🕥 30-minute read
Тау Құлаған - 10
Total number of words is 3897
Total number of unique words is 2052
35.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
– Ау, әңгімеңді айтсаңшы енді. Бұл сөзіңнен түк түсінбедім ғой?
– деп аңтарылды Арсен Саманшин. – Ұғындыршы өзің.
Тас-Ауған сәл үнсіз қалды да былай, деп жауап қайтарды:
– Былай ғой, біздің Сақсан-Жалбыршаш екі жылдан астам ел
кезіп сауда жасағанда, өзінің айтуынша, біраз жерді шарлаған екен.
Аштан өлмеудің қамы ғой, қапшық арқалаған саудагерді сұм тағдыр
қайда ғана айдап апармайды, бұл жағын өзің де білесің, шамасы,
сол кезде біреулерден естіген болуы керек, енді соны бізге былайша жеткізіп жүр. Сондықтан ба, әйтеуір араб елдерін, әсіресе мұнай
өндіретін әлгі Әмірліктер мен Саудияда және басқа елдерде жұмақта
жүргендей тайраңдаған байшікештерді иттің етінен жек көреді, оны
да түсінуге болады. Сақсанның айтуынша, сол елдер мұнайдың
арқасында басқалардың мойнына мінген масыл болып отыр және
қазіргі мұнай бағасының шырқап кетуі есебінен байлыққа бөгіп,
соны көтере алмай ақылынан адасқанға ұқсайды. Оның айтуынша,
Тау құлаған
олар жердің қанын сорып отыр және тегін байлықтан есі ауып қалған.
– Бұл күллі әлемге, бүкіл дүниежүзіне белгілі жәйт емес пе,
– деп ескертті Арсен Саманшин. – Мұнайдан түскен долларларға
сан жетпейді, бұл бизнес қазір ғарышқа шырқап кетті. Бұл тек
азшылықтың ғана игілігі болып отыр. Оны жұрттың бәрі біледі.
– Бұған дау жоқ қой. Араб байшікештерінің нені ермек ететінін
естіген кезде мына біз сияқтылар есімізден танып қала жаздадық.
Ондайды кім көрген, ең қымбат джиптерге мініп алып, жарыс
ұйымдастырады екен. Қайда екенін білесің бе? Сахара шөлінің
құмында!
– Сахараның құмында! – Бұл жолы Арсен Саманшин шынымен
таңғалды. – Ия, ондайды естімеппін! Ә-ә, түсінікті, кейбіреулер таулы-тасты жерлерде қатерге толы жарыстар өткізеді, шамасы, құмдағы
жарыс одан да қызықты болар.
– Солай болса бір жөн ғой! Ойлап қарашы, Арсен, бізге оны
Сақсағай айтып берді, осы жарысты көзімен көрген адамдардан
естіпті, енді біреулер теледидардан көрдік деп қостағанға ұқсайды,
аузымызды ашып қалдық! Таңданғаннан көзіміз бақырайып кеткен
шығар. Әлгі джип мінген шабандоздар, және қандай джип! – біздің
жақта ондай машинаның қарасы да жоқ, тіптен шефтің өзі де көрмеген
болар, оның джипін де сол жақтан, Әмірліктерден бе, Кувейттен бе
әкелген дейді ғой... Сонымен, әлгі шабандоздар тек жарысып қана
қоймайды екен. Өңкей суырылып тұрған супер-джип мінген сабаздар
атасының асына асыққандай-ақ құтырына жарысқа шығады дейді,
бірін-бірі басып озуға тырысып, құм төбелердің бірінің шаңын
екіншісіне қосып, өздері оны тура біздегідей, шоқы деп атайды екен,
құйындата зымырағанда құдды мұхиттағы толқындардың төбесінен
құлдилайтын су шаңғысын ерттеп мінген еріккендерге ұқсайтын
болса керек. Шаңғы тәрізді сол тақтайды қалай атаушы еді өзі?
– Есіме түспей тұр, тоқта, серфинг деп атайды ғой деймін,
ағылшын сөзі, онда тұрған ештеңе жоқ. Соны көргенде өз көзіме өзім
сенбейтін кездерім болады. Ия, содан?
– Содан әлгі су шаңғысы тәрізді жарыс та аяқталады, біреулер
Шыңғыс Айтматов
озып келеді, енді бірі қалып қояды, оның да өз мәресі бар. Мәреге
құмды кешіп ең соңынан келген машина жарыста жолы болмаған
сормаңдай джип деп танылады екен, ондайдың көзін құрту керек,
соны дереу іске асырады дейді. Ойлап қарашы, әлгі шабандоздар
бәрі бір жерге жиналып, адам айтса сенгісіз, тура сол жерде ермек
үшін ең соңынан келген машинаны өртеп жібереді, бензин шашып,
сол жерде от қояды, өздері шампан ішіп, би билеп, отқа оранған
машинаны айнала жүгіріп мәз-мейрам болады екен, арасында сол
джиптің иесі де бар, бұл нағыз жексұрындық, айуандық болатынын
қаперіне де алмайды. Оларға не тұрыпты, ертесіне түк көрмегендей,
тағы бір жап-жаңа джип сатып алып жүре береді, түкіргені бар
ма, есесіне көңіл көтеріп, сайрандап қалды. Сөйтіп өздерінің бір
кездері астындағы түйесі сүрініп кетпеуін, сөйтіп құм арасында
көмусіз қалмауын өтініп, Жаратқанға жалбарынған бәдәуилерден
әлдеқайда бөлек, өзге адам екендігін дәлелдедік деп ойлайтын болса керек.
Арсен Саманшин бұл әңгімеден есеңгіреп қалғандай, маңдайының
терін сүртті:
– Шынымен сөйте ме екен!? – деп күбірледі ол. – Егер рас болса, онда бұл адам төзгісіз ысырапшылдық қой! Бір кездері ғасырлар
бойы күнкөрістің қамымен құм кешіп, ғұмырын өткізген адамдар
қазір осындай ақтауға болмайтын шашпалыққа ұрынады.
– Соның бәрі, Арсен, мұнай ұңғыларынан аспанға атқылаған
миллиондар мен миллиардтардың есепсіз молдығынан. Жер бетінде
осындай әділетсіздік орнағаны үшін кім кінәлі? Осы сұраққа жауап
беретін кім бар – біреулер ермек үшін джипті өртейді, басқалар,
нақты айтсақ, мына біз – баламызды мектепке жіберу үшін аяқ киім
сатып әпере алмаймыз.
– Түсінемін, – деп күбірледі сенімсіз үнмен Арсен Саманшин.
Досының осы сөзі – ермек үшін джипті өртеу мен баласын мектепке
жіберу үшін кәдімгі аяқ киім сатып әпере алмау – жанына қатты батты, жадына шеге етіп қаққандай, еріксіз есінде қалды. Жан дүниесі
төңкеріліп түскендей бір жайсыздықты сезінді. Мұндай әңгімені
Тау құлаған
күтпеп еді. Әшейін ауылдағы өткен-кеткенді айтатын шығармыз деп
ойлаған, әңгіме ауаны басқаша өрбіді. Қызуланып алған Тас-Ауғанға
басалқы айту үшін былай деп күмілжіді:
– Қой енді, сабаңа түс, достым, қызбаланба. Түсініп тұрмын,
қайтеміз енді… Күндердің күнінде сазайын тартады олар, өмірдің
өзі-ақ орнына келтіреді бәрін.
– Мені қойшы! Оған бола күйіп-піспеспін-ау. Әшейін әңгіме-дағы.
Осы туралы Сақсағайдың айтқанын естісең ғой, күйінгеннен көк
аспанды тілгілеуге бар. Әлемдегі әділетсіздік атаулының арасынан
ең жанына батқаны осы сияқты. Жабылып жүріп әрең қойдырамыз,
жасыратын несі бар, жүз грамм ішкесін ғана басылады. Тығырыққа
тірелдік әбден.
– Ия, әрине. Қой, ұмытайық мұны, – деп Арсен досының иығынан
қағып қойды. – Ол елдердің халқы негізінен дұрыс адамдар болар,
бәрі бірдей бай болып кетті деймісің, әлгі есерсоқ өртегіштер иен
байлыққа кездейсоқ ие бола кеткендер ғой, шамасы. Құдайдан тапсын. Оларды қайтеміз, өзімізді ойлайық, біздің де алақанымызға
қарға саңғитын күн туған сияқты ғой, барыс аулау басталса, бір
кенеліп қалатын шығармыз деп ойлаймын.
– Оған сөз бар ма, біздің шеф мықты ғой, өте іскер адам. Бәрімізге
бизнес-артель ашып бергенінің өзі неге тұрады. Көрерміз. Аңшының
жолы оңғарылуы да, сәтсіздікке тап болуы да аяқ астынан.
Досының көңілін серпілту үшін Арсен Саманшин әзіл айтпақ
болды:
– Бәрінен бұрін қар барыстарына рахмет, соларға алғыс айтуымыз
керек. Біздің тауда сол тағылар болмаса осы аңшылықтың өзі де
болмас еді ғой. Солай емес пе? Онда Бектұр аға кіммен келісімшартқа отырар еді!
– Мұның рас, – деп шынымен жауап қатты Тас-Ауған. – Барыс
сатып күн көруіміз қалып еді енді. Амал кәне? Тау тағысымен шартқа
отыра алмайсың.
– Сен де айтады екенсің! – деп күліп жіберді Арсен Саманшин. –
Мұндайды естіп көрмеппін – қар барыстарымен шартқа отыру дейсің
Шыңғыс Айтматов
бе. Қатырдың! Рахмет саған. Енді демалайық. О, кей?
– О, кей! Сенің уақытыңды алдым-ау. Күн де кешкіріп қалыпты.
Демала бер, тек ертең жолығатынымызды ұмытпа, өтінемін. Міндетті
түрде. Біз сенің атыңды көрсетеміз.
– Жақсы, Тас-Ауған. Қаладағылар мұндайда: «Біз саған атыңның
тұсаукесерін ұйымдастырамыз», – дейді.
– Ия, ия, тура солай болады... Тұсаукесер… Шефке де солай
дейміз, тұсаукесер өткіземіз.
Қоштасарда тағы бұрылды:
– Атқа мінгенде киетін етігің бар ма еді? Жоқ болса, оны да
табамыз.
– Алаңдама. Ала келгенмін, баяғы етігім ғой. Талай жылдан бері
киілместен жатыр еді.
***
Түнге қарай, күні бойғы жүрістен шаршаған ол бөлменің бір
бұрышындағы апасы салып берген төсекке енді қисайғалы тұрған,
қалта телефонына шефтің өзі (оны осылай атауға үйреніп те кетіпті)
– Бектұр аға хабарласты. Ол өзінің тау жақтағы Дастарқан сайында
жүргенін айтты, араб ханзадалары келген соң алғаш рет осы жерде
түнейтін болады, дала қосын тігу оңай ма, оның үстіне, бұлар жәй
ғана қонақтар емес, патша әулетінен, сондықтан жоғары мәртебелі
немере ағайынды екі жігітті лайықты қарсы алған жөн. Шефтің
айтуы бойынша, ертең түстен кейін Арсен екеуі алдағы жұмыс
барысын ақылдасу үшін осында кездесетін болып келісті. Үш күннен
кейін қонақ аңшылар Әулиеата әуежайына келіп түседі, оларды күтіп
алу керек, сол сәттен бастап Арсен араб ханзадаларының қасында
күні-түні бірге болуға тиіс. Бұл да оңай міндет емес. Аңшылықтың
жөні бір бөлек, дегенмен олардың қандай адам екенін, мінез-құлқы,
пиғыл-ниеті қандай екенін кім біліпті.
Негізі, Арсен Саманшин өз міндетін шын көңілімен, барша
жауапкершілікті сезіне отырып атқармақ болған, ағайымен телефон
арқылы сөйлескеннен кейін осы ойына бекіне түскен ол ұйықтап ба-
Тау құлаған
ра жатып, әлгінде Тас-Ауғанмен болған әңгімені есіне алды. Геосаяси
тұрғыдан алғанда әжептәуір маңызды жәйттерді қозғады-ау өзі…
Мұнысы несі екен?.. Қызық…
Жаздың осы бір сәтінде, биік таудағы қарлы шыңдар мен
қатпарлана тіркескен жоталардың арасындағы шатқалдарда қараңғы
түн күшіне мінген болатын, лезде айнала-төңірек қыстың күніндей
суытып сала берді. Осы маңды мекендейтін аң-құс біткен таңға дейін
тыныштала қалған. Әйтпесе бола ма. Табиғаттың өзі де тыныштыққа
шақырып тұрғандай – аспан жүзіндегі баданадай-баданадай ірі болып
көрінетін жұлдыздар тау үстінен төніп тұрған сияқты, суық қана
жымыңдап қояды, бұлттар да түйдектеле шудалануды қойып, тау
жоталарын қуалай жайылып кеткен, жаңбыр жаумайтынға ұқсайды,
әншейінде күркіреп жататын өзендердің шуылы да бәсеңдеп қалған.
Тек Үзеңгілес асуының түбінде ғана жер бауырлай суылдаған тау
желі басыла қоймапты, үйірінен аласталған Жебе-Барыс сол күйі әлі
осында, жоғарыдан құлап, әр жерде үйіліп қалған тастарды аралап,
іші-бауырын жалап бара жатқан күйікті баспақ болады, тағы да
осында түнемек, соған ыңғайлы қуыс іздеп жүр. Бұл бейбақ сөйтіп
ақыры асудан аса алмай қойды, жаз болса өтіп барады, бұл әлі осы
маңнан айналсоқтап шыға алар емес, бірде жоғалып кетіп, енді бірде
қайта оралады. Бүгін осында түнейтін болды. Бұталардың басына
қонақтаған торғайлардың шырылы неге басылмайтынын түсіне
алмай дал, өзара әңгіме айтып отырғандай шықылықтай береді, түнгі
жапалақ – түн көкегі оларға анда-санда бір күрк етіп сес көрсетіп
қояды, оны да тыңдар емес... Тау тағысының мазасын алған тағы бір
жәйт алыстан талып естілген адам даусы болатын. Олар қайдан жүр?
Бұл дауыстың тауды шарлап ғашығын іздеген Мәңгілік қалыңдықтың
зарлы үні екенін Жебе-Барыс қайдан білсін. Міне, сол дауыс тағы
да естілді, «Қайдасың сен? Қайда жүрсің? Жауап берші! Мен ғой
бұл – сол баяғы Мәңгілік қалыңдықпын, өзіңді іздеп, тау-тасты
шарлап жүрмін, сені іздеп табанымнан таусылдым, қайдасың, қайда
жүрсің?»... Бұл жолы Мәңгілік қалыңдықтың даусы бұрынғыдан
да мұңлы, тебіреніске толы тәрізді: «Ой, ой, енді не болады? Енді
Шыңғыс Айтматов
қайттім? Не істесем екен? Ой, ой, не болады енді? Не болады?»...
Соншама неден қауіптенді ол? Әлде бір сұмдықты сезіп тұр ма?
Мәңгілік қалыңдықтың сұңқылы мен дауысының әлденеден
сезіктенгендей үрейлі шыққанына шыдай алмаған Жебе-Барыс
атып тұрып, тар соқпақты бойлап басқа жаққа бет алып сүмеңдей
жөнелді… Соншама неден шошынды екен? Бұл жағын бір Құдайдан
басқа ешкім білмейтін еді...
VІІ
Соның не екенін Құдайдан басқа да білетіндер бар болып шықты,
дегенмен, олар да анық білмеген, тек шамалап қана болжаған екен.
Басқа құрлықтың бір түкпірінде жүрген біреулер Мәңгілік қалыңдық
мекен еткен жерде, дәлірек айтсақ, Тұйықжар тауында қар барысын
ауламақ болып жоспар құрыпты.
Бұл күні Арсен Саманшин ерте тұрды, ес білгелі осы жерде ілулі
тұратын, тиіп кетсең салдырлап қоя беретін ауладағы қолжуғыштың
астында ұзақ жуынды, беті-қолын, мойнын жуып, қырынып алды,
апасы мұның таза сүлгімен ғана сүртінетінін жақсы біледі, бәрін
дайындап қойыпты. Күн қызған соң аулада отырып, біраз күнге
күйдірінсем бе деп те ойлады, ауа райы жақсы екен, оянған кезде
терезеден далаға көз жіберген, көңілі жадырап сала берді – тау
жоталарының көрінісі тура суретшінің қылқаламынан шыққандай
әсем де ап-анық көрініп тұр. Сол жақта мұны қар барыстары күтіп
жүрген болар, осы кезде қалта телефоны шылдырлады. Кешегі
әңгімені тағы бір пысықтау үшін хабарласып жатқан Бектұр шеф
шығар деп ойлаған, күтпеген жерден телефон тап-таза ағылшын
тілінде сөйлеп қоя берді. Қияндағы таудың арасында жүріп біреудің
ағылшынша сөйлегені ерсілеу естіледі екен.
Телефондағы дауыс сергек те жағымды болып шықты, әңгімеге
тартып тұрғандай:
– Қайырлы таң! Сіздерде қазір таңғы уақыт шығар деп ойлаймын.
Кешіріңіз, сіз мистер Арсен Саманшин боларсыз?
Тау құлаған
– Ия, ия, дәл соның өзі! Сіз кім боласыз, кешіріңіз, қайдан
хабарласып тұрсыз?
– Мен, бір жағынан, сіздің әріптесіңіз болармын деп ойлаймын,
ханзада Хасанның сыртқы қызмет жөніндегі баспасөз хатшысымын,
атым Роберт, қысқартып айтқанда Боб Лукас боламын, канадалықпын.
Танысып қояйық. Сезіп тұрмын, ағылшынша тым тәуір біледі
екенсіз, сондықтан жергілікті тұрғындармен тілдесу үшін тікелей
тілмаштық еткеніңіз оң болар еді, сіздің жаққа аңшылық сапармен
барып қайтпақпыз. Естіп тұрсыз ба?
– Өте жақсы естіліп тұр. Ия, әрине, сіздерге тілмаш болуға
тырысып бағармын. Қазір қай жерден хабарласып тұрсыз, құрметті
Боб?
– Қайдан дегеніңіз қалай, қымбатты Арсен! Осы жақтан,
Әмірліктерден. Өзіңіз де білетін шығарсыз, бізбен бірге ханзадалардың көмекшілері, арасында дәрігерлер мен аспаздар да бар, бірсыпыра
адам еріп барады. Сондықтан, дайындалып жатырмыз.
– Бұл жақсы екен. Біз де дайындалудамыз. Бір түсінбей тұрғаным,
біздің жақ – таулы өлке, сіз маған қалай телефон соғып тұрсыз, сосын
осы жаққа келген соң бұл жерден басқа жаққа да хабарласа аласыз
ба? Кешіріңіз, мұны қалай істедіңіз, Боб?
– Түк қиындығы жоқ, құрметті Арсен! Спутник байланысы
арқылы. Біз әлемнің кезкелген түкпіріне, тіптен ғарышқа да
хабарласа аламыз, сондай-ақ қай жерде жүрсек те байланысқа
еркін шыға береміз. Біздің жоғары мәртебелі ханзадалардың ғарыш
орбитасында жекеменшік байланыс спутнигі бар. Қалаған уақытта
кезкелген нүктемен хабарласуға болады. Міне, қазір алыс Азия
тауларында жүрген сізбен сөйлесіп тұрмын, тау арасында жортқан
қар барыстары спутник байланысы арқылы өздеріне, тағы аңдарға
қызмет көрсетіліп жатқанынан мүлдем бейхабар, аңшылық кезінде
олармен де жолығуымыз керек емес пе. Жәй айтқаным ғой. Айып
етпеңіз, бұл сөзімді әзіл деп қабылдарсыз.
– Оқасы жоқ, құрметті Боб, әзіл-күлкінің артығы болмайды.
Барыстармен байланысқа шығу әрдайым көңілді бола бермеуі мүмкін.
Шыңғыс Айтматов
– Ха-ха, әрине, солай! Ең бастысы, олжамыз молырақ болсын
деңіз, барыстар да өздерінің алыс ағайыны жолбарыстар сияқты сирек
кездесетін аң емес пе. Оларды неғұрлым көбірек тапсақ, соғұрлым
пайда да молырақ түседі. Жоғары мәртебелі ханзадалар бұл жайын
ойлап бас қатырмайды, әрине, олар үшін аңшылық та спорттың бір
түрі, ал сіз бен бізге пайданың молырақ түскені керек. Сондықтан
олжаның көбірек болғанын қалаймыз. Басқаша айтсақ, барыстарды
көбірек ауласақ, бізге түсетін пайданың да мөлшері арта түседі. Ең
алдымен, сіздердің «Мерген» аңшылық фирмаларыңыз үшін солай.
Оның да беделі жоғарылай түсетін болады.
– Ия, Боб, мен де шамамен солай ойлаймын.
Ал өзі сол сәтте мүлдем басқа нәрсені ойлап тұр еді. Мынаны
қара, ақпараттық технологиялар жабайы аңдардың үңгіріне дейін
жеткен екен ғой, енді аңшылық құру үшін оларды ғарыштан
індететін болыпты. Спутник байланысы өзіне де қызмет ететінін тау
басындағы тағы жыртқыш қайдан білсін, бұл қызметтен ол тек зиян
ғана шегеді…
Баспасөз хатшысы Роберт Лукас сөзшең екен, жайдарылығы
телефон арқылы сөйлеген сөзінен-ақ байқалып тұр. Ендігі әңгіме
алдағы харекеттер туралы өрбіді. Араб ханзадалары өздерінің жеке
ұшағымен келіп қонған сәттен бастап оларға қызмет көрсетудің
шарттары мен басқа да жай-жапсары жайында айтылды. Ұшағы да
өздерінің дәрежесіне сай екен, әйгілі «Боинг 737» лайнері, экипажы
тәжірибелі мамандардан тұрады. Қонғаннан кейін ұшақ пен оның
экипажы аңшылық сапар аяқталғанға дейін әуежайда арнайы күзетте
болады.
Арсен Саманшин спутник байланысы арқылы жүргізілген бұл
әңгіменің кейбір тұстарын Бектұр шефпен кездескенде мәлімдеу
үшін қойын дәптеріне түртіп қойды. Ол екеуі Бектұр ағайы Дастарқан
сайындағы аңшылар қосынан қайтып оралған соң кездесуге
уағдаласқан болатын. Келген соң өзім хабарласамын деген.
Оған дейін Тас-Ауған бастаған бес жігітпен жолығып,
бақташылардың бұған дайындап қойған атын көріп, өзіндік бір
Тау құлаған
«тұсаукесерге» барып қайтуға болады. Арсен Саманшин үшін бұл
кездесудің маңыздылығы сонда – өзі, Тас-Ауған және СақсағайЖалбыршаш бір сыныпта оқыған болатын, қалған үш бақташы
бұлардан екі-үш жас кіші. Ең бастысы, бәрі де таныс жігіттер, кезінде
бір мектепте оқыған. Айтпақшы, сол мектептің де сәні кете бастапты,
шатырының әр жері ойылып, құлағалы тұр, кеше қасынан өтіп
бара жатып аңдаған, бұл басқа мәселе, не дегенмен, туған мектебің
әрқашан ыстық көрінеді екен…
Енді біраздан соң Тас-Ауған мен Сақсан-Жалбыршаш келді,
өздері жаяу жүр, әуелі мектепке соғайық дегенде іші жылып сала
берген, олардың ойы басқа болып шықты. Арсен Саманшин мұны
қайдан білсін, білуі де мүмкін емес еді, тіптен анасынан қайта туып
келсе де солай. Үшеуі мектепке қарай аяңдап келеді, мұның да себебі
бар екен. Тас-Ауған әзіл-шыны аралас былай деді, онысы рас та
болатын:
– Арсен досым, есіңде болсын, біз, бұрынғы сыныптастарыңның
бәрі, бұл күндері бойдақ жүрміз.
Арсен шынымен таңданып қалды:
– Бұл қалай, неғып бойдақ жүрсіңдер, не болып қалды?
– Тоқтама, жүре берейік. Қорқатын ештеңе жоқ, қазір айтып
беремін.
Ал Сақсағай-Жалбыршаш басын шайқап, мырс ете қалды:
– Бұл жайында бүкіл ауыл біледі. Бойдақ екенімізді! Әйтпесе,
сені мектепке емес, үйімізге шақырар едік.
– Қалжыңды қойыңдаршы!
– Өкпелеме, Арсен. Біз үшін сен ұлы адамсың, қандай қалжың
болуы мүмкін, – деп сендірмек болды Тас-Ауған. – Қазір мектепке барамыз, онда ешкім жоқ, бәрі жазғы каникулда жүр, білесің
ғой, мұғалімдер де, оқушылар да демалыста. Күзетшіге арақ беріп,
бүгінше бізге кедергі келтірме деп көндіріп қойғанбыз. Сөйтіп
оны үйіне жібердік. Соны пайдаланып, алтауымыз бүгін мектепте
жиналғанымыз дұрыс болар деп ұйғардық. Аттарымыз мектептің ауласында тұр. Бойдақ жүрген себебімізді түсіндірейін. Қазір үй іші,
Шыңғыс Айтматов
қатын-қалаш, бала-шаға дегеннің бәрі тауда, жайлауға шығып кеткен. Биыл жайлауды жылдағыдан да биіктеу жерден таңдадық, Ақсай
өзенінің жағасы есіңде шығар, жайлауымыз сонда. Бұрын ауылдың
бәрі тік көтеріліп жайлауға шыға бермейтін еді ғой. Биыл өзіміз
ескіше бүкіл үйелменімізбен бірге мал бағып, демалу үшін жайлауға
шығамыз деп шештік.
– Соның өзі жақсы, – деп қостады Сақсағай-Жалбыршаш. –
Еркіндік деген сол! Қайда барғым келсе де өзім білемін. Баяғыдай
колхозда жүрген жоқпыз ғой.
– Өз басым соған өкінемін. Жарайды, бұл туралы кейін айта
жатармыз, – деп сөзін жалғастырды Тас-Ауған. – Бұл жолы бізді
мұнда Бектұрған шефтің өзі шақырып алды, аңшылық құрамыз дейді.
Аң үркітуші боламыз, иттеріміз дайын, түсінетін шығарсың, Арсен,
барыстарды жасырынған жерінен айдап шығып, оқ жетер жерге қуып
әкелу керек, бұл үшін арнайы аран дайындамаса болмайды, әйтпесе
тағы аң қалтарыстағы бір шатқалға кіріп алып, жата беруі мүмкін.
Ондай жерден жыртқышты шығара алмайсың, өзің бас сұғар болсаң
тарпа бас салып, талап тастайды. Жағдай солай, әйтпесе бұлар неғып
бойдақ бола қалған деп таңданып тұрған шығарсың. Жәй сөз ғой.
Аң үркітуден жолымыз болса, азды-көпті олжалы оралуымыз ғажап
емес. Сол үшін келдік мұнда.
– Сөйтіп өздеріңді сырттай бойдақпыз деп жариялаған екенсіңдер
ғой! – деп күлді жағдайды енді түсінген Арсен Саманшин.
– Соған өкініп тұрмын, – деп күңк етті Сақсағай-Жалбыршаш,
– сен айтқандай, сырттай бойдақ болуды тоқтатып, жайлауға барып
мал бақтық дейік. Одан не пайда. Қазір малдың бағасы мүлдем арзандап кетті, кедей байғұстың күні бұрынғыдан да нашар, әйтпесе…
Арсен аузын ашып үлгерген жоқ, Тас-Ауған бөліп кетті:
– Жарайды, Сақсан, бұл жайында кейінірек сөйлесерміз.
Жақсылап сөйлесеміз әлі. Қазір басқа нәрсені ойлау керек. – Сөзін
аяқтамастан тоқтай қалды. Сақсан-Жалбыршаш та үнсіз.
Енді Арсен оларға таңертең Әмірліктерден жоғары мәртебелі
ханзада Хасанның баспасөз хатшысы Роберт Лукастың телефон
Тау құлаған
соққанын айта бастады, не туралы сөйлескендерін де жасырған жоқ.
Достары бұл әңгімеге осыншама қызығарын білмеп еді, мектепке онақ қадам қалған, бәрі тұра қалып сұрақты жаудыра бастады, әсіресе
спутник байланысына ерекше шұқшиды. Олар үшін бұл нағыз
жаңалық еді:
– Онысы қызық екен! – деді Тас-Ауған. – Демек олар орбитадағы
спутник арқылы қай жерде жүрсе де кез келген жаққа хабарласа алатын болды ғой. Айталық, біздің таулардағы масаның ызыңы
шықпайтын, ойбайыңды салсаң да ешкім естімейтін терең шатқалда
немесе қар басқан үңгірдің ішінде отырып та ғарышқа, Әмірліктерге,
Европаға, тіптен Америкаға да телефон соға беретін болғаны ғой.
Түк қиындығы жоқ! Ия, бұдан асқан жаңалық болмас!
Екі бақташыға араб ханзадаларының ұшағы олардың аңшылығы
аяқталғанға дейін әуежайда арнаулы күзетте тұратыны да қызық
болып көрінді, таудағы барыстарды үркітушілерге мұның қандай
қатысы бар екен. Қызғаныштан іштері күйіп тұрған шығар.
– Мынаны қара! – деді қап-қара шашы шынымен иығына дейін
жалбырап түсіп кеткен Сақсан-Жалбыршаш. – Көрдің бе! Тұтас
бір «Боинг» ұшағы мен ұшқыштар тып-тыныш қана өздерінің
қожайындарын күтіп отырмақ. Қапшық тасып сауда жасап жүргенімде
бір минут кешігуге болмайтын еді, рейстегі ұшақ ешкімді күтпейді,
міндің бе, мінбедің бе – түкіргені бар ма саған! Мыналарға рахат.
Қалаған уақытында келеді де ұшып кете береді. Байлықтың күші
деген осы!
Тас-Ауған бәрін анықтап алмақ:
– Ұшақты әуежайға байлап қоятын себебі, ханзадалар қалаған
уақытында еш кедергісіз ұшып кететіндей болуы үшін ғой, солай
ма? Мен тек атымды ғана сөйтіп байлап қоя аламын, әне аулада
тұр, қаласам – мінемін, қоя беруім де мүмкін, керек болса қаңтарып
қоямын.
– Шамасы, – деп түсіндірмек болды Арсен Саманшин, – олар
үшін бұл түкке тұрмайтын шығар. Өздері қажет деп тапса отырады
да ұшып кете береді. Ұшақ дайын. Экипаж күтіп тұр.
Шыңғыс Айтматов
Осылай әңгімелесе жүріп бір кезде бәрі бірге оқыған мектепке
де келді, әуелі бастауыш, кейіннен орта білімді осы мектептен алып
еді, енді міне, тағдырдың айдауымен үшеуінің басын бұл жерге басқа
бір оқиға тоғыстырып тұр – таудағы барыстарға бизнес-аңшылық
құрмақ. Әрине, ешқайсысы да дәл осылай ойлай қойған жоқ, бірақ
бұл рас қой, аңшылық жөніндегі осы бизнес-жоспарға қатысуға үшеуі
де ынталы, әркімнің ішкі есебі бар. Алыста жатқан бір елден арнайы
келе жатқан меймандар да енді осы оқиғаға белсене араласатын
болады. Олардың ештеңеден қаперсіз екені анық.
Арсен Саманшиннің бұл мектепке келмегеніне көп болған екен,
ауылдың шетінде, жолдан сәл қиыстау орналасқан мектебін көріп
жүрген, қасынан да талай өтті, бүйтіп арнайы келіп, өткенді еске
аламын-ау деп ойлап көрген емес.
Көңілі көтеріліп сала берді – міне, алтын ұя-мектебіне де келіп
тұр, уақыттың әсерінен біраз шөгіп, шифермен жабылған төбесінің
бояуы оңып, есік-терезесі ескіріп, жақтау ағашы қурап кеткенімен
сол баяғы күйі, кезінде асыр салып ойнаған ауласы да сол, дәлізі де,
сынып бөлмелері де еш өзгермеген сияқты… Әлгінде, Тас-Ауған
мектепте жиналамыз дегенде Арсен ыңғайсыз бола ма деп ойлап
еді, әдетте шәй ішуге үйге шақырады, досы мұны бәрібір көндірді
– қатын-бала жайлауда, мектептегілер түгелімен демалысқа шығып
кеткен, директордың өзі болмаса да одан рұқсат сұрапты. Арсен
Саманшин содан кейін ғана тынышталып, тіптен іштей риза болып
қалды. Күн жарқырап тұр, қарлы шыңдары алыстан мұнарта көрінген
тау да бүгін ерекше әдемі сияқты, ол жақта қар барыстары мен
басқа да жан-жануарлар бар, осындай шаруаның басы қылтиғаны –
солардың арқасы. Айналада торғайлар ұшып жүр, өздері көп-ақ, әрі
ешқандай қауіп-қатер жоқтығын білгендей бейғам көрінеді. Жазғы
күннің жылуына риза болғандай, рахаттана шықылықтасады…
Тас-Ауғанның бестігіндегі бұлардан екі-үш жас кішілігі бар қалған үш жігіт Арсен Саманшинді жадырай қарсы алып, қуана
амандасты, олармен де осы мектепте бірге оқыған, өздерінің
араларында әлдебір тәртіп бар екені байқалады: Тас-Ауған бәріне
Тау құлаған
әскерде жүргендей-ақ бұйрық беріп жүр – анда бар, мұнда кел,
осында тұр, ананы әкел, мынаны апар, аш, жап деген сияқты, олар да
бәрін қалт еткізбей орындайды. Арсенге бұл да ұнап қалды, әдетте
ауыл жігіттері мұндайда шала бурыл жүретін еді, мыналар сапсау. Осының бәрі бұған деген достық құрметті білдіріп, өзіне деген
сенімін оятты, Арсен Саманшин достарының таңдап қойған атына
мініп мектепті бір айналып шықты, рахаттанып қалды. Аты мықты
екен, бурыл түсті, ер-тұрманы да келісті. Тас-Ауған оны құрмет
білдіру ретінде өзі жетектеп әкелді:
– Қымбатты Арсен, кеше өзің айтқандай, бұл бас қосуымызды
атыңның тұсаукесерін өткізгеніміз деп біл, етік киіп шыққаның
жақсы болды, бұл – сенің мініс атың. Тізгінді ұста, ерге қон, арабтармен бірге осы атқа мініп жортатын боласың, біз қанша керек болса,
сонша барысты қуып әкелеміз. (Бәрі жамыраса күліп жатыр).
– Рахмет, – деп жерлестеріне алғыс айтты Арсен. – Олай болса,
мен де арабтардың риза болып қайтуы үшін барымды салатын боламын. Бұл өзіміз үшін керек қой.
– Енді өзіміздің сыныпты көріп шығайық, аттестатты осында
алдық қой. Қандай жақсы уақыт еді, мұғалімдеріміз қандай асыл
адамдар еді. Қазір ше? Мұғалім атаулының бәрі күнкөрістің қамымен
тентіреп кетті. Біз болсақ мынау, нысанаға барыстарды іліктіре гөр
деп Құдайға жалбарынып жүрміз... Біреулер аңға шыққанда жеке
ұшағын мініп келеді, біз соларға қызмет етуіміз керек.
Бәрі жапа-тармағай бастарын изеп жатыр. Арсен айналаға көз
жүгіртті, ауланың іші тып-тыныш, мектеп қаңырап бос тұр, шарбаққа
байлаулы аттар мүлгіп қалған, құстар бұрынғысынша ерсілі-қарсылы
ұшуынан танар емес, тек адамдардың жан дүниесі ғана жай таба
алмай тұрған сияқты. Тас-Ауғанның жол-жөнекей айта салған осы
сөзін басқалар ашу-ызамен, кіжініп тұрып айтар еді, оларды да
түсінуге болады, солай екені рас қой… Қайда қарасаң да көзіңе
әділетсіздік түседі.
Дәлізді аралап, әр сыныпқа бас сұғып жүргенде Арсен мұнда
жөндеу жұмысы жүргізілмегелі көп болғанын аңдады, мектептің
Шыңғыс Айтматов
сәні кетіп-ақ қалыпты, бір-ақ нәрсе өзгерген – қақпағы сарт етіп
ашылатын баяғы дөрекілеу парталардың орнына төрт сирақты
үстелдер мен арқалығы бар орындықтар қойылған. Сыныптағы
тақталар да жаңартылған сияқты, әлде бұған солай көрінді ме екен…
Біраз аралап, есігі ашық тұрған сыныптарға кіріп көрді..
Тас-Ауған сағатына қарады:
– Ағайындар, сағат он бір болыпты. Уақыт өтіп барады. Арсен,
кәне, мәселені шешіп алайық, бұрынғы сыныбымызға кіріп, отырып
әңгімелесейік.
– Біздің үйге барсақ қайтеді, Гүлайым апама шәй қойғызып
ішеміз, емін-еркін отырмаймыз ба, үй кең, орын жетеді.
– Жоқ, жоқ, Арсен, оны қоя тұр, кәне, мында кірейік, бұрынғы
сыныбымыз ғой, сосын бәрін түсіндіремін.
– Мейілдерің, мен сендерге қонақпын, өздерің біліңдер.
– Кіре бер, мына екі үстелге бір-бірімізге қарсы қарап отырайық.
Сендер де келіңдер.
Бәрі де сыныптағы жарығы мол түсіп тұрған бұрышқа, тау
жаққа қарайтын терезенің алдындағы екі үстелдің жанына келіп
отырды, бос сыныпта бес бақташы отыр, алтыншысы – Арсен, сәл
үнсіздік орнады. Арсен Саманшин ауылдастарының мұны бос тұрған
мектепке не үшін шақырғанын, енді не айтпақ екенін түсіне алмай
дал. Сәлден соң бәріне шұқшия қарап, көзімен бір шолып өткен ТасАуған терең бір демалды да жөткірініп қойып әңгімесін бастады,
не айтарын алдын-ала ойластырып қойған сияқты, жаттап алғандай
сұңқылдай жөнелді:
– Арсен, біз саған мынаны айтпақпыз. Тыңдап ал.
– Ия, тыңдап отырмын. Ресмиліктің керегі не? Бәріміз туыспыз,
бір ауылда тұратын ағайынбыз. Не болып қалды? Жақын туыстардың
біреуі қайтыс болып па еді? Білуімше, бәрі аман сияқты еді ғой…
Бәріміз осы мектепте оқыған жоқ па едік.
– Мәселе онда емес, Арсен! Бар гәп біздің қайда оқып, қайда
тұрғанымызда болса бір сәрі ғой. Жоқ, мәселе басқада. Сен біздің
бауырымызсың, қонағымызсың, бүгін біздің қолымыздасың, мұнда
Тау құлаған
не үшін ертіп келгенімізді және одан әрі не болатынын айтпақпыз…
– Тоқта, тоқта, «біздің қолымыздасың» дегеніңді қалай түсінеміз?
Мініске ат бердік деп, енді соны бұлдағалы жүргеннен саумысыңдар?
Олай болса, қалаға қайтып кетуім мүмкін. Маған өзімнің машинам да
жетеді.
– Кетесің бе, жоқ па, ол да белгісіз болып тұр.
– Бұл қалай? Ашығын айтсаңшы…
– Сол үшін келдік қой. Бұл оңай әңгіме емес, кеңірдекке қанжар
тақағанмен бірдей...
– Соқпашы қайдағыны! Естерің дұрыс па, кімді ақымақ
қылмақсыңдар! Әлде, Тас-Ауған, өзің ақылыңнан адастың ба?
– Қызбаланба, әңгімемді дұрыс бастай алмаған мен кінәлімін
бұған, – деді беті қабара бастаған Тас-Ауған орнынан көтеріліп,
қасындағылар да қозғалақтап, сыбырласып кетті, әлгінде құйрығын

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Тау Құлаған - 11
- Parts
- Тау Құлаған - 01
- Тау Құлаған - 02
- Тау Құлаған - 03
- Тау Құлаған - 04
- Тау Құлаған - 05
- Тау Құлаған - 06
- Тау Құлаған - 07
- Тау Құлаған - 08
- Тау Құлаған - 09
- Тау Құлаған - 10
- Тау Құлаған - 11
- Тау Құлаған - 12
- Тау Құлаған - 13
- Тау Құлаған - 14
- Тау Құлаған - 15
- Тау Құлаған - 16
- Тау Құлаған - 17
- Тау Құлаған - 18
- Тау Құлаған - 19
- Тау Құлаған - 20