Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тағдыр - 45
Total number of words is 1229
Total number of unique words is 905
41.0 of words are in the 2000 most common words
53.9 of words are in the 5000 most common words
60.9 of words are in the 8000 most common words
– Қайран, Əсет аға-ай! Жеріне жеткізіп жақсы айттыңыз-ау. Кезінде
Демежанды əн жырымен, сəн-салтанат бабымен дұрыстап жоқтай да
алмаған едік. Шын жоқтаушысына, өнерпазына жолықпай жүр екен-ау.
Мына жоқтау бəйітіңіз оқыған құраннан кем болды ма? Осы дұғамыз
жетсе, марқұм орнынан бір аунап түскен шығар-ау! — деген күңірене тіл
қатып.
– Иə, Демежан өзіңізді өмір бойы қадірлеп өтіп еді. Достық қарызынан
бір құтылдыңыз.
– Мынау бір жаттап айтып жүретін, жұртқа жаятын сөз болды-ау! —
десіп Бабалық, Бөлекбайлар да қостап кетіп еді.
Бұл шақта Əсеттің өзі де жаңағы шабытты қызу қалпынан əлі арыла
алмай отырған. Өңі қара қоңыр тартып, термен жылтырап, нұрлана түсті
де:
– Демежанның қай қылығын, қай жақсылығын айтып тауысарсың. Оның
өмірі он ауыз өлең емес, ұзақ дастан-жыр жазуға татиды, — деп аз бөгеліп
барып, Күдеріге қарап бір ағалық кеңес айтты: — Күдері, сен де өлеңнен
жүген ұстап жүрген жан емессің ғой. Осы жөнінде бір толғанып көрсең
болмай ма. Жылдар өтер, топырақ тозып, тас та мүжілер. Қарағаш та қурап
жайына қалар... Дүниеде тозбайтын, көнермейтін бір-ақ нəрсе бар. Ол —
арттағы ұрпаққа қалатын асыл сөз, өлең-жыр. Шамаларың келсе,
Демежандай дегдарға өлеңмен ескерткіш соғыңдар!
Осыдан кейін жолаушылар бұл жерде көп бөгелген жоқ. Тұсаулы
күйінде ұзаңқырап кеткен аттарын ұстап мінді де, қалаға қарай асығыс
жүріп кетті...
Дəл осы жаз күндерінің бірінде Шəуешектің Жауыртам жақ шетіндегі
қалың зираттың ішінде де біз білетін біраз адамдар жүр еді. Көп төмпешік,
ала-құла бейіттердің арасында тікшелеу етіп тұрғызған төрт құлақты
шағын зират тұр. Бұл — Демежан зираты. Ал бір сəт топ адамнан
оңашаланып, сол зираттың қасында тұрған əйел — Бибі болатын.
Бибі бүгін үстіне қоңырқай көйлек, қара қатипа қамзол киіп, басына қара
бөртпе шəлі жамылыпты. Əр жолы зират басына келген сайын осылай қара
жамылып, аза тұтатын əдеті.
Кеше Демежанның азаппен өлтірілгеніне тура бес жыл толған. Сол
қаралы күн қайта айналып соққан сайын, Бибі бір малын сойып, шек беріп,
құран оқытады. Соның ертеңінде, міндетті түрде, зират басына келіп
қайтады. Кеше де жатақ ауылдың кəрі-жасы Бибінің үйіне жиналып,
Демежанды еске түсірген. Бүгін таңертең Бөкенің кіші ұлы Жұмабекке ат
жектіріп, көп адам қабір басына арнайы келген беттері еді.
Бибінің жасы əлі елуге іліне қоймаса да, өңі солғын тартып, күрт
қартайып кетіпті. Бір кездегі таң арайындай шапақ атып тұратын сұлу,
нұрлы жүзіне ұсақ əжімдер түсе бастаған. Қалың қара шашына да күміс
жалатқандай ақ талдар араласыпты. Қасірет тұнған нəркес қара көздерінде
мəңгі арылмайтын бір тұңғиық мұң бар.
Қазір ойлап отырса, Демежан екеуі жиырма бес жыл бойы бір
шаңырақтың астында жұп жазбай өмір сүрген екен. Бибінің кешкен
тірлігім, көрген қызық дəуренім дейтіні де — сол қайта оралмас бақытты
күндері. Ол бұрын да тек Демежан үшін өмір сүріп еді, ендігі қалған
тірлікте де соның түтінін түтетіп, рухына дұға оқыту үшін ғана жүрген
сияқты. Демежан қазасы кезінде Бибі де өзіне қол жұмсап, күйеуінің
соңынан аттанып кетуді көп ойластырған. Бірақ онысы құдайға күпірлік,
шариғатқа қайшы келетін болды. Жасынан діндар, сопы боп өскен Бибінің
көңілінде қазір медеу тұтар бір ғана жұбанышы бар. Ол ана дүниеге
барғанда, таңда махшар күндерінде Демежанмен қайтадан қауышам деп
ойлайды. Өзін соған қалтқысыз сендіріп қойған. Ол үшін құдай алдында
бетке шіркеу болатын бірде-бір қате жібермей, аяғын шалыс баспай,
пенделік, жұбайылық парызын адал атқарып баруы керек.
Сорлы əйел зират басында əлі де ұзақ тұра берер ме еді, қайтер еді, арт
жағынан Бөке келіп дыбыс берді.
– Шырағым Бибі, күн кешкіріп барады, қозғалайық. Мұнда қанша
сарылып тұрғанмен, есіл Демежан енді бізге оралар ма?! Қабір басында
бұлайша көп күңірену аруаққа ауыр, құдай алдында асылық болады деседі
ғой. Ендігі қалған аят-дұғамызды үйге барып оқиық, — деген Бибінің
қолтығынан сүйемелдеп.
Бұл күнде жасы жетпістің ішін мол аралап кеткен Бөке де сақал-шашы
селеудей ағарып, ұлғайған қартқа айналыпты. Дегенмен, табиғат берген
күш-қуаты сарқыла қоймаған, жүріс-тұрысы ширақ. Əлі күнге дейін баяғы
Демежан тоғанының кілтін ұстап, өзімен күні бір, кəсібі бір егінші қауымға
ақылшы аға атанып, Бибідей жесірге сүйеніш боп, жүріп жатқан жайы бар.
Күн еңкейе барлығы арбаға отырып, Абдырадағы ауылға қарай бет алды.
Қала сыртындағы қала тəрізденіп, арт жақтарында қалың мола қарауытады.
«Бүгін жер басып жүргеніңмен, тіршілікте қанша асып-тасқаныңмен,
түбінде кеуде тосар кермең, тоқтайтын тұрағың осы ара» дегендей,
аруақтар мекені батар күннің кешкі сағымына бөгіп, ұзаған сайын ұлғая,
қомақтана түседі.
1985 жыл, қазан,
1987 жыл, мамыр.
Алматы шығармашылық үйі.
ТҮСІНІКТЕР
«Тағдыр»
Жазушы Қабдеш Жұмаділов 1962 жылы ата жұртқа оралғанда, біраз
тарихи деректер жинақтап, болашақта жазсам деп армандаған екі үлкен
шығармасы болған екен. Оның бірі — «Соңғы көш» роман-дилогиясы да,
екіншісі — «Тағдыр» романы.
Алайда көңілдегі кітаптарды жазуға бірден кірісіп кете алмайды.
Белгісіз жас автор жұртшылық назарына шетел тақырыбына арналған кесек
роман ұсыну үшін, алдымен шағын жанрларда күш сынап, танылуы керек
болады. Алғашқы жылдарда «Жас дəурен» атты өлеңдер жинағын, «Қаздар
қайтып барады» атты əңгімелер топтамасын шығарып, «Көкейкесті»
романын жазады. Міне осыдан кейін ғана «Соңғы көшті» жазу, жарыққа
шығару, сараптан өткізу əлегі басталады. Шыңжаң қазақтарының өмірінен
жазылған романды жариялау керек пе, жоқ па деген сұраққа төрелік айтуды
Қазақстаннан бірде-бір мекеме, не жеке адам өз мойнына алмай
(Жазушылар одағы, Ғылым академиясы, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті)
қолжазбаны Мəскеудегі Қиыр Шығыс институтына жолдап, солардан
сараптама алдырады. Мəскеудің алғы сөзімен «Соңғы көш» 1973-жылы
«Жұлдыз» журналына зорға басылады. Содан «Соңғы көштің» екінші
кітабына кіріседі. Сөйтіп жүргенде, жетпісінші жылдар өте шығады. Бұл
аралықта басқа да шығармалар дүниеге келеді. Сонымен, не керек, автор
«Тағдыр» романын жазуға 80-жылдардың ортасында ғана мүмкіндік алады.
Бірақ, оның есесіне, бұл кезде роман оқиғасы баста пісіп болған еді.
Онсыз да бəрі авторға қанық жайлар болатын. Ел таныс, жер таныс. Күні
кеше Шəуешекте болған оқиғалар. Төртуыл тайпасының үкірдайы —
Демежан басындағы трагедияны (Демежан 1908 жылы Шəуешекте дарға
асылды) автор бала жастан жаттап өскен. Ру арасындағы тартыс,
Демежанның достары да, қастары да белгілі еді. Енді тек шекара бөлісіне
қатысты деректерді айқындау, қағанат тарихы мен Маншың ұлықтарының
тұрмыс тіршілігін, салт-санасын зерделеу ғана қалған-ды. Əрине, романға
кірісер алдында бұған да біраз уақыт кетеді.
Бір тəуірі, жазушы 80-жылдардын басынан бастап, кеңсе қызметін
қойып, бірыңғай шығармашылық жұмысқа шығып алған-ды. Уақыт
жеткілікті еді. Бұған енді осы уақытқа дейін бес роман, бəленбай əңгімехикаят тудырған жазушы тəжірибесін қосыңыз. Автордың жасы елуге
таяған, нағыз толысқан шағы еді.
«Таңғажайып дүние» ғұмырнамасында айтылуына қарағанда,
жазушының ең армансыз, қапысыз жазылған шығармасы — осы «Тағдыр»
болса керек. Роман 1985-жылы қазан айында басталып, 1987-жылы ақпанда
аяқталыпты. 1986-жылдың жазында бір-екі ай тыныстап алғаны болмаса,
автор əл-Фараби атындағы жазушылардың шығармашылық үйінен ешқайда
қозғалмаған. Бір тыныспен, үзбей отырып бір жарым жылда жазып
шыққан. Жазушы өз ғұмырнамасында əрқандай шығарманы екі рет
көшіретінін айтады. Алғашқы жолда «құдайдың құлаққа сыбырлағаны»
қағазға түссе, екінші рет аққа көшіргенде, өндеу, қырнау жұмыстары қоса
атқарылады. Автордың айтуынша: «Тағдыр» романы тұсында мың беттік
қолжазбаны екі қайта жазып шыққан. «Құймышық сірі болып, саусақ
сүйелденіп» кеткен.
«Тағдыр» романы — көркемдік өресі, мазмұн жағынан ғана емес, форма
жағынан да кемелдікке жеткен шығарма. Романда таразы басын тең
тартатын төрт бөлім бар. Əр бөлімі он тараудан — қырық тарау бар.
Классикалық туындыларда ғана болатын симметрия шарты толық
сақталған. Артық сөз, артық бояу, қосалқы көріністер ұшыраспайды.
Оқиғалар шашау шықпай негізгі желіге көгенделіп берілген.
Көлемі 36 баспа табақ «Тағдыр» романы ең алдымен «Жұлдыз»
журналында (1988 ж. № 4 — 5 — 6) жарияланды. Таралымы — 158 437
дана. Сол жылы «Жазушы» баспасынан 40 000 данамен жеке кітап болып
басылды. Оқырман қауым кітапты бір айдың ішінде талап əкеткен.
Романды əдебиетші қауым бірден жоғары бағалады: «Тағдыр» —
ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген роман. Ол — қазақ əдебиетінің
өз қойнауынан шыққан туынды. Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы
ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі
бойынша пішілмеген. «Тағдырды» оқып отырғанда қазақтың кең даласына
сүңгіп кеткендей рахатқа бөленесің» деп жазды кейін ол туралы профессор
Шериаздан Елеукенов.
Жазушының елеулі еңбегін əдебиет сүйер қауым ғана емес, жоғарғы
ресми орындар да бірден мойындады. 1990-жылы «Тағдыр» романына
Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді. Тағы бір атап өтетін нəрсе, сол
жылы əдебиет пен өнерге бөлінген бес сыйлықтың төртеуі бос қалып,
Қабдеш Жұмаділов бəйгеден жалғыз қара боп келді.
«Тағдыр» романы көп томдықта бірінші рет қайта басылып отыр.
Түсініктерді жазған Арман Жұмаділов

You have read 1 text from Kazakh literature.
- Parts
- Тағдыр - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4058Total number of unique words is 230935.8 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words57.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4000Total number of unique words is 233835.6 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words57.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4018Total number of unique words is 237734.8 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words55.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4073Total number of unique words is 215637.1 of words are in the 2000 most common words52.3 of words are in the 5000 most common words60.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4099Total number of unique words is 233335.1 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words56.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4139Total number of unique words is 242332.6 of words are in the 2000 most common words47.9 of words are in the 5000 most common words55.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4014Total number of unique words is 222335.4 of words are in the 2000 most common words49.4 of words are in the 5000 most common words56.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4087Total number of unique words is 230935.7 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words57.5 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4110Total number of unique words is 235634.9 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4129Total number of unique words is 224234.2 of words are in the 2000 most common words48.5 of words are in the 5000 most common words55.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4023Total number of unique words is 235332.5 of words are in the 2000 most common words46.5 of words are in the 5000 most common words54.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4045Total number of unique words is 229736.0 of words are in the 2000 most common words49.6 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3999Total number of unique words is 228635.3 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4042Total number of unique words is 224035.2 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4126Total number of unique words is 241133.8 of words are in the 2000 most common words48.3 of words are in the 5000 most common words55.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4095Total number of unique words is 231335.5 of words are in the 2000 most common words50.2 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4065Total number of unique words is 223935.6 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3998Total number of unique words is 234733.5 of words are in the 2000 most common words47.3 of words are in the 5000 most common words54.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4113Total number of unique words is 232636.0 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words58.0 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4124Total number of unique words is 228035.1 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words56.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4151Total number of unique words is 232637.4 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words58.3 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4067Total number of unique words is 231535.3 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words56.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4093Total number of unique words is 233434.2 of words are in the 2000 most common words47.5 of words are in the 5000 most common words55.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 24Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4092Total number of unique words is 234934.4 of words are in the 2000 most common words47.7 of words are in the 5000 most common words56.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 25Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4035Total number of unique words is 229633.8 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 26Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4084Total number of unique words is 231434.2 of words are in the 2000 most common words47.8 of words are in the 5000 most common words54.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 27Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4052Total number of unique words is 234934.2 of words are in the 2000 most common words48.5 of words are in the 5000 most common words55.3 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 28Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3991Total number of unique words is 232034.8 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words55.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 29Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4126Total number of unique words is 224635.4 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 30Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4081Total number of unique words is 232134.9 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words57.0 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 31Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4156Total number of unique words is 228336.8 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words59.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 32Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4198Total number of unique words is 240733.2 of words are in the 2000 most common words47.0 of words are in the 5000 most common words55.0 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 33Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4055Total number of unique words is 220134.9 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words57.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 34Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4108Total number of unique words is 232936.1 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 35Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4073Total number of unique words is 225936.7 of words are in the 2000 most common words52.5 of words are in the 5000 most common words60.3 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 36Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4075Total number of unique words is 228635.8 of words are in the 2000 most common words49.1 of words are in the 5000 most common words55.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 37Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4023Total number of unique words is 233334.0 of words are in the 2000 most common words47.8 of words are in the 5000 most common words55.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 38Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4080Total number of unique words is 238334.8 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 39Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4134Total number of unique words is 234136.6 of words are in the 2000 most common words51.2 of words are in the 5000 most common words59.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 40Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4101Total number of unique words is 232835.0 of words are in the 2000 most common words49.1 of words are in the 5000 most common words57.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 41Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4203Total number of unique words is 233134.0 of words are in the 2000 most common words47.7 of words are in the 5000 most common words54.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 42Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4112Total number of unique words is 234535.9 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words59.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 43Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4142Total number of unique words is 234336.6 of words are in the 2000 most common words52.5 of words are in the 5000 most common words60.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 44Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4182Total number of unique words is 243034.8 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 45Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 1229Total number of unique words is 90541.0 of words are in the 2000 most common words53.9 of words are in the 5000 most common words60.9 of words are in the 8000 most common words