🕥 31-minute read

Тау Құлаған - 19

Total number of words is 3997
Total number of unique words is 2026
37.6 of words are in the 2000 most common words
55.4 of words are in the 5000 most common words
62.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  қойды, кенет қыз мұның құлағына сыбырлады: «Білемін, Сережка,
  сен мені сүйесің, мен туралы армандайсың да!» – сонда ғана қыздың
  Шыңғыс Айтматов
  көзінде астамсыған күлкі барын байқады, бетін бұған әдейі тақай
  түседі.
  Сергий қатты қысылды, ондайды күтпеп еді, сондықтан не
  айтарын білмей абдырап қалды, әйтеуір бидің ырғағынан адасып қалмағанына шүкір, сол күйі тербетіліп жүре берді. Көше
  балалары секілді батыл жауап қайтарғысы-ақ келеді, олар
  мұндайда сасқалақтауды білмес еді, – айта қалса дөп тигізеді,
  бұл болса бәріне де байсалды жауап беріп үйреніп қалған. Қызды
  қаншалықты сүйетінін ойлап көрмегенін, сонда да ұнататынын,
  өте ұнататынын айтқысы келді. Наташа тағы да алдын орап
  кетті, мұның не айтқалы тұрғанын шынымен біліп қойған сияқты,
  сол ойын өзгертіп жіберген: «Жауап бермей-ақ қой, Сережа,
  керек емес, тырыспасаң да болады! Әзілім ғой, – деді қыз музыка
  ырғағымен теңселіп, басын изеп қойып, – түсінесің бе, мен сенің
  ойыңды оқып тұрмын, керек десең сен үшін бәрін айтып бере
  аламын. – Наташа айтқаны анық естілетіндей болуы үшін мұны
  бишілердің шет жағына қарай икемдеп әкеліп, тоқтай қалды. – Мен
  кімнің не ойлап тұрғанын біле аламын, – деп жалғастырды сосын.
  – Аудандық комитетте маған көрегендігің бар екен, комсомол
  үгітшісі боласың деген. Сенің де ішкі ойыңды анық көріп тұрмын.
  Сен мені сүйесің және жақында осыны өзіме айтатын боласың!
  Сен сондай адамсың. Басқаларға ұқсамайсың. Жайбасарсың. Ой,
  жайбасарым сол! Сен өз ойыңды айтамын дегенше талай уақыт
  өтіп кетер. Бәрін біліп тұрмын. Қыздарға ешқашан жақындап
  көрмегенсің. Солай ғой, ия? Оны да біліп тұрмын! Жасырмай-ақ қой.
  Көзіңнен көрініп тұр бәрі! Мен сені жақсы білемін. Жалпы, мен бәрін
  де білемін. Көп ұзамай қыздар соңыңнан жүгіріп жүретін болады.
  Бұл жақсы емес пе! Байқа! Мен – біріншімін! Сен тек менімен бірге
  боласың! Екеуі қайтадан билеп кетті. Наташаның аузы жабылар
  емес. – Үнемі бірге жүретін боламыз, – деп жалғастырды ол. – Мен
  жиналыстарда сөз сөйлеймін, сен газеттерге мақала жазасың,
  сөйтіп журналист болып шыға келесің. Бұл сенің қолыңнан келеді,
  білемін ғой. Түсінесің бе, мен алғыр адаммын, жұртты сөзіме
  Тау құлаған
  ұйыта аламын, сен – ақылдысың, маған сондай жігіт керек. Түсініп
  тұрсың ба?»
  Міне, осындай әзіл-шыны белгісіз әңгіме болған, бұл туралы
  шынымен ойлану керек пе, әлде ұмытқаны жөн бе, оны да білмейді,
  сол түні Сергий таң атқанша ұйықтай алмай шықты, бейне бір
  электр тоғы соққандай есеңгіреп қалыпты. Содан кейін қызға хат
  жазбақ болған, кейінірек жыртып тастады. Байсалды түрде хат
  жазған орынсыз болып көрінді, қыздың көңілін таппақ болып, ермек
  үшін хат жазу Сергийдің өзіне қызық емес.
  Арада біраз уақыт өткен соң ғана сабасына түскендей болды.
  Мектепті бітірген соң пединститутқа оқуға түсті, сол жазда
  соғыс басталды, екеуі бірер рет жолығып қалған, оны-мұныны
  айтып біраз тұрды, махаббат туралы бір ауыз сөз айтылған жоқ.
  Сергий әр жолы сондағы би кешінде басталған әңгімеге қайта
  оралармыз деп күтеді, өзі ишара білдірген емес, қыз да үндемей
  қойды. Ең дұрысы, сол оқиғаны ұмытуы керек еді, әскер қатарына
  шақырту алған кезде бәрі керісінше болып шықты. Сергий қанша
  тырысқанымен өзін-өзі көндіре алмай қойды, сөйтіп қыздың пәтері
  орналасқан көп қабатты үйдің қасынан қалай шыққанын өзі де
  білмей қалды, көңілі алабұртып, толқып барады, қайтып кетсем бе
  деп бірнеше рет оқталды, бірақ соған шамасы жетер емес, ақыры
  жолықты – қыз үйіне қайтып келеді екен. Әңгіме өте сылбыр
  өтті. Бейне бір сөніп қалған ошақтағы қоламтаның әлсіз жылуы
  тәрізді. Отты қайтадан лапылдата түсу үшін құрғақ отын керек
  қой. Сергий өзінің әскер қатарына алынғанын, қоштасуға келгенін
  айтты. Қыз бұл хабарды селсоқ қабылдады, қазір жұрттың бәрін
  әскерге шақырады, жаппай шақырту жүріп жатыр ғой. Өзі асығыс
  екен, тығыз жұмысы бар, хат жазып тұруға уәде етті. Дала
  поштасының мекенжайын тезірек салып жіберерсің. Сергий қуанып
  қалды, құдды тек сол үшін келген сияқты, хат жазысып тұруға
  уәделессе болды, өйткені, көзбе-көз сөйлескендей емес, хатта
  бәрін ашып айтуға болады. Әшейінде айтуға батылың жетпейтін
  сөздерді хатқа жаза аласың ғой. Қатарынан үш рет хат жазды,
  Шыңғыс Айтматов
  алайда жауап келмей қойды. Не айтарын, қыздың хаттарына қалай
  жауап қайтарарын мұқият ойластырып қойған. Содан жауынгерлік
  өмірдің күнделікті қарбаласымен жүріп, үміті де өше бастады,
  кенет Вероника апасының соңғы хатынан Наташа-Коминтерн
  жасы өзінен біраз үлкен, осыдан бір жыл бұрын әйелі қайтыс
  болған, майданға шақыруға жатпайтын арнайы рұқсат қағазы бар
  бір кісіге күйеуге тигелі жатқанын білді, апасы соның бәрін қайдан
  біліп қойғанына таңғалды. Одан әрі Вероника былай деп жазыпты:
  «Сережа, қымбатты інім, соған бола көңіліңе кірбің түсіп жүрмесін.
  Сені білемін ғой, неше түрлі романдарды оқи беруші едің, бәріне сол
  кітаптардың тұрғысынан қарайсың, енді жабырқайтын шығарсың.
  Өйтіп бекерге қиналып жүрме. Түсінесің бе, ол екеуің мүлдем бөлек
  адамсыңдар. Табиғаттарың кереғар жаратылған. Оны да кінәлама,
  күйеуге тимек болса, бұл оның өз шаруасы. Ол сенің теңің емес.
  Маған сенуіңе болады. Тек өзің аман-есен қайтып оралсаң болды,
  соғыс тезірек аяқталса екен, сенің де, саған ғашық болған қыздың да
  бақытты боларына сенімім кәміл, бұған күмәнің болмасын, Сережа,
  ішім сезеді ғой. Тек өзің қамығып жүрмесең болды, інішегім. Үйге
  тезірек қайтып орал... Соғысы түспегір тезірек бітсе екен, сол күнді
  көруге асығып жүрмін...» Хатта осыны жазыпты. Түптеп келгенде,
  соншама қиналып, жабығатындай Наташа-Коминтерн екеуінің
  арасында ештеңе болған жоқ қой. Апасы мұны тыныштандыруға
  тырысып бағыпты.
  Наташа екеуінің арасындағы осы бір сәтсіз аяқталған оқиға
  бұл үшін өткеннің үлесінде қалған, көрген түстей көмескі тартып,
  он тоғыз жасында өмірден алған әлдебір сабақ қана болып қалды.
  Сөйтіп соғысқа аттанды, көкірегінде екіұдай сезім қалды, бір
  жағынан қынжылып, екінші жағынан өмір тәжірибесі жоқ, аңғал
  да ашық көңілі сеніп қала жаздаған сол бір жәйтті ұмытқысы келеді.
  Міне, енді әскер қатарында шеру тартып, қапталдаса жүгірген
  әйелдер мен балалардың қоршауында бір кезде бақытты балалық
  шағын өткізген қаладан майданға аттанып барады. Тек солардың
  арасында Вероника апасының жоқтығына өкінеді, бұларды шұғыл
  Тау құлаған
  түрде майданға жөнелтетінін білсе, соңғы рет қоштасып қалу
  үшін бәрін тастап жүгіріп жетер еді-ау.
  Бұл әлемде ақылға сыймастай ғажайып оқиғалар болып тұрады
  деген сөз тегін айтылмаған ғой. Мүмкін бұл да сондай оқиғалардың
  бірі шығар – тағдыр мұның әпкесімен жолыға алмауының орнын
  ойына да кіріп-шықпаған ерекше жәйтпен толтырмақ болыпты.
  Бұл туралы ол вагонға мініп, біраз тынышталғаннан кейін, жолда
  келе жатып ойына алды.
  Жауынгерлер вокзалды бетке алып шеру тартып келе жатқанда
  әр көшеден жүгіріп шығып, әлсін-әлсін бұларға жақынырақ келуге
  тырысқан әйелдердің арасында кенет бір сыған әйел пайда болды.
  Қайдан шыға келгенін бір Құдайдың өзі білсін, жаз күндері Саратовта
  сығандар ылғи толып жүреді. Оның қараторы жүзі, емпеңдеп
  жүгірген сайын тербетіле түсетін жез сырғасы, иығына түсіп
  кеткен жыртық-жыртық гүлді шәлісі, етегі жерге шұбатылып
  жатқан юбкасы бірден көзге түсіп тұрды. Сығанның аты сыған
  емес пе! Шұбырған адамдарға жолшыбай еріп кетсе керек, енді
  сап түзеген солдаттардың қасында ол да әлдене деп айғайлап,
  қолын бұлғап, жауынгерлердің арасынан біреуді іздейтін сияқты.
  Жауынгерлер бір-біріне көзін қысып, бүйірінен түртіп қалып, ана
  сыған қызы сені іздеп жүр дегендей қулана жымыңдасады. Бір
  жауынгер оған өзі тіл қатты:
  – Әй, сыған қызы, әй, тентек қыз, мен мұндамын! Естіп тұрсың
  ба? Мен ғой бұл! Бал ашып беру үшін іздеп жүрмісің? – Ол дереу: «Саған кейін аша жатармын, қазір өзіме керек адамды іздеп
  жүрмін», – дегенде әлгі жауынгер кәдімгідей таңданып қалды.
  Біраздан соң сыған қызы өзі айтқандай, іздеген адамын тауып та
  алды.
  Шұбырған халыққа еріп жүгіріп келе жатқан сыған қызы
  тағдырдың сыйға тартқан көрегендігімен бе, әлде өзінің таңдауы
  сол болды ма, әйтеуір әлгі айтқан адамын тез тапты. Біреулер
  таңданып қалды, басқалары мырс етіп күліп жіберді – сыған қыздың
  таңдаған адамы Сергий болып шықты. Оның таңдауы неге соған
  Шыңғыс Айтматов
  түсті екен? Қатарласа жүгіріп келе жатып, сыған қызы Сергийге
  арнай сөйледі:
  – Тыңда, жігітім! Жас жігіт, саған айтамын, әй, қасы қап-қара
  жігіт, бері шетке шық, қолыңды бер маған, жолыңа бал ашайын,
  бақытыңмен қашан жолығатыныңды білетін боласың!
  Сергий саптың шетінен санағанда үшінші қатарда келе жатқан.
  Мәселе оның қай қатарда болуында емес, осындай ерсі жағдайға
  нақ өзінің тап болуында еді, әуелі не істерін білмей абыржып қалды.
  Мұндайға алғаш рет жолығып тұр, осы уақытқа дейін не бал
  ашқанды, не сәуегейлік жасағанды көрген емес, үй-ішіндегілер де
  мұндайды білмейтін – әкесі карта ашпақ түгіл, ойнап та көрмеген,
  шешесі де ырым-жырымға сене бермейді, мына пәле қайдан сап ете
  түсті!
  – Қажеті жоқ! Мен ондайға сенбеймін! – деді сасқалақтап,
  сыған қызын ренжітіп алдым ба деп күлімсіреп қарап қойды, иығын
  қомдап, бүйтіп бас тартқаным дөрекілік болды-ау, кешірім сұрауым
  керек пе еді деп қобалжып келеді; не үшін кешірім сұрамақ, оның
  үстіне серіктері де мазақ қыла бастады – сыған қызының кімге бал
  ашпақ болғанын қараңдар, біздің пірәдарды таңдапты. Енді кімді
  таңдаушы еді! Өзі Құдайға сенеді, одан артық не керек!
  Сыған қызы да тықақтап қояр емес:
  – Тыңда, жігітім, тағдырыңнан бас тартуға болмайды, бұл
  үлкен күнә!
  Қасындағы жігіттердің біреуі қағыта таныстырып қойды:
  – Оның аты Сергий болады.
  – Сергий? Әй, Сергий, қымбаттым, қара қасты жігіт! Айтып
  тұрмын ғой саған – бұл сенің тағдырың, одан бас тартқаның дұрыс
  емес. Сергий, өзің жап-жас екенсің, алдыңды болжап берейін саған!
  Шын көңіліммен бал ашпақпын. Бәрін тура айтамын, ештеңені
  жасырмаймын!
  Енді біреулер оның өзіне дүрсе қоя берді:
  – Жолды бөгеме, сыған қызы! Асығыс екенімізді көріп тұрсың
  ғой.
  Тау құлаған
  – Бөгемеймін, жігіттер, мен тек алақанына бір қарасам болды,
  сосын жүре берсін!
  – Жетер енді, жалықтырып жібердің, бөгет болма деп айттық
  қой саған!
  Сыған қызы онша жас та емес, кексе әйелге де жатпайды.
  Сергийдің байқауынша, жүзінде әшейіндегі қулық та жоқ сияқты,
  керісінше, ақжарқындық пен жанашырлық байқалады, тура
  Вероника апасы сияқты. Вероника ылғи біреулерге жақсылық
  жасағысы келіп тұрады, сондықтан үнемі мұрнына су жетпей
  жүгіреді де жүреді. Ия, көзі ме екен, дұрысы, адамға көз тастауы
  болар, Вероникаға ұқсайды екен, әлде бұған солай көрінді ме, өйткені
  ол: «Мен саған апаң ретінде айтып тұрмын! Сен маған туған
  інімдейсің!» – деп те салған.
  Сыған қызы көпшілікке араласып, көрінбей кеткен кезде Сергий
  өзін тағы да жайсыз сезінді, соншама ұялғаным не, айтқанын
  тыңдай салуым керек еді деп өзін-өзі кінәлап та қойды. Мұнысы
  онша жақсы болмады-ауі.
  Бұл кезде стансыға да келіп қалған болатын, ротадан соң рота,
  взводтан соң взвод, шеру тартып жетіп келді, жауынгерлерге еріп
  келген Саратов халқы шуылдап-гуілдеп кетті. Жүк вагондарынан
  жасақталған эшелон теміржолдың бойында дайын тұр екен,
  есіктерін айқара ашып тастапты. Өзінің ұзынын-ай, шеті-шегі
  көрінер емес. Майданға осы вагондарға мініп аттанатын болды.
  Сапардың алдындағы әбігер басталып кетті, қай взводқа қай
  вагон бөлінгенін анықтағанша пойызды бойлап ерсілі-қарсылы біраз
  сабылды, әйелдер мен балалар да аяққа оралғы болып қалар емес,
  қазір оларды ешқандай күшпен қуып жібере алмайсың.
  Пойызға отырғызу ұзаққа созылды. Күннің ыстығынан перрон
  да тарылып кеткендей. Вагонға мінгізу басталғанша кезек күткен
  Сергий әлгі сыған қызын ұмытып та кеткендей екен, кенет оның өзі
  сап ете түсті. Неткен табанды адам, ақыры топырлаған жұрттың
  арасынан мұны жазбай тауып алды:
  – Әй, Сергий! Сені іздеп жүрмін ғой, Сергий-ау! Тыңдап ал мені,
  Шыңғыс Айтматов
  жігітім, тек бас тарта көрмі. Тағдыр маған сенің жолыңа бал
  ашуды бұйырып тұр. Бетімді қайтарма, соғысқа бара жатырсың,
  болашағыңды біл.
  Сергийдің өзі де қуанып қалды:
  – Жарайды. Егер осы айтқаның рас болса, аша бер балыңды, –
  деп жолқапшығын жерге қойып, иығындағы автоматын түзеді, оң
  қолының алға созып, алақанын жайды.
  Сөйтіп пойызға отырардың алдында, қаруластарының
  көз ал-дында әйгілі сәуегейлік те жасалды. Сыған қызы мұның
  алақанындағы сызықтарға үңіліп біраз тұрды, әлденені күбірлеп,
  ерні жыбыр-жыбыр етіп, басын шайқап қояды:
  – Ой, тоқта! Алдыңнан бұрын-соңды адам баласы естіп-көрмеген
  сұрапыл шайқас күтіп тұр. Ой, тағдыр, тағдыр! Тек аспандағы күн
  ғана қанға боялудан аман қалады... Үстіндегі адамынан айырылған
  ат әлдеқайда шаба жөнеледі, – деп сыбырлады ол ешкімге көз
  тоқтатпастан, содан кейін Сергийдің көзіне тура қарап тұрып былай деп қосты: – Бір қызға ғашық болып, бетің қайтып қалған екен.
  Соған қайғырып жүрсің, мұның бекер болған. Өзің ақ қағаздай таптаза, күнәдан пәк екенсің.
  Қызық көріп, жиналып қалған солдаттар тағы да дуылдасып
  кетті:
  - Бұл түсінікті ғой, бейкүнә бала ғашық боп қалыпты, одан не
  пайда!
  – Не пайда дейді ғой! – деп екіншісі жорта қорғаған болып жатыр.
  – Сендерге күлкі керек. Ал біздің пірәдар жазықсыз жапа шегіп
  жүр! Әлгі қыздың өзі мекер болып тұр ғой, құйрығын бұлғаң еткізген
  де тайып тұрған! Біздің жігіт күнәдан пәк күйі қала беріпті!
  – Тыңдама бұларды, одан да мені тыңда, – деп сыған қызы мұны
  тағы да өзіне қаратып алды. – Енді сол алақаныңды көрсет, сосын
  менің айтқанымды тыңда.
  Сергийдің сол жақ алақанын да мұқият тексеріп шыққан сыған
  қызы бір сәт үнсіз қалды да қуана тіл қатты:
  Тау құлаған
  – Ажалдан аман қаласың! Өзім де біліп едім! Жүрегім сезіп еді.
  Міне, көріп тұрсың ба – ажалсыз адамсың сен! Жұлдызың жоғары
  екен! Білгенмін осыны! Сондықтан да соңыңа еріп келдім!
  Бәрі қозғалақтап кетті. Сергий ыржалақтап күле береді,
  мұндайда не істеуге болады өзі – қуана ма, әлде бәрін күлкіге
  айналдырып, әдейі басын иіп тәжім ете ме, қолын тарта беріп
  еді, бір есіріктің жетіп келгені. Кузьмин деген есерсоқтау біреу
  бар-тұғын, өзі мылжың, әрі қытымыр, жұрттың аузындағы сөзін
  аңдып, тиіседі де жүреді. Қашан көрсең ақыл үйретіп жүргені.
  – Тоқта, тоқта, қымбатты сыған қызы, мұның қалай? – деп
  басын шайқап қойды ол. – Өзің басқа жаққа бұрып барасың ғой.
  Ажалсыз деген не сөз? Сен бірдеңе түсіндің бе? Ажалсыз адам
  бола ма өзі? Мұндайды кім естіген? Жұрттың бәрі ажалды, тек
  бұл ғана ажалсыз, ә? Қызық екен! Біз де қыдырып бара жатқан
  жоқпыз, соғысқа аттанып барамыз. Онда кім өліп, кім қалатынын
  ешкім біле алмақ емес. Майдан даласында ажал деген сенің кімге
  бал ашып, кімге ашпағаныңа қарай қоймас. Бәрін қырып салар. Кімді
  алдап тұрсың сен?
  – Алдағаны несі, мен тек алдағы тағдырды болжап тұрмын.
  Оның маңдайына ажалсыздық жұлдызы жазылған. Тағдыры сондай, – деп сыған қызы да сөзінен танар емес. Содан кейін бәрінің
  көңілін табатындай бір сөз айтты, бірақ соны түсіне қойған адам
  аз болған сияқты. – Тағдыр ажалдан да биік тұрады. Тағдырдан
  тағдыр бастау алады, ажалдың соңына ештеңе ере алмайды. Мына
  жігітке тағдыры ажалсыздық жұлдызын сыйлапты, маңдайына
  жазғаны сол... Жұлдызы мәңгі жарқырап тұра бермек!..
  Кузьмин тағы біраз күңкілдеп, жиналыста тұрғандай қолын
  шошаңдатып, сығандардың сәуегейлігі түкке тұрмайтынын
  дәлелдемек болып еді, неге екені белгісіз, солдаттардың оған емес,
  сыған қызының болжамына сенгенді артық көріп тұрғаны байқалып
  қалды. Аттанар уақыт болып, вагонға отырғызу басталған кезде
  көпшілігі әлгі сыған әйелдің қолын қысып қоштасып жатты, ол да
  пойыз орнынан қозғалғанға дейін перроннан кетпей қойды, содан
  Шыңғыс Айтматов
  кейін де вагондардың соңынан жүгірген әйелдер мен балаларға
  қосылып, біраз жерге дейін еріп келді, Сергийге қолын бұлғап
  қоштасып жатыр, сөйтіп стансыдан шыққан эшелон әбден көзден
  таса болғанша қалмай қойды...
  Күн ыстық болатын. Сол түні жол бойы ұйықтай алмай шықты.
  Қараңғы түнде вагон дөңгелектерінің сартылы мен паровоздың
  жүректі сыздатып, әлдебір мазасыздыққа бастайтын созылыңқы
  гуілі ғана естіледі. Тарихтың толқыны айдаған жаңқадай болып,
  әлемдік қырғынға аттанып бара жатқан Сергийдің ойына неше
  түрлі жәйттер оралды. Арасында әлгі сыған қызының айтқандарын
  да еске алып қояды. Қайдан тап болды өзі, сәуегейлігі де қызық екен.
  Әсіресе: «Тек аспандағы күн ғана қанға боялудан аман қалады...
  Үстіндегі адамынан айырылған ат әлдеқайда шаба жөнеледі», –
  деген сөзін ұмыта алмай қойды. Бұл не дегені екен, нені білдіреді бұл?
  Жұмбақ әрі түсініксіз. Тек аспандағы күн ғана қанға боялмайтындай
  соншама не болуы мүмкін? Ал үстіндегі адамынан айырылған ат
  ше? Бұл нені білдіреді? Ажалсыз жұлдыз деген не? Қандай жұлдыз
  ол? Оның бұған не қатысы бар? Не бұл? Қайда екен сол жұлдыз?
  Қай маңда орналасқан? Әлде осының бәрі әшейін әңгіме ғана ма?
  Солай шығар. Адам мен жұлдыздың бір-біріне не қатысы бар?
  Егер аспандағы жұлдызды айтса, ол қайда, біреу қайда? Бұл жерде
  ешқандай байланыс жоқ қой. Жұлдыздар өз жайымен жүр, адам да
  өз бетімен өмір сүреді. Бірақ тағдыр деген бар емес пе? Тағдырдан
  тағдыр бастау алады деп пе еді... Ал тағдыр деген не? Тағдыр қалай
  тағдырдан бастау алады? Бұл қалай болады екен сонда?..
  Дөңгелектер үздіксіз сартылдап келеді. Сөрелерге киімшең жата
  кеткен солдаттар қорылға басып жатыр. Есіктің саңылауынан
  бірде жылт етіп ай көрінеді, енді бірде бұлтқа сіңіп жоғалады,
  жұлдыздар да пойызбен жарысып келеді…
  Бір қызығы, сыған әйел Наташа-Коминтерн туралы, оған хат
  жазғанын, бұдан түк шықпағанын қайдан білді екен? Бәрі дәл
  келіп тұр. Оның айтуынша, бұл бекер қамығып жүр екен. Демек,
  қайғырудың да бекер болатыны ғой. Алдан не күтіп тұр екен?
  Тау құлаған
  Майданда не болмақ? Қорқынышты, әрине. Саратовта соғыстан
  жараланып қайтқан майдангерлермен жолыққаны бар, солардың
  әңгімесін қызыға тыңдаушы еді. Енді мұның не екенін өз көзімен
  көретін болды...
  Дөңгелектің сартылын тыңдап үнсіз жатыр, ұйқысы келер
  емес. Әр адамның да өмірін анықтап, болашағын белгілеп қоятын
  бір тылсым күш бар-ау, тағдыр деген сол шығар деп ойлады. Оны
  тағдыр деп атаған біреу бар ғой, әйтеуір. Оның бұйрығын ешкім
  өзгерте алмайды және мұны түсіндіріп бере алатын да ешкім
  жоқ. Сол тағдырдың өзі қайда болады екен? Соғыс та тағдырдың
  ісі шығар, әлде кімнің өмір сүріп, кімнің өлетіні, кім жеңіп, кім
  жеңілетіні де сол тағдырдың бұйрығымен бола ма екен? Солай
  болуға тиіс. Міне, бұлар да тағдырдың айдауымен соғысқа,
  майданға аттанып барады. Эшелонға тиеліп, ағаш сөренің үстінде
  жатысы мынау, пойыз болса бұларды фашистермен арадағы қанды
  қырғынға апарып салу үшін бар жылдамдығымен жүйткіп келеді.
  Ол жақта не күтіп тұр? Тағы да тағдыр ма? Өле ме, аман қала
  ма? Кімнің кімді жеңері де осыған байланысты-ау, сірә. Ия, кім
  көбірек өлтірсе, сол жеңеді. Соғыстың тезірек аяқталуын, қарны
  тоя тамақ жеуді бәрі де армандайды. Вокзалға бара жатқанда
  көшедегі әйелдер мен балалар осыны айтып айғайлаған. Бұл үшін
  соғысқа түсіп, жауды көбірек қыру керек, соғысты тезірек аяқтау
  үшін жеңіске жету қажет. Солай болып тұр. Үйде де әкесі мен
  шешесі осы тұрғыда дауласып қалушы еді. Бұған әскер қатарына
  шақырту қағазы келгенде екеуі әжің-күжің әңгімелесіп, таңертең
  әскери комиссариатқа кешігіп қалмау керектігін айтып, жолға
  нені алып, нені дайындауға болатынын ойластырып тұрған, кенет
  шешесі орындықтың шетіне отыра кетіп, екі қолын кеудесіне
  қойып, жалынышты үнмен былай деді: «Сереженька, тек ешкімді
  өлтіре көрмеші, біреудің қанын төгіп жүрмеші, балам!»
  Бұл не дегені? Байқамай айтып қалды ма, әлде бұрыннан
  ойлап жүргені ме? Анасының әлдебір алыс сапардан оралып,
  табалдырықтан жаңа ғана аттап тұрып, жол бойы ұзақ
  Шыңғыс Айтматов
  ойланғандай-ақ, бетіне үңіліп тұрып айтқан осы сөзі енді ешқашан
  ұмытылмастай болып, жадында мәңгі жатталып қалды. Өзі
  де анасын өмірінде алғаш рет көріп тұрғандай, бұрын нұрланып
  тұратын аялы жанары суалып, бетін де әжім торлап, қартайып
  кеткенін, үстіндегі сәтен көйлегі мен иығына жамылған түбіт шәлісі
  әбден ескіргенін қазір ғана байқады. Баяғыдан бері, Еділ бойындағы
  мұнай өнеркәсіптерінің бірінен-біріне ауысқан әкесімен бірге ел кезіп
  жүрген уақытта, ол кезде бұл жалаңаяқ жүгірген бала болатын,
  шешесі қос бұрым етіп өрген қалың шашын төбесіне түйіп қойған,
  сымбатты да сүйекті келген, үйдегі күйбең тірліктен, балаларға
  қараудан, олардың сабағын қадағалап, өмір бойы диабеттен
  зардап шегіп келе жатқан күйеуінің жағдайын ойлаудан бір қолы
  босамайтын байғұс әйел – сол қиындықтың бәрін күндердің бір
  күнінде, жалғыз ұлын соғысқа аттандырар алдында әлгі сөзді айту
  үшін бастан кешкен бе деп айран-асыр қалды. Анасының «соғыста
  ешкімді өлтіре көрмеші, ешкімнің қанын төгіп жүрмеші» деп тілек
  білдіруінен қатты қысылды, күмілжіп, не айтып тұрғанын өзі де
  бағамдамастан міңгірлей берді:
  – Не айтып кеттің, мама! Бұл әңгімені қояйықшы. Мен әскер
  қатарында боламын ғой, – деді де, сөзден жалтармақ болып
  шкафтағы оқулықтары мен басқа да кітаптарды қарай бастады.
  – Мама, мұнда кітапханадан алған кітаптар бар еді, соларды бөлек
  шығарып қояйын, Вероника апарып өткізе салсын.
  Әлгі әңгімеден бәрібір құтыла алмады, өйткені, енді әкесі
  араласқан болатын. Николай Иванович қашан да ойындағысын тура
  айтатын, тіптен қызбалау деуге де болады, сәл нәрсеге айтысып
  шыға келетін, басшылармен ешқашан тіл табыса алмай, бауыры
  ауыратыны да сондықтан шығар.
  – Өлтірме деген не сөз? – деп дүрсе қоя берді ол. – Өлтірме,
  қан төкпе деп қалай айтып тұрсың! Мынауың қызық екен! Әлде
  балаңның қайда бара жатқанын ұмытып қалдың ба? Соғысқа кетіп
  барады. Сен де, мамасы, кейде аузыңа келгенді айта саласың, – деп
  бір тоқтады да, бөлмені шарлап темекі іздей бастады. Шешесі
  Тау құлаған
  оның темекісін тығып қоятын, толқыған кезде шылым шекпесе
  басыла алмайды, махорканың көк түтінін құшырлана жұтқан соң
  ғана сабасына түседі. «Жүдеулігің мен мінезіңнің шатақтығы да
  темекіні қоймағанның кесірі» деп, шешесі ылғи ұрсып отыратын.
  – Тек көп шекпеші, Коля, – деді ол күйеуіне бұрылып, – өзіңді
  аясаңшы. Көк түтінді қашанғы бұрқырата бермексің.
  – Ия, әлгі сөзіңнен кейін қалай шекпессің, Сергей болса майданға
  кетіп бара жатыр, сондағы үйреткенің осы ма? Ол жақта не
  бітірмек сонда?
  – Сондықтан да айтып тұрмын. Мейлі, бұл сөзімнің ақ-қарасын
  Құдайдың өзі шешсін. Бәрінің айтатыны сол – өлтір, қыр, жой!
  Жауларымыз бізді өлтіреді, біз оларды қырамыз! Содан кейін қалай
  өмір сүрмекпіз, әлде жер бетінде ылғи кісі өлтірушілер ғана қалмақ
  па? Менің айтып тұрғаным мынау – әлде мені түсінбейді дейсің
  бе? Әрине, сен оны өлтірмесең, ол сені өлтіреді, қалай өлтірсең де
  бәрібір кісі өлтіруші болып шығасың. Анатолийге, күйеу баламызды
  айтамын, не болғанын білмейміз, өлтіріп кетті ме, әлде өзі
  басқаларды өлтіріп жүр ме? Бұл туралы Вероникаға бір ауыз сөз
  айтуға батылым бармайды. Ең болмаса, көңілімде жүрген ойымды
  ұлыма айтпаймын ба! – Сөйтіп, үнсіз егіліп жылап жіберді, өксігін
  баса алар емес, өз сөзіне өзі жауап таппай отыр, бірақ сол пікірінен
  айну үшін жеткілікті дәлел де таба алар емес.
  – Міне, солай, – деп жалғастырды әкесі кінәлай сөйлеп, – бұл
  сөзің қайда апарып жеткізетінін білесің бе өзің? Мұндай теріс
  үгіт жүргізгенің үшін халық жауы етіп шығарады да Сібірге, айдап
  жібереді! Мұнда дүниежүзілік соғыс жүріп жатыр, кімді кім жеңері белгісіз, біз бе – олар ма? Ал сен өлтірме дейсің! Әлде туған ұлыма
  менің жаным ашымайды деп ойлайсың ба? Немесе Анатолийға? Ау,
  одан басқа амалың кәне? Солдат өз отанын қорғайды, оған сондай
  бұйрық берілген. Солдат жауының көзін құртса – өлтірсе, бұл
  оның бұйрықты орындағаны, жауынгерлік парызын өтегені, мұны
  қаһармандық дейді, сен қалай ойлап едің!
  Шешесі үндеген жоқ, ұлының зат қапшығының жыртығын
  Шыңғыс Айтматов
  жамап отыра берді, әкесі енді өзінің жастық шағын еске алып
  кетті, ол кезде өзі де қазіргі Сергей сияқты, он тоғыз жаста,
  бірінші дүниежүзілік соғыста сүңгуір қайықта теңізші болған.
  Түптеп келгенде, әкесінің айтпағы – дұшпан әскерін өлтіру деген ең
  маңызды әрі ең дұрыс іс. Мысалы, кезінде өзі де Балтық теңізінде
  сүңгуір қайықпен жасырынып барып жау әскері тиелген тасымал
  кемесін суға батырған. Әуелі судың астымен дұшпанның кемесінің
  ізінен ұзақ уақыт бойы еріп отырыпты. Содан кейін торпедамен
  шабуыл жасаған. Бәрі сәтті аяқталыпты, екі торпеда да нысанаға
  дөп тиіп, жау кемесінің жақтауын опырып жіберген. Кемеде өрт
  шығып, біртіндеп бата бастапты. Бұлар сүңгуір қайықпен дереу
  тереңге жасырынған, бір сағаттан кейін қайтадан көтеріліп,
  перископпен су бетінде не болып жатқанын бақылапты. Әйдік
  кеменің тұмсығы көкке қарап, жартылай батып үлгерген екен,
  айналасында суға батып-шығып талай адам жанталасып жүр.
  Перископпен қараған, әрине, командир мен аға офицерлер ғана,
  байланысшылар солардың айтқанын минут сайын Кронштадтағы
  ставкаға хабарлап, Морзе әліппесімен әскери тапсырманың
  мүлтіксіз орындалғанын жеткізіп жатты, ал тапсырма дегеніміз –
  бұйрық. Жауды жоюға бұйрық берілді ме, – орындау керек!
  Әуелі суға батып бара жатқан адамдарды тек перископпен
  ғана бақылап тұрған. Содан кейін, жау кемесі суға толық жұтылып
  жоқ болған соң айнала төңіректе сүңгуір қайыққа ешқандай қауіп
  жоқтығына көз жеткізіп алып, сосын судың бетіне көтерілді. Бәріне
  түгел жоғарыға шығуға бұйрық берілді, бүкіл экипаж палубаға
  көтеріліп, командирдің алғысын тыңдауға жиналды. Айналада жау
  әскері суға батып жатыр, өздерінің қатары селдіреп қалыпты.
  Біреулері сүңгуір қайыққа жақындағысы келеді, жүзіп жеткендерін
  қолдарындағы наганды ұмсына созып, атып өлтіріп жатыр... Олар
  теңіздің жал-жал толқындарына жұтылып кетуде, қас қарайып
  қалыпты, бұлар қайтадан суға батып, теңіздің түбіне қарай төмен
  түсті…
  Соғыс деген осы. Соғыста кім көбірек өлтірсе – сол жеңеді,
  Тау құлаған
  ал жеңген жақтыкі қашан да дұрыс. Қашан да солай болған және
  солай бола бермек.
  Шешесі дауласқан да, қарсылық білдірген де жоқ. Тек
  құптамағандай басын шайқап қойды. Сосын көршілері қоштасуға
  кірді, апайы мен жиендері де келіпті. Вероника да жұмыстан жетіп
  үлгерген екен, дереу мамасына көмектесе бастады, оны-мұныны
  әңгіме етіп бәрі түн ортасына дейін отырды.
  Ата-анасының екеуіне де жаны ашиды – анасы ешкімді өлтіре
  көрмеші деп өтінсе, әкесі өзіңді өлтіріп тастамауы үшін жауларды
  көбірек өлтір дейді. Бұрын күнделікті үй тіршілігі болып көрінетін
  жәйттердің қадірін тек жолда келе жатып қана ұқты, соның
  бәрінен айырылғанын ойласа жүрегі шаншып кетеді. Сәт санап
  өткен өмірі артта қалып барады. Еділ өзенінің Саратов маңындағы
  жарқабақты жағалауын еске алды. Жазғы маусымда қыдыратын
  жерлері, жасыл желекке малынған аралдар, күн сәулесіне
  шағылысып жарқыраған өзен суы, желкенді қайықтар. Әсіресе,
  бала кезінде Сергий өзенді кесіп өтетін теміржол көпіріне барғанды
  ұнататын. Көпір тым-тым биікте болатын, басыңды шалқайтып
  қарамасаң көре алмайсың, төменде, өзеннің жағасында тұрып,
  көпірмен сатыр-сұтыр өтіп жатқан пойыздарды сағаттар бойы
  қызықтап тұра беруші еді, вагон дөңгелектерінің дүрсіліне құлақ
  түреді; көпірдің темірден соғылған жақтаулары гуілдеп, аспан
  төсіндегі ақша бұлттардың астында дір-дір етеді, сол сәттерде
  Еділдегі көпірді басып өтіп, әлдебір жаққа, кітаптарда жазылатын
  ғажайып елдерге аттанып бара жатқандардың бақытына қызыға
  да қызғана қарайтын...
  Балалық шақтың тағы бір суреті ойына оралды, жаңа жыл
  түні үй-ішімен түгелдей тік көтеріліп, қар басқан даланы кесіп
  өтіп, ұшар басындағы алауы жарқырап жанып тұрған мұнай
  құбырларын қызықтауға баратын, аяқтарына пима киіп алған.
  Жанды құбыжықтай құйқылжи алаулаған оттың жарығына
  шағылысып, жапалақтай жауып тұрған қар түйіршіктеріне де
  жан біткендей көрінеді. Ашқарақ от баяу ғана қалықтап қонып
  Шыңғыс Айтматов
  жатқан қарды жанталаса жұтып жатыр, оған қарайтын қар
  жоқ, сол күйі бір қалыппен жапалақтап тұр... От та өшер емес,
  қардың да басылатын түрі көрінбейді...
  Жылдар өте келе көп нәрсе өзгерді, талай қызық келмеске кетті.
  Енді міне, соғысқа аттанып барады – не жауын өлтіреді, не өзі
  өледі. Басқа амалы жоқ, тек солай ғана болуға тиіс, соғыстың заңы
  сондай. Не болса да барғасын көре жатар, соғыстың аты соғыс емес
  пе. Сергей үнсіз жылап қоя берді, анасын, әкесін, апасы Верониканы
  есіне алды, ұйқыны соғып жатқан солдаттардың арасында жалғыз
  өзі үн-түнсіз іштей егіліп келеді. Тағы да баяғыдай қол ұстасып,
  қар басқан даланы кесіп өтіп түнгі аспанды жарқыратып тұрған
  алауды қызықтар ма еді.
  Дөңгелектер бір қалыпты дүрсілдеп келеді, вагон да ырғаңырғаң қозғалысынан жаңылар емес. Түн қараңғылығын сейілтуге
  тырысқандай болып, оқта-текте шамы жылтырап алдарынан
  шыға келген әлдебір бекеттердің қасынан тоқтамастан өте
  шығады. Солдаттар мен қару-жараққа лықа толған эшелон не өліп,
  не өлтіргеннен басқаны білмейтін қатыгез майданды бетке алып
  заулап келеді. Өлу сенің еркіңде емес, ешкімнің де өздігінен өлгісі
  келмес-ау, бірақ нақ сені өлтіретінін қайдан білуші едің. Ал өлтіру –
  
You have read 1 text from Kazakh literature.