🕥 30-minute read

Тау Құлаған - 02

Total number of words is 3861
Total number of unique words is 2171
32.7 of words are in the 2000 most common words
45.6 of words are in the 5000 most common words
53.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  онда емес. Қазір музыка ойнап, әр адамның аңсай күткен толғанысты
  сәті басталады, бүкіл жан-жүйеңмен тебірене тосқан сырлы әлемнің
  пердесі сырылып, саз сиқыры болмыстың жаңа кеңістігіне жетелейді,
  күйбең тірлік кері ығысып, сана-сезіміңді әсем әуен әлдилей жөнеледі.
  Ия, ия, жалпы музыкаға қатысты дүниенің бәрі де мұның, соры да сол
  шығар, тумысынан бойына біткен, адам түсініп болмас асау да ерікке
  көнбес қуатты құмар-құштары болатын. Жоқ, жәй ғана құмарлық
  емес, әлдебір құдіретті күш, соның не екенін ешкім анық айта алмас
  еді. Осы орайда еске түседі, бір ерсілеу оқиғаға тап болғаны бар, сол
  Тау құлаған
  үшін іштей өзін-өзі келеке етіп, есуассың деп айыптап, музыкалық
  нақұрыссың деп сөгеді, алайда соны ұмыта алар емес. Жас кезінде,
  қайта құру жылдары журналистік жұмыстармен Лондонда өткен бір
  конференцияға барған, сондағы сәнді жабдықталған мейманхананың
  жартылай жер астында орналасқан дәретханасына кіріп еді, әдетте
  ондай жерде бөтен дыбыс болмайтын, қайдан шығып жатқаны
  белгісіз, бір сиқырлы әуен құйылып тұрды, шамасы осы музыка
  мұнда үздіксіз ойнап тұратын болса керек, өйткені, патшалар да,
  басқалар да жаяу баратын бұл орын тәулік бойы істейді екен. Бұл
  кіргенде де солай болды. Бірі кіріп, бірі шығып жатқан жұртшылық
  табиғи мұқтажын өтеп, құйрықтарын сүртіп, несебін төгіп,
  қақырынып-түкірініп, соңынан сарқыратып су жібереді, осының
  құрметіне Вагнердің бе, Шопеннің бе, әлде сол замандағы басқа бір
  кемеңгердің бе – ғажайып музыкасы ойнап тұрады. О, заңғар көкке
  шырқаған ғажайып музыка айналып келіп тура сарқынды су ағатын
  құбырларға құйылып жатыр. Сонда қала мәдениетінің шыңына
  жеткен осынау өркениеттің бұл мазағын түсіне алмай аңтарылып
  тұрып қалып еді. Ау, бұл қалай? Музыка деген – Жаратқанның өзіне
  бастар сапардың қасиетті сазы емес пе! Музыка – Рух галактикасы
  ғой, адам жаны бір-ақ сәтте күллі ғарышты қамтитын тылсым
  сырға қанығып шыға келетіні де содан. Тіптен, оны жалпыға ортақ
  бірден-бір ғаламдық тіл деуге болады, Құдайға құлшылық ету мен
  қасиетті мінәжат атаулының әндете айтылуы тегін емес қой, керек
  десеңіз, әрдайым ғаламдық құпияны білу үшін шырқау көкке қол
  сермеген құштарлығымыз да музыкадан нәр алады емес пе. Адам
  баласы нақ осы музыка арқылы қиялымен шексіз биікке көтеріліп,
  қашан мүлт кетер екен деп кірпік қақпай қадағалап отырған ібілістің
  шеңгеліне сыймай зорайып, өткені мен келешегін бірдей көре
  алатын құдірет пен азаттыққа ие болмаушы ма еді. Ал мыналардың
  істеп жүргенін қара! Эх, мұнда да Кеңес Одағындағыдай «Шағым
  кітапшасы» болар ма еді, сонда осы бес жұлдызды мейманхананың
  басқарушыларына көкесін танытар едім, деп өкінді сол кезде.
  Холлға көтерілген соң осы туралы аузын аша беріп, қайтадан
  Шыңғыс Айтматов
  жаба қойды – кейін осыны еске алып, өзін-өзі қанша рет келеке
  етті десеңші! Ия, Мәскеуде империалистік Батысқа қарсы бітіспес
  күрестің жолдарын оқытатын жоғары комсомол курсында жүргенде
  үйренген азды-көпті ағылшыншасымен дәретханада осындай кемел
  музыка ойнатып, өнерді қорлауға болмайтыны туралы айтпақ болып
  еді, дереу мынадай жауап алды: егер бұл дәретхана ұнамаса, онда
  басқасына баруыңа болады...
  Музыкаға есі кете берілген ол, кейде әзіл-шыны аралас былай
  дейтін: егер бала кезімде тауда жылқы бақпай, музыка мектебінде
  оқығанымда, қазір әйгілі композитор болатын едім, шындығында мен
  ішімнен ылғи музыка шығарып жүремін, бұл тек өзіме ғана арналған
  музыка. Шіркін-ай, арнайы білім алғанымда ғой!..
  Сондықтан мұның үлесіне тигені тек музыка және театр сыншысы ретінде баспасөзде мақалалар жариялау ғана болды – бұл өзіне де
  ұнайтын. Дегенмен, кейде бұл тұрғыда да алданып қалушы еді...
  Бұл туралы ойлаудың не қажеті бар? Сол сәтте ол ресторанда біраз
  ұрттап алған шараптың желігімен бе, ал «Еуразияда» француздардың
  аса сапалы шарабын береді, бүгінгі отырысы тағы да қалтасын
  әжептәуір жұқартып кететін болды-ау, бірақ басқа амалым жоқ деген
  күнәһар ойды қуып тастап, сөмкесіндегі қағаздарын ақтарғыштап
  отырып қазір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен
  бір жазғыштың мақаласын тауып алды, өзі жиі жарияланып тұрады,
  арзан бедел жинауға ұмтылған жергілікті жазарман ғой, біреулер оны
  той-думанды жүргізуші деп те соғады – мұның бір сұхбатында тағы
  да музыка және музыка мәдениеті туралы айтқан пікіріне сілтеме
  жасай келе оңдырмай отырғызып кетті, осындайда айтылатындай,
  қақпасына қақырата доп соқты: «Қайта құрудың адасқан тырнасы
  – біздің меломанымыз Арсен Саманшин осылай қыт-қыттап жүр.
  Саманшин бір кездері Горбачевтың үйірімен бірге ұшып-қонушы
  еді. Бұл күндері нарықтың қыспағына шыдамай құрдымға кеткен
  өзінің «Руханият» деп аталған газетінің бетінен жұрттың бәрін
  социализмді қайта жаңғыртуға, мәдениетті қастерлеуге, осы сияқты
  басқа да ізгі мұраттарды жүзеге асыруға шақыратын. Қазір Горбачев
  Тау құлаған
  та, оның үйірі де жоқ, соған қарамастан біздің адасқан тырнамыз
  рух бостандығы мен музыка туралы қыт-қыттауын қояр емес, оның
  айтуынша, музыка деген – ғаламдағы асқаралы азаттық және мінсіз
  сұлулық, бізге де керегі осы екен – бәрекелді! Егер музыка дегеніміз
  рух бостандығының жоғары көрінісі болса және бұл әлемде одан
  өткен азаттық болмаса, онда музыканы әркім өз қалауымен, өз
  білгенімен пайдаланып, ойына келгенін істеуге хақылы емес пе –
  қаласа ерттеп мініп алады, қамшымен шықпыртады, күн күркіреп,
  жай түссін, – бізге бәрібір, жұрттың бәрін бір жерге жинаймыз да
  – алға, алға, алға! – би билейміз, ән шырқаймыз, шексіз қуанышқа
  бөленіп, әлемдік ауқымдағы сенделіске қосылып, жыныстық
  құмарлығымызды қандырамыз... Міне, бізге музыка сол үшін
  керек! Бұл – синтез, құдіреттің күшімен жаралған әсем әуен мен
  жезөкшелер базарындағы алтынға бағаланған жездің сыңғырындай
  арзанқол музыканың қойыртпағы! Енді музыкаға білгенімізді істеп,
  альбомдар мен әнтаспаларды көбейтеміз және таратамыз, өйткені,
  ақша айналымы біздің қолда – бізді жаңа либерал-байшікештер
  деп атайды, мейлі ғой, бейшара зиялы қауымның жарымаған өкілі
  болғаннан байшікеш болған көп артық. Бізді ештеңе де тоқтата
  алмайды. Эстрадалық думандардың бұқараны қамту ауқымы
  қайдағы бір қастерлі құндылықтардан, классика-млассикадан,
  фольклор-мольклордан әлдеқайда жоғары. Ол музыкаға өздерің
  тамсаныңдар! Ал бізге бизнес – электронды бақсылық керек! Міне,
  бостандықты іс жүзінде көріңдер – жүздеген мың адам қолдарын
  жоғары созып, ессіздік отын бүріккен сан қилы көз жарқырай
  жанады, музыка жанартаудай гүрілдейді, аспанның өзі де дауылды
  күнгі ормандай теңселіп тұр. Дүниежүзілік электронды музыкалық
  төңкеріс жасасын! Керек болса климатты да өзгертіп жібереміз!» деп
  жазыпты... Не деген оңбаған!
  Арсыздыққа толы осы шатпақты еске алып несі бар еді. Көңілін
  орнықтыру үшін аузын толтыра бір ұрттады да, шараптан тағы құйып
  алмақ болған, сол мезетте қасына осы ресторанның бір қызметкері
  келе қалғаны жақсы болды, бірақ даяшы емес. Керісінше, түріне
  Шыңғыс Айтматов
  қарағанда сондай байыпты, жуан мойнына европалық үлгіде қызмет
  көрсететін орындарға лайықты көбелек байлап, үлкен көзілдірік
  тағып алыпты. Сөйтсе, директор екен.
  – Кешіріңіз, сіз – Арсен Саманшин боларсыз? – деп сұрап алды
  да, Саманшиннің алдына «Еуразияның» белгісі салынған өзінің
  танысу карточкасын қойды.
  – О,кей! – деп үйреншікті әдетімен дереу жауап қатты бұл. – Ия,
  Арсен Саманшинмін. Қателескен жоқсыз. Өзіңіз «Еуразияның» шефдиректоры боласыз ба? – деді де орнынан сәл көтеріліп, амандасу
  үшін қолын соза беріп, қалжыңдай таңданыс білдірді: – Демек, тұтас
  Еуразия құрылығының бастығы сіз екенсіз ғой?
  – Ошондой! – деп бетін тыржитты ол жауап ретінде, қырғыз
  тілінде бұл әлгі айтылған сөздің өте дұрыс екенін білдіреді, мұны
  «дәл солай» деп алғанымыз жөн шығар. Арсен Саманшин оған сол
  сәтте-ақ ішінен «Ошондой мырза» деген ат қойып алды. Кейін оған
  осы есімнің қалай дәл келетініне талай көз жеткізді ғой. Бірақ кейде
  ішіңнен айтқан қалжыңның да жақсылыққа бастамайтын кезі болады.
  Ал Ошондой болса амандасқан соң орындықты жылжытып,
  үстелдің бұрышына қарай бір қырындап отыра кетті, қап-қалың
  көзілдірігін орамалымен ысқылай бастағанына қарағанда, асықпай
  әңгімелескісі келетін сияқты.
  Шеф-директор Ошондойдың өзі қасына келгеніне таңданып
  қалған Арсен Саманшин жарқын жүзбен әрі қарай жалғастыра берді:
  – Құрметті шеф-директор, сөмкемді былай алып қояйын, сізге
  кедергі болмасын, «Еуразия» өте қонақжай мекеме, жанға жайлы, дегенмен мұнда жиі келе бермеуші едім, сондықтан рахаттанып отырмын …
  – Білемін, білемін, – деді ол, бірақ сөзді бөлуге үлгермей қалды..
  – Рахаттанып отырмын, – деп жалғастырды Арсен Саманшин
  жан-жағына қарап қойып, – Қараңызшы, қанша адам келген, ылғи
  сұлу әйелдер! – дегенмен, әлгінде аздап ұрттағаны да әсер етсе керек,
  сөзге қонақ берместен әрі қарай жалғастыра берді, – ал әйелдерсіз,
  Тау құлаған
  өзіңіз де түсінесіз, ресторанның сәні кіре ме, – деп француз
  мәнерімен көмейінен құмыға сөйледі Саманшин, сұхбаттасы мұны
  аңғарған жоқ. – Ия, онда ресторанның да, базардың да сәні кірмес
  еді. Әне, ағылып келіп жатыр. Ылғи қас сұлу! Ал басқалардан биіктеу
  отырғанды қалайтын адамға балконнан әлі де орын табылады. Оркестр де аспаптарының күйін келтіруде! Ой, ақыры дайын болды ғой
  деймін, осы музыканы күтіп отырмын! Сол үшін келгенмін. Люстралар қандай әдемі! Италияда шығарылған бұйым екені білініп тұр!
  Ошондой басын изеп қойды:
  – Ия, ошондой, италиялық бұйым, – деген ол «тоқтай тұрыңыз,
  мен де бірдеңе айтайын» деп ескерткендей, қолын көтерді.
  – Мен сізге бір жұмыспен келіп едім, былай ғой... – деді де, сөзін
  аяқтамай мүдіріп қалды.
  – Ия, айта беріңіз! – деп кең пейілдікпен рұқсат етті Арсен
  Саманшин, өзін жұртшылықтың ұмыта қоймағанына, әсіресе,
  осындай менеджерлер мен бизнес-шефтердің әлі де танитынына
  көңілі толып.
  – Келіңіз, ішіп жіберейік, – деп қонақжай түрде ұсыныс жасады
  Арсен Саманшин әлгінің быттиған бетіне күлімсірей қарап. –
  Шараптарыңыз жақсы екен, өте жақсы деуге де болады! Кәне, сізге
  де құйып қояйын, сосын тағы алдырамын..
  – Жоқ, жоқ! – Ошондой оның бөтелке ұстаған қолына шап беріп
  жабыса кетті. – Мен бұл үшін келген жоқпын. Қызмет бабымен
  жүрмін. Ия, сізді көп адам таниды, белгілі адамсыз, бірақ бұл
  жайында басқа бір жолы сөйлесерміз. Мен сізге шаруамен келіп
  едім... Бір мәселе болып тұр. Жағдай былай... Бүгін бізде аса маңызды
  шара өткізіледі: шетелдік демеушілерге арнап қонақасы бермекпіз,
  Ақсудың алтынын өндіретін канадалық кәсіпкерлермен бірлесе
  құрылған кәсіпорынның басшылары, бұл бүкіләлемдік мәнге ие,
  алтын өндіру жөніндегі біздің әріптестеріміз де осал адамдар емес –
  қонақасыны солар ұйымдастырып отыр. Демек, күзетшілерімен бірге
  аса маңызды адамдар келеді, әйелдерін де ертіп келетіні түсінікті
  шығар. Концерт! Дегенмен, мәселе онда да емес, басқада. Өтірік
  Шыңғыс Айтматов
  айтып қайтейін, жаңа ғана телефон шалып, жоғарыдан нұсқау берді,
  бүгін Арсен Саманшин осы залда болмасын дейді. Тура осындай
  талап қойып отыр!
  – Тоқтаңыз! Тоқтаңыз! Маған соншалықты қамқор болып жүрген
  кім екен? – деп өре түрегелді Арсен Саманшин, – Мұндайды талап
  еткен кім және бұған оның қандай хақы бар?
  – Мен тек өзіме берілген бұйрықты ғана айтып тұрмын! – деп
  тоқтатты оны беті қызарып кеткен Ошондой, түсіндірме беріп жатпастан. – Ал сіздің қамқоршыңыздың кім екенінде жұмысым жоқ.
  Жоғарыдағылар осылай деді! – Ол жарқыраған люстралары жұмсақ
  сәуле шашып тұрған төбеге қарай басын бір сілкіп қойды. – Мен
  тек орындаушымын. Демек, рестораннан у-шусыз және артық сөз
  қозғамай-ақ шығып кеткеніңіз дұрыс. Осыны тезірек істегеніңізді
  қалар едім. Кәне, тура қазір орныңыздан тұрыңыз, сонымен тыптыныш қоштасайық.Талап сондай.
  – Осындай да талап бола ма екен! Мұны қалай түсінеміз? – деп
  қана үлгерген Саманшин дереу ағарып шыға келген ернін жымқыра
  қысып, өз сөзіне өзі тұншығып қалды. Әрине, қазір жанжал шығарып,
  бетінен майы тамған мына Ошондойдың екі көзін бақырайтып
  қойып, үстелді төңкеріп тастауға, тұмсығынан бір ұрып, төбелес
  бастауға, бүйтіп ар-намысын қорлауға наразылық білдіретіні
  жөнінде мәлімдеме жасауға, жеке адамға, оның құқықтарына бүйтіп
  масқара қысым көрсетілуіне қарсы басқа да біраз әрекет етіп көруге
  болар еді, ондайға бара қойған жоқ, өйтуге шамасы да жоқ еді. Кенет осы дөрекі өктемдіктің қайдан шығып жатқаны туралы болжам
  миында жарқ ете қалып, қарсылық сезімінің жетегінде кетуден
  өзін-өзі әрең тежеп қалды, көкейінде тұтанған ашу отын сөндіріп
  үлгерді, бірақ бұл ерік-жігерінің күштілігінен емес, құдды бір
  жүрегінің түбінен ауыр соққы алғандай, қарсы алдында түбірімен
  жұлынған бәйтерек опырыла құлағандай, бойын шарасыздыққа
  толы әлсіздік билеп алғанын түйсінгеннен болатын, аяғының
  астындағы қара жер қақ айырылып, тамұқтың түбі көрінгендей болды, өйткені, іштей өзі «жеке адамның сана-сезімі» деп атап жүрген,
  Тау құлаған
  өмір бойы көкірегінде біте қайнасып келген сырлы әлемді көбінесе
  осылай түсіндірмек болатын, санасында үнемі үнсіз ойнап тұратын
  музыкалық ойлар ағыны деп танып жүрген осы бір романтикалық
  ұғымды одан әрі дамытсам деп армандап та қоюшы еді, міне,
  осының бәрі әлгі бәйтеректей қопарыла құлап түсті, бар қастерінен,
  қажеттілігінен, ішкі дүниесінде дербес өмір сүру қабілетінен бір-ақ
  сәтте айырылып, көкірегі жұтап сала берді. Бір мезетте бүкіл санасезімін күйретіп өткен осы рухани апатты туғызған: «Шынымен
  сол ма? Шынымен осыған да барғаны ма?» деген бір ғана сұрақ
  болатын. Осы болжамына өзі де сенбестен сахнаға көз жіберді –
  әлі шыға қоймапты, оркестр жұртшылықтың көңілін аулау үшін
  әншінің халық алдына шығар алдындағы кіріспесі тәрізді әртүрлі
  әуендерден тұратын попурри ойнап тұр. Дереу жанынан қалта телефонын (мұны өзі мақтан тұтатын) ала салып, қыздың нөмірін тере
  бастады. Екі қолы қалтырап кетті. Дауысы да дірілдеп жүрмесе жарар еді. Мұнысын Ошондой байқамаса екен. Басқа амалы болмай
  тұр емес пе. Білгеніндей-ақ, қыздың телефоны сөндірулі екен, бірер
  рет үзік-үзік гуіл естілді де, бұл туралы оның өзі жансыз да суық
  дауыспен хабарлады: «Мен – Айдана Самаровамын. Телефоным
  уақытша сөндірулі, байланысқа шыға алмаймын», – содан кейін
  қайтадан гуілдей бастады.
  – Жауап бермей ме? – деп әлдебір құпияны жасырғандай қабағын
  керді Ошондой. Саманшин үндеген жоқ. Ошондой не айтпақ болды
  екен – жауап бермей тұрған кім, кім ол өзі, бұл кімді айтып тұр, жәй
  ғана болжамы ма, әлде анық біліп тұр ма? Мұны да тергеп-тексерген
  жоқ. Өзін-өзі қорлап қайтеді. Тіптен, сонда не шаруасы бар! Шаруа
  мынада – енді не істейтінін шешуі керек. Тұрып кете бере ме, –
  онда әңгіме осымен бітеді, әлде бұл талаптың қайдан шыққанын,
  мұндай нұсқауды кім беріп жүргенін айт деп, әдетте қатардағы тәртіп
  сақтаушыларға жүктелетін осы бір лас жұмысты ресторанның шефдиректорының өзі атқарып тұрғаны неліктен екенін түсіндіруді талап
  етіп тұрып ала ма?
  – Сонымен, не істейміз? – деп дауыс берді Ошондой. – Тұрамыз
  Шыңғыс Айтматов
  ба? Есікке дейін шығарып салайын, қоштасуымыз керек қой…
  – Жоқ, жоқ, нақ соның керегі шамалы, мүлдем керек емес, – деп
  қарсылық білдірді Арсен Саманшин. – Алаңдамаңыз, шығар жолды
  өзім де табамын! – сосын қапаланғанын білдіріп, сөмкесін тарс жапты.
  – Олай болса, қайтеміз. Мұныңыз да дұрыс. Айтпақшы,
  ішкен тамағыңыз үшін ақша төлемей-ақ қойыңыз. Мұндай ұсақтүйек шығынды өзіміз-ақ өтей салармыз, – деген ұсыныс жасады
  семіздіктен жарылғалы тұрған Ошондой.
  Жанын ауыртқан ренішін сыртқа шығару үшін осы сөзді күтіп
  тұрғандай-ақ Арсен Саманшин бұрқ ете түсті:
  – Не айтып тұрсың?! – деп күйінішпен дүрсе қоя берді ол
  Ошондойға, жаңа ғана «сіз-біз» десіп сыпайылық сақтап тұрғанын
  ұмытып, «сенге» көшкенін аңғармастан. – Кім деп тұрсың мені? Әлде
  мұнда сенен қайыр сұрау үшін келіп пе едім! Жоғал әрі! Рестораныңа
  да, өзіңе де түкіргенім бар. Даяшыны шақыр, тиынына дейін есеп
  айырыспай тұрып, бұл жерден шықпаймын. Сосын жолама маған!
  Болды!
  – Ал, байқа! Бұл өз шаруаң. Даяшы қазір келеді. Тек осы айтылған
  әңгімені ұмытып кетпе! – деп ескертті Ошондой, сосын баяу қозғалып
  орнынан тұрды да бұқаның мойнындай болған қып-қызыл желкесін
  көрсетіп, бұрылмастан кете барды…
  Осы жерде Арсен Саманшин ерсілеу қателік жіберіп алды, мұндай
  жағдайда бұл ақымақтық болды, ұсақтыққа барып, жанжалды одан
  әрі ушықтырып жіберді:
  – Әй, сен! – деп үстелдің қасынан тұрып кеткен Ошондойды
  кері шақырып алды да, ол байпаңдап бұрылып жатқан кезде ызалана айғайлап жіберді. – Сен мені қуып шықтым деп ойлама! Мұны
  бұлай қалдырмаспын. Мен де құралақан емеспін. Мен журналистпін,
  тәуелсіз журналистпін! Осыны ұмытпа!
  Бұл сөзі Ошондойға сауырына тиген қамшыдай әсер етті, ол да
  жарылғалы тұр екен:
  –
  Ұмытпайтындай
  кім
  едің,
  сен?
  Мықтымсынған
  түрін! Кім болсаң да түкіріп қойыппын! Сенің былық-
  Тау құлаған
  шылығыңнан көше сыпырушы әйелдер де жиіркенер еді.
  – Онда сенің жұмысың болмасын!
  – Жұмысым мынау – өзіңнің қандай қоқыста жүргеніңді біл. Журналист деген қазір бордақыға байлаған шошқа сияқты, қалай тамақ
  берсең, солай қорсылдайды, газеттерің де, теледидарың да – сол.
  Тапқан екенсің! Егер бес минуттан кейін бұл жерден құрымасаң, өз
  обалың өзіңе, сүмелек… Керек болса, күш қолданамыз. Болды! Енді
  аузыңды ашушы болма!
  Сөйтті де, ашудан қыржия қалған майлы маңдайынан көзілдірігін
  жұлып алған Ошондой көше сыпырушы әйелдер де жиіркенетін
  «тәуелсіз журналистің» сөзіне құлақ аспастан талтаңдап кете барды.
  Арсен Саманшин болса, осы оқиғаның немен аяқталарын біле
  алмай, дал болып тұр. Осы сәтте даяшы келді:
  – Кешіріңіз, міне, есеп айырысайық. Өтінемін!
  Даяшы кешігіп қалып еді. Әлі де ашуын тежеуге тырысып
  отырған Арсен Саманшин ішкен тамағының есебі жазылған қағаз
  салған тәлеңкені бір бүйірге ысырып тастады:
  – Әуелі маған арақ әкел.
  – Арақ дейсіз бе?
  – Ия, арақ! Түсінбесең тағы да қайталайын – арақ!
  – Қазір әкелемін. Қанша?
  – Қанша көтере алсаң, сонша! Тез!
  – Мақұл!
  Даяшы арақ әкелу үшін буфетке беттеді. Арсен Саманшин жанжағына қызбалана көз тастады. Бұған ешкім көңіл аудармаған сияқты.
  Ресторан өзінің үйреншікті кешкі өміріне кірісіп кетіпті: халық лық
  толған, балконда да бос орын жоқ. Айналасы атшаптырым әйдік
  зал жиналған жұртшылықтың гуіліне, гу-гу әңгімесіне, жарқынжарқын күлкісіне, бокалдардың сыңғырына тұнып тұр. Залдың
  көңіл күйімен үндестік тауып, өшіп-жанып, қабырғаларда жалтжұлт ойнаған жарқыраған сәулелермен құбыла түскен оркестрдің
  музыкасы да санаңды сергітіп, жаныңды жұбатқандай. Тек бұл ғана
  жетімсіреп қалыпты. Бүгінгі жоспарының іске аспайтынын түсініп,
  Шыңғыс Айтматов
  шамырқана ширыққаннан басы айналып, жүрегі шаншыды. Біреулер
  өзін осыншама жек көріп, қуып шығуға бұйрық береді деп кім
  ойлаған! Мұны желкелеп шығарып жіберуді қалаған, тіптен, талап
  еткен кім екен өзі? Шіркін-ай, осыны кім ойлап тапқанын білер ме
  еді – Айдананың өзі ме, әлде оның жаңа қамқоршылары ма? Олай
  болса, мұны сатып жіберуге, жауларына ұстап беруге қалай дәті
  барды оның? Бұл екеуінің арасындағы сырға олар қалай қанығып
  жүр, неге араласады бұл іске? Егер осылай болса, әрине. Ал егер олай
  болмай, осының бәрін қыздың өзі ұйымдастырып жүрсе ше? Осыдан
  кейін кім болғаны ол? Онда нағыз мекердің өзі, жиіркенішті мақұлық
  болады да! Не үшін? Апыр-ау, демалып отырған орнынан желкелеп
  тұрып қуып жіберетіндей не жазығы бар еді?! Ия, осыған себеп бола
  алатындай бір оқиға болған. Болғаны рас! Және таяуда ғана болды,
  соңғы кездері екеуінің арасына әлдебір салқындық енгенін сезуші
  еді, қыз әрнені сылтауратып, кездесуден бас тартатынды шығарды.
  Сол кезде осында келгені бар, жанынан қалдырмайтын сөмкесі
  қолында, сахнаның қасында тұрған. Осы «Еуразияда» ғой, кеш бойы
  әнші қыздан көз алмастан қалшиып тұра берді. Ара-арасында қызға:
  «Әй, жылтыраққа малынған Ханшайым! Осы күнге дейін сахнадан
  хабарланбай, сенің аузыңмен айтылмай, сен орындайтын арияларда
  шырқалмай жүрген «Мәңгілік қалыңдықты» шынымен жерлеп
  тынғансың ба? Шынымен сол «Мәңгілік қалыңдықты» әлдебір
  арзан мақсаттарға айырбастап, сығандардың тобырына қосылып
  құтырына билей беруге еліккенің бе? Әлде ақылыңнан адастың ба?!»
  – деп айғай салғысы келді. Тағы да сол сияқты ащы әжуаға толы
  сөздер көкірегінен лықсып шығып, көмейіне тіреле берді, мұндайда
  миыңның қалтарыс бір түкпірінен неше түрлі құтырынған ойлар мен
  қатігез пікірлер атой салып шыға келетіні бар емес пе, алайда бір
  ауыз тіл қатқан жоқ… Бір ауыз! Өкпе-ренішін тірі жанға білдірместен
  қаққан қазықтай қалшиып тұра берді, ал сөмкесінде, сәт сағаты әлі
  де соға қоймаған ұлы шығарма ешкімге белгісіз күйінде тұншығып
  жатыр, әйтеуір өз ойынша солай және бұған алғаусыз сенеді, тек
  сол сағат қашан соғар екен? Бірақ онда кімнің шаруасы бар? Тек
  Тау құлаған
  осы қыз ғана болмаса... Бұл кезде эстрадада дауылпаздың ырғағына
  қосылып, әлдебір ащы әуен ойнақ салып жатты, әнші қыз серпіне
  жұлқынған тарсыл-гүрсілі басым әуеннің иіріміне елтіп, жыланша
  ирелеңдейді, құмарыңды оятып, делебеңді қоздыратын әйелдің
  сиқырлы қимылдарын құбылта ойнатып тұр. Әнші қыздың дауысы
  мен денесін аяусыз пайдаланып, жолындағының бәрін көтеріп әкетер
  құйындай құтырынған, сүйкімінен зілі басым дүңкілдеген ырғаққа
  қосыла тербелген жанды-жансыз атаулыны ұшырып әкетердей
  көрінген осы бульдозердей ауыр музыканы күнкөріске айналдыруға
  мәжбүр болған талантты қызға жаны ашып, жаны қиналғанын кім
  біліп жатыр. Ал қыздың шеберлігі сондай, зал толы жұрт жаппай
  қозып алып, әншінің тәнін көздерімен ішіп-жеп, дүрілдете қол
  соғып, ышқына шыңғырысады... Бұл қолына сөмкесін ұстаған күйі
  тапжылмай тұра берді, бірер рет қыз екеуінің көзі осы ессіздік
  дауылын қақырата сөгуге тырысқан жай оғындай шарпысып қалды.
  Әрине, мұны тек сол қыз ғана түсініп тұр.
  Енді, міне, жаңа қақтығысқа тап болды… Тура сол кездегідей, тек
  бар айырмашылығы – бұл жолы мұны ресторан залынан желкелеп
  тұрып қуып шықпақ... Баяғы сөмкесімен бірге, оның ішінде жатқан
  ұлы шығармасымен қоса қумақ.
  Жайпақ табаққа салған бір бөтелке арағын көтеріп даяшы келді.
  – Мінекейіңіз, құйып берейін бе? Бокалға ма, стақанға ма?
  – Стақанға!
  – Қанша құяйын?
  – Толтырып құй!
  Өрт құшағындағы апанға су шашқандай-ақ, стақанды көмейіне
  төңкере салды. Сол замат арақтың буына тұншығып, демі бітіп,
  құмығып қалды. Іштегі күйікті арақпен баспақ болған түрі ғой.
  – Қанша төлеуім керек? – деп дауысын қатаңдата сұрады ол есептесу қағазындағы сандарға үңіліп. Сосын даяшыны таңғалдырып, артық
  та, кем де емес, бір тиынына дейін қалдырмай түгел төледі де, үн-түнсіз
  шығар есікке беттеді, бір стақан арақты сіміріп салғаннан кейін бойын тік ұстаудың қаншалықты қиынға түскенін білдірмеуге тырысып,
  Шыңғыс Айтматов
  сүйегі шодырайған иығын тіктеп, мойнындағы тамырлары адырайып,
  басын кекжитіп қояды. Гардеробтан қалпағын алып, баппен басына
  қондырды. Қысы-жазы басынан қалпағын тастамайтын әдеті бар.
  Айдана оны Қалпақбас деп бекер атап жүрген жоқ. Шығып бара жатып
  құлағы шалды – тағатсыз күткен сүйікті дауыс, Айдана Самарованың
  дауысы естілді, бүкіл ресторан дүрілдетіп қол соғып жатыр, олардың
  да күткені осы. Сәнге айналған ғажап әнші сахнаға шықты! Музыка да
  үн қосып жатыр, жарқыраған сәулелер жоғары-төмен секіре бастады,
  алғашқы тамсанған дауыстар да шыға бастады: «Ай-да-на! Ай-да-на!».
  Арсен Саманшин бұрылған жоқ, сөмкесін көтере ұстап кете берді,
  тек адымын қысқартып, жүрісін баяулатты, бойына тарала бастаған
  әлгі арақтың әсерін дарытпауға тырысып келеді, кенет басына батыл
  да ап-айқын бір ой сап ете түсті – міне, тамашалай беріңдер, бұдан
  көрнекі ештеңе болмас, жарнама мен сәннің шырқау шыңы деген осы,
  айналадағы бүкіл инфрақұрылым осыған қызмет етеді, бірінен-бірі
  асып түсу бәсекесіне жанталаса ұмтылу осыдан басталады: әркімнің
  өз керегі бар, біреуге атақ, біреуге даңқ, ал түптеп келгенде мақсат
  біреу – ақша дегенің аспаннан жауған жаңбырдай нөпірлей төгілуге
  тиіс. Тіптен, ащы кекесінмен сыбырлап та қойды – ақшаң болмаса,
  өмірің де сұрықсыз, өзің де адам емессің. Ой, ля-ля! Эх, эстрада,
  кәнеки! Табанымен жер тепкілеп, қарқылдап тұрып күлгісі келді. Ха
  – ха – ха! Мұны ешқашан ұмытпаспын! Сосын билеуге де болады.
  Дегенмен, өзін-өзі тежеп қалды. Енді жылағысы келді. Аспан астын
  жаңғырықтырып, ышқына бір еңіресе ғой! Жылайтындай себебі де
  бар. Өмірінің бір кезеңі аяқталғалы тұр, сұрапыл бір сұмдыққа ұрынып
  қалмай тұрғанда әлдебір жаққа қарасын батырғаны жөн. Кешігіп
  қалмай тұрғанда дереу кету керек, мәңгі кетеді!
  «Сүю және өлтіру! Бұлай болуы мүмкін бе өзі? Сен мұны
  мастықтан айтып тұрсың!.. Жоқ, бұл мастық емес, – деп жауап берді
  ол өз-өзіне, әлгі ойдан тұла бойы қалтырап. – Сүю және өлтіру...»
  Басы ауған жаққа тентіреп бара жатып, тағы бір ойды аңғарып қалды
  – көрге кіргеннен кейін де ұмытпаспын мұны, кешірмеспін!..
  Тау құлаған
  ІІІ
  Бұл өмірде кімнің пешенесіне не жазылды екен? Ия, кімнің
  талайына не бұйырыпты? Әрқашан осылай болмақ. Бұдан ешкім де
  қашып құтылмақ емес... Тағдырыңды тосумен тіршілік етіп, күнің
  өте береді... Әркім де соңғы күн, соңғы сәтке дейін соны күтумен
  жүреді... Әрқашан осылай бола бермек.
  Міне, тағы да самал лебі есті – бұл қыбыр еткенді қалт жібермейтін
  міндетінен жаңыла жаздап барып, есін жиған жазмыштың сол
  сәтте айналаға тұтас көз жіберіп, төңіректі түгел шолып, қыбырлап
  тіршілік етіп жатқан адамдардың жан сезімі мен ойларын, іс-әрекетін
  түгел қадағалауға асыққаны болатын. Жазмыш сөйтіп өзінің кейінге
  қалдыруға болмайтын істерін қайтадан қолға алды, үйреншікті
  әдетімен әріден ойлап, оқыстан тоқайласар жәйттерді астыртын
  дайындай берді, бұл жәйттерге қатысы бар пенделердің тағдыры
  кенеттен анықталып, олардың өмірде не істеп, не қояры белгіленеді,
  олар жазмыштың бұйрығын өз басынан өткеріп, күтпеген жерден
  маңдайына жазылған тағдырымен жолығады, сөйтіп әр жолы екі
  қолын еріксіз көкке жайып, сол баяғы сұрақтарын қояды: неге,
  неліктен, енді не болады, қайтсем екен?..
  Ал аспан болса сол күйі сыбырыңды да, айғайыңды да естіместен
  мелшиіп тұра береді…
  Таудағы тағы аң да ыңырана ышқынып, қырылдап-күрілдеп көк
  аспаннан осыны сұрамақ болады, аспаннан бір дерек алып берші деп
  бірде бұлттың, бірде қарлы шыңдардың тасасына жасырынған айға
  жалбарынады, өйткені тіршілік атаулыны түгел қамтитын тағдырдың
  бұйрығынан тау барысы да тыс қалмақ емес...
  Арлан барыстардың шайқасында жеңіліс тауып, басқаша
  айтқанда, үйірдегі өлекшіндермен ұйығудан шеттетіліп, сөйтіп
  ұрпақ жалғастыруға өз үлесін қосу мүмкіндігінен айырылған,
  сондықтан ешкімге қажетсіз, тастанды болып шыға келген ЖебеБарыс бұл күнде сүлдерін сүйретіп күн өткізіп жүрген. Бірақ осыны
  әлі де мойындай қоймай, тағдырына мойын ұсынғысы келмей,
  бұрынғы күш-қуатын қайта шақырып, кейде қызынып та кетеді.
  Шыңғыс Айтматов
  Үйірдегі өлекшіндердің біріне жанасқысы келіп әрекет етіп көрген,
  олардың бәрі әлдеқашан өзіне жұп тауып алыпты, сондықтан мұның
  емеуірінін елей қойған ешкім болған жоқ. Өзінің әлі де тұғырдан
  тая қоймағанын, керек болса, қарсыласын шайнап тастауға шамасы
  жететінін білдірмек болып бірер рет шайқасқа шығып көрді, алайда
  бәсекелесінен басым түсе алмай діңкесі құрыды. Ия, өткен қайтып
  келмейді екен, іс жүзінде, басқалар мұның үйірде бар-жоғын да керек
  қылмайтын болып шықты, құдды бұл шынымен мына өмірде жоқ
  сияқты. Сөйтіп, біртіндеп үйірлестерінен шеттей берді, ірі олжаға
  жолыққанда ұялас барыстардың басы біріге қалса, жылыстап шыға
  беретін әдет тапты. Бұл да оңайға түскен жоқ. Кейде басқалардың
  жемтігінің қалдығын күтіп, іштей шамырқанып-шамданғанымен,
  сыр берместен, орасан төзімділік танытуға тура келетін болып жүр.
  Сырт көзге әлі де бұрынғыдай тұрқы ірі, басы қазандай, желкесі
  күжірейген, құйрығын жұмсақ қимылмен иіріп қойып, қабағының
  астынан шаршаңқы көз тастауының өзі жөпшендінің зәре-құтын
  қашырғандай көрінетін Жебе-Барыс қажет болған жағдайда өзін-өзі
  тежей білуді меңгеріп алды.
  Алайда үйір мұны керек қыла қоймады, әсіресе, шағылысу
  маусымында, кейінірек, күшіктеген кезде басқалары бұған алара
  қарап, ыдырынып, маңына жолатпауға тырысатын болды, бейне
  бір бұл бірдеңені бүлдіріп қойған сияқты. Ал бұрынғы жұбы мұны
  мүлдем танымайтын түр көрсетіп, тіптен, мұны менсінбегендей,
  құйрығын көкке шаншып, жаңадан тапқан қосағы – өзінен де өткен
  тәкаппар жас барысқа еркелей сүйкеніп қойып, бұған көлеңке құрлы
  мән бермей, маңғаздана керіліп, дәл қасынан масаттана өте шығатын
  әдет тапты. Таяуда ғана осы маңды, биік-биік шыңдарының басына
  мәңгі қардан бөрік киген Еренқабырға тауының жықпыл-жықпылын
  мекен еткен ержүрек барыстардың текті көсемі болған ЖебеБарыс енді осындай мазаққа көнуге мәжбүр. Үйірінен аласталып,
  жалғыз қалған бұл енді борсық пен саршұнақ сияқты әртүрлі ұсақ
  олжамен күнелтуге көшті, кейде қоян ұстап жейді. Әрине, ЖебеБарыс әзірше аштықтан қорлық көре қойған жоқ, дегенмен бұрын
  Тау құлаған
  күн сайын біреуін ұстап, мелдектей тоятын жұп тұяқты жануарға
  аңшылық құруды біртіндеп ұмыта бастады. Басынан бағы тайғаны
  ғой бұл.
  Алайда мұндай тірлік кешуді қаламаған ішкі қарсылығы басылар
  
You have read 1 text from Kazakh literature.