Үміт Үзгім Келмейді - 08
уақыты жоқ. Бірінші кластың оқушысы да, студент те, профессор да,
зейнеткер шал да асығып барады. Айналасына, адамдарға, сұлу
табиғатқа жайбарақат көз салып, қаннен-қаперсіз тамашалауға мұршасы
келмейді. Өйткені «артық» уақыты жоқ.
Шынында да, Уақыт соншалықты аз ба? Əлде біз оны дұрыс
пайдалана алмаймыз ба? Біреулердің уақыты бəріне де жетіп, артып
жатады ғой. Мүмкін,біз өз дəрменсіздігімізді мойындауға намыстанып,
бар айыпты Уақытқа арта салатын шығармыз.
Иə, Уақытпен əкей-үкей боп кету оңай емес. Сынаптай сусып,
тұлпардай зымыраған Уақыт қашаннан-ақ мойнына құрық салдырмай
келеді. Адам кеңістікті де, материяны да бағындырды. Бірақ Уақытқа
əлі күші жетер емес.
Соның өзінде, құйындатқан Уақыт-тұлпарды əлдеқашан тізгіндеп,
айтқанына көндіріп, айдауына жүргізіп алғандар да аз емес екен. Мен
сол алтын Уақытты нандай қадірлеп, қалтасындағы ақшадай есептеп
жұмсайтын талай жанды өз көзіммен көрдім. Солардың бірі мына
қасымдағы Ақылбек аға шығар деп түйдім.
Бұл кісі ауырдым екен деп біз сияқты шаңыраққа қарап, босқа
сарылып жатқан жоқ. Жастығының асты толған қағаз. Шалкасынан
жатқан күйде күндіз-түні тынбай жазады. Осы аурухананың өзінде
бірнеше ғылыми еңбектерін жазып шығыпты. Мұнысы аздық
қылғандай-ақ көңіл сұрап келген өз аспиранттарына кеңес беріп
жатады. Олардың жұмыстарын қарап, пікір айтады. Ғылымның осы
саласындағы жаңа кітаптардың бірін қоймай, бəрімен танысып, оқып
шығады.
Соның өзінде бұл кісі аурухана тəртібін бұзбайды. Жұрт ұйқыға
жатқан кезде ол да ұйықтайды. Басқалар төсектен тұрған кезде Ақылбек
аға да оянады. Бізбен бірге тамақтанады. Дəрі-дəрмек қабылдайды.
Дəрігерге көрінеді. Қолы қалт еткен сəттерде бізбен əңгімелеседі.
Осылардан артатын уақыттың өзі де аз емес екен ғой. Соның бəрінде ол
бас көтермей жұмыс істейді.
Төсекке таңылып жатқанда осыншама еңбек етсе, сонда сау-саламат
кезінде қандай болған десеңізші!
Бұл кісінің осыншама төсек тартып, тапжылмай жатканына үш жыл
бопты. Соның бір күнін де босқа жібермепті Өзінің науқасы неғұрлым
меңдеген сайын ол соғұрлым көбірек еңбек ете түскен. Əлде ойындағы
пікірлерін қағазға түсіріп үлгере алмай қаламын деп асықты ма екен?
Қазір ол зейнеткер екен. Соңғы үш жыл бойы ақы алмай, жұмысты
тегін істеген.
Кейде біз жігерсіз екенімізді мойындағымыз келмей, бар кінəні
Уақыттың тапшылығына арта салғанды ұнатамыз. Өзгені емес, өзіміздіөзіміз солай алдаймыз. Көңілді солай жұбатамыз. Бойымыздағы ерікжігердің аздығын басқаларға білдірмеу үшін сыныққа сылтау іздейміз.
Сондай сылтаулардың ең қолайлысы — Уақыт аз дей салу.
Есіме бір мүсінші досым түсті. Кезінде көп үміт күттірген мүсінші
еді. Туған ауылға барған сайын ол мақта өсірушілердің еңбектегі
ерлігіне, адамгершілігіне, парасаттылығына кайран қалып, тəнті
болатын. Досым өзіне жақсы таныс бес-алты диқанның портретті
мүсіндерін жасамақшы да болды «Бұл — менің өмірдегі ең басты
мақсатым», — дейтін.
Бірақ ол ауыл өмірінен бірде-бір мүсін жасаған жоқ. Қашан
кездессек те уақытының тапшылығын айтып мұңын шағатын.
— Бізде қызмет ауыр ғой. Мойын бұруға мұрша жоқ. Осы бір қызметтен
қалай құтылсам, əлгі өзіңе айтқан мүсіндерді солай жасап тастар едім,
— дейтін.
Ақыры сол досым өзінің азар да безер болған жұмысынан босады.
Бірақ еш нəрсе тындырған жоқ. Жоқ. Қабілеті жетпей қалғандықтан
емес. Оның қолынан іс келетініне біздер, достары ешқашан да күдік
келтірген емеспіз. Ол дарынды еді. Əйтсе де, ол кездеген нысанасына
жете алмай қалды. Өйткені ол кезінде Уақытгы қадірлей алмады.
Тегінде, өмірде қабілетсіз, дарынсыз адам жоқ. Ал, жігерсіз жандар,
жанбай жатып сөніп қалатындар бар. Əлгі мүсінші досым
сондайлардың бірі ғой деймін. Ол жанын қинағысы келмеді. Үлкен
іске батылдығы, жігері жетпеді.
Өзінің бойындағы күш-қуатына өзі сенбей, өзін-өзі өмірінде бір рет
те мықтап сынап көрмей-ақ мына жарық дүниеден босқа өтіп кету адам
үшін қандай өкінішті десеңізші!
Жігерсіздік! Меніңше, адамзаттың қас дұшпаны — еріншектік пен
жігерсіздік. Өз күшіне өзі сенбеушілік. Осындай жасық сезімдердің
құрбаны боп, бір рет те жарық көрмей, адаммен бірге молаға көміліп
жатқан асыл қазыналар — дарындар, күш-қуаттар қаншама?!
Өмір отына болаттай шыныққан қайсар жандар əдетте өлімнен
емес, осындай жігерсіздіктен жасқанған. Өзім өліп қалам-ау деп емес,
халқым үшін түк тындырмай кетем бе деп қорыққан. Өз бойындағы
рухани байлықты басқаларға беріп үлгере алмай, өзіммен бірге жерге
көміліп қала ма деп шошыған.
Леся Украинка Жастайынан айықпас ауыр дертке шалдыққан ақын
қыз бар ғұмырын дерлік төсекте сал боп жатып өткізген. Денесінің
қызуы қырық градустан асып кеткен сəттерде де ол қаламын қолынан
тастамаған. Қайта ажал төніп жақындаған сайын ақын да жігерлене
түскен. Өмірінің əрбір минутын есептеп жатқан екен.
Ақын қыз тіпті өзінің неше сағаттық өмірі қалағанын да жақсы білген
сияқты.
Мейірімсіз Уақыттың сусты жүзіне тайсалмай, тік қарауға жасқанбаған
ол. Өз өмірінің ең соңғы минуттарын да босқа сарп еткісі келмеген.
Соңғы минуттар... Бұл тек айтуға ғана жеңіл. Ең қымбат, ең қиын
минуттар. Бірнеше минут қана өмірім қалғанын мен де білсем не істер
едім? Леся жыр жазған екен. Біреулер қас қағымдай ғана соңғы сəтінде
аспан əлеміне қарап, жұлдыздармен, Күнмен мəңгілікке қоштасқан. Енді
біреулер өздерінің ең сүйікті адамдарын көз алдына елестетіп, солармен
ойша дидарласқан.
Ал, мен ше? Мен қайтер едім? Білмедім. Мені əлі ондай ауыр сезім
билей қойған жоқ.
Ешкіммен де, еш нəрсемен де қоштасқым келмейді. Қоштасуға
қимайтын тəріздімін. Соншама нəрседен қалайша адам өз еркімен үміт
үзіп, біржола қоштаса алады. Тегінде, оған да едəуір батылдық керек
шығар.
Ауруханада кейбіреулер өз ғұмырларының соңғы сəттері тақап
қалғанын да айқын сезіп жатады. Бірақ бұл сұмдық ауыр шығар.
Дұрысы — білмеу. Жеңілдеу болар. Əйтсе де, кім білсін? Əлде бəрін
күні бұрын сезген де дұрыс па?
Бəрінен де діңкемді күртып, жұлынға тиген нəрсе белгісіздік болар.
Ертең профессор не айтады? Бəрі де операциядан соң мəлім болады деген
еді ғой. Енді өз аяғыма мініп кетем бе, жоқ па? Қолдарым неге
қимылдамай қалды? Қашанғы аузыма біреу қасық тосып тамақтандырып
отырады? Əлде... Жоқ! Профессор əлі соңғы сөзін айтқан жоқ. Үміт
шамын күні бұрын қолдан өшіруге менің қандай хақым бар?!
Ал, егер ертең профессор төбемнен жай түскендей етіп «жүрмейсің»
десе не істеймін? Онда соншама дозақ отына өртеніп, тірі қалғанымнан
не пайда? Аяқ-қолын бесікке таңып тастаған сəбиге ұқсап, тырп ете
алмай тағы да қанша уақыт жатам? Бір жыл ма, он жыл ма? Əлде ғұмыр
бойы ма? Тағы он жылдан кейін де, жүз жылдан соң да, ешқашанда енді
қайтып, өз аяғыңмен жер басып жүре алмайтыныңды есітуден, соны
іштей мойындаудан ауыр қасірет жоқ шығар.
Мына жатқан Ақылбек аға соңдай қасіретке ұшыраған жан. Енді ол
өле-өлгенше өз аяғына міне алмай кетеді. Осы жатқан орнынан қайтып
тұрмайды. Тұра алмайды.
Соны өзі біледі. Бəрін емдейтін, бəрін ұмыттыратын құдіретті
Уақыттың өзі де бұл кісіге енді көмектесе алмайды. Оны да біледі
Ақылбек аға.
Бірақ ол сағы сынып, жүні жығылған адамға ұқсамайды. Əйтеуір
өзімізге күрең қабақ көрсеткен емес. Құдды күні ертең науқасынан
айығып, үйіне қайтатын адамдай қашан көрсең де мəз-мейрам. Тойда
билеп, торқа киген біреу ме деп қаласың.
Бірақ оқта-текте көңілін сұрай келген əлдекімдер оның жанды
жеріне тиіп кететін сияқты. Мұндай кісілер келіп кетісімен-ақ ағамыз
бір түрлі жабырқап, жасып, жібі босап қалғандай көрінеді.
Көлгірліктің көкесін жұрт ауру адамға жасайды екен. Дардай кісі
түгілі, бес жасар бала сенбейтін бірдемелерді аузы-мұрны қисаймай соға
беретінін қайтесің. Тегінде, олар ауру адам ақылынан алжасып қалады
деп ойласа керек. Онсыз да бəріне тозып жатқан Ақылбек ағаға қайдағы
бір жасық немелер тəлімсіп: «Төзімді болыңыз», — деп өздерінше ақыл
айтқансиды. Бірақ солардың көбі аурудың көңілін сұрағанның жөні осы
шығар деп көлгірсіп, бет алды лағып кетеді. «Төзімді болыңыз» деген
сөздің терең мəн-мағанасына бойламай-ақ, жеңіл-желпі түрінде оны лақ
еткізе салатын сияқты боп естіледі маған.
Меніңше, дертке шалдығып, демін санап жатқан жанға немқұрайды
қарап, ауызға түскен жаттанды сөздерді құса салудан жиіркенішті
қылмыс жоқ. Сіркесі су көтермей жатқан кісі көңіліндегі кірбінді қалт
жібермей қағып алады. Жайшылықта біреу өзіңді сəл асыра мақтағанын
іштей сезсең де, соған сенгің кеп тұрады. Ал, науқас адам шындықтың
өзіне əрең иланады. Əрбір сөзіңді он рет ой таразысына салып өлшемей,
оның көңілі көншімейді.
Ауруханаға көңіл сұрай келген біреулер: «Ауырып тұрдың — аунап
тұрдың. Өмірің ұзақ болады екен», — дейді. Ғұмырында енді қайтып
орнынан тұрмасын Ақылбек аға ақыл-оймен ғана емес, жан-жүрегімен
де сезеді. «Аунап тұрасың» деп ең жанды жеріне қол тигізіп, бітеу
жараның бетін шұқылаудың керегі не? Үзақ өмір кімге керек деп
ойлайды екен солар.
Адамның өмірін тек Уақытпен өлшеуге тырысатындар мықтап
қателеседі. Егер өмір тек Уақыт өлшемімен ғана бағаланса, онда
неғұрлым ұзақ уақыт өз жанын ғана қорғаштап жүргендерді соғұрлым
бақытты дер едік. Ғұмырында жанын қинамай, əділдік үшін
əділетсіздікпен күреспей, жақсылық үшін жамандықпен айқаспай,
өзгелер үшін өз жанын қатерге тікпей, тек ұзақ жылдар бойы жүре
берудің ғана қамын ойлаудан əрі аспайтын жандарды жұрт қашан қадір
тұтқан? Жүз жасағандардың бəрін бірдей шетінен халық төбесіне көтере
бермейді ғой. Демек, мəселе ұзақ жыл өмір сүруде емес. Гəп басқада
Шығыс халықтарында мынадай бір аңыз бар. Аты əлемге мəшһүр бір
ғұламадан өз шəкірті
— Ұстаз, неше жасқа келдіңіз? — деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып
тұрып
— Білмедім. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, — деп жауап
беріпті Бүған түсінбеген шəкірті таңырқап!
— Қалайша? — дейді
Ғұлама шəкіртіне қыска ғана жауап берген екен:
— Мен өзін əр адамға пайдам тиіп, жақсылық жасаған сайын мерейім
артып, рахаттанып, бір жасап қалам. Сондықтан адамның жасын жыл
санымен емес, өзгелер үшін жасаған жақсы істерінің санымен
есептегенді жөн көрем. Өз құлқыны үшін құмырсқа да, көң қоңыз да
тырбаңдап əрекет жасайды. Ал, адамның олардан артықшылығы —
өзгелер үшін атқарған еңбегінде ғой, — депті.
Əрине, қысқа жіп күрмеуге келмейтіні хақ Əйтсе де, өзінің қыпқысқа ғұмырында қыруар іс тындырып үлгірген, ғаламат жаңалықтар
ашқан, жарқын болашақ үшін өз кеудесін оққа тосып. қыршын
кеткендер аз ба?! Олар менің жасыма жетпей тұрып-ақ мəңгілік, өшпес
өмірге ие болады.
Демек, мені қинап жатқан нəрсе — өмірім қысқа боп қалады-ау
деген қауіп емес, өзім атқарған істердің аздығы екен ғой. Есептеп
қарасам орта мектепте он жыл, институтта бес жыл, аспирантурада үш
жыл оқыппын. Сонда мемлекет мені он сегіз жыл үзбей оқытқан.
Қамқорлық жасаған. Ал мен небəрі тоғыз жылдай ғана жұмыс істеппін.
Қоғамнан алғаным көп, ал қайтарып бергенім өте-мөте аз. Мардымсыз.
Біреуден көп ақша қарыз алып, енді оны қайтаратын мерзімі жеткенде
бергісі келмей қашқақтап жүрген əккі адам сияқты емеспін бе деген ой
келді. Енді бəрін де түсіне бастағандай болдым. Түні бойы берекемді
алып, құтымды қашырып жатқан нəрсе — Ар соты екен ғой.
Əдетте қатты науқас адам кешірімшіл келеді. Жайшылықта ала
жылан, аш бақа боп жүрген небір жексұрын адамдардың өздері де
ажалмен арпалысып жатқанында көзіңе ыстық көрінеді екен. Тіпті саусаламат кезімде астамдық жасап, соған артық сөз айтып қойған екем ғой
деп өзінен кешірім сұрағың келіп тұрады. Бірақ адам қанша қиналса да
Ар сотының алдында өз кінəсін өзі кешіре алмайды екен. Адамды іштен
жеп тауысатын нақ осы соттан қатал сот жер бетінде жок шығар.
Рас, ешкімнің ала жібін аттағам жоқ. Тірі жанға зəредей қиянатым
жоқ. Арым таза. Бірақ Уақыт атты төрешінің алдында айыпты
сияқтымын. «Ары таза адам үшін бір күндік өмірін босқа өткізуден ауыр
қылмыс жоқ», — депті ғой бір данышпан. Бір күн емес, бір ай емес, талай
жылдардың жеміссіз өткеніне өкінем. Егер алда өмір болса, мұның бəрін
азды- көпті қолдан келгенше түзетермін. Ал, олай болмаса ше? Онда бұл
өмірге келгенім де, кеткенім де беймəлім боп қалғаны ма? Бұдан ауыр
жаза жоқ шығар.
Сүйек-сүйегімнің бəрі зырқырап, азапқа салып қойғаны аздық
қылғандай-ақ астыма салынған қалың тақтай жамбасымды тесіп барады.
Айтпақшы, сен білмейтін шығарсың, Гауһар. Мен сияқты омыртқасы
кесілген науқастарды əдеттегі жұмсақ кереуетке емес, тақтай төселген
тастай қатты төсекке жатқызады. Жұмсақ төсекте кесілген сүйектер
бұралып, майысып кетеді деп қорка ма, əлде басқа бір себебі бар ма, кім
білсін. Тақтайдың үстіне тастаған жалғыз матрац не болады дейсің.
Үш сағат бойы қыбыр етпей, бір қалпымды өзгертпей жатуға əрең
шыдаймын. Күн ұзаққа өзім де тақтайдай қақиып, сіресіп қалам. Тағы бір
минут осылай жатсам, жамбасым тесіліп кететіндей боп тұрады. Күнітүні демей əр үш сағат сайын екі медсестра келіп, мені ақырын көтереді
де, бір жамбасымнан екінші жағыма ауыстырып жатқызып кетеді
Солардың келуін минут санап, сабырым сарқыла күтем.
Жайшылықта аунап-қунап, керегінше қимылдап, өзімізге ең
ыңғайлы қалыпқа түсіп жатамыз ғой. Сондықтан мұндай бейнетке душар
болмаймыз.
Мұндайда адам, əсіресе, ерік-жігерден көбірек тапшылық көреді
екен. Өзімді-өзім іштей қанша қайрап, тісімді тісіме қойып жатсам да,
шыдамым шытынайын деді.
Профессордың келуіне, менің тағдырымның мəлім болуына бірнеше
минут қана уақыт қалды.
Аш ішектей созылған соңғы бір тəулік Уақыттың өзі маған
отыз бес жылдық ғұмырымнан көбірек боп көрінді.
Шиқ етіп ашылған есік дыбысы Уақыт жөніндегі ой дүрмегін үзіп
жіберді.
Профессор кіріп келді. Оны көрген бетте-ақ жүрегім құрық көрмеген
құлындай тулап кетті. Алқынып өкпем аузыма тығылғандай болды. Не
дер екен? Жүрем бе, жоқ па?
Профессор операциядан кейін үзілді-кесілді айтатынын аурулар
жақсы біледі. Мен де естігем. Қазіргі оның бір ауыз сөзі менің бүкіл
болашақ өмірімді, тағдырымды анықтап бермек. Асығып, жүректің алып
үшқаны соншама, маған профессор есікті екі-үш сағатта əрең жауып
болғандай, бүгін қасақана жай қимылдайтындай боп көрінді. Ол
кібіртіктеп есіктің алдында ұзақ тұрып қалғандай еді. Мүмкін, маған
солай көрінген шығар.
Əйтеуір бір кезде маған қарай аяңдады-ау, ақыры. Кісендеулі аттай
аяғын типыңдап əрең қозғайтын сияқты Бүйтсе бар ғой, есік пен төрдей
жерге мықшыңдап білдей бір күн жүретін шығар деп ойладым.
Күнде есіктен кірген бойда-ақ сампылдап сөйлей жөнелетін.
Бүгін неге тіс жармайды? Əлде айтуға ауыр хабары бар ма? Əлде
қасыма келіп өзіме ғана сыбырлап айтпақ па? Не де болса ертерек
естісем екен.
Енді сəл үндемей тұрса-ақ тағатым таусылып, көкірегім қарс
айрылып кетердей болды. Тұла бойымды белгісіз бір ашу-ыза кернеп
бара жатты. Елена Андреевна соны сезді білем, түсін жылытып, сəл ғана
езу тартқандай болды. Бірақ бұған бағанадан бері аласұрып, бұлқанталқан боп жатқан жүрегім орныға қойған жоқ. Қайта əлденеден секем
алып қалғандай жүрегім шошынып, зуылдап кетті. Дəрігердің
күлімсірегенін місе тұтпасам керек. Профессор мұнымды да қалт
жібермей сезіп қойды. Əдетте ол айтпақ ойын білтелеп жатпай, төтелеп
соғатын. Бұл жолы олай істемеді. Менің бұрынғыдан бетер зəрем ұшты.
Елена Андреевна үн-түнсіз қасыма кеп, кереуеттің шетіне отырды.
Аяқ-қолымның ұштарын қайта-қайта инемен шұқылап көріп,
сезімталдығын тексере бастады. Екі қолым да иненің өткір ұшын жақсы
сезетін сияқты.
Бірақ өткір инені қанша шаншып жатса да, екі аяғым түк сезер емес.
Бұрын аяқтарым ине шаншығанды сезбесе де, біреудің қолымен
сипалағанын жақсы сезуші едім. Ал, қазір мүлдем жаны жоқ. Семіп
қалған, құдды маған байлап қойған ағаш аяқ сияқты.
Профессордың қасындағы бір топ дəрігерлер де менен көздерін
алмай, тесіле қарап тұр. Олардың мына өлі тыныштықты бұзуға
жүректері дауаламайтын сияқты. Осы бір топ ақ халатты адамдар тас боп
қатып, сілтідей тынып қалған еді.
Бір сəт профессор ішінде айықпас дерті бар адамдай: «Иə», — деп бір
ауыр күрсінді.
Жүрегім зырқ ете түсті. Елена Андреевнаның осы бір аянышты үні
маған бəрін жеткізгендей болды. Мен мүшкіл халімді толық түсіндім.
Əйтсе де, оның ойын ақырына дейін білу үшін үндемей жата бердім.
Кенет ол мені мақтай бастады. Бұл жақсылықтың белгісі емес еді.
— Жарайсың! Жігіт-ақ екенсің өзің! Операция бес жарым
сағатқа созылды.
Жүрегің қыңқ еткен жоқ
Бірақ бұл сөздер құлағыма кірер емес. Есілдертім басқада. Жүрем бе,
жоқ па? Соны қашан айтпақ? «Жүрем бе, жоқ па?! — деп бар даусыммен
айғайлап жіберуге сəл қалдым. Енді сөйлемек боп оқтала бергенімде,
профессордың өзі тіл қатты:
— Қолдарым қимылдамай қалды деп қорықпа. Көп ұзамай-ақ
жанданып кетеді.
Бес-алты ай шыда, батырым. Ал, аяғыңа келетін болсақ... — деді де
Елена Андреевна кішкене мүдіріп қалды. Бірақ маған ол бірнеше сағат
бойы лəм-мим демей, үн-түнсіз мелшиіп тұрып қалғандай боп көрінді.
Ақыры бір кезде барып ол үзіліп қалған сөзін одан əрі сабақтай түсті. —
Меніңше, аяқтарың осылай қалатын шығар. . əйтсе де сен тірі қалғаныңа
қуан. Осындай күрделі операциядан аман шықтың. Бұл — жарық
дүниеге, мына өмірге қайта туып келумен бірдей. Демек, сен ұмытпа,
кешегі күн сенің қайта туған күнің!
Профессордың одан əрі не айтып, не қойғанын естігем де жоқ,
ұққам да жоқ. Көзім бұлдырап, құлағым шуылдап, айнала төңіректің бəрі
ың-жың боп кетті. Ол енді маған аузы жыбырлап, бірдемелерді ымдап
түсіндіріп жатқан мылқау адамдай боп көрінді.
Өзімнен-өзім табан астында еш нəрседен қорықпайтын да, еш
нəрсеге қуанбайтын да тас мерез жан сияқты боп қалдым. Мына өмірде
енді мен қызығатын түк те қалмағандай- ақ көңшім бір түрлі қараңғы
тартып кетті. Отыз бес жыл бойы əлдекімдермен тынбай күресіп, ақыры
жұрт алдында масқарам шығып жығылып, енді адамдарға көрінуге беті
күйіп қалған бейшараның кейпіне түстім
Дəрігерлер шығып кетті
Палата іші алғашта сəл бұлдыр тартып, сағымданып тұрды да,
соңынан бөлме ішінде қараңғы түнек түнере түскендей болды.
Əлдекімдер аяқ-қолымды шырмап, жан пенде жоқ жапан түзге жалғыз
өзімді тастап кеткендей беймəлім бір жалғыздық үрейі бойымды билеп
бара жатты. Өзімді-өзім бейне бір жұртта қалған жүрындай сезіндім.
Енді еш жерім ауырмайтын да, сыздамайтын да сияқты. Не боп,
не қойғанын ақырына дейін түсінуге жетем жетпейтін тəрізді. Сонда
менің ойлану қабілетінен де маһрұм болғаным ба?
Дəл қазір мен өңі мен түсін жөнді ажырата алмай, төсекте ұйқылыояу күйінде дел- сал боп жатқан адамдай едім.
Күні-түні бір тынбай, бірде сарқырап, бірде саябырлап көз
алдымда ағып жатқан өмір-өзен оқыстан кілт тоқтап қалғандай болды
«Енді ешқашан да өз аяғыммен жер басып, жүре алмаймын» деген
жалғыз суық ой ғана оқ жыландай басын қақшаңдатып, төбемнен
тажалдай төніп тұрды.
Гауһар! Бүгін көрер таңды көзіммен атқыздым. Мынау кең дүние
тарылып кеткендей. Өкпем аузыма тығылып, деміп барам. Күллі əлемнің
тауқыметі жалғыз менің басыма кеп төңкеріліп қалғандай. Ақыреттей
ауыр мүгедектік өмірді іштей мойындап, оған жан-жүрегімді иландыру
оңай дейсің бе?! Тап қазір де шим əлем-жəлем боп күйіп тұр.
Көңіл көгіне үйіріліп қалған күдік бұлты да өздігінен айығар емес.
Мендегі үміт шұғыласы да баяулап батып бара жатқандай. Бірте-бірте
көңілім де қараңғы тарта түсті.
Қазір көңіліме жел беріп, рухтандырып жіберетін сен де жоқсың
қасымда, Гауһар Адам деген қызық қой. Соншама күйіп-пісіп, өз
тағдырыма нəлет айтып, өмірден
азар да безер боп жатсам да көңілдегі үміт отын сөндіргім келмейтін
сияқты. Ондай қиянатқа қолым бармайтын тəрізді.
Мүндайда өзіңді жұбатып, көңіліңе демеу берер адам іздейді
екенсің. Жанға жалау, ойға медеу болатындай ішкі сүйеніш тапқың кеп
тұрады. Көңілден көңіл су ішпесе, адам жаны да шөліркеп қалады екен
ғой.
Мен мүгедек кісіні көрсем-ақ есіме өзінен-өзі Қаратай көкем түседі.
Неге екенін қайдам, əйтеуір жан төзгісіз ауыр сəттерде сол мүгедек ағам
дəл қасыма кеп тұрғандай болады. Мен есейген шағымда да екі аяқтан
бірдей айрылған талай жарымжан кəріптерді ұшыраттым. Бірақ бала
кездегі сол бір қайғылы көрініс көкірегіме беріп бездей бекіп, бір тас
түйін боп қалса керек.
Гауһар! Сол мүгедек ағам туралы саған бұрын да талай айтқам.
Соғыстан алғаш келгенде ол мүгедектер арбасына да отыра
алмайтын. Бейне бір құндақтап тастаған нəрестеге ұқсап, ертелі-кеш
көздері жəудіреп жата беретінді.
Қазір де сол ағам көз алдымда тұр. Ол кезде бала едік қой. Сол
кісінің асаудай аласұрған ішкі жан-дүниесін, ішін өртеген күйікті сыртқа
шығармауға тырысып, бала- шағасына қандай қиындықпен
күлімсірегенін енді ғана толық ұққандай болдым. Өміріне өксімей,
тағдырына налымай, ажалмен арпалыста минут сайын ерлік жасап,
дүниеден мойымай өткен сол ағамды тап қазір көрсем құшақтап,
қажымас қайратына бас иер едім.
Əлі есімде, өзі сондай бала жанды адам еді. Біз барсақ дардай
кісі ойнағысы кеп тұрған жас баладай шынымен- ақ жадырап
қалатынды. Күллі ауылдың боқмұрын тентектері де өзіне өлердей
үйір болатын. Əңгіменің майын тамызатын ол. Қамыстан бəрімізге
ысқырық, сырнай, сыбызғы жасап беруден жалыққан емес.
Біз оның үйіне, əсіресе, ерте көктемде жиі-жиі баратынбыз. Əр
жолы оған құшақ- құшақ етіп қызыл талдың солқылдақ жас
шыбықтарын апарамыз. Ол əсіресе, қыр қьізғалдағын теріп келген
балаларға мейірлене қарайтын.
«Ағаштан түйін түйген шебер» деген мақтау сөз алғаш рет осы кісі
хақында айтылған шығар. Өз басым əлі күнге солай ойлаймын.
Шыбықтан алуан түрлі, ғажайып себеттер тоқитын. Жеміс-жидек
тасуға лайықтап жасаған шелек сияқтысы. Да, қауынқақ яки құрт
жаюға ыңғайлы леген тəріздісі де, нан сап коюға қолайлы жəшікке
ұқсасы да бар. Əсіресе, жұрт зембіліне құмар еді.
Соның бəрін ол кереуетте шалқасынан жатып алып жасайтын. Ол
үшін кереуеттің екі бүйірінен адам бойындай екі бақан қақтырып, оған
өзінің қолы жететін тұстан жуандығы білектей-білектей таяқтарды кесекөлденең тас қып байлатып тастаған.
Себеттерді біз апарған шыбықтардан тоқитын.
Сондағы бір аңғарғаным — ол жұмыс істеген кезінде көздері
жайнап, өзі көңілденіп кетеді екен. Мұндайда тіпті ыңылдап, өзінше
ақырын ғана мұңлы əуенге салып əндетіп те қояды. Мүмкін, ол сол сəтте
еркін құлаш сермей алмай, төрт тағандап қалғанына қынжылатын
шығар. Əлде, сау-саламат шағын аңсағаны ма екен?
Ол өзі күні ұзаққа мықшыңдап жатып, қара терге түсіп əрең жасаған
əлгіндей бұйымдарын, сірə, сатып көрген емес. Жұртқа тегін үлестіретін.
«Бала-шағаңның несібесі ғой», — деп біреулер ақша ұсынса-ақ, ағай
күре тамырын адырайтып шыға келетін:
— Сендердің тиын-тебендеріңе күнім қарап қалған жоқ. Мен де осы
ауылдың азаматы емеспін бе? Жұлдыз санап жата берем бе?!
Əйтсе де, төсектен тұрмай жасаған бұйымдарды алғашында ақысыз
алуға ешкімнің дəті бармай жүрді. Бірақ кейінірек алдымен жақын
көршілері, бірте-бірте күллі ауыл қорада үйіліп жатқан, күлтеленген
жібектей шыбықтардан шебер тоқылған алуан түрлі əдемі бұйымдарды
таласып əкететін болды. Құр қол қалғандары тіпті «заказ» беретін əдет
шығарды. Бұған ағай қуанбаса, қабақ шытқан емес, сірə
Ағайдың күн көрісі де төмен емес еді. Дегенмен, жеміс- жидек
піскенде жұрт оған үйін-төгіп əкеп тастайды. Күзде егін жинағанда ауыл
адамдары қап-қап етіп алтындай сап- сары жүгері түсіріп беретін. Бұған
ағай ə дегенде түп сыртына шығып, бұлқан-талқан боп
жүрді де, ақыры жұртқа күші келмейтініне көзі жеткен соң қолын бір-ақ
сілтеді. Қанша долданса да азды-көпті еңбегінің ел кəдесіне асқанына
шексіз риза еді ол. Кейде бұл қуанышын жасыра алмайтын.
Ғұмырлық мүгедек боп қалғанын ұқса да, ешкімге күрең қабақ
көрсетпей, өмірден үмітін ұзбей өткен ағайдың жүрегі қандай төзімді
болды екен десеңізші. Əлде үміті үзілсе де, өмір дариясы тоқтамай аға
бергені ме? Үміт отын сөндірмеген шығар. Əлде мүгедектікті ол
жоғарыдан келген зауалдай қабылдады ма екен?
Əрине, ағайдың көңіліне демеу болған нəрселер аз емес. Ең бастысы
— кеше ел басына күн туғанда ол тайсалмай өзінің азаматтық борышын
өтеді. Қан майдаңда халқы үшін мүгедек болды. Не айтса да жарасады.
Ұпайы түгел ғой.
Ал, мен ше? Не тындырып мүгедек атандым? Ел аман, жұрт
тынышта ұшыраған ғарштікке адам қаттырақ күйінеді екен. Күн
жаумай су болған жаман ғой
Рас, бізді де дəрігерлер бейне бір соғыс кезінің жарадар
жандарындай алақанына салып, мəпелеп емдеуде. Бірақ түк
тындырмай, жұртқа масыл болу жанға ауыр болатын сияқты
Ең қиыны — адамның өзі сатып алған бақытсыздық шығар.
Мешел қып тастаған мына операцияға өзім келісім бердім ғой.
Көңілге түскен түніннен өзегім өртеніп кете жаздайды.
Азды-көпті өмірді аяқ-қолдан қалмай өткізгенге не жетсін, шіркін?!
Өзің салған жараға ем қонуы да қиын. Одан да қайғы-қасіретіңе басқа
біреудің айыпты болғаны жақсы ма деп қалдым. Өйткені бар кінəні басқа
біреуге үйіп төгіп арта салсаң, тынысың кəдімгідей кеңіп, аз да болса
жеңілдеп қаласың
Дүниеде адам өзін-өзі айыптап іштен жеп тауысқан қиын. Азаптың
ең ауыр түрі де осы шығар. Мұндайда жанға батқан жараны ашып, тірі
жанға көрсете алмайсың. Айтсаң өзің кінəлі боп шығасың. Не де болса
ол өз ішінде қалады. Сосын ине жұтқан итке ұқсап жан далбаса жасап,
аһлеп-уһлеп дөңбекінумен болады екенсің.
Ал, қайғыңа басқа біреу айыпты болса, тым қүрығанда ішкі шеріңді
тарқатып, əлдекімдерге нəлет оқып аласың ғой. Тегінде, адамның
табиғаты өзінен гөрі өзгелерді айыптауға бейімдеу ме деп қалдым.
Көбіне өзімізге əліміз жетпей, қайдағы бір тағдырды, əлдекімді қарғапсілеуге ұстамыз. Мұның өзі жан қарманып, барып-келіп жатқан
науқастың зіл батпан қасіретін аз да болса да жеңілдетсе керек. Əйтеуір
өзгені кінəлау жеңілдеу сияқты.
Бірақ табанда бұл пікірден де айнып қалдым. Өз бақытсыздығыңды
өзгеден көрудің несі мəртебе? Несі жеңіл?
Адам о бастан-ақ тəкаппар ғой. Өзі кінəлі екенін сезсе, ол оншамұншаға мойымай, қайта өз айыбын жуып-шайып жіберу үшін
қайсарлана, қасарыса түспей ме? Мұндайда ол жігерленіп, қайратқа мініп
кетпей ме?!
Өзінің азаматтық, адамдық борышын өтеу жолында
бақытсыздыққа душар болғандар онша өкінбесе керек. Мына қасымда
жатқан Қайсар солай. Əрине, оның науқасы жеңіл емес. Бірақ сонша
бүлдіршінді аузын арандай ашқан ажалдан арашалап қалғанын іштей
көңіліне демеу қылуына болмай ма?
Қайсар десе өзі де қайсар екен. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде жатса
да ұнжырғасын бір түсірмей, тас-түйін боп берік жатыр. «Төзімділікті
менен үйреніңдер» дегендей күлімсіреп қояды. Қайысар да емес, ойысар
да емес ол.
Ал, Ақылбек аға өзінің де, өзге жандардың да тауқыметін бізден
гөрі айқынырақ ұғынып, тереңірек сезінсе керек. Өйткені ол бəрімізден
көп білетін ғалым ғой. Мұндайда
аурудың жай-жапсарын терең түсінетін адамның тартатын жан азабы да
көбірек бола ма деп қалдым.
Баяғыда бір патша: «Білімге байыған адам, түбінде қайғықасіретке де белшесінен кенеліп қалады», — деп өз халқын оқытпай
қойған екен.
Сонда қалай? Түк білмеген, түк сезбеген жақсы ма? Адам қайтадан
қараңғы түнекке түсіп, тек өзінің соқыр сезіміне ғана бағынып,
тіршіліктің бəрін көз жұмып істей беруі керек пе? Жоқ! Азабы молдау
десек те бəрін ақыл- парасатпен ұғынып, жан-жүрекпен сезініп барып,
əрекет жасағанға не жетсін!
Адамның артықтығы да осы саналығында емес пе?! Бүкіл азапбейнетін, қауіп- қатерін, қорқыныш-үрейін əбден түсініп тұрып жасаған
ерлік қана, меніңше, нағыз қаһармандық саналса керек. Міне, Ақылбек
ағаға басқалардан гөрі көбірек тəнті түратын себебім де осы ғой.
Ал төбесіне төнген қатерді аңғармай, түсінбей, білмей жасаған
ерліктің өзі де түптеп келгенде ерлік емес, есер- соқтық боп шықпай ма?
Қашанда жұрт тек ақыл-парасаты мен бойындағы ерлік- жігері тең
түсіп жататын осы Ақылбек пен Қайсардай жандарға ғана тəнті тұрып,
соларға ғана бас иеді емес пе?! Тағдырдың қанша уын ішіп, запыранын
жұтса да өмірден меселі қайтпаған осы екі жан майданнан мүгедек боп
оралған Қаратай ағама ұқсап кетті.
Енді бір сəт бұлардың үшеуі де ажалды менсінбей, өлімді күлімсіреп
қабылдаған, тəкаппар Бөгелекпен жақсы таныс шығар деген ой келді.
Мүмкін, мына өмірге деген құштарлықтың, төзімділік пен қайсарлықтың
қайнар бұлағы біреу-ақ шығар. Əйтеуір қияметтей қиындықта да өз
тағдырының тізгніін қолынан шығармай берік ұстай білген Бөгелек
ажалға өліспей беріспейтін менің дос-туыстарымның рухани
қамқоршысы сияқты боп көрінді.
Менің қасымдағы Ақылбек пен Қайсар тағдырдың жазғаны болар
деп төсекте əрекетсіз жатқан жандар емес. Бұлардың əрбір минуты өмір
үшін күреске толы. Мұндайда аурухана үйінің біз жатқан үшінші
қабатынан өзін-өзі тастап, өліп кету түк те емес. Ең қиыны — өзіңді күнітүні шыр көбелек айналдыратын өлімге тізгін бермей, тағдырға
мойынсұнбай қою шығар.
Өзіңді жатырқап, маңайына жолатпай безіп жүрген өмір-ананың
етегіне күн сайын арда емген баладай жармасып, жаныңды салып
жабыса беру үшін қаншама ерік- жігер керек десеңізші?! Адам өмірге
соншама ғашық болады екен-ау деген ой келеді кейде маған. Əйтпесе
жылдар бойы төсекке жіпсіз байланып, тырп етуге мұршаң келмей,
көкжамбас боп езіліп, төрт тағандап жатқан мешел тіршіліктен гөрі тыптыныш өлім мың есе артық емес пе? Иə, мұндайда қысқа күнде қырық

- Parts
- Үміт Үзгім Келмейді - 01
- Үміт Үзгім Келмейді - 02
- Үміт Үзгім Келмейді - 03
- Үміт Үзгім Келмейді - 04
- Үміт Үзгім Келмейді - 05
- Үміт Үзгім Келмейді - 06
- Үміт Үзгім Келмейді - 07
- Үміт Үзгім Келмейді - 08
- Үміт Үзгім Келмейді - 09
- Үміт Үзгім Келмейді - 10
- Үміт Үзгім Келмейді - 11
- Үміт Үзгім Келмейді - 12
- Үміт Үзгім Келмейді - 13
- Үміт Үзгім Келмейді - 14
- Үміт Үзгім Келмейді - 15
- Үміт Үзгім Келмейді - 16
- Үміт Үзгім Келмейді - 17
- Үміт Үзгім Келмейді - 18