басқа. Адамның дүниеге өзі тойғанмен көзі тоймайды. Байыған Қыпшақ хандары байыған үстіне байи түсуді мақсұт етті. Тегін алтын, күмісті, асыл жиһаз дүниені, ғасырлап жинаған бөтен жұрт қалаларының қазынасын тонап алғысы келді. Алдарына салып айдаған мыңдаған малдан түсер пайда оларға аз көрінді. Ерлігі ішіне сыймағанынан емес, қанағатсыздығы мазасын алып, ажал түрткілеп, жорыққа шықты. Ақырында дүниеге тоймаған қос жанар, басқа елдің бір уыс қара топырағымен тойып тынышталды деп қарт ақын күңірене күрсініп, «жауынгер туған, Қыпшағым» зираттары жат жұрттың даласында қалған хандарыңның қылығын несіне дәріптейсің! — деп Қотан жырау жырын тоқтатты.
Қыпшақ жағында үн жоқ. Қобыландының екі беті түктеніп кеткен. Бірақ хан алдында ұстамды, үн-түнсіз. Сондықтан да, теңіз тулап, дауыл соқса да мызғымас, су жағасындағы жартастай, қозғалмай тұнып қалған. Тек Қазтуған жырау ғана сыр түйіп, бұрқ-сарқ тасығалы кезегін күтіп, тыпыршып әзер отыр. Ал төреші Асан Қайғыда да үн жоқ. Ол сонау Қыпшақ хандарының қанды жорықтарын ақыл таразысына салып ойға кеткен; әлден уақытта басын көтеріп, баяу ғана:
— Сөйле, жырау, — деді.
Қазтуған «Айт, шу!» деген бәйгі ұранын естіген қылаң құйрықтай, бірден аға жөнелді.
Бұ жолы ол домбырасын безектей ойнатып бір тізерлей отыра қап ащы айқайға салды. Күре тамыры білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан жыландай ісініп ап, толғауына кірісті.
— Ерлік — ежелгі салтым, — деді. — Алыс-жұлысқа жаратылған қанды балақ қыран құс, құр ұясын күзетіп отыра алмайды. Қыпшақ та сол қыран құс. Ол ерлік үшін жаратылған, — деп Қазтуған құлашын алысқа сермеді. Дәл осы сәтте қарсы алдында отырған жауы — қарт жырауға қона түсуге дайын, өзі де сол қыран құстың бірі тәрізді. Екі көзі қанталап, қалың қабағы жауар күндей түксиіп кеткен.
Даусын кеңнен алып, тағы да бір шырқап жіберді де «Осы ерлігінің арқасында Қыпшақ әлемге аян болды. Батыр жұрт Қоламан 22  патшаның кезінде Стамбулды да жау тырнағынан алып қалды» деп жырын бітірді.
Қотан мырс етіп езу тартты.
— Сөйле, жырау, — деді Асан Қайғы Қазтуғанның ағат кеткенін аңғарып, ұнатпай қалғанын жасырмай сәл қабағын түйіп.
Қотан қарттың күткен кезі осы мезгіл еді. Кәрі қыран енді Қазтуғанның құрыш денесіне сояу-сояу тырнақтарын қырш-қырш кіргізді.
— Орынсыз қан төккізгенді ерлікке кім санаған? — деп бастады ананы әжуа ете, қарт жырау. Қазтуған ақын паш еткен Қыпшақтар қатынасқан Стамбул оқиғасын Қотан қария жыр еткенде, қобыз үні құдды қан жылағандай аңырай шықты. Қарт жыраудың өзінің даусы да дәл бір өксігін баса алмай отырған қаралы адамның үніндей. Бұл хикаяны естіген жұрттың екі ұрты суалып, жақ жүндері үрпиісіп жүдеп кеткендей. Әбілқайыр хан көз қиығын Қобыланды батырға аударып еді, оның да басы төмен салбырай түскен екен. Қарт жыраудың сөзі жүректерін тырнап, көздерін жасқа толтыруға таяу тұрса да «Тоқтатыңыз!» деп бұйыруға бірде-бір адамның аузы барар емес. Ханның да, батырлардың да көмейіне құм құйылған.
Алтын күмбез мешіті, ақ мрамордан қаланған патша сарайларымен безенген, Босфор теңізінің жағасындағы Византия астанасы Стамбулға он бірінші ғасырда аса бір сойқан күн туды.
Еділ, Днепр бойларынан Қыпшақтар қуған торкі елі Дунай өзенінен өтіп Византияға жақындады. Византияның солтүстігін бұдан бұрын печенегтер басып алып, талан-таражын шығаруда еді. Ал Кіші Азияда Византияның қалаларын түрікмен сельджуктары мазалауда болатын. Стамбулдың сау қалуына екіталай күн туды. Бұл аздай, енді Стамбулға төртінші қас пайда болды. Ол қас — Дунай өзеніне жетіп қалған бөрте жылқы мінген Қыпшақтар еді.
Сасқан Византияның патшасы (императоры) Алексей Комнин Стамбулды қалай сақтап қалуды білмей өзінің ежелгі жауы Крестшілер мен Рим папасына «Константинополь» (Стамбул) торкілер мен печенегтердің қолына түскенше, сендер алыңдар» деп жәрдем сұрап хат жазды. Расында Византияға безбүйрек көшпелі тағы елдердің шапқыншылығы тым қорқынышты еді.
Византияның басына қан жауған осы бір қиын-қыстау кезеңде, печенегтер бірінші боп Стамбулдың іргесіне кеп тоқтады. Император Комнин «Қыпшақтар не дер екен? Егер олар печенегтерге қосылып кетсе, біржолата құрыдық» деп қан жұтып жүдеп жүргенінде, бір күні Стамбулдың солтүстік жағынан қаһарынан жан түршігетін Бонақ пен қанқұмар Тұғырхан қалың қолмен сау ете түсті. Олар «Жауды көрсет! Біз дайын!» деді. Алексей әлі де болса Қыпшақтардың күшін пайдаланғысы келмей, оларды кең сарайында күндіз-түні күтіп, ұрыс күнін айтпай кідірте берді.
Бірақ арақ-шараптан көрі, кісі қанын ішуді ұнататын Қыпшақ хандары императордың сән-салтанатты кең сарайында рақаттанып жатудан безіп, майданға шығып, қисық наркескендерін оңды-солды сермеуге асықты. Олар императорға: «Біздің енді күтер жағдайымыз жоқ. Ертең күн шыққаннан кейін, біз не қойдың етін, не қасқырдың етін жеуіміз керек» деді. «Бұлары біз ұрыссыз бос жата алмаймыз, ертең күн шыға сендермен қосылып печенегтермен соғысамыз» дегендері еді. Зәресі кеткен Алексей соғыс күнін айтты. Бұл қанды айқас бір мың тоқсан бірінші жылдың Көкек айының жиырма тоғызы күні болды. Қыпшақтар мен Стамбулдың әскері печенегтерді мықтап жеңді. Печенегтердің көп әскері тұтқынға түсті. Түнімен Қыпшақтар жеңісті тойлады. Ал, таңертең тұрғандарында... Кешегі тұтқынға түскен печенегтердің қырылып қалғанын көрді. Тұтқындар лагері қан сасиды. Нағыз қой бауыздағандай гректер оларды шетінен бауыздай беріпті. Талай қанды айқастарды бастарынан өткізген, қастасқан жауларын аяп көрмеген Қыпшақтардың да қолға түскен қарусыз тұтқындарға гректердің істеген айуандығынан төбе шаштары тік тұрады. Бөлісеміз деген олжаларына қарамастан, ертеңіне Қыпшақтар ат бетін кейін бұрған.
Қазтуғанның Стамбулды да Қыпшақтар аман алып қалды деп мақтаныш еткені осы оқиға еді.
Бұл оқиғаның қалай болғанын қарт Қотан айтып бергенде, отырған жұрттың үндей алмай қалуы да осыдан еді. Қанша қатыгез келсе де қолға түскен тұтқынды қыратын Қыпшақта дәстүр жоқ. Не болса да ұрыс үстінде, шабуыл үстінде болады. Ал мынау оқиға... Өздері істемегенмен, ата-бабаларының қарусыз жұрттың қырылуына себепкер болғандарын, айдалада жатқан Византия мен өздері жерін алып қуып жіберген түркі тұқымдас елдің таласына барып кірісіп, осыншама қан төккендерін, жырау сөзін тыңдап отырғандар рас қылмыс көрген. Қазтуған жырау да үндей алмай қалған. Тек Қобыланды батыр ғана Қотан ақынның жеңіп бара жатқанын сезіп намыстана, түнере түскен. Тыныштықты Асан Қайғының өзі бұзған. Ол аппақ ұзын сақалын баяу сипап, оңып кеткен көздерін сәл жұмып отырды да қайта ашты.
— Өз руыңның ерлігін енді, Қотан жырау, сен айт, — деді. — Қайсыңның жеңгеніңді жұрт сосын естір...
Қотан қарт алдында тұрған сырлы аяқтан уыз сары қымызды бір жұтып орнына қайта қойды. Қобызын асықпай қолына алды. Мұздаған жанды жылытар, қобалжыған көңілді тыныштатар бір майда қоңыр күй тартты. Қарт жырау күйді ұзақ тартты. Жұрт ұйып тыңдай берді. Бір мезгілде барып қарт жырау қобыз даусына өзінің үнін қосты. Қария даусы бұ жолы қарлығып қажымады, жаңағы жұтқан уыз қымыздың дуасы ма, әлде айтайын деген жырының қақ-соқтықсыздығынан ба, лебі биязы қоңырқай шықты.
— Арғын да алуан ел болған, келген жерге көнбеген, онда да талай ер туған, қазір қисса онда емес, — деді жырау ерекше, өзгеше сарынға салып, — қыран көкке қанатын қанша биік қақса да тізіліп бірге ұша алмас. Шаңқылдап айбат атса да, аққудай сыңсып ән сала алмас. Қыпшақ қыран болса, егер, Арғын — аққу көл көркі... Сойылдан гөрі қолына домбыра алуды паш санар. Ұран салып, жау іздегеннен ән шырқап жар сүйгенді ұнатар. Одан артық, әлеумет, айтшы қандай арман бар. Ел айырар ұрыстан, бейбітшілік, елдікті мұрат еткен бұл Арғын. Ән мен күйге орда боп қуантсам жұртты дейді бұл Арғын. Батыс түгіл, Қызылбас, Үндіге де Қыпшақ талай аттанған. Арғын одан аз емес, ерлігі бірақ өзгеше... Арғы бабам Басым елі 23  түркі тілдес жұртпенен тізе қосып, кептеле ту тігіп үш жүз жыл Танменен 24  алысқан. Анау асқар тауыңды, мынау шалқар көліңді сол қасыңа бермеген. Кілегей бұлттай жау төнсе, сонда ғана бұл Арғын алдаспанын сермеген. Асан Қайғы, аға ұлы, ендігісін өзің шеш. Ел болайық деген жұртымды адастың десең де айт. Кең болайық деген жұртыңды қателестің десең өзің айт.
Арғын 25  тайпасы да, Үйсін руы тәрізді, Тянь-Шань сақтары мен аргиппейлер қалдығынан құрылған, көне түркі қауымына кірген. Соңынан Жоңғар тауынан Жетісуға ауып, «қырық ру» қатар көшіп, қытай династияларымен сан күрескен. Қытайлардың Арғынды хұнумен шатастырулары да содан.
Қотан жырау осылай толғап, талықсып кеткен адамдай қобыз күйін бәсеңдете барып бітірді.
Жұрт тағы да үн-түнсіз тына қалды.
— Мың жаса, атажан, — деді кенет қайратты бір жас дауыс, — Дария тоқтаған бөгетті бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан келеді. Мүлгіп тұрған орманға шақпақ тастан от беріп, телегей-теңіз өрт шығару о да бір адамның атқара алар ісі. Сол тасыған суды тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды алған қалың өртті мың адам да сөндіре алмайды. Ерлік көрсетіп ел-елдің арасын бүлдіру қай рудың қолынан болса да келеді.
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдарының ғана қолынан келеді. Олардың қолынан әзірге елді біріктіру келмесе де, сол елді біріктіру — арманы. Сол арманды мына қауым алдында жайып сал-
ғаныңыз үшін, Арғынның ардақты ұлы, жырау Қотан ата, сізге жас болсам да өз есімімнен алғысымды білдіремін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көшпенділер - I - Алмас қылыш-07
  • Parts
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-01
    Total number of words is 2770
    Total number of unique words is 1567
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-02
    Total number of words is 2731
    Total number of unique words is 1627
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-03
    Total number of words is 2666
    Total number of unique words is 1597
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-04
    Total number of words is 2772
    Total number of unique words is 1616
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-05
    Total number of words is 2808
    Total number of unique words is 1696
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-06
    Total number of words is 2750
    Total number of unique words is 1660
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-07
    Total number of words is 2558
    Total number of unique words is 1555
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-08
    Total number of words is 2693
    Total number of unique words is 1577
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-09
    Total number of words is 2778
    Total number of unique words is 1648
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-10
    Total number of words is 2837
    Total number of unique words is 1569
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-11
    Total number of words is 2828
    Total number of unique words is 1638
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-12
    Total number of words is 2788
    Total number of unique words is 1636
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-13
    Total number of words is 2587
    Total number of unique words is 1455
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-14
    Total number of words is 2686
    Total number of unique words is 1552
    39.2 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-15
    Total number of words is 2758
    Total number of unique words is 1700
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-16
    Total number of words is 2762
    Total number of unique words is 1696
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-17
    Total number of words is 2753
    Total number of unique words is 1568
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-18
    Total number of words is 2677
    Total number of unique words is 1509
    39.2 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-19
    Total number of words is 2733
    Total number of unique words is 1610
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-20
    Total number of words is 2428
    Total number of unique words is 1490
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-21
    Total number of words is 2462
    Total number of unique words is 1512
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-22
    Total number of words is 2770
    Total number of unique words is 1616
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.2 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-23
    Total number of words is 2601
    Total number of unique words is 1525
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-24
    Total number of words is 2805
    Total number of unique words is 1656
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-25
    Total number of words is 2807
    Total number of unique words is 1663
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-26
    Total number of words is 2469
    Total number of unique words is 1468
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-27
    Total number of words is 2786
    Total number of unique words is 1634
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-28
    Total number of words is 2643
    Total number of unique words is 1509
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-29
    Total number of words is 2593
    Total number of unique words is 1513
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-30
    Total number of words is 2650
    Total number of unique words is 1550
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-31
    Total number of words is 2677
    Total number of unique words is 1521
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-32
    Total number of words is 1137
    Total number of unique words is 770
    45.1 of words are in the 2000 most common words
    59.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.