🕥 30-minute read
Тау Құлаған - 13
Total number of words is 3880
Total number of unique words is 2152
35.2 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
бастарын изеп қояды, сөйтіп бұрын колхоз кеңсесі болған, қазіргі
«Мерген» фирмасының офисіне де жетіп қалыпты. Арсен Саманшин
қызға «сізді» қойып, «сенге» көшейік деп айтып үлгерді, жасымыз да
анау айтқандай алшақ емес сияқты, сондықтан бір-бірімізбен жақын
адамдай сөйлесе бергеніміз жөн шығар. Кеңсеге кіріп бара жатып,
Елестен: – Мұнда көп кідіресің бе? – деп сұрады. Қыз батыл жауап
қайтарды:
– Мен сені қанша керек болса, сонша уақыт күтемін, Арсен.
Бұл ризашылығын білдірді:
– Сенің кездескенің қандай жақсы болды…
Кеңсенің іші де, ауласы да адамға лық толы екен. Өйтпегенде
ше, бұл оқиғаны бүкіл ауыл күтіп отыр ғой, оның үстіне, анаумынау емес, араб ханзадалары келе жатыр. Ауыл тұрғындарының
қапылысын түсінуге болады. Балалар да кеңсенің маңында ойнайтын
болыпты. Тәңір дінін қайта жаңғыртпақ болып әуреге түсіп жүрген
біреу халықты Үзеңгілес асуына қарап мінәжат етуге шақырыпты
деседі, таудағы жел оңынан тұрып, қар барыстарын тығылған
жерінен қуып шықсын, аңшылықтың сәтті өтуіне қолдау көрсетсін
деп жалбарынуға үгіттеп жүрген көрінеді. Оған ауыл молдасы қарсы
пікір айтыпты, есі дұрыс адам тауға-желге құлшылық етпейді,
Тау құлаған
мергендердің жолын оңғару тек Құдіретті Алла тағаланың ғана
қолынан келеді деп әлгі тәңіршілді кінәлапты. Күлкілі, әрине. Соның
бәрі жол-жөнекей болып жатқан тіршілік. Бектұр шефтің өзі бастаған
«Мерген» фирмасының қосалқы қызмет топтары аңшылық құруды
ғана емес, ханзадалардың нөкері мен қызметшілерін орналастыруды
және оларға қызмет көрсетуді де ұйымдастыруға қатысты жиын-кеңес
өткізіпті. Қариялар әлі-әзір ұмытыла қоймағанымен социализммен
бірге келмеске кеткен колхоздағы еңбек жиналыстарынан кейін,
ондайға ауылдағы еркек-әйел тайлы-таяғы қалмастан қатысушы
еді, мұндай ірі көлемдегі шара бұл ауылда бірінші рет өткізілгелі
отырғанын айтып жүр. Біреулер қар барыстарының арқасында
ауылымызға да жан кіріп қалды деп әзілдеп қояды...
Осыған байланысты бірқатар мәселелер мен міндеттер
қарастырылды, біреулерге тапсырма беріліп жатыр, ерігіп жүргендер
де бар, енді біреулер бір әжетке жарап қалармын деген үмітпен
келіпті. Арсен Саманшин ауылдастарының ұйымшылдығына риза
болды. Көпшілігін біраздан бері көрмеген екен, әкесінің інісі, өзінің
ағайы, қазір шеф атанып жырғап жүрген Бектұрған байекемен
іскер әңгіменің үстінде жүздесті. Тек бір жәйт қана мазасын алып,
дегбірін қашырғандай болды – ауылдастары Тастан-Ауғанды кәдімгідей құрмет тұтады екен, әжептәуір беделі бар сияқты. Ол да түк
білмегендей, күні ертең осы отырғандардың зәре-құтын қашырар
сұмдық жоспардан мүлдем хабарсыз адам сияқты монтанси қалыпты.
Тастан-Ауғанға арнап ауылдағы әйелдердің қандай әзіл ән шығарғанын естігенде Арсен Саманшиннің күлуге де шамасы жетпеді.
Ей, ауғандық, қарап өт,
Керуеніңмен ала кет.
Керуеніңе ерейін,
Бала тауып берейін.
Айтпан – тиын, манат бер,
Ашпын, жейтін тамақ бер!
Ей, ауғандық, қарап өт,
Ей, ауғандық, ала кет!
Шыңғыс Айтматов
– Ия, – деп ойлады Арсен Саманшин, – ол туралы ауылдың
әзіл әнін ғана айтсаңдар жақсы ғой, кейін қайғылы ән шығарып
жүрмесеңдер жарар еді... Құдай басқа салмасын...
Әзірше тыныш, осы тыныштықтың астарында бұл өңірде адам
естіп көрмеген сұрапыл қатер жатқанын қайдан білсін, осындай
жағдайда Елестің осы ауылға «арнайы өзі үшін» (өзі сондай анықтама
берген) келуі, осындайда көп айтылатындай, оған бір көргеннен
ғашық болуы Арсен Саманшинге ұзаққа созылған жалғыздықтан
жапа шегіп, махаббатқа шөліркеген жан дүниесі біржола солып,
қураған қу далаға айналар сәтте тағдырдың арнайы жіберген тартуы
сияқты көрінді – бүгінгі оқиғалардың арасында бұл үшін үміт отын
оятқан осы жәйт еді. Сөйтсе, ауылдастары бұл үшін аса маңызды осы
оқиғаны аңғармаған екен, тіптен бұған мән беріп, елеп-ескерген де
ешкім болмапты. Олар үшін Елес өз жерлестері, осындағы апасына
келген көршілес Төмен ауылдың тұрғыны ғана. (Сібірдегі Тюмень
өлкесінің – белгілі бір аймақтың атауының түп-төркіні осы сөзден
шығады екен-ау деп ойлады ол).
Шетелдіктер келген соң кез келген мәселе бойынша міндетті
түрде аудармашы керек болады, кеңседе өзінің ағайы – сақалды
шеф Бектұрғанмен бірге алдағы аңшылықтың жай-жапсарын
талқылауға қатысып отырған Арсен Саманшин дәл қазір далаға
шығып, әйелдердің арасынан Елесті шақырып алып, екеуі қол
ұстасып, апасының ауласына кіріп кетсе, «Нивасына» мініп қалаға
тайып тұрса, таудан асып, даланы басып өз әлеміне, үйреншікті
өмір салтына қайта оралса, ол жақ қыз үшін де таңсық емес сияқты
ғой деген ойға беріліп кетеді... Біртіндеп Айдана да, оның зымиян
бастығы Құршат та ұмытылып, санасынан өшіп бара жатқандай,
бұған өзі де таңданып қояды… Демек, шын сүйген аңсары да көмескі
тартып, жаулары да ұмытылатын болғаны ғой…
Елес екеуі шынымен сонда, қалаға тартып кетсе, өз қайығына
мініп шалқар мұхитты аралап сапарға шыққандай, әсем әуен мен
жарқыраған шамдардың арасына сіңіп жоғалса, сонда өзін бақытты
сезінер еді! Тоқта! Шетелдік меймандардың бизнес-аңшылығына
Тау құлаған
көмектесемін деп туысқаның Бектұр шефке берген уәдең қайда,
туысқандық парызың емес пе бұл, өзің де мұнда сол үшін келмеп
пе едің? Бүйтерің бар, басынан үміттендірмей, бұл жаққа келмеуің
керек еді. Жоқ, жоқ, болмайды, бір адым аттаушы болма, оның
үстіне, Тастан-Ауған да бар, шетелдік меймандарды кепілдікке алып,
үңгірге апарып тығып қоймақ... Әзірше сырттай құрылған жоспар
ғана, бірақ ертең не боларын кім біледі? Не істеуге болады, қалай
қылған жөн, бұған тағы кімнің қатысы бар?.. Бұл сұрақтың жауабын
ешкім де білмейтін...
***
Дегенмен, бұған тағы біреудің қатысы бар еді, аталастарынан
аласталып, жалғыздық пен әлдебір беймәлім үрейден құты қашып,
жаны қиналған, ыңырси боздаған тағы бір жан иесі бар болатын.
Ол – Үзеңгілес асуының түбіне тылсымның күшімен байланған
Жебе-Барыс. Соңғы күндері жан-жағына дүрбі салып әлденені
аңдыған, әлдебір түтікті аузына тақап, жер-дүниені жаңғырықтыра
айғайлайтын атты кісілер келгіштеп кетті. Бүгін де солардың үшеуі
жүр. Төңіректі дүрбісімен тінткілеп, қорқынышты түтіктерімен таутасты жаңғырта бақырысады... Бұл болса, қанша қорыққанымен,
текті жыртқыш емес пе, тасаға тығылып, жасырыну дегенді
білмейді, қазандай басын оңды-солды бұрғыштап, құйрығын басына
жеткенше қайқайтып тұра береді... Жебе-Барыс әлгі аттылардың өзін
«Ұзынқұйрық Қазанбас» деп атайтынын қайдан білсін. Міне, тағы да
осы маңда тентіреп жүр…
Жебе-Барыс оларға оқты көзін қадап, ыңырана күркіреді: «Не
үшін, неге келдіңдер мұнда? Не керек сендерге? Жайларыңа жүріңдер,
мынадай жаңғырықтан таудың өзі қопарылып түссе қайтпексіңдер,
онда өздерің де оңбайсыңдар ғой…»
***
Арсен Саманшин кешке дейін шыдай алмады, Елеске жолығып,
оңаша сырласпаса болар емес. Шефпен әңгімеден анықталғанындай,
Шыңғыс Айтматов
бүгін кешкісін қолы бос екен, ертең күні бойы жұмыс күтіп
тұр, аудармашы меймандардың қасынан ешқайда кетпеуге тиіс.
Таңертең бәрі бірге Әулиеата әуежайына барып, дайындау тобы мен
кинооператорларды күтіп алады. Оның ертесіне немере ағайынды
Жоғары мәртебелі араб ханзадаларының өздері де келеді. Керек
болады-ау деген мәліметтерді қойын дәптеріне түртіп алып, кеңседен
енді шығып бара жатқан, Тастан-Ауған ентелеп қуып жетті:
– Тыңда, Арсен, кетіп барасың ба, есіңде болсын, ертең саған
атыңды әкеледі, Айымкүлдің ауласына байлап кетеді. Әр кез ерттеулі
тұратын болсын...
– Жарайды, әкеле берсін. Мініп көрдім ғой, жақсы ат екен.
– Қаруыңды қашан алмақсың? Саған бесатар береді, өзің тапанша
сұрағансың, ол да бар, сосын саған автомат дайындап қойдық. Әлгі
дауыс күшейткішті де әкеледі, ол туралы айтып едік қой, репродуктор
ше?
– Бүгін емес, ертең әкелсін. Кешке салым, сағат алтыларда, шеф
екеуміз Әулиеатадан келген кезде. Қаруды тек өзіме ғана бересіңдер.
– Әрине, өзіңе береді. Бек-шефтің өкімі сондай – рұқсат қағазға
қолыңды қойып аласың. Сен қалай ойлап едің? Сосын, Арсен, тағы
бір мәселе бар. Оңашаға шығайықшы.
Екеуі бұрышты айналып кетті, жайымен ерсілі-қарсылы аяңдап
қойып, сөздерін жалғастырды.
– Ең бастысы мынау, – деді Тастан-Ауған, – қазір тарасамыз да,
содан кейін тауда, Молатаста жолығамыз. Сен онда ханзадалармен
бірге барасың, біз аң үркітіп жүреміз. Көрерміз, мүмкін бәрінің реті
келе қоймас, бірде атпен, бірде жаяу жүріп, жартасқа өрмелейтін
сәттер де болуы мүмкін. Басыма әскери фуражкамды кисем болды, айтып едім ғой саған, кеңес әскерінен қалған, күнқағары бар,
қызыл матамен әдіптелген фуражка, мен оны Ауғанстаннан киіп келгем. Осыны ұмытпа. Басымда фуражка болса – менің бұйрығымды
орындайсың. Не бұйырсам да бұлжытпай орындайтын бол. Бұл туралы да айтқанмын.
Арсен Саманшиннің құлағы тұнып қалды, қаны басына шапты:
Тау құлаған
– Тыңда, ойлансаң қайтеді? Не бүлдіргелі жүрсің?! Кешігіп
қалмай тұрғанда райыңнан қайт.
– Саған не көрінді! Әлде сол әлемдік арамтамақтардың 20 миллионын біздің бақташылардан қызғанып тұрсың ба?
– Бөлісті мұндай жолмен жүргізуге болмайды.
– Ия, әрине, төңкеріс жасау, реформа жүргізу арқылы – онда да
кімнің қанша байлықты талап алары белгісіз. Соны күтпекпін бе!
– Бұл істегелі жүргенің – лаңкестік болады! Түсінсеңші!
– Бола берсін! Жаһанданудан біз де өз үлесімізді аламыз.
– Қазір бұл жайында дауласпай-ақ қояйық. Халықаралық жанжал
шығады. Ханзадалар мұнда «Мерген» фирмасымен жасалған келісімшарт бойынша келмек. Мына жоспарың бәріміздің түбімізге жетеді.
Не боларын ойлап көрші? Олардың өз күзетшілері бар, қантөгіссіз
бітпейді бұл.
– Уайымдама, қалай болса да саған тиіспейміз, тек біздің сөзімізді
ағылшынша айтып берсең болды.
– Мен өзімді айтып тұрған жоқпын. Айт не, айтпа не! Тыңда!
Екеуміз жекпе-жек атысқа шыға қоймаспыз.
– Шықсақ – шығамыз! Сен бізді өркениеттен алатын үлесімізден
айырмақсың ғой. Өз үлесіңнен де қағыласың. Оған бола өкінбейтін
шығарсың, өйткені өзің кінәлі болғалы тұрсың.
– Тағы да қайталаймын, дауласпайық, өркениетті қоя тұршы,
өзіңдікін дұрыс деп санасаң да.
– Жарайды, олай болса, өзің біл, Арсен, мен өз ойымнан
қайтпаймын. Әлі де уақыт бар. Тұтас үш күн. Фуражкамды ұмытпа.
Сау бол, кездескенше.
Екеуі қоштаса алмай біраз кідіріп қалды. Содан кейін ойына тағы
бірдеңе түскен Тастан-Ауған бұрылып, желкесін қасып тұрып былай
деп қосты:
– Не сезіп тұрғаныңды білемін, егер қазір екеуміз жұрттың
көзінше бір-бірімізді боқтап-боралап қоштассақ әлдеқайда жеңілірек
болар еді. Мені де ойла, дәл қазір қандай сезімге бой алдырып
тұрғанымды білесің бе? Суға кетіп өлгім келеді, алайда өмір сүру ке-
Шыңғыс Айтматов
рек, жоқшылықта емес, адам сияқты өмір сүрсем деймін, осы да жетер, қашанғы бұл әзәзілдер бізді қолжаулық қыла бермек, балалардың
мектепке киіп баратын аяқ киімі жоқ, жаппай кедейлік жайлап алған,
сендер үйсіз-күйсіз қаңғыбас деп атайтын бейшаралар сияқты
малдың соңынан еріп көшеміз де жүреміз, өздерің газеттерге жазып,
артын жалап жүрген, керемет олигарх деп атайтын байшікештер біліп
қойсын, біз қожайынның тауығы да жемейтін тамақты місе тұтатын
қолбала кедей емеспіз, енді күллі әлемнің алдында кеңірдегінен аламыз оларды!.. Ал сен сырттай бақылап тұра бермексің!
– Бақылауға тұратын нәрселер де бар. Сенің ойыңша, басыңа
фуражкаңды киіп келесің де бәрін ұстап алып, қамай саласың,
сонымен бәрі біте қалмақ па? Жоқ, бұрынғыдан да жаман болады...
Дүниеге басқаша көзқараспен қарау керек.
– Өйткен көзқарасы құрып кетсін! Фуражкамды киетінім анық!
– Кимей тұрып, ойланып ал.
– Мен емес, өзің ойлан. Жарайды, сау бол…
Екеуі осылай қоштасты, екеуінің де көкірегін тырнаған мазасыздық пен түңілісі бұрынғыдан да арта түскен, өзара бір түсіністік
пен келісімге келе алмай қойды, сонымен қатар, араб ханзадаларын
кепілдікке алу мақсатында ойластырылған бұл әрекеттің салдары
үшін екеуінің де жауап беруіне тура келетінін бұлардың қаншалықты
түсінгенін айту қиын еді, Еренқабырға тауының бір жықпылында
болуы ықтимал бұл оқиғаға осы таудың құз-шатқалдары мен жырасайларын мекендейтін қар барыстары да еріксіз қатысуға мәжбүр
болғалы тұр. Үнсіз ышқынып, іштей күрсінді – жазықсыз аңдар
осыны білсе ғой, шіркін! Алдынан не күтіп тұрғанын біле алса!
Егер осы тағы жыртқыштар болмаса, екі күннен кейін жүзеге
асырылғалы отырған аңшылықты, сонымен қатар, әлгі қастандықты
ұйымдастыру кімнің ойына келер еді. Егер бүйтіп ақылға салуға
шамасы жете қалған күнде де қар барыстары осының бәрінен мүлдем
бейхабар болып қала берер еді ғой. Ия, бәрібір әркімге де маңдайына
жазылғаны бұйырмақ…
Дегенмен, сол сәтте Арсен Саманшин мұндайды ойлай қоймап
Тау құлаған
еді. Бір сәттік қиялға ерік беріп, жалғыз қалған сәтте-ақ ол кеудесін
кере терең бір дем алды, құдды тұңғиыққа батып бара жатқан жерінен
су бетіне қайта шығып, өмірдің қайталанбас шынайы дәмін енді
ғана татқандай, тәтті ауаны құшырлана сіміре бергісі келеді, ауаны
әр жұтқан сайын күндізгі алғаш кездескен сәтте-ақ пайда болған
құштарлық сезімі ояна түскендей, қазір онымен қайтадан жолығып,
өмірдің басқа бір кеңістігіне араласып кете берерін алдын ала
сезіп, сол сезімге алдын ала масайып тұр. Бұл неғылған тез оянған
құштарлық? Махаббат деген өстіп күтпеген жерден лап етіп тұтана
ма екен, оның да өзіндік кіріспесі, алғы шарттары болмайтын ба
еді? Әлде бұл лаңкестік әрекетке амалсыздан қатысу қаупі төнгенде
қиналысқа түскен жан дүниесін құтқару үшін тағдырдың өзі жіберген
жедел жәрдем бе? (Енді одан қайтіп құтыларсың? Құрып кетсін!
Бұл жайында ойлағысы да келмейді!) Одан да қызды тезірек тауып
алып, өмірдің басқа бір қатпарына сіңіп кеткен дұрыс. Ол да мұның
қиналысын түсініп, бәрін көріп-біліп отырған сияқты, сөйтіп Елес
оны терезеден өзі шақырып алды:
– Мен мұндамын, Арсен! – екеуінің де күткені осы екен. Бірін-біріемеуірінінен түсініп, былай шешті, қазір қыз осындағы апасының
үйіне барады, Арсен де «Нивасына» мініп сол үйге жақындайды,
сосын екеуі ауылдың сыртына шығып кетеді, әуелі барып жанармай
құйып алады, содан кейін бастары ауған жаққа тартып отырады, тек
екеуі бірге болса жетеді, басқа ештеңенің керегі жоқ. Ең қуаныштысы,
қыздың өзі де осыны қалап тұр еді. Арсен Саманшин уәделі жерге
келгенде Елес дайын тұр екен, арқасында жолсөмкесі, қолында гитара, иығына пүліш жамылғысын іліп алыпты, жымиған күйі ауласынан жүгіріп шықты. Айтатын несі бар, гитараны шерте білген адам
музыка арқылы қандай сезімді де жеткізе алады, жамылғыны астарына төсейді, ғашықтарға төсеніштен артық не керек. Бәрі жақсы басталып келе жатыр!
Екеуі иық түйістіріп отырып, машинамен кете барды, бір-біріне
қарап қояды және қараған сайын өздерін бақытты сезінетін сияқты.
Бақытқа бастар жолмен зымырай жөнелген «Нива» оларды әлдеқайда
Шыңғыс Айтматов
әкетіп бара жатыр, дүние-әлем өзгеріп сала берді – бәрі сол баяғы
табиғи қалпы, алайда нақ осы сәтті әдеттегі сезіммен ұғына алмасың
анық. Екеуі бәріне сүйсініп, әрі таңданып келеді. Осы үйреншікті
де әдеттен тыс әлемде алдарынан жолыққанның бәрі бұларға басқа
қырынан көрінді – шын шебердің қолынан шыққан шынайы суреттің
асты-үстінен бірдей жарық жағып, одан әрі сұлуландыра түскендей.
Мұндай сурет құлпырып сала береді және оны жауһар шығарма деп
атайды. Махаббат деген де жауһар сезім емес пе!
Ия, екеуі өстіп кенеттен тап болған бақытқа мас болып келе жатқан, айнала көргендерінің бәріне жас балаша таңырқайды, қыз жиырма бестен, жігіт отыздан асқан, бұл өмірден жақсыны да, жаманды
да көрді, екеуінің де «өмірбаянында» бәрі бар, үйленіп, жанжалдасып,
ажырасып та үлгерген, енді міне, өткеннің шырмауынан арылып,
өмірдің жаңа кезеңіне өтіп, бойларын билеген ғашық сезімнен
басқа ештеңені білмейтін жастардай-ақ, бұл әлемді жаңа көргендей
сұқтанып, сүйсініп келеді: дүниеде сен екеумізден басқа ешкім де,
ештеңе де жоқ... Дегенмен, бұл не өзі? Жоқ, құр қиял, өзін-өзі алдау
емес. Тағдырдың кейде мәңгілік пен шексіздіктіктің ғарыштық түйіні,
рух пен тәнді жаңғыртар сәулесі тәрізді кенеттен тарту етер сыйы
болады. Сондықтан да екеуі «Нивамен» құйғытып келе жатқанда
төңіректің бәрі – күннің көзі осындай шуақты екенін қазір ғана
білді, әлемдегі ең әсем тау да осы шығар, тасқындап ағып жатқан
өзен суы қандай мөп-мөлдір, үйлердің шатырлары қандай әдемі
соғылған, адамдар, күнде көріп жүрген ауыл адамдары бүгін ерекше
сұлу болып кетіпті, жолдың жиегінде тұрып, көзімен ұзатып салады,
қастарымен өтіп бара жатқан арбаның үстіндегілер көлігін тежеп,
ізет білдіріп жатыр, бір сөзбен айтқанда, сол сәтте бұлардың көзіне
шалынған жанды-жансыз, алыс-жақын заттар мен құбылыстардың
бәрі ғажайып әсем әрі жанға жылы болып көрінді. Осының бәрі
екеуінің басы ауған жаққа безіп бара жатқанына, қасында Елес
отырғанына байланысты болатын, қыз мұны көзімен аймалап келеді,
әр кірпігі еркелете қадалатындай... Осы бір махаббат сапарына беттеп
келе жатып, Арсен Саманшин былай деп ой түйіндеді: егер махаббат
Тау құлаған
екі адамға шынымен ортақ болса, онда тағдырдың өзінің қалтарысбұрылыстарын қалт етпей бақылап отыратын ғұмырдың әділдігі де
осы болуға тиіс. Қасіретпен астасып жатпаған арманшылдық аңғал
болады, сондықтан алдамшы келеді деген пікір бар. Олай емес,
арманшылдық бәрін де өзгеше қабылдайды: көктегі күн де, жеті қабат
болса да, сол көк аспанның өзі де, қанаттарын қуана қағып, айнала
ұшып-қонған көбелектер де оған мүлдем өзгеше көрінеді. Соның бәрі
ғашықтық пен дүние-әлемді алғаусыз тазалықпен қабылдай білуден
туындайды. Жігітіміз дереу өзін-өзі тоқтатып, тежеу салмақ болды:
«Не деген әулекімін өзім, бүйтуге бола ма екен, қайдағы жоқты
қайдан ойлай беремін осы, шынымен ақылымнан адасқаннан саумын
ба? Мейлі, солай-ақ болсын. Есесіне сәл де болса өзімді бақытты
сезінетін боламын. Әлде шын махаббат осы ма екен? Шіркін-ай,
солай болар ма еді! Бір кемеңгердің айтуынша, махаббат деген –
жанның нұрлануы екен. Олай болса, жанымыз нұрлана берсін, руль
де жеңілдеп кеткен сияқты, жолдың өзі де ғашықтар келе жатқанын
білгендей, құшағын айқара ашады!»
Жігіттің жан дүниесі осылай әндетіп келе жатты, Елес те еш
қысылып-қымтырылмастан тура осыны айтқан кезде әлгі пікірі
бұрынғыдан да беки түсті:
– Қарашы, Арсен, мына таулар баяғыдан бері махаббатымды осы
жерден жолықтыратынымды күткен екен, мұнда жиі келетінім де
осыдан шығар. Күтетінмін, бірақ соның шынымен болатынына сене
алмаушы едім... Біздің ауылда осы тауды Мәңгілік қалыңдық кезіп
жүреді деген аңыз бар.
– Ой, айтпашы, Елес! Әйтпесе, жылап жіберермін!
– Ха-ха-ха! Ол үшін менің де жаным ауырады… Ой, рульді
мықтап ұста! Жол да бүгін тап-таза сияқты!
Осындай сәттерде ол мынадай тұжырымға келетін, егер қос
ғашықтың екеуі бірдей бақытты болса, онда бұған дейін олардың
әрқайсысының жеке басында не болғаны, қандай қиындықты бастан
кешіргені түкке де тұрмайды. Ондайды еске алудың қажеті жоқ,
оның бәрі өткеннің үлесінде қалған жәйттер ретінде ұмытылуға
Шыңғыс Айтматов
тиіс, өйткені мұндай сәттерде өмір жаңадан басталады және оны
осы сәттен бастап есептеу керек. Тек тіл-көзден аулақ... Қазір бұлар
сондай сәтті бастан кешіп келеді.
Алайда осындай өзімшіл идеализміне (бұл терминді жолшыбай
өзі ойлап тапты) әрі қиналып, әрі сүйсініп келе жатып, бақыт деген
әрқашан қайғы-қасіреттің қарауылына ілініп тұрады деген мазасыз
ой ара-тұра санасында жарқ ете түсетінін байқап келеді. Демек,
шексіз бақыт болмайды екен. Бұл жолы да әлсін-әлсін көкірегі
шым ете қалады: «Аңшылық құруға келген араб ханзадаларының
жағдайы не болмақ? Шынымен Тастан-Ауған оларды аманатқа алар
ма екен? Оны әлі де райынан қайтаруға тырысармын-ау, көнбесе
ше, онда не істеймін? Меймандарды қорғау үшін бәрін автоматпен
(Бектұр шеф бұған да автомат беруге уәде еткен) қырып салып, өзім
де өлейін бе? Көп кедей ат төбеліндей байларды сонау есте жоқ
ерте замандардан бері жек көреді, ертең мұны – міне, арабтардың
миллиардтаған ақшасын қорғау үшін мерт болған бейшара деп
жүрмей ме! Бұл кімге керек? Кереғарлық деген осы – жұрттың
бәрі миллиардер болғысы келеді, өздері бола алмағасын, оларды
жек көреді. Мәселе онда емес. Әркімнің өз ойы бар. Сонымен, не
істейміз, қалай қыламыз? Бәріміз бір арқанмен маталғанбыз. Біздің
адамдар қарақшылық жасауға бел буыпты. Олардың жоғалтатын
ештеңесі жоқ. Олжаға кенелу үшін ештеңеден тайынар емес...
Айуан болып кеткен бе, шіркіндер… Айуанның олжасын
табиғаттың өзі дайындап қойған. Адамдардың олжасы – қылмыс
арқылы табылмақ. Тастан-Ауған айтқандай, жаһандануды ерттеп
мініп, өз үлесіңді алып қалуың керек, шамаң жеткенінше молырақ
қамты. Кешігіп қалмай тұрғанда шеңгеліңді сала түс! Эх, құрып
кеткір бұрынғы мектептес досым-ай, Ауғанға барып қаның қарайып
қайтыпты, енді жаһанданудың өзін ат бауырына алып сабағалы
жүр. Не істеуге болады? Қайтсек екен? Түу, сен де! Ұмыт бәрін,
түкіргенің бар ма!.. Енді не істейміз? Ештеңе!»
Бұл ойының тұйыққа тірелгенін сезіп, назарын басқа жаққа
аудармақ болды, бүгінгі кенеттен тап болған жаңа болмыстан бір
Тау құлаған
сәтке де ауытқып, алаңдамау керек. Ия, шынымен солай болатын
– жаңа өмір басталған сияқты. Бұлар әуелі Елестің апайы тұратын
осы ауылдың қасында орналасқан, бұл өңірдегі бірден-бір жанармай
құю бекетіне бұрылды, қыз мұнда өзінің сауда-саттық шаруасына
байланысты жиі келіп тұрады екен, «Ниваға» бензин құйып алды
да әрі қарай тартты. Жолға шыққан соң Арсен Саманшин кенет
машинасын қалаға баратын жолға қарай бұрды, бұл үшін таудың
арасымен жүру керек. Машинаны бұрған соң Арсен Саманшин сәл
тоқтап, бір минут жол жиегіне аялдады. Үн-түнсіз ойланып отыр.
– Не болды, Арсен? – деп сұрады Елес. – Ана жаққа бармаймыз
ба?
Жігіт үндеген жоқ, содан кейін күлімсіреп, басын шайқады да,
қыздың жүзіне тура қарап тұрып, әзіл-шыны аралас былай деді:
– Қарсы болмайсың ба, Елес, мен сені қалаға әкетпекпін!
– Солай ма!
– Ия, баяғы замандағыдай, сені алып қашпақпын. Бұған не
айтасың?
– Ой, Арсен, не үшін?
– Әзілдеп тұрған жоқпын, екеуміз қосыламыз, ерлі-зайыпты күн
кешеміз.
– Қыз алып қашқан журналист! Сонда мені гитараммен қосып
алып қашпақсың ғой! Қызық екен! – деп қуана күліп жіберді Елес. –
Жақсы ғой бұл! Мұндайды тек армандауға ғана болады! Ерлі-зайыпты
болғанды мен де қалаймын. Айда көлігіңді! Әйтпесе, машинамыз
қалай қарай, қай бағытқа жүрерін білмей тұр!
– О, кей! Демек, келістік қой. Әзірше, өзіміз ойлағандай, тауға
барайық, содан кейін көре жатармыз, – деп Арсен Саманшин
«Ниваны» өздері алғаш таңдаған жаққа – таудың бергі бетіндегі
шатқалды жарып аққан өзеннің жағасында өскен шоқ тоғайға қарай
бұрды.
Ендігі оқиға клип-фильмдегідей өрбіді. Діттеген жерлеріне тезақ жетті. Дереу жайғасып, машинадан гитараны алып шықты. Күн
еңкейіп қалған, біртіндеп күлгін түске бояла бастаған тау жақтан
Шыңғыс Айтматов
кешкі самал есіп тұр. Жаздың нағыз қызған шағы. Тау өзені ғасырлар
бойы су шайып, кедір-бұдырын тегістеп, жұмырлап тастаған
тастарды еркелете сипалап, сылқ-сылқ күліп, сылдырап ағып жатыр.
Екеуі құрғақ бұталарды сындырып әкеліп, шағын алау жақты.
Елестің қолы-қолына жұқпайды. Нені қолға алса да тез тындыратыны
көрініп тұр. Өзеннің жағасындағы көк шалғынға үйден ала шыққан
жамылғыны төсеп жіберіп, дереу екеуі де тыр-жалаңаш шешінді
де, тұңғиық сезімге жұтылып кете барды, аймаласып, айқасқан қос
ғашық көк аспанның куәлік етуімен махаббат айдынында ес-түссіз
қалқып барады… Ғашықтардың лапылдаған сезіміне сүйсінген аспан
әлемі де тас төбеден төңкеріліп, үңіле қалған. Бұл екеуі өздерінің кім
екенін ұмытқандай, бірде бас айналардай шырқау биік те түпсіз терең
ғарыш әлеміне самғай көтеріліп, енді бірде қайтадан жерге түседі.
Айнала табиғат та бұлармен бірге қимылдап, бірге тыныстайтындай,
көгорай шөптің әр талы, ағаштардың әр жапырағы екеуінің демімен
бірге сыбдырласып, ағаш бұтақтары бір жоғары, бір төмен майыса
қозғалып, әредік шоқтала өскен гүлдер де әсем үйлесіммен ырғала
билеп кетті... Бұлардың махаббатына табиғат түгел қошемет көрсетіп
тұрғандай. Әсіресе жылтыр тастарды аялай аққан тау өзені ерекше
қуанышқа бөленіп – сықылықтай күліп, буырқанып, рахаттана
ыңыранып, бір сәт тоқтай қалып, қайтадан құшағын жайып, жағалауды
құшырлана аймалайды. Тау шыңдарының арасынан әлсін-әлсін жарқ
етіп көрінген күн де шаттана көзін қысып қояды, ұшқан құстар осы
ләззатты көрініске сүйсініп әуеде ілініп тұрып қалыпты, жүгірген
аң, жорғалаған саршұнақ тышқанға дейін қалт тұра қалып, бастарын
жан-жағына бұрғыштап, құлақтарын қайшылап, жарқыраған
көздерімен осы махаббат мерекесіне құтты болсын айтып тұр... Екі
ғашық жұмақтың төрінде жүргендей рахатқа бөленіп, құшақтары
айқасып, қайтадан жазылып, буырқанған өзенге қойып кетіп, бірбіріне су шашысып, мәз-мейрам болады, мүсіндері қандай сұлу,
жүздері бал-бұл жанады, қайтадан құшақтасып, махаббат сусынынан
тағы да сіміре түседі, ризашылыққа бөленіп, мейірі қанған күн көзі
таудан асып, төсегіне құлап барады...
Тау шатқалындағы өзеннің жағасында осылай болды. Соның
Тау құлаған
бәрін жүрегімен сезген Мәңгілік қалыңдық таудан тауға секіріп, екі
ғашықты көруге асығып, дедең қағып жүгіріп келеді. Кенет гитарасын
сыңғырлатып, шырқап қоя берген Елестің даусын естіп, қалт тоқтай
қалды, ғашық әнін беріле тыңдап, көзінен жасы сорғалап, сыбырлап
тұр: «Мен де осыны армандап едім... Қайдасың сен, мергенім, қайда
жүрсің? Қашан жолығар екенбіз?»
Осының бәрі тау шатқалындағы өзеннің жағасында болған. Талай
жәйттер айтылды, талай сырлар шертілді. Екеуі де бір-бірінің өткен
өмірі, жеке басының тірлігі туралы бір ауыз сөз қозғаған жоқ, бұлар
үшін уақыт осы күннен, осы сәттен басталғандай. Рас, екеуінің
әңгімесі әзілден өрбіді, жалпы, әзіл дегеннің ғұмыры қысқа болады,
бақытымызға орай, әзіл-қалжың ешқашан таусылмақ емес. Арсен
Саманшин кенеттен былай деп мәлімдеді:
– Білесің бе, бұл жер енді Елес шатқалы деп аталатын болады! Әдемі емес пе? Бұған қалай қарайсың? Географиялық басқару
орындарына осындай ұсыныс жасамақпын.
– Қалай болып шығарын байқап көрейік, Арсен, өйткені, мен
мұны Арсен шатқалы деп атауды ұсынбақпын! Екеуміз де бүгін жас
бала сияқтымыз, ия? Әуелі өз есімімізден бастайықшы, мен сені
бұдан былай Арсенбек деп атаймын, ал сен мені Елесгүл де, бала
кезімде жұрттың бәрі солай атаушы еді.
Содан кейін екеуі алуан тақырыпта сөз қозғады, саясат туралы да
айтылды, саясаттың жүрмейтін жері бар ма, қос ғашықтың осындай
оңаша шағына да араласып кетті, саясат туралы әңгіме басталса бітті,
оған қатысты басқа да толып жатқан жәйттер өз-өзінен ағытылып
кетеді. Халықтың жағдайы қалай болады, енді не істеу керек? Арсен
Саманшиннің бұл жөніндегі пікірін Елес түсіністікпен қабылдады.
Өзін толғантып жүрген ойларын айтты. Мысалы, ауылдық жерлерде
егін және мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға сұраныс
жоқ. Кедейлік пен жұмыссыздық содан туындайды, жұмыссыздық
жүрген жерде ұрлық пен маскүнемдік сияқты азғындаудың қоса
жүретіні белгілі, талай адам есірткіге салынып кетті. Айнала түгел
тығырыққа тіреліп тұрған осындай кезде «Мерген» аңшылық
Шыңғыс Айтматов
фирмасының атағы дүрілдеп шыға келгені түсінікті – мұнда жұмыс та
бар, жалақы да төленеді. Біраз адамның өз қолы өз аузына жетіп, бір
жырғап қалды. Шетелдің байлары аңшылық құруға осында келетін
болды деп ауыл түгел қуанып жүр. Олардың көңілін қалдырғым
келмейді, өзі сауда жасағанда майдай жағады, шекесі шылқып жүр,
біздің бірер доллар тапқанымызды көре алмағаны ма деп сөз қылуы
кәдік. Сенің ағайың іскер адам, талайларға жақсылық жасап жүр. Тек
ертеңгі күніміз не боларын білмеймін.
– Шақыра салысымен жетіп келгеніме қарамастан, осыны
айтпауыма болмай тұр, Арсен. Мә, гитараны ұстай тұршы, өмір бойы
сенің алдыңда ән салып өтуге бармын, қазір мынаны ойлап тұрмын, –
деді ол екеуі Тұйықжарға қайтуға жиналып жатқан кезде. – Экология
туралы қақсағанда жағымыз сембейді.
– Ия, дұрыс айтасың, Елес, мен сені түсініп тұрмын, біраз
қиналуға тура келеді, – деп келісті қыздың не айтқалы тұрғанын
емеуірінен ұққан жігітіміз. – Бұл жайында қанша рет айтылды,
экология туралы эпос жазып жатқандар да бар, ақша көрсе болды,
көздері қызарып шыға келеді, экологияң жайына қалады… Сен
өзің туралы айтып тұрсың, әрине, бұған тікелей қатысың жоқ,
аңшылыққа араласпайсың, гитараңды шертіп, ойын-сауыққа ғана
үлес қосасың. Ал мен осы аңшылықтың басы-қасында жүруге
тиіспін, Бектұр-шефке уәде бергем, туысқанымның сөзін жерге
тастай алмаймын – сөйтіп маған шегінер жер қалған жоқ. Қолаяғым матаулы... Білгенімде ғой…
– Ой, түсінемін, Арсен, ой, құшақташы мені, қандай рахат! – екеуі
тағы да құшақтары айқасып, естері кете сүйісе бастады. Аздан соң
Елес демін басып, сөзін жалғастырды. – Бұл ұсыныстан бас тартып,
осында келмеген күннің өзінде де… Бизнес қазаны бәрібір сақырлап
қайнай берер еді.
– Тоқта! Тоқта! «Мерген» фирмасының бизнесі жәй себеп қана
болған, шамасы, мен мұнда сенімен жолығатынымды сезіп, сен үшін
келген шығармын, Елес. Екеуміз кездесуге тиіс болған шығармыз.
Міне, сол үшін келгенмін мұнда…
Тау құлаған
– Дұрыс айтасың! Өзім де осыны айтуыңды күтіп едім. Мен де

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Тау Құлаған - 14
- Parts
- Тау Құлаған - 01
- Тау Құлаған - 02
- Тау Құлаған - 03
- Тау Құлаған - 04
- Тау Құлаған - 05
- Тау Құлаған - 06
- Тау Құлаған - 07
- Тау Құлаған - 08
- Тау Құлаған - 09
- Тау Құлаған - 10
- Тау Құлаған - 11
- Тау Құлаған - 12
- Тау Құлаған - 13
- Тау Құлаған - 14
- Тау Құлаған - 15
- Тау Құлаған - 16
- Тау Құлаған - 17
- Тау Құлаған - 18
- Тау Құлаған - 19
- Тау Құлаған - 20