Үміт Үзгім Келмейді - 06

Ақыры түн түндігі де түрілді. Жұрт дəлізде əрі-бері жүре бастады.
Қазір ғана профессор біздің палатаға келіп кетті. Есіктен кірген бойдаақ ол:
— Қалай, дайынсың ба, Ержан? — деді бір түрлі мығым дауыспен. Оның
даусындағы сенімділік, батылдық пен өжеттік қолма-қол профессордан
зып беріп маған өтіп кеткендей еді. Дəрігердің сенімді даусы əп-сəтте
мені де жігерлендіріп, қайраттандырып жібергендей болды. Арқамнан
ауыр жүкті алып тастағандай-ақ заматта өзінен-өзі тынысым кеңіп сала
берді.
Байқадың ба, Гауһар? Профессор менің фамилиямды емес, атымды
айтып сөйледі. Онда тұрған не бар дейтін шығарсың. Мынадай
қысылтаяң шақта түймедей жақсылық көзіңе түйедей боп көрінеді екен.
Ол «Ержан» дегенде ішім жылып қалды. Мені өзіне сəл де болса жақын
тартқан сияқтанып кетті.
Өзінің ұлық басын кішігік етіп, алдыма кеп тұрған профессорды
көргенімде, өзімнен- өзім сасқалақтап, қапелімде аузыма сөз түспей
қалса керек.
— Əрқашанда дайынмын, Елена Андреевна! — деппін. Бірақ
профессордың есіктен шығуы мұң-ақ екен, өзіме де беймəлім бір
қорқыныш сезімі тұла бойымды қайта билеп, төстеп, еріксіз əлдеқайда
дедектетіп əкетіп бара жатты. Сонда мен неден жүрексінем?
Неден тайсалам? Мен қауіптенетіндей не бар?
Мүмкін, операцияға баруға жүрексініп, батылдығым жетпей тұрған
шығар. Жоқ. Оған баяғыда-ақ бекем бел буып, тас түйін шешімге келгем.
Мүмкін, мен жаңағы профессордың қабілетіне сенбей тұрған шығармын.
Жоқ. Оған шəк келтірмеймін Иманымдай нанам. Онда өзіме-өзім сенбей
жүргенім бе? Өз күш-қуатыма, қайрат- жігеріме күдік келтіргенім бе?
Жоқ, əрине Бүгінгідей мен ешқашан да осыншалықты өзіме-өзім берік,
мұндай сенімді болып көрген емеспін. Көңілімде күдіктің көлеңкесі де
жоқ.
Бірақ жүрегі құрғыр əлденеден шошитын сиякты. Неден? Əдетте адам
белгісіз, өзіне түсініксіз нəрсеге ұшырап қалса да қорқады ғой. Жас
балалар қараңғы бейуақтан зəрелері ұшып, қалай қорықса, ересек
адамдар да өздеріне белпсіз нəрседен солай үрейленеді. Мен үшін қазір
белгісіз нəрсе не? Əрине, өлім қатері. Тірі қалам ба, жоқ па деген сауал
бір минут та есімнен шықпай отыр, көкейімде «мен мұндалап» сайрап
тұр ғой.
Бірақ қорқақтық емес, Гауһар Қорқыныш — табиғи сезім. Ол
тіршілік иесінің бəріне де тəн қасиет. Өмір сүру үшін қажетті қасиет. Еш
нəрседен қорықпаса, тиісті жерінде сақтанбаса, көзсіз батыр бола берсе,
онда жер бетінде тірі жан қалмас еді.
Ол, қорқақтық — адамға біткен табиғи қасиет емес қой. Ешкім
анасынан сужүрек боп тумайды. Ол өсе келе пайда болады. Демек,
қорқақ болу — адамның дүние танымына, тіпті əлеуметтік көзқарасына
байланысты туатын үғым емес пе? «Қорқақ адам — ең қауіпті адам»
Мұны айтқан неміс жазушысы Карл Берне. Неге олай деген? Себебі
қорқақ адам қашанда опасыз келеді. Ал, опасыз, қорқақтар өз жанын
аман алып қалу үшін бүкіл əлемді сатып кетуге əзір.
Үрей сезімі барлық адамға тəн табиғи қасиет. Одан ешкім қашып
құтылган емес. Қорқыныш сезімінің ең күштісі — ажал үрейі. Ажалдың
қыл арқаны мойынға түсіп, қылғындыра бастағанда ғана адамды ажал
үрейі билей ме? Жоқ. Сау-саламат шапқылап жүргенде-ақ бойымызда
азды-көпті қорқыныш сезімі болатын шыгар. Əйтпесе неге өлікті
көргенде төбе қүйқамыз шымырлап кетеді?
Əйтсе де, өлім қаупі ұдайы төбемізден төніп тұрмайды. Көбінесе
оны өз басымызға қатер төнген сəттерде ғана еске аламыз. Өйткені
«адамның ақыл-ойын үрей сезіміне билетіп қоюға болмайды». Көне
заманның ұлы ақыны Данте Алигьери осылай депті.
Бір қызығы — адам бойындағы қорқыныш сезімшіңтабиғатын,
əсіресе, ажал үрейінің ішкі сырын ғалымдар көптен бері-ақ зерттеп келеді
екен. Орыстың ұлы ғалымы, атақты физиолог И.И. Мечников бұл салада
бүкіл əлемдік ғылымға қыруар үлес қосқан жан саналады. Алаида ол
«қорқыныш сезімін зерттеуге, оның құпияларын ашып көрсетуге, ажал
үрейінің бейнесін жасауға» ғалымдардан гөрі, ақын-жазушылар көбірек
еңбек сіңірген деп мойындайды.
Өз шығармаларында қорқыныш сезімі, ажал үрейі хақында мейлінше
ғылыми дəлдікпен жаза білген бірнеше жазушының есімін ұлы физиолог
зор ілтипатпен атап көрсетеді. Олар: ағылшын ақыны Джордж Байрон,
француз жазушылары Альфонс Додэ мен Эмиль Золя, орыстың ұлы
жазушысы Лев Толстой. Мəшһүр ғалым солардың ішінде, əсіресе,
Толстойды айрықша жоғары бағалайды. Жазушы логикалық ойлану
əдісімен-ақ сол кезде ғылымның күші жетпеген сырларды ашқан екен.
Адам бойындағы қорқыныш сезімін өз басына сан рет ажал үрейі
төнген жазушыдан артық кім бейнелеп жазбақ? Сол сұмпайы сезімді
бейнелеп көрсетудің керегі не дейсің ғой.
Гауһар! Өзің-ақ айтшы, төрелігін. Егер бір тас қараңғы меңіреу
түндерді ғүмырымызда бір рет те көрмеген болсақ, онда күллі əлемге
шуақты шүғыла шашып, арайлап таң атқан сəтте мына жарық дүниеге
соншама қатты қуана алар ма едік? Сары шұнақ аяздың не екенін
білмейтін, өмірінде тоңып көрмеген адам пеш жанып тұрған жып- жылы
үйдіңрақатын жан-тəнімен сезе ала ма? Шілденің шыжыған ыстығында
өкпесі аузына тығылып, тандыры кеуіп шөлдеген жан ғана саялы бақ пен
салқын судың лəззатын өзінің жан-жүрегімен толық сезе білсе керек
Дəл сол сияқты үрей сезімінің бар қаһарын көкірек кезімен көріп,
жан-тəнімен айқын сезе білген адам ғана жер бетінде өмір сүріп, тірі
жүрудің өзі ұлы бақыт екенін толық ұға алады ғой. Мұны ол тек ақылоймен ғана емес, өзінің жан-жүрегімен сезінетін болады Өмірдің
ұлылығын, өзінің шексіз бақытты екенін басқалардан гөрі, əлде- қайда
тереңірек түсінудің өзі бақыт қой.
Лев Толстой нағыз қорқыныш сезімімен тұңғыш рет жиырма алты
жасында бетпе-бет ұшырастым дегі жазады. Севастополь соғысы кезінде
жау қоршауында қалып қойған жиырма алты жастағы орыс офицерінің
жан шошырлық, үрейге толы көңіл-күйін суреттейтін жолдарды оқыған
сəтте қалай арқаң мұздап, ішің қалшылдап кеткенін өзің де сезбей
қаласың.
Бірақ мұндай үрейлі сезім бірте-бірте сейіліп, кейінірек тіпті жазушы
оны ұмытып кетеді. Тек ширек ғасырдан кейін ғана, Толстой елу жасқа
тақап қалған шағында сонша жыл бойы білінбей, бұғып жатқан өлім
бейнесі оқ жыландай басын қақшаңдатып, ұлы жазушының алдынан
шыға келіпті. Кəрілікпен бірге өзіне жақындай түскен ажал бейнесі енді
ғана оған бұрынғысынан жүз есе үрейлі, аса қорқынышты, мейлінше
жексұрын боп көрінеді.
«Өмірдің қызығына мас боп жүргенде, — деп жазады ол, — біз еш
нəрсеге мəн бермейді екенбіз-ау. Əйтпесе түбінде бір ажалға душар
боларымды о баста қалай сезбегем? Бұл сұмдық баяғыдан-ақ жұрттың
бəріне мəлім нəрсе ғой. Тап қазір болмаса да, ақыры бір науқасқа
шалдығарың, өлерің хақ. Менің ең жақын, ең жақсы көретін
адамдарымды атың өшкір ажал талай мəрте арамыздан алып та кетті ғой.
Бір күні кезек маған да келеді. Осының бəрін көре тұрып, біле тұрып,
қалай ғана өмір сүруге болады екен?! Міне, ғажап деп осыны айт!»
Барлық адамға тон ажал үрейінің табиғатын өз туындыларында
мейлінше сенімді етіп көрсете білген жазушылардың бірі Альфонс Додэ.
Ол өзінің бір досына жазған хатыңда ағынан жарылып, былай депті:
«Осы бір ажал үрейі өзегімді өртеп бітті. Қанымды қақ қылды. Жанымды
жай таптырмай қойды. Əсіресе, пəтер ауыстырғанда зəрем кетеді. Жаңа
үйге көшіп келгенде табалдырықтан аттай бере-ақ жаман ойға келем: мен
өлгенде табытым осы үйдің қай жерінде тұрады екен деп көзіммен
бөлмелердің ішін тінткілеп, табыт қоюға ыңғайлылау деген жердің бəрін
дереу қарап, көріп шығам».
Виктор Гюго өз үйіне қонаққа келген атақты адамдардың бəріне
міндетті түрде тек жалғыз ғана сауал береді екен. Жазушы өз қонағына
қиыла қарап отырып: «Сіз, сірə, ажалым жақындап келе жатыр деп
үрейленбейсіз бе?» — деп сұрайтын болған. Сонда əлгі қонақтардың бəрі
шетінен: «Қорқам» яки «Қатты қорқам», — деп жауап қатқан екен.
Бұл аталған жазушылардың бəрі өлім емес, өмірдің ұлылығын бүкіл
əлемге паш еткен жандар. Олар тылсым ажал үрейін жасырмай бейнелеу
арқылы бізге өмірді сан түрлі қырынан көрсетеді. Өмірге деген
қүштарлығымызды арттыра түседі.
Міне, көрдің бе, Гауһар! Ажал үрейі барлық жанға тəн табиғи қасиет
екенін енді ұқтың ба? Менің осындай күрделі, нейрохирургиялық
операция алдында онша- мұнша қобалжығанымды сен қорқақтық деп
ойлама. Мұның бəрін сен дұрыс түсінсін деп əдейі əңгімелеп отырмын.
Қазір бойымда қорқыныш сезімі барын сенен жасырғым да келмейді.
Бірақ үрей сезімінің жетегіне еріп кете беретіндей-ақ күйреуік, бос
белбеу емеспін. Бүгін жымысқы сезімдерден гөрі, ақыл-парасатқа
көбірек ерік беру керектігін білем.
Енді бірнеше минуттан кейін мені операция столына алып кетеді.
Соңғы минуттарымда не істесем екен? Саған хат жазып қалдырсам ба
екен, Гауһар? Үлгірем бе? Жоқ. Кешелі бері бұл қалай ойыма келмеген?
Бірақ не деп жазам? Мен айтатын нəрсенің бəрін өзің-ақ білетін
сияқтысың ғой, Гауһар. Балаларымызды жақсы адам етіп тəрбиелеу
керектігін менен жақсы сезесің. Бірақ оларды ренжітпеші. Есі болса өсе
келе бəрін өздері- ақ түсінеді. Əйтеуір жасытып алма. Жасық адам —
жарты адам. Екеуінде жөнге салу үшін бір-екі шапалақтап жіберіп едім.
Соған қазір өлердей өкініп отырмын Ал, өзіңе не демек едім? Қолыма
қалам алып қанша оқталсам да, бəрібір саған еш нəрсе жаза алмадым.
Айтар ойым көп сияқты еді. Бірақ қағазға түсіруге арзитындай пікірім
жоқ боп шықты. Неге?
Адам қашанда қиялға бай, сөзге кедей демекпін бе? Жоқ Ой елегінен
өткен сөздерді ғана адам сыртқа шығарады. Əйтсе де, ешбір кіршіксіз,
аппақ қағазға тек терең ойдың түңғиығынан теріп алынған маржан
сөздерді ғана жазуға болатын шығар деген пікірге келдім. Ал, ондай сөз
менде жоқ сияқты боп тұрады
Оның үстіне, хат жазып қалдыру — операциядан тірі калатыныма
сенбеу деген сөз ғой. Ал, мен тағы да талай жыл бақытты ғұмыр
кешетініме иманымдай иланғым келеді. Міне, жан жүрегім соған
кəдімгідей нанып та тұр. Онда несіне саған хат жазам, Гауһар? Тіпті ол
жөнінде ойланудың өзі ұят емес пе?
Сонда қазір не істеуім керек? Операция бөлмесіне əкетер алдындағы
ең соңғы минуттарын басқалар қалай өткізетінін білгің келе ме? Оны да
күнде көріп жүрмін. Айтайын.
Бұл өзі операцияға түсетін адамның өміріндегі ең ауыр, ақыретминуттар деуге болады. Мұндайда сағат тілі бір нүктеден тапжылмай,
мелшиіп тоқтап қалғандай болады. Əр минут уақыттың өзі мəңгі-бақи
таусылмайтындай сұмдық ұзап кетеді.
Міне, сол азапқа толы соңғы минуттарды неғұрлым тезірек,
жеңілірек, жанға жара салмайтындай етіп өткізіп жіберу үшін əркім əр
түрлі «əдіс» қолданады.
Кейбіреулер ең соңғы минуттарын өзінің отбасымен, бала-шағасымен
əңгімелесіп тұрып өткізгенді ұнатады. Осындай қиын-қыстау, алмағайып
сəттерде ең жақын адамдардың жаныңда болғанға не жетсін. Бұл өоңілге
зор демеу ғой. Бірақ мұның жаман жағы да бар. Көзбен көріп тұрған соң
оларды қиып тастап, бірден операцияға кету сұмдық қиын болады екен.
Жақында бір егделеу ер кісі жігіт болып қалған баласымен операция
алдында осылайша қоштасып тұрып жүрегі қысылып, есінен танып
қалды.
Операцияға түсетін күні өзінің жақын туыстарын аурухана маңайына
жолатпай, тек ең жақын достарын шақыртып алатындар да бар. Бұлар
көбінесе достарымен бірге өткізген қызықты күңдерін, бастан кешірген
күлкші оқиғаларын бір-біріне айтып, соңғы минуттарда мəз-мейрам боп
масайрап күліп жатады екен. Бұл «əдістің» де бір кемшілігі бар. Сəл
іштей қобалжып, қорқып тұрғаныңды əлгілерден біреу-жарымы сезсе-ақ
көрер көзге бəріне мазақ боласың. Кейде олар өздерінше «қамқорлық»
жасаған боп, барша жұрттың көзінше саған «қорықпа» деп кеңес бере
бастайды. Өзі үрейі ұшып тұрған науқасқа бұдан артық қиянат жасау
мүмкін емес.
Бізбен көршілес палатада бір жігіт жатты. Ешкіммен ашық-жарқын
сөйлеспей, өзінше оқшау жүретін, тымырсықтау адам көрінген еді. Өткір
көздерін адамға қадағанда өңмеңіңнен өтіп кете жаздайды. Не керек, сол
жігіт ең соңғы минутына дейін палатада өзімен бірге жатқан
науқастармен шахмат ойнап отыра берді. Оны операцияға алып кетуге
дəрігерлер келгенде ойын əлі біткен жоқ еді. Əлгі жігіт өзімен шахмат
ойнап отырған кісіге жуан даусымен бұйыра сөйледі:
— Ей, мына позицияны бұзбай, шахмат тақтайын күйінде алып қой. Мен
қайтып келген соң ойынды жалғастыра береміз. Сен мені ұдайы жеңіп
келдің. Бірақ түбінде мен сені бір рет жеңбей қоймаймын! — Бұл сөзді
ол өзін жүгіртек-арбаға жатқызып, операция столына əкетіп бара
жатқан ең соңғы минутта айтты. Даусы мығым, аса сенімді боп естілді.
Меніңше, ең мықты, жүйкесі берік жандар осылар болса керек. Олар
ауыр минуттарда ешкімнің колдап, қолпаштауын, демеуін, мүсіркеуін
қажет етпейді. Қандай дауыл соқса да, қасқиып жалғыз өзі қарсы тұруға
əзір.
Ал, мен ше? Менің не істегенімді білгің келе ме? Міне, операцияның
басталуына он бес минут қалды. Мен əлі кітап оқып жатырмын. Уақыт
өткізу үшін емес. Бұдан үш-төрт күн бұрын осы бір кітап қолыма түсіп
еді Бастаған кітапты аяқтап шығу керек қой.
Ақырына дейін оқып үлгерем бе, жоқ па? Мүмкін, үлгерермін. .
Осындай ауыр минуттарда серік болған қандай кітап дейсің ғой. Бүл
өзі қанша рет оқысаң да, қайта-қайта қолға ала бергің кеп тұратын
ғажайып бір жыр-дастан. Ерлік дастаны деуге болады. Қиын-қыстау
сəттерде оқу үшін жазылған сияқты.
Бұл — Войничтің атышулы «Бөгелек» романы. Тегінде, ажалды
тəрік қып, өлімді менсінбейтін, жаужүрек жаннын сағын сындыру
мүмкін емес екен ғой. Адамның жаны болаттан да берік пе деп
қалдым.
Міне, арайлап алтын таң атып, күлімдеп күн шыққан сəтте. Артурды
қараңғы қапастан жарық дүниеге, аулаға шығарды. Жоқ. Күннің жанға
шипа, дертке дəру шуағына бөлеп, рахаттандыру үшін емес, қайта сол
таңғы шапаққа ғашық, қүштар жан Бөгелекке күннің нұрын мəңгі-бақи
көрсетпей қою үшін — оны атып тастау үшін далаға алып шықты.
Күннің көзі күлімдеп көрінген сəтте ғана Бөгелек өз дұшпандарымен
бетпе-бет ұшырасты. Жауларын көрген бойда-ақ қайтадан зығырданы
қайнап, жігерленіп кетті. Енді ол күреске тайсалмай шығуға əзір еді.
Басқалар сияқты ол өзін атар алдында көзін орамалмен байлатқан жоқ.
Арандай аузын ашқан жалмауыз ажалдың жүзіне қаймықпай,
тік қарап өткісі келді өмірден. Бір топ солдат оған қарап мылтық кезеп,
«атыңдар» деген каһарлы бұйрықты күтіп, мелшиіп тұр. Өмірінде тауы
шағылып, тауаны қайтып көрмеген ер жүрек жігіт өз жендеттерінің
алдында еңсесін биік ұстап ұнжырғасын түсірмей, ажалды менсінгісі
келмей, өзіне қару кезеген солдаттарға, шайдай ашық аспанға күлімсірей
қарап тұр. Не деген қайсарлық десеңізші!
Міне, «Мен де өз науқасыма, ажал үрейіне нақ осындай өжеттілікпен
қарсы тұра білуім керек» деген ой келді. Қайраты қара тастай қайсар
жанға іштей тағзым еттім. Тап қазір маған жетіспей тұрған қасиет те осы
табандылық, өжеттік екенін жан-жүрегіммен сездім. Осы бір жаныма
жақын қаһарманның өр мінезі, тəкаппарлығы табанда-ақ менің де
бойымды ширатып жібергендей еді.
Сол сəтте бір ақынның мынадай өлең жолдары өзінен- өзі ойыма кеп
орала берді: Жанбырдың тамшылары жер ширатар,
Тағдырдың камшылары ер ширатар.
...Жер емес тамшыдан соң жатса
езіліп, Ер емес қамшыдан соң
кетсе үзіліп*
Рас, қаныпезер жендеттер Богелекті өлтірді. Бірақ қайсар жан
жеңілген жоқ. Ажалды мойындамай, өлімді менсінбей кетті. Өзінің ажал
үрейінен əлдеқайда жоғары тұрғанын, əрі мəңгі-бақи сол өлімнен еңсесі
биік күйінде қала беретінін дəлелдеп кетті.
Иə, ол биік мақсат, асқақ арман, ізгі мұраттар жолында өзін құрбан
етті. Бірақ өмірдің қиын-қыстау өткелінде бойына медеу, жанына демеу
іздеген əрбір адамға сол бір от жүректі жігіттің қаһармандығы өнеге емес
пе?! Демек, тағдырдың қамшысынан қаймықпаган қайсар Бөгелектің
рухы бүгін мені де қолдайтыны хақ қой.
Рас, бүгінгі операцияда өмір мен өлімнің қайсысы жеңері əзірше
беймəлім. Əйтсе де, менің өмірден үміт үзгім келмейді. Тірі
қалатыныма, профессор қолының жеңілдігіне, өзімнің кұлан таза
сауығып, қатарға қосылып кететініме, өзіңе əлі де талай-талай
куанышты күндер сыйлайтыныма, екі бірдей ұлымның алдында əкелік,
елімнің алдында азаматтық борышымды қалайда өтейтініме кəміл
сенгім келеді. Басыма бұлт айналса, жанымда сенің болатыныңа
иманымдай иланғым кеп тур, Гауһар,
Міне, мені операция столына əкетуге дəрігерлер келді. Нақ сол сəтте
жалғыз сенің бейнең ғана қараңғы түнгі жарық жұлдыздай арман
аспанында жарқырап тұрды. Сол жалғыз жұлдыз тап казір өмірге деген
үміт сəулесін менің жан-жүрегіме аямай құйып жатқандай еді.
Міне, операция бөлмесіне əкетіп
барады... 7
Қалкашым, мен тірімін,
қатардамын, Өмірімнің тағы
көрдім атар таңын. Ажалмен
айқастым да өлмей қалдым,
Бар екен əлі менің татар дəмім,
— деген жолдарды Əбділда ақын менің дəл осы сəттегі көңіл- күйімді
білдіру үшін жазған сияқты.
Бір рауаятта наркоздан оянғандай болдым. Өзіме-өзім келіп, есімді
жинай бастасам керек. Көзімді ашсам өз палатамда жатыр екем.
«Тірімін, елмей, операциядан тірі шығыппын ғой». Ең алдымен
ойлағаным осы болды. Əйтеуір тірілердің қатарындамын.
Басқа жағын ойланып, толғануға қазір мұршам да жоқ. Ойлағым да
келмейді. Ең бастысы
— тірімін, Гауһар.
Бар сезгенім — тынысым тарылып, біреу алқымымнан қылғындырып
тұрғандай-ақ ауа жетпей, деміккен үстіне деміге түстім. Қаным кеуіп,
аузымнан демім от боп шығады. Еріндерім кебірсіп, бір-біріне желімдей
жабысып капты. Тілім аузыма сыймай, таңдайым қақырап, шөлдеп
барам
Есімді жиған алғашқы секундта-ақ өзіме де беймəлім бір дүлей күш
мені жан тылсымға такап, қас қағымда əңкі- тəңкімді шығарып
жібергендей еді. Біресе шала-шарпы есімнен танып, талықсып, біресе
өзіме-өзім келіп, жаным жарға таянып, барып-келіп жаттым.
Қазір күннің қай мезгілі екен деп ойладым Күндіз бе, əлде түн іші
ме? Қанша тырысып бақсам да көзімді ашуға дəрменім жетер емес.
Кірпіктерім құдды шойыннан қүйылғандай зіл батпан боп, ауырлап
кетіпті. «Пəленшенің қатты ауырғаны сондай, бейшараның кірпік қағуға
шамасы келмей жатыр», — деген сияқты сөздерді талай мəрте естігем.
Бірақ адам басы ауырмай, балтыры сыздамай жүргенде мұндай сөздің
терең тамырына онша үңіле бермейді ғой. Мүмкін, онысы дүрыс та
шығар. Сау-саламат жан қайдағы-жайдағы жымысқы ойларға беріліп,
басын катырып неғылсын.
Əйтсе де, жауырынынан жел өтіп, азап-бейнет шегіп жатқан науқас
адамға кірпік қағудың өзі шынында да мүң екен. Қаңтардағы мұздай
сіресіп қатып қалған жансыз кірпіктерді бір рет қана тербеп жіберу
үшін сонша көп күш-жігер керек деп кім ойлаған, сірə.
Көзімді аша алмай діңкем құрыды. Жан дəрмен қып жатып, ақыры
бір кезде көзімді ашып алғандай болдым- ау. Бірақ енді жанарым
жабылмай қинады. Кірпік қозғалмай, мелшиіп қалса бар ғой, өлген
қойдың көзіндей бақырайып тұрған қос жанар құдды біреу тұз құйып
жатқандай дуылдап ашып кетеді екен.
Палатаның іші ала көлеңке тəрізді. Қалың тұманды күндері айналатөңірек осылайша бұлдырап, күңгірт тартып, еміс-еміс қана сағымданып
көрінеді. Əлде кешкі апақ- сапақ ақшам шак па екен?
Бүкіл денем күйіп, жанып барады. Барша əлем алаулап өртеніп
жатқандай боп кетті. Тіпті мынау үстімдегі жұп- жұқа жамылғыш та
денеме шоқтай тиеді. Аузымнан шыққан деміме дейін от-жалынға
айналып кеткен сияқты.
Көзіме шалынған нəрсенің бəрі — есік те, терезе де, палатаның төрт
қабырғасы да, Ақылбек пен Қайсар жатқан кереуеттер де дөңгеленіп,
шыр көбелек айналып тұр боп шығады. Наркоз тарқарда адамның басы
айналады деуіш еді. Сол шығар деген ой келді.
Құлақтарым шыңылдап, палатаның іші жан-төзгісіз у- шу боп
кеткендей. Бейне бір жүздеген ұсталардың балға, төстері дəл менің
жастығымның астында үздіксіз соғылып тұрғандай. Оқтын-оқтын шаңшұң дауыс шыққандай болады. Мен мына күйімде еш нəрсенің аныққанығына көз жеткізе алмасымды сездім.
Мұның бəрі аздық қылғандай-ақ белгісіз бір зіл батпан салмақ
үстімнен басып, жанымды жаншып, еңсемді езе түскендей еді.
Əйтеуір есімді жиғалы бері көңілге демеу қылғаным: «Тірі қаппын
ғой» деген жалғыз ой болды. Осы ойдың өзі- ақ маған жанды жанитын
құдіреттей əсер едгі. «Ең бастысы — тірі екенмін! Ендігі қиындығына
қалайда тозу керек» деп түйдім.
Төзбегенде қайтесің? Басқа түссе, баспақшы. Əйтсе де, адамның жаны
сірі екен ғой.
Мұндайда тəн азабы мен жан қасіретіне шыдай алмай күңірене
күйзеліп, байбалам салып жүретіндер де болады «Өлдім-талдым,
қүтқарыңдар!» — деп бажалақтап, безек
қаққанда жұрттың бəрін аяғынан тік тұрғызады. Əсіресе, туғантуысқандары қатты əбігерге түседі
«Бас жарылса, бөрік ішінде» деп дымыңды шығармай, іштей тас-түйін
боп, қарысып жата беру де жеңілемес. Мұндайда адам қайта аһлап, уһлеп,
жиі-жиі күрсініп алып, мұңын шағып жылап жатса, азабы азайғандай,
бойы жеңілдегендей сезіледі екен.
Əйтеуір ағыл-тегіл боп жылап алғың кеп тұрады. Бірақ біз мұндай
сезімді парасатқа жығып бергенді жөн көреміз ғой. Сондай жылауық
сезімге берілмей, тек санаға ғана мойынсұнып, сыртқа сыр шашпай
жатқан жандарды жұрт: «Төзімі темірден жаралған екен» деп аспанға
шығара мақтайды емес пе? Мұндайлар басына түскен азаптың бар
салмағын жалғыз өзі көтеруге тырысады. Тірі жанға, ең жақын адамына
да мұңын айтып, шешілмейді. Сыртқа сыр бермейді.
Бірақ таудай тауқыметті, жан төзгісіз азап-бейнет пен зəбір-жапаны
сыртқа шығармай ішке бүгіп қалудың керегі не? Өзгелерге төзімді адам
боп көріну үшін бе? Əлде: «Мен мына жылап-сықтап жатқан жандар
сияқты емеспін, обаста басқаша, бұлардан гөрі беріктеу жаралғанмын»,
— деп өтірік айту үшін керек пе?
Одан гөрі ішіне беріік боп қатып, жанын жауратып жатқан мұң-зарын
көз жасымен жуса да сыртқа шығарып, аз да болса бойын жеңілдетіп
алғаны жөн емес пе? Мұндайда ағыл-тегіл жылап, тас боп қатқан көңілді
азды- көпті жіпсітіп, жуасытып алғанның несі айып?! Іштей қайғыдан
қан жұтып жатса да, тісін тісіне қойып, сыртқа сыр бермей, көлгірсіп
жүретін жандарды жақсы адам деуіміз керек пе? Əлде ішіне инедей сыр
бүкпей, өзінің ішекқарнын алдымызға ақтарып салып, достарынан тіпті
көз жасын да жасырмай, ағынан жарылған адамды мақтауымыз керек пе?
Көз жасы əрқашанда əлсіздіктің белгісі ме?! Ал, қатыгез мінез —
батырлықтың нышаны ма? Ел басына күн туғанда жау жүрек қаһарман
да, жұртпен бірге қабырғасы қайысып, бір сəтке ет жүрегі елжіреп,
көзіне жас алады емес пе?! Бүкіл елдің өзегі бордай үгіліп, қанттай еріп,
кəрі-жас күңірене жылап жатқанда түк болмағандай іш мерезденіп, тіпті
күліп жүретін қоян жүрек қорқақтар, өлексе іздеген қорқаулар да болады
ғой
Əрине, басқа түскен қайғы-қасіретке біржола беріліп кету де жақсы
емес шығар. Сəл нəрсеге малма тымақтанып, бойындағы алаулаған
ынта-жігерінен айрылып қалудың несі мəртебе! Əйтсе де, көзіне жас
алғанның бəрін жасық деуге де аузым бармайды Меніңше, темірдей
төзімділік пен болаттай беріктіктің тамыры біз ойлағаннан гөрі
əлдеқайда тереңде жатыр.
Бұрынғыдан да бетер демігіп, тандырым кебе түсті. Су
сұрайын десем сөйлей алмаймын. Жағым тас боп қарысып қалған.
Қанша тырбаңдасам да не аяғымды, не қолымды қимылдата алар
емеспін. Менің еркіме бағынбайтын аяқ- қолдарым былқ етпей жатыр.
Неге?
Енді өзімнің шарасыздығыма қорлығым келіп, дəрменсіздігіме жан
жүйкем босап кетті. Сол сəтте өксіп- өксіп жылап алғым келді. Бірақ
маған қасарысқандай көңілім тас керең боп, бір мызғымай сіресіп қапты.
Жаным жіпсір емес.
Бəрінен де адамның көзінен оңайлықпен жас шыға қоймағаны қиын
екен. Мұндай сұмдықты кім көрген! Біреулер қатты қайғы-қасіретке
душар болғанда ауыл кариялары.
«Мейлі жыласын, бойын босатсын, тартынбай егіліп, шерін тарқатын
алсын. Əйтпесе іш құса боп, дертке шалдығып қалады», — деп жататын.
Осы сөздің жаны бар ма деп қалдым. Мұндайда адамның жан жүйкесі
босап, ағыл- тегіл жылап алса-ақ іштегі запыран-қайғы көз жасымен
сыртқа кеткендей бойың жеңілдеп сала береді екен. Əйтеуір өзім талай
рет сөйттім.
Мен көпке дейін қатып қалған қара тастай мелшиіп, еш нəрсеге
ішім жылымай, жарыла алмай, іш мерезденіп, мелшиіп жата бердім.
Əншейінде сəл нəрсеге бордай үплетін көңілім енді мəңгі-бақи
жіпсімейтін мұздай боп семіп қалған сияқты.
Сол бір сəтте маған жұрттың бəрі көзіме күліп, сыртымнан
табалап, шоқ-шоқ деп тұрғандай көрініп кетті. Соны ойлағанда іш
қазандай қайнап, өзімді-өзім тұңғыш рет əлемдегі ең дəрменсіз,
бейшара жан сезіндім. Бірақ сол арада жанарыма лықсып кеп қалған
көз жасын көктемгі жауындай нөсерлете төгіп-төгіп жіберуге
дəрменім келмей, ызаға булығып, іштей күйзеле бердім.
Шіркін-ай, көз жасын көл қылып, мейірі қанғанша егіл- тегіл еңіреп
алған адамның арманы жоқ шығар деп те ойладым. Көзімнен жас
парласа-ақ еңсемді езіп бара жатқан азап-дозақтан құтылатындай боп
тұрдым. Тер қысқанда сəл жіпсісең де тынысың кеңіп, бойың жеңілдеп
қалады ғой. Адамды уайым қысса да солай бола ма деп қалдым. Бірақ
бүгін журегім, сірə, бусанар емес.
Басым зар қақсап, алып барады. Жұрттың бəрі жабыла мені түйе
бас қылып, жан- жағымнан үздіксіз тоқпақтап, миыма шеге қағып
жатқандай зырқырайды. Құлақтарым сұмдық қатты шыңылдап, түк
естір емеспін. Көздерім қарауытып, оқтын-оқтын түк көрмей қалады.
Тамағым қақырап, қаңсып барадың Жаныма қаттырақ батқаны
да осы болды. Еріндерім бейне бір-біріне шаңдып тігіп
тастағандай-ақ қыбыр етер емес. Тілім де таңдайыма жабысып
қалған тəрізді.
Енді ғана аңғардым. Еріндерім емес, жақ сүйектерім ашылмай,
айқасып, тас боп қарысып қалған екен. Бұл күйімде менің бір тамшы да
су ұрттай алмасым айқын еді. Су ішпек түгілі, бұл қалпымда шөлдедім
деп айта да алмаймын ғой.
Тас-түйін боп сіресіп қалған жағымды қалай ашарымды білмей, делсал күйімде, есеңгіреп жата бердім. Бүкіл денем, барша жүйке
тамырларым тас-түйін боп тартылып, сақиып қапты. Тек ішмде
жігісімей жатқан мүз еріп, ауыр азаптан туған бойдағы қатыгездіктің
ызғары сəл-пəл тараса ғана елжірер едім. Ол үшін көңілді босатып,
жылап- жылап алуым қажет. Бірақ соның өзі де қазір қолымнан келмей,
діңкем құрып, амалым таусылып тұр ғой, Гауһар' Бағанадан бері
қасымда отырған бүлдіршіндей, жап- жас медсестра қызға көзіммен
меңзеп, стол үстіндегі су құйылған графинді көрсеттім.
Шамасы, оқуды биыл ғана бітіріп келсе керек. Мені түсіне алмай,
соңысына өзі қысылғандай қипақтап қалды. Маған бірдеме дегендей
болды. Бірақ əлі құлағым ештеңе естір емес.
Мен де қасарысқандай көзімді графиннен алмай, соған тесіліп қараған
күйімде жата бердім. Бір сəт мен қарап жаткан жаққа кездейсоқ көзі түсіп
кетті де, «ə, ұқтым» дегендей ол өзінің түсінгеніне қуанып қалды.
Асықпай басып, палатадан шықты да, бір жақтан стақан мен шəй қасық
əкелді. Сөйтті де, ерініме бір қасық су тамызды.Бірақ су аузыма бармай
сыртқа төгіліп берді «Неге ішпеисіз? Су сұраған жоқсыз ба?» дегендей
кыз маған аңтарыла қарады. Бір тамшы су ұрттауды аспандағы армандай
көріп, қаным қақ боп жатқанын мына қыз қайдан үқсын!
Сол сəтте біздің палатаға кезекші дəрігер кіріп келді. Сүңғақ бойлы,
ат жақты, қою қара шашты, ак құба жігітті мұнда танымайтын адам
жоқ. Ол — нейрохирург Профессордың ең жақын көретін көмекшісі.
Бұл жігіт туралы өзіңе айтып едім ғой. Аты
— Мейман Сөзінің əзіл-шынын ажырату қиын. Сəл қылжақбастау ма деп
қаласың.
Міне, қазір де сəл езу тартып, күлімсіреген күйінде менен көз алмай,
қуақыланып тұр.
Оның мына түріне қарағанда маған соншама күйіп-пісетіндей түк те бола
қойған
жоқсияқты «Бір-екі күн шыда, сосын өз аяғыңмен шапқылап кетесің»
деп тұрғандай еді Мейман Көжеков.
Ал, менің күн ұзакқа су сұрап жатқанымды ол айтқызбай-ақ ұқты.
Неге су ұрттамай, қиналып жатқанымды да жазбай таныды. Шамасы,
операпиядан соң тура маған ұқсап, жағы қарысып қалатындардың
талайын бұрын да көрген-ау деп ойладым.
Дəрігер қасыма, кереуетке отырды да, сүйріктей ұп- ұзын
саусақтарымен бетімді уқалап, қарысын қалған жақ сүйектеріме массаж
жасай бастады. Жан салып, жарты сағаттай əуреленді-ау. Бірақ бұл
əрекетінен ештеме өнбеді Сіресіп калған жақ сүйектерім былқ етер емес.
Тура сол сəтте палатаның есігі ашылды да. Мейіркүл апай кіріп келді.
Бұл кісінің қандай адам екенін білмейсің ғои сен, Гауһар. Ол өзі осында
көптен бері фельдшер, яғни медсестра боп істейді екен. Біздер сияқты ол
сүйек пен еттен емес, мейірім мен ықыластан жаралған ба деп қаласың.
Ауруларға дəрі ғана емес, дəрмен де беретін медсестраның бəрі дəл осы
кісідей мейірбан болса ғой, шіркін.
Күллі ауруханадан оған риза емес жанды іздеп табу қиын шығар.
Қайтсем науқас адамның көңілін жадыратам деп, жаны қалмай құрдай
жорғалап, бəйек боп ұшып- қонып жүргені. Тікелей міндетіне
жатпайтын, сан қилы, ұсақ-түйек істерді де, титтей де жаны кейімей,
ертелі-кеш бір тынбай, тыйпыңдап жүріп тындыра береді.
Өздігінен жүріп, тұра алмайтын науқасқа бір стақан шай əкеп бере
салу яки оның терлеп жатқанын көрсе көйлегін ауыстырып кигізе салу,
ашық қалса үстіне көрпе жаба салу — бір қарағанда оп-оңай іс сияқты
ғой. Бірақ адам төрт тағандап, тырп ете алмай жатқанда осының өзі мұң
боп қалады екен. Мейіркүл апай соны жан-жүрегімен сезетін сияқты
көрінді маған. Сондай жаның қиналған сəттерде айтқаныңды екі етпей,
титтей де қиналмай, қабақ шытпай қол ұшын беруге қашанда əзір.
Мейіркүл апайды бір көргенде-ақ еріксіз жақсы көріп кетесің.
Бұл кісі жер ортасынан асып қалса да əлі күнге жалғыз басты екен.