Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Тағдыр - 37
Total number of words is 4023
Total number of unique words is 2333
34.0 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
– Патшалардың патшасы, көктің ұлы Еженханның елімізге жіберген
төтенше өкілін қарсы алып тұрғаныма мен де бақыттымын, ұлы
мəртебелім, — деді таза қытай тілінде.
Матеннің бойы Демежанның иығынан ғана келеді екен. «Мынаны қарай
гөр!» деп таңданғандай, оның жүзіне шалқалап бір қарады да, қатарында
тұрған Шəйіге қарай өте берді.
Осылай ұлықты қарсы алу, танысу салтанаты біразға созылған. Кезек əр
елдің зəңгі-елубасыларына келгенде, Шихалдай оларды бас-басына
таныстырып жатпады. «Мына-лар — керейдің игі жақсылары», «мыналар
— Төртуылдың атқамінерлері» деп, бөлек-бөлек топтасып тұрғандарды
қолымен жайқап көрсетті де, Матен-амбыны арнайы тігілген оқшау ордаға
қарай бастап жүрді.
Ұлықпен сапарлас болып бірге келе жатқан адамдар тобы да едəуір екен.
Матеннің əйелі, ер жетіп қалған ұлы мен қызы, олардың қасына ерген
нөкерлерінен басқа, шені төмен төрелер, күзет міндетін атқаратын шеріктер
бар. Сол адамдардың арасынан кенет Дохалдай мен Байсеркені көргенде,
қарсы алушылар қатты таңырқасып қалды. Дохалдай сəл ысылып, жүдеу
тартқанымен, мерейі тасып, көңілді жүргені байқалады. Желкесіндегі
айдары бұрынғыдай ұшасына түсіп тұрмағанымен, қазір өруге жарап,
едəуір ұзарып қалған. Бір сəт Демежан екеуінің көздері түйісіп қалды да,
Дохалдай жанарын тез тайдырып əкетті.
Ал Байсеркені бұл кезде Төртуыл жуандары қоршап алған-ды. Көксеген,
Ысқақ, Тыныбайлар оны тақ бір қажыдан келгендей қарсы алып,
шұрқырасып жатыр... Қазір олар үшін сонау алыс сапардан əміршінің
өзімен бірге келген Байсеркеден беделді кісі жоқ. Əлде, өздерінше
Демежанға көрсеткен қыры ма, Ысқақ бастаған бір топ самбырлай сөйлеп,
қатты даурығысып тұр. Байсерке Демежанға бұрылмады, көрмеген,
елемеген сыңай танытып, қасынан ойқастап өте берді.
Бұл кезде Матен-амбы мен консул Соковты ортаға алған қала əкімдері
арнайы тігілген қонақ үйге кіріп бара жатқан. Ұлықтар тарапынан ешкім
мезіреті жасап шақырмаған соң, əлі сырын алмаған əміршінің үстіне басакөктеп кіріп баруға ешқайсысының батылы бармай, үкірдайлар далада
иіріліп қалды. Асқақ ұлықтың бұларды адам қатарына санамай, ертпей
кеткені жандарына қанша батса да, сырттай сыр бермеген, елемеген болып,
əрнені əңгіме етіп тұр. Дегенмен, сол жақтан бір хабар бола ма деп, қонақ
үйдің есігіне оқтын-оқтын көз тастап қояды... Бір кезде іш жақтан Ысқақ
пен Дохалдай шығып, əлі де Төртуыл кісілерінің арасында тұрған
Байсеркені шақырып алды. Үшеуі манағы жүкті арбалардың бірінен
түсірген əлдебір сандықты қолдаса көтеріп, қонақ үйге қайтадан еніп кетті.
Тек осы кезде ғана мінезі шапшаң Шəйі үкірдай шыдай алмай:
– Қап, бəріміз жиналып, иманын сатқан Ысқақ пен баукеспе Байсерке
құрлы болмадық-ау! Ит өлген жерден шабылып алдынан шыққанда,
ұлықтан көрген сыйымыз осы ма? — деген намыстан тұтанғандай болып.
– Тіпті итпісің, кісімісің демеді-ау. Келмей жатып кеудесімен басып,
таптап өтті-ау! — деп Таңғыт та ширығып тұр.
Демежан өзімен қатты ойнайтын Шəйіге жалт етіп бір қарады да:
– Əттең, құрдас-ай, бала екенсің-ау! Атаң Отыншы өмір бойы
осылармен неге алысып өтті дейсің? Жасың қырық беске келгенше соны
түсінбегенің бе? —деп лекіте күлді. — Есіктен қашан сүйек лақтырады
екен деп тұрамыз ба осылай? Жүріңдер, үйге кіріп отырайық.
– Бізге жүріңдер, бүгінгі қонақасыларын менің мойнымда болсын, —
деді Шəйі қасында тұрған үкірдайларға қарап.
Барлығы дабырласа сөйлесіп, ортадағы бос үйлердің біріне бұрыла
берген. Бірақ ішке кіріп үлгермеді. Кенет арт жақтарынан əлдекімнің
шаңқылдаған, сүйкімсіз даусы естілді. Бұрылып қараса, ұлықтар үйінен
шыққан Шихалдайдың шабарманы қолындағы бір қағазды дауыстап оқып
тұр екен.
– Мамырбек төре, Керейдің үкірдайы Тұрысбек, Жұмықтың үкірдайы
Таңғыт, Мəмбеттің үкірдайы Шəйі, қалмақ үкірдайы Мадан... Сіздерді ұлы
мəртебелі Матен-амбы өз дастарқанына шақырады.
Бəрі таңданғандай бірінің бетіне бірі қарады. Тізімде Демежанның атыжөні жоқ болып шықты. Басында жаңсақ естідім бе, немесе шабарман
жаңылып айтпай кетті ме деп ойлаған. Жоқ, бəрі ап-анық, қағазға жазылған
дүниеде жаңылыс болушы ма еді. Аты аталғандардың бірден еңсесі
көтеріліп, Шəйінің де, Таңғыттың да өңдері гүл-гүл жайнап шыға келді.
Олар қонақ үйге қарай бет алғанда, Демежан сол орнында жалғыз сопайып
тұрып қалған. Шəйі ыңғайсызданғандай арт жағына жалт-жалт қарап,
жаңағы шабарманға Демежанды көрсетіп, əлденені сұрап жатты. Анау
қолындағы қағазға қайта үңілді де, бірдеңе деп басын шайқады...
Демежан олардың сөзін ақырына дейін күтіп тұра алмады. Қаны ду етіп
басына шапты да, ештеңені естімеген, көрмеген күйі теріс айналып жүре
берді. Енді бəрі де түсінікті. Матен-амбы мұны тізімге əдейі қоспаған
болды. Келе салып кескен алғашқы жазасы, кімді қырына алатынын осы
бастан жалпақ елге жариялағаны... Демежан қашан өзі түскен үйге
жеткенше, артымнан біреулер дауыстап шақырар, не қуып келер деп
дəмеленген. Бірақ іле-шала сондай пендешілікке барғаны үшін, өзіне қатты
ыза болып, қызарып кетті. «Бəсе, осылай болса керек еді. Бəсе...» дей берді
ішінен.
Енді бұл арада бір минут кідірудің өзі жан төзгісіз азап еді. Бұдан өткен
қорлық болмас. Өз үйлерінің қасына келсе, əншейінде сынаптай сусып
тоқтамайтын Төртуылдың жуандары, қас қылғандай, түгел осында тұр
екен. Барлығы ауыздарын ашып қарап қалыпты... Ақ иық қыран аюмен, не
қасқырмен айқас үстінде қапыда қанаты қайрылып, қансырап жатқанда,
жарымес жапалақтар мен талапсыз тазқаралар, құлқыны жаман құзғын мен
күншіл күшігендер осылай айнала қоршап, тасқа қонып отырар еді... Мұны
аяған, мүсіркеген, таңданған, қыбы қанған, табалаған көп көздер
Демежанның өңменінен өтіп кете жаздады.
– Неменеге тесірейе қалдыңдар? Сүйектеріне басқан қорлық, құлдық
таңбасын тамашалап тұрсыңдар ма? «Өзі жарымағанның сарқытын ішпе»
деп, сол халдайлармен табақтас болмай-ақ қойдым. Жан алғыш əзірейілім
сол болса, Матеннен келген керді көріп-ақ алдым. Тартыңдар аттың басын!
— деді ол шабармандарына ақыра əмір етіп.
Күн кешкіріп қалған-ды. Арада жарты сағат өтпей, Демежан ұлықтарға
тігілген ақ үйлерді артқа тастап, аттанып бара жатты. Қасында шабарманы
Рақымнан басқа Күдері мен Берікбол ғана бар. Төртуылдың өзге жуандары
басында қопаңдап аттарын ерттегенімен, жеме-жемге келгенде бірге жүріп
кетуге тəуекелдері жетпей, ұлықтың төңірегінде айналсоқтап қалып қойды.
IV
Іледегі шекара əскерінің полковнигі, Күре бекінісінің бұрынғы бастығы
Матен-амбының Тарбағатайға əмірші болып орныққанына да бір жылдай
уақыт өткен. Ол алғаш Шəуешекке келіп, Ши-амбының кілем мен жібекке
оранған абажадай кең кабинетіне кіргенде, «осының бəрі өңім бе, əлде
түсім бе» деп, өз көзіне өзі сенбегендей мəңгіріп қалып еді. Осыдан бірер
жыл бұрын ойы түгіл түсіне кірмеген кездейсоқ бақыттан басы айналып,
біразға дейін есеңгіреп жүрді де, кенет ұйқыдан шошып оянғандай, өз
міндетіне ашқарақтана кірісіп кетті.
Ақыры, ол бірте-бірте ес жинап, осының бəрі көктен түсе қалған бірдеңе
емес, еңбекпен алған үлесім, заңды сыбағам деп, өзін-өзі сендіре бастаған.
Бұл жөнінде өзін ақтайтын дəлелдері де жеткілікті еді. Асыл текті
маньчжур қанынан жаралмай, сіңбе халық сібеден шыққаны болмаса, бұл
да жерде жатқан біреу емес, халдайлар нəсілінен... Мұның арғы тегі
Сохалдайлар əулеті шекара күзеті үшін сонау Қиыр Шығыстан көшіріп
əкелген сібе жұртының ішіндегі ең білікті адамдардың бірі болатын.
Империяның адал құлы, шын берілген жауынгері атанды. Маншың
өкіметінің осы өлкеде орнығып қалуына жан-тəнімен қызмет етті. Арғы,
ертедегі еңбектерін былай қойғанда өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарындағы Іледегі ұйғыр-дүнген көтерілісі кезінде империя үшін
қасық қаны қалғанша аянбай алысқандардың қатарында ер жүрек Сохалдай
ұрпағы да бар еді. Матеннің өз əкесі мен екі атасы сол соғыста қаза болды.
Əкесі өлгенде, Матен əлі қабырғасы қатпаған, он бес жастағы
жасөспірім бала болатын. Ол кезде қолынан ештеңе келмесе де,
көтерілісші-бүлікшілерге деген өшпенділік мəңгі жібіместей, көкірегінде
мұз болып қатып қалып еді. Бірақ «жалған ісі ақиретке кетпейді» деген рас
екен. Кейін Матен сол қанды кектің қарымтасын неше есе қып қайтарды
ғой. Маншың өкіметі жетпісінші жылдардың басында Шыңжаңға қайтып
оралғанда, жиырмадағы жас жігіт өзі тіленіп, жазалаушы əскердің сапына
қосылған. Матеннің аямас қаталдықпен көзге түскен кезі де осы тұс еді. Не
керек, қайқы қылышын көтерілісші дүнгеннің, ұйғыр мен қазақтың қанына
армансыз суарды ғой. Кəрі демей, жас демей, тіпті бесіктегі балаға дейін
найзаға шанши бергені есінде... Сол жанкешті ерлігі Іле жаңжұңының
ілтипатына ілігіп, айрықша алғысқа, бағалы сыйлыққа ие болды. Көтеріліс
кезінде талауға түсіп кеткен əкесінің жер-суын, тағы басқа иеліктерін өзіне
қайтарып алды.
Көп кешікпей Матенді Тяньцзиндегі офицерлер дайындайтын əскери
мектепке оқуға жіберген. Ол осында үш жылдай оқып, майор шенімен
бітіріп шықты. Жақсы оқыған қабілетті офицер ретінде, ішкі өлкедегі
император армиясының құрамында ебін тауып қалып қоюына болушы еді.
Бірақ ол өзі туып-өскен Жоңғарияның кең байтақ даласы мен əкесінен
қалған мол дəулетті қимай, Ілеге қайтып оралды. Бір есептен, сонысы
дұрыс та болған екен. Орталықтағы өр көкірек маньчжур офицерлерінің
арасында көз түрткі болғанша, мына кең сахарада қонышынан басып, еркін
жүргені жақсы емес пе? Кейін ол полковник шенін алды, бекініс бастығы
болып көтерілді. Бұдан арғыны өзі де дəметпей, сол жеткен дəрежесінің
өзіне шүкірлік етіп, байлық пен мансаптың рахатын көріп жүріп жатқанды. Бұлайша аяқ астынан басына бақ қонып, еңістегі тасы өрге домалайды
деп кім ойлаған?!
Содан бері өлкеде талай əкімдер ауысып жатты. Біреулері Матенді
қолдаса, енді біреулері мұны қырына алып, шет қақпай жасаған кездері де
болды. Əсіресе Іледен былтыр ауысып кеткен кəрі жаңжұң бұл дегенде
қабағы жараспай, кірпідей жиырыла қалатыны бар-тұғын. Ол мұны осыдан
екі жыл бұрын Бежінге баратын қауіпті сапарға жібергенде, шен алып,
шекпен киіп қайтсын деп емес, барса келмеске жұмсағандай басқа бір ойда
болғаны анық.
Іле жаңжұңы өзіне қарасты бүкіл Шығыс Түркістан өлкесінен жиналған
алым-салықтың есебінен император сарайына жыл сайын мол сыйлықсыбаға жіберіп отыратын-ды. Сыйлықтың басы — мың сан сəйгүлік аттар,
жəшік-жəшік жамбы, алтын-күміс, асыл тастар болса, одан ары бағалы аң
терілері, өз алдына үлкен керуен құрайтын азық-түлік, астық түрінде
жалғаса беретін. Сол астанаға жөнелтілетін мол байлық соңғы кезде ішкі
өлкедегі ихэтуаншылар көтерілісіне, ел ішіндегі аласапыран жаугершілікке
байланысты, бір-екі жыл жіберілмей бөгеліп қалған. Жол үстіндегі əр
қалада бүлік шығып жатқанда, мұндай мол қазынаны алмағайып алыс
сапарға шығаруға осындағы ұлықтардың жүрегі дауалай қоймаған. Бірақ
жоғарғы жақтан үсті-үстіне бұйрық келіп, сұрау сала берген соң, кідіріп
қалған керуенді ақыры жөнелтуге мəжбүр болып еді.
Қандай сайтанның түрткенін кім білсін, алыс та қауіпті сапарға
аттанатын керуенді кім басқарады дегенде, Іле жаңжұңының есіне Матен
түсе кетіпті. Амал жоқ, бұйрыққа бойсұнуға тура келген. Міндет ауыр.
Керуен деген аты болмаса, мұның өзі ондаған арба, жүздеген түйеге
артылған ұзақ салқар көш еді. Оның сыртында айдап апаратын мыңдаған
жылқы мен ірі қарасы тағы бар. Жалпы сомасы миллиондаған лян тұратын
осыншама мол дүниенің тізімін Матенге ұстатты да, оны қорғауға елудей
ғана қарулы жасақ берді. Не осы байлықты шып-шырғасын шығармай
император сарайына апарасың, не сол жолда басыңды бересің. Екінің бірі.
Əлде бұған көк тəңірісінің көзі түзу болды ма, Құлжадан көктемде
шығып кеткен керуен жолда төрт ай жүріп, қоңыр күз түскенде астанаға
аман-есен жетті-ау, əйтеуір. Талай рет қолға түсіп, тонауға да ұшырай
жаздады. Кейде жолдағы бүліктің басылуын күтіп, кей бекеттерде апталап
жатқан кездері де болды. Дегенмен жырынды Матен жолдағы өкімет
орындарынан көмек ала отырып, өлдім-талдым дегенде, Бежінге жетіп
жығылған.
Бұл — ихэтуаншылар бүлігі кезінде жесір патшайым Цыси мен
император Гуансюйдің бір жарым жылдай бас сауғалап қашып жүріп,
астанаға жаңадан оралып жатқан кезі болатын. Император сарайы аяусыз
тоналып, соғыста жеңілгені үшін шет мемлекеттерге қисапсыз көп айып
төлейтін болып, Цин өкіметінің нағыз күйзеліп тұрған шағы еді. Дəл
осындай қысылшаң кезеңде ит арқасы қияндағы Шығыс Түркістаннан
осыншама мол қазынаның келе қалуы тағдырдың төтенше сыйындай
көрінген. Көктен тілегендері жерден табылғандай, император сарайының
разы болғаны сонша, осы керуенді еш пəлеге ұрындырмай аман-есен алып
келген ер жүрек офицерді жесір патшайымның өзі қабылдайтын болыпты...
Бұл хабарды естігенде, Матеннін зəре-иманы ұшып, «ой, құрыған жерім
осы шығар» деп ойлаған. Өйткені оның қолы таза емес-ті. Əкеле жатқан
алтын-күмістен жол-жөнекей қым-қырғаны, меншіктеп басып қалғаны бар
еді. Сол ұрлығым ашылған екен деп, есінен танып қала жаздаған. Не керек,
түбі қайыр болды ғой, əйтеуір.
Сарайдағы қабылдауды Матен өле-өлгенше ұмытпайды. Шалғай
түкпірде туып-өскен қарапайым халдай ұлының император сарайынан бірақ шығуы, шынында да, адам айтса нанғысыз, таң қаларлық жағдай еді.
Əтек құлдардың бастауымен салтанатты сарайдың табалдырығын
аттағанда, Матеннің есі шығып, көзі ештеңені көріп жарытпады. Əйтеуір,
алтын тақта əлдекімнің отырғанын біледі. Өзінің сол тұсқа таяу барып,
етпеттеп жығылғанын біледі. Жан дəрмен маңдайын үш мəрте жерге
тигізіп, бір заманда сүлдесін сүйретіп түрегелген... Сонда ғана байқады:
жесір патшайым небəрі бес-алты қадам жерде бұған мейірлене қарап отыр
екен. Жасы жетпіске таяп қалды дейтін емес, бет-ажарында бір тал əжім
жоқ, ұзаса қырықтағы əйел сияқты. Матеннің абдырап сасқанын қызық
көрді ме, əлде мұның келіскен, төртпақ тұлғасына қарап, мұндай еркекті
құр жібермейтін өзінің жастық шағын еске түсірді ме, жесір патшайым сəл
жымиып күлді. Сол жылы шырайын бұзбай, керуеннің Шығыс
Түркістаннан қашан шыққанын, жолда қарақшылардың қолына түсіп
қалмай, алыс жерден қалай жеткенін сұрастырды. Матеннің əскери шенін,
қандай қызмет атқарып жүргенін де тəптіштеп біліп алды. Сонан соң
мұның бетіне қадала қарап аз отырды да:
– Саған алғыс жариялаймын, полковник, — деді баяу тіл қатып. — Сенің
бұл еңбегіңді император сарайы əрқашан ескеретін болады. Сен сияқты
Цин тағына шын берілген адал жауынгерлердің астанада ғана емес,
шалғайдағы Шығыс Түркістан өлкесінен де табылғаны өте сүйсінерлік, —
деп сəл бөгелді де, қасында əмір күтіп тұрған көмекшілерінің біріне
бұрылды: — Бұйрық жаз: полковникке бүгіннен бастап Уаң атағы берілсін.
Жəне Шығыс Түркістандағы бір аймаққа амбань болып тағайындалсын!
Мəңгі естен кетпейтін, бас-аяғы он-ақ минутқа созылған осы бір сəт
Матен өмірінің ең биік шыңы еді. Шіркін, адам қолында шексіз билік болу
деген қандай ғажап!.. Тақ құдыреті деген осы екен ғой. Жесір патшайым
бұған бір ауыз сөз айтып, сиқырлы таяқшасын сілтеп қалып еді, бұл
қарапайым халдай ұлынан — уаңға, қатардағы полковниктен — амбаньға
айналды да шыға келді...
Сөйтіп, Матен былтыр жыл аяғында астана сапарынан осындай мол
олжамен оралған. Жесір патшайым Цысидың бұйрығын ешкімнің өзгертуге
қақысы жоқ. Бұл енді бірден жоғарылап, Шығыс Түркістанды уысында
ұстап тұрған жаңжұңнан кейінгі үш губернатордың бірі болуы керек.
Матен, əрине, Тарбағатайды таңдады. Осы аймақты отыз жыл билеген Шиамбыны жылы орнынан қозғаған да — сол жарлықтың дүмпуі болатын.
Сөйтіп, Матеннің бақкүндестері оның көзін құртамыз деп жүріп,
төбелеріне қалай шығарып алғанын өздері де аңғармай қалды.
Матен-амбы жаратылысынан əскери адам болғандықтан, бұл аймақтағы
алғашқы жұмысын армиядан бастады. Қала гарнизонын қайта құрып,
оларды тегіс осы заманғы от қарумен жарақтандырды. Ши-амбы
тұсындағы кəрі-құртаң, иі жұмсақ офицерлерді ауыстырып, олардың
орнына жігерлі, жас командирлер тағайындады. Жыл сайын əскери
дайындықтан өтіп қайтатын сібе-солаң, қалмақ-чахар жастарының биылғы
жаттығуын да өз қолына алып, қатаң тəртіпке салды.
Ол аймақтағы толып жатқан мекеме-кеңселерді де қайта қарап, олардың
санда бар, санатта жоқ, керексіздерін қысқартып, оның орнына жаңа
кеңселер құрды. Солардың бірі — мемлекет қауіпсіздігін қорғайтын
басқарма. Оның өзі қазір қол астында жүздеген жансызы, мыңнан астам
іріктелген жазалаушы əскері бар, өте пəрменді, беделді мекемеге айналған.
Бұл тəртіпті ол өткен жылы ішкі өлкелерден көріп, көңіліне түйіп қайтқанды.
Бұдан былай өкімет жұрттан түсетін арыз-шағымды, дау-шарды ғана
күтіп отырмайды, ел ішінде не болып жатқанын күнбе-күн еститін болады.
Бұл Маншың империясында «баужа жүйесі» деп аталады. Баужа — үлкен
қалаларды ғана емес, əр ауыл, əр шаңыраққа дейін қамтитын, жан-жаққа
тармақталып жатқан өрмекшінің торы тəрізді өте күрделі нəрсе.
Оны қазақ ортасына əкелгенде, былай болып шықты: ру басылары өз
қарамағындағы əр ауылға, ауыл ақсақалы қоңсы отырған əрбір шаңыраққа,
отағасы өз үйінің əрбір адамына жауап беруге тиіс. Кімде-кім заңға қайшы
қылмыс істесе, не өкіметке қарсы сөз айтса, қасындағы кісі тиісті орынға
қолма-қол мəлімдеуі керек. Оны істемесе, сол қылмыскердің жақтасы,
сыбайласы ретінде ол да қоса жауапқа тартылады. Сөйтіп, бір сөзбен
айтқанда, Баужа жүйесі — адамдарды бір-біріне аңдытып қойған
жансыздардың ұясы секілді бірдеңе еді.
Бала жасынан Іле өңіріндегі қалың Қызайдың, Албан-Суанның арасында
арбасып өскен Матен-амбы қазақтың тілін ғана емес, тұрмыс-салтын,
мінез-құлқын да жақсы білетін-ді. Тарбағатайдағы ел өмірімен таныса келе,
мұндағы жұрттың Іле қазақтарынан ешқандай айырмашылығы жоқ екеніне
көзі жетті. Жаратылысынан сөзге үйір, өсек-аян десе құлақтары елеңдеп
тұратын мұндай елдің арасына жансыздар мен салпаң құлақтарды күпінің
битіңдей өргізіп жіберу тіпті де қиын емес еді. Əншейінде бірінің үстінен
бірі арыз жазып, бірін-бірі мұқатып, қырқысып жүретін қазекең өрмекшінің
торына тіпті оңай шырматылды. Қазір мүлде рахат: сонау шалғайда жатқан
əлдебір ауылда əлдекім қаттырақ жөтеліп қойса да, жансыздар арқылы
Матеннің құлағына күнбе-күн жетіп жатады.
Осы жұмыстарды түгел тындырып, ретке салып алғанша, Матен-амбы
бір жыл бойы қаладан аттап шықпады. Қыр елін билеп отырған үкірдайзəңгілердің де ешқайсысына соқтықпады. Ұлық үндемеген сайын ел
жуандарының одан арман үрейі ұшып, қаупі күшейе түскен. Өзара
бəстескендей кезек-кезек тарту-таралғыларын əкеліп, əміршінің көмейін
тығындаумен жүр. Ежелден ішіп-жеп үйренген Матеннің өңеші де өлшеусіз
кең еді. Алдына келгенін қайтармай, тамағыма қылқаны кетер деместен,
алтын-күміс, асыл жамбыны, төрт түлік малды үйір-үйірімен қылғытып
жұта берді... Матен осында келгелі Мамырбек төремен майлы қасықтай
араласып кеткен. Сол Мамырбектің ақылымен, Майлының күнгей бетіндегі
Майқабақ деген жерден қыстау салдырды да, былтырдан бері жиналып
қалған көп малды сол жаққа апартқызып тастады. Бұл жер əрі көзден таса,
əрі Құлжа мен Үрімжі базарына мал айдатып тұруға өте ұрымтал еді...
Жаңа əмірші күндегі əдетінше бүгін де кеңсеге ерте келді. Ол жақында
ғана Шихалдайдың кіші қызы Маху сұлуға үйленген. Жергілікті маншың
төрелері өз əйелінен басқа тағы үш канизак ұстауға ерікті болатын. Шар
тартып қалғандікі ме, қазір Матенді өзге жұмыстан гөрі сол жас канизактар
көбірек титықтатып жүр. Оның үстіне, Маху деген де бір желімдей
жабысқан, тойымсыз пəле, шырмауықтай оратылып, қан-сөліңді сығып
алады. Бүгін де əміршінің жүзінде сондай бір жан рахатынан туған
бақытты шаршау бар.
Бұл күнде Матен-амбы бұрынғы əскери формасын тастап, байырғы
Маншың ұлықтарынша, жібек қамзол, көлкілдеген жібек желең киетін
болған. Асықпай маңғаз басып келіп, өз орнына жайғасты да, көмекшісіне
ішке ешкімді кіргізбеуді бұйырып, үстелінің үстінде жатқан əлдебір
папкаларды аударыстыра бастады.
Былтырдан бері Матен-амбы Баужа жүйесі арқылы қазақтың атқамінер
ру басылары туралы мол-мол материал топтап, олардың кісілік қалпын,
мінез-құлқын түгел анықтап болған-ды. Кім қорқақ, кім батыр, кім жомарт,
кім сараң, үкірдайлардың елі ішіндегі бет-беделі қандай, өкіметке шын
беріліп, адал қызмет істейтіні қайсы, кімнің ішінде қыжыл, қарсылық,
бүкпе бар — осының бəрі қазір əміршінің алақанында. Рулар арасындағы
дау-шар, өштік, араздықты да зейін қоя зерттеп, тəптіштеп біліп алған.
Үкірдайлар мен зəңгілердің əрқайсысына жеке-жеке ашылған папка бар.
Матен-амбы қазір соларды қарап отыр.
Сол папкаларды өзара салыстырып, салмақтап келгенде, «бізге керек
адам» деп, ең алдымен бөліп алғаны — Мамырбек төре болды. Иə,
Мамырбекке сенуге болады. Арғы тегі — ақсүйек, хан тұқымынан... Олар
қашанда көне тəртіпті жақтайды. Басқалар сияқты төрелердің арт жағында
тіреп тұрған рулы елі, қорғаныш тірегі жоқ, өз үстемдігін сақтап қалу үшін
амалсыз өкіметті жағаттайды... Ал Керейдің өзге ру басылары онымен өмір
бойы билікке таласып келе жатқан көрінеді. Мейлі, талассын, алыссын.
Мамырбектің де мазасын май ішкендей кетіріп, үнемі қыл үстінде
қыпылдатумен болсын. Оларды да есек дəмемен емексітіп қою керек.
Қазақтың айдай алмай жүрген көп малын аяйсың ба, сайлау сайын
ұлықтың көңілін табамыз деп, шашылсын да жүрсін. Ал шынтуайтқа
келгенде, бізге керегі —төре тұқымы. Олар бағынышты жұртын қалай бір
шыбықпен айдаса, өзінен жоғарғы ұлыққа да қалай жағынуды біледі...
«Демек, дəл қазір бізге Керей ішінен төрелерден қолайлы одақтас табу
қиын» деп, Матен сыртында «Мамырбек—Тұрысбек» деген жазуы бар
папканы былайырақ алып қойды.
Оның астында жатқан екінші папканы қолына алып еді, бұл əкелібалалы Еңсе мен Таңғыт туралы анықтамалар екен. Еңсе — Жұмықтың
тұңғыш үкірдайы, Меккеге барып келгелі Еңсе қажы атанады. Осы беттегі
Жұмықтын басын құрап, Еженханға бағындыру жөнінде көп еңбек сіңірген
адам. Кейінгі кезде үкірдайлығын баласы Таңғытқа өткізіп, өзі үйінде
құдай жолын ұстанып жатқанымен, ел ішіндегі беделі арта түспесе кеміген
жоқ... Ал Таңғыт жас болғанымен, өзінің өлер жерін білетін, өкіметке
қарсы ашық айқасқа бармайтын, қазақ үкірдайларының ішінде аса айлалы,
сақ жігіт. Сірə, атадан балаға жалғасып келе жатқан бұл кішкентай
династияны да əзірше қозғамай, орнында қалдыра тұрған жөн болар.
Папканы аударыстырып отырған Матеннің көзі кенет əлдебір қағазға
түсіп, мұртының астынан жымиып күлді. Еңсе билікті баласына өткізерде
мынадай өсиет айтыпты: «Ел басқару деген оңай емес, балам. Оған байлық
пен қара күштен басқа, ақыл мен айла да керек. Тұтас Жұмықты уысымда
ұстаймын десең, Қошқарбайдың ұрлығын тыям деп əуре болма,
Мəметектің екі жақсысының басын бір жерге қоспа, Шотай мен
Əлмəмбеттен дастарқаныңды аяма. Сонда қалмақпен іргелес отырған Саты
мен Қараша өзі-ақ келіп қолтығыңа тығылады» деген екен... Өз елінің
аужайын түйіп болған, рулардың тамырын дəп басып біліп отырған, нағыз
тісқаққан адамның сөзі ғой бұл. Мейлі, Таңғыт та орнында қала тұрсын.
Əкесінің өсиетін орындап, езінің Мəметек, Қошқарбай, Шотайымен
аңдысып жүре берсін.
Келесі папка Мəмбеттің қазіргі үкірдайы Шəйіге арналған еді. Шəйі —
бұл елдің үшінші үкірдайы. Басқалар сияқты тұқым қуалаған династия
емес. Бүгінге дейін билік Мəмбеттің екі жуан руы Тоғалақ пен Туматайға
кезек ауысып отырыпты. Шəйінің атасы Отыншы би — осыдан қырық жыл
бұрынғы дүнген дүрбелеңі кезінде Цин өкіметіне қарсы қолына қару алып
күрескен кісі. Ал мұндай адамның ұрпағы билік басына қалай келіп жүр?
Матен ойланып қалды. Шəйіні үкірдайлыққа көтерген кəрі тарлан Шиамбының басында қандай есеп болды екен? Əлде күшігінде таланған,
жазықты адамның баласы енді қайтып бас көтермейді, жалтақ, жасық
болады деп ойлады ма? Кезінде солай қаралуы да мүмкін-ау. Демек, кезінде
өкіметке қарсы оппозицияда жүрген адамдарды осылайша бауырға тарту,
көңілін аулау керек болған ғой... Ал Шəйінің өз басы былай жаман жігіт
көрінбейді. Ійі жұмсақ, елгезек адам сияқты. Өзінің қолы да ашық екен: əр
жолы қалаға келген сайын «отырған орнына көрімдігім, келген жолына
ерулігім» деп, сый-сыяпат ала келуді ұмытпайды... Дегенмен, оған онша
сеніп те кетпей, əр қадамын аңдып отыру керек болар.
Келесі бір папкаға көзі түскенде, əміршінің қабағы күрт түйіліп, ауруы
жанына батқан адамдай тыжырынып қалды. «Бұлардың бəрі де ештеңе
емес-ау, басқаларының жарасы жеңіл. Бəрінен де мына Төртуылдың
үкірдайы Демежаннан құтылу қиын боп тұр-ау» деп ойлады Матен, əлдебір
жарылғыш затты ұстағандай əлгі папкаға қолын еппен апара беріп.
Бұл папка басқаларынан гөрі қомақтылау еді. Демежанның өмірбаяны да
қызық: Өзі таза Төртуыл емес, бұл елге жиен екен. Төртуылдың тұңғыш
үкірдайы Керімбайдың қарындасынан туыпты. Əкесі Керей ішінен шыққан
бір бұзақы көрінеді. Баяғы көтеріліс кезінде өкіметке қарсы қылмысы үшін
жазаға тартылған... Демек өкіметке қарсылық оның қанында жатыр деген
сөз... Бірақ өзі қаршадайынан Керімбайдың тəрбиесінде өсіпті. Кейін Шиамбының қолында аманатта жүріп оқыған. Қытайша жақсы біледі. Шиамбының еркесі, ең жақын көмекшілерінің бірі болыпты. Керімбай өлген
соң, Төртуыл жуандарының қарсылығына қарамай, үкірдайлыққа соны
күшпен бекітіп жіберген. Сол үшін ру басыларының көбі Демежанға өш.
Өз үкірдайларының бойында Керейдің қаны жартылай тулап жатқанын
кешірмейді.
Бірақ өзін қанша сыртқа тепсе де, Демежан бұл елден қасарысып кетер
емес. Өз руластары — Керейлер неше дүркін кісі салып, «ортамызға кел,
Мамырбектің орнын алып берейік» деп қанша шақырса да бармаған. Өз
дегені болмаса ырыққа көнбейтін, бір беткей, өр мінездің адамы... Ел
ішіндегі ру жігін мансұқ етіп, өзінше қазақты бір тудың астына топтағысы
келеді. Бірақ онысынан əзірше ешбір нəтиже шықпапты... Ал
көшпенділерді отырықшылыққа үндеп, егін салуға баулығаны жеміссіз
емес. Қазір тау өзенінен тоған тартып, қазақтар да егін еге бастаған.
Халдайларға қаны қас. Осыдан екі-үш жыл бұрын, Абдыра аңғарындағы су
таласы кезінде Дохалдайды күшпен басып отырып, айдарын кесіп алған.
Демежанның халдайларға бұлай өшігуі жайдан-жай емес, оның ар жағында
Маншың үстемдігіне деген зілді қарсылық жатқаны өзінен-өзі түсінікті.
Жансыздардың астыртын мəліметі бойынша, Демежан жүрген жерінде
тым кесек сөйлейтін көрінеді. Маншың өкіметінің күні санаулы екенін,
ендеше империяның итаршысы халдайлардың да үстемдігі көп ұзамай
құлайтынын шаршы топтың алдында бірнеше рет қайталап айтыпты...
Сонда оған не жетпейді? Ши-амбыдай мəртебелі ұлықтың тəрбиесін
көрген, мансап-биліктен кенде емес, ауқатты бай адамның бойындағы
мұндай мінезді қалай түсінуге болады? Демек, Демежан мемлекеттің ішкітысқы жағдайынан мол хабардар деген сөз. Ол жалғыз емес. Оның сауатын
ашып, өкіметке қарсы айдап салып, желіктіріп жүрген тағы біреулер бар...
Ол кім сонда? Саяси қылмыстары үшін ішкі өлкеден жер ауып келген
бұзақылар болушы еді. Əлде ішкеріде бықсып жатқан өрт ұшқынын əкеліп,
əр жерге от тастап жүрген — солардың ісі ме?
Матен-амбы осы сұрақтың шешуін тапқанша тыным көрмей, жансыздар
арқылы Демежанның қала мен даладағы байланысты адамдарын түгел
сүзіп шыққан. Ақыры жіптің ұшығы шықты-ау бір жерден. Қалың
шиырдың арасынан соқыр сүрлеудің сорабы мен мұндалап көріне кетті...
Демежан гимназияда оқып жүргенде, саяси сенімсіздігі үшін ішкі өлкеден
Шығыс Түркістанға жер аударылған Ли-шансың деген біреуден сабақ
алыпты. Сонан кейін де бұлар ұстаздық-шəкірттік байланысын үзбей, ұзақ
жыл достық қатынаста болған. Екеуінің жақындығы сонша, əлгі Лишансың өлерінің алдында өзінің өмір бойы жинаған том-том кітаптары мен
жасырын жазбаларын, басқа біреуге емес, Демежанға қалдырыпты.
Анықтай келгенде, оның жалғыз Ли-шансың ғана емес, ішкеріден жер ауып
келген басқа да қытай босқындарына бүйрегі бұратыны мəлім болды.
Саяси жағынан күмəнды, ағайынды Жандардың үй-ішін өз зəйімкесіне
көшіріп апарып, ұзақ жылдан бері ұстап отыруы да — соның бір дəлелі.
Демежанның заңға сыймайтын
келмей тұрып-ақ естіген. Оның
Дохалдай мен Байсерке Құлжада
сапарлас болған шақта да мұндағы
іс-əрекеті туралы Матен-амбы мұнда
үстінен ұлыққа шағым айта барған
жүрген кезінде де, кейін ұзақ жолда
жағдайды екі жақтап, құлағына құйып
болған-ды. Демежан туралы даттау сөздерді көп естігені сонша, Матеннің
көз алдына əлдебір құбыжық елестеген. Алғаш рет Демежанды Майлының
кезеңінде көрді ғой. Былай барлап қараса, ондай қорқынышты ештеңесі
жоқ, түр-тұлғасы келіскен, аса ажарлы қазақ екен. Кеудесін ешкімге
бастырмайтын өр екені, тəкаппар екені байқалады... Сол жолы ет қызумен
бұл оның қырын сындырмақ болып, əрі сынап көру үшін, басқа
үкірдайларды дастарқанға шақырғанда, Демежанды əдейі қалдырып кетті.
Онысы үшқарылық болды, əрине. Жауды бірден секем алдырып, үркітудің
қажеті жоқ еді. Демежан, бұл ойлағандай, аяғына жығылып, жалбарынған
жоқ, өзінің қайтпас қайсарлығына басып, тамам елдің көзінше мұны
жұртқа тастады да жүре берді.
Бұл Шəуешекке келгеннен кейін де: «Демежанды қолға алып, абақтыға
жабыңыз. Тіпті болмаса үкірдайлығын тартып алып, биліктен
тайдырыңыз» деп қолқа салушылар аз болған жоқ. Демежанға қаны қас
халдайлар да, үкірдайлықтан дəмелі оның өз руластары да топ-тобымен
келіп, осындай тілекті көп айтқан. Бірақ Матен-амбы асықпады.
Демежанның сары ізіне түсіп, бүкіл қылмысын жіпке тізіп алғанша,
ешкімге тіс жарып, сыр бермеді. Өйткені əміршінің көздегені оны
мансаптан тайдырып қана қою емес, реті келсе империяның жауы ретінде,
көзін біржола құрту болатын. Тек, соның шартын əлі де болса толтыра түсу
керек... Түлкінің қызылдығы — өзінің соры. Қайта, Демежанның əзірше
билік басында жүре тұрғаны жақсы. Бақталастарының күндестігін
қоздырып, ру басшыларымен арасы əбден ушығып, түзелместей асқына
берсін. Қазақтың сыры белгілі ғой. Бір күні өздері-ақ келіп, «мына
Демежаннан бізді құтқара гөр» деп жалынатын болады.
Матен-амбы папканың ішіне тігілген əртүрлі қағаздарды аударыстырып
ұзақ отырды. Былай ойлап қараса, Демежанға деген тор жайылып, тұзақ
құрылып болған екен. Енді тек орайы келгенде жіптің ұшын саумалай
тартып, шырмап жығу ғана қалыпты. Төртуыл жуандарын іске қосатын,
осындағы үкірдай-зəңгілердің қолымен от көсейтін кез келген сияқты... Ол
алдында жатқан шымшық торғайдай ғана жез қоңырауды қақты да, есіктен
бас сұққан көмекшісіне:
– Маған Шихалдайды шақыршы, — деді қысқа бұйырып.
Көп кешікпей ішке аяғын мысықша басып, Шихалдай кірді. Ол қазір де
осындағы бас халдай саналатын. Əміршінің алдына келіп, сəл иіліп тəжім
етті де, таяу тұрған орындыққа жайғасты. Бұрынғы Ши-амбының
кезіндегідей емес, өзін қазір еркінірек сезінеді. Билік басында құлағына

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Тағдыр - 38
- Parts
- Тағдыр - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4058Total number of unique words is 230935.8 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words57.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4000Total number of unique words is 233835.6 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words57.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4018Total number of unique words is 237734.8 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words55.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4073Total number of unique words is 215637.1 of words are in the 2000 most common words52.3 of words are in the 5000 most common words60.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4099Total number of unique words is 233335.1 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words56.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4139Total number of unique words is 242332.6 of words are in the 2000 most common words47.9 of words are in the 5000 most common words55.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4014Total number of unique words is 222335.4 of words are in the 2000 most common words49.4 of words are in the 5000 most common words56.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4087Total number of unique words is 230935.7 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words57.5 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4110Total number of unique words is 235634.9 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4129Total number of unique words is 224234.2 of words are in the 2000 most common words48.5 of words are in the 5000 most common words55.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4023Total number of unique words is 235332.5 of words are in the 2000 most common words46.5 of words are in the 5000 most common words54.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4045Total number of unique words is 229736.0 of words are in the 2000 most common words49.6 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3999Total number of unique words is 228635.3 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4042Total number of unique words is 224035.2 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4126Total number of unique words is 241133.8 of words are in the 2000 most common words48.3 of words are in the 5000 most common words55.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4095Total number of unique words is 231335.5 of words are in the 2000 most common words50.2 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4065Total number of unique words is 223935.6 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3998Total number of unique words is 234733.5 of words are in the 2000 most common words47.3 of words are in the 5000 most common words54.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4113Total number of unique words is 232636.0 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words58.0 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4124Total number of unique words is 228035.1 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words56.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4151Total number of unique words is 232637.4 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words58.3 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4067Total number of unique words is 231535.3 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words56.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4093Total number of unique words is 233434.2 of words are in the 2000 most common words47.5 of words are in the 5000 most common words55.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 24Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4092Total number of unique words is 234934.4 of words are in the 2000 most common words47.7 of words are in the 5000 most common words56.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 25Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4035Total number of unique words is 229633.8 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 26Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4084Total number of unique words is 231434.2 of words are in the 2000 most common words47.8 of words are in the 5000 most common words54.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 27Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4052Total number of unique words is 234934.2 of words are in the 2000 most common words48.5 of words are in the 5000 most common words55.3 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 28Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3991Total number of unique words is 232034.8 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words55.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 29Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4126Total number of unique words is 224635.4 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 30Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4081Total number of unique words is 232134.9 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words57.0 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 31Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4156Total number of unique words is 228336.8 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words59.9 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 32Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4198Total number of unique words is 240733.2 of words are in the 2000 most common words47.0 of words are in the 5000 most common words55.0 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 33Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4055Total number of unique words is 220134.9 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words57.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 34Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4108Total number of unique words is 232936.1 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 35Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4073Total number of unique words is 225936.7 of words are in the 2000 most common words52.5 of words are in the 5000 most common words60.3 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 36Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4075Total number of unique words is 228635.8 of words are in the 2000 most common words49.1 of words are in the 5000 most common words55.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 37Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4023Total number of unique words is 233334.0 of words are in the 2000 most common words47.8 of words are in the 5000 most common words55.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 38Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4080Total number of unique words is 238334.8 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.8 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 39Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4134Total number of unique words is 234136.6 of words are in the 2000 most common words51.2 of words are in the 5000 most common words59.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 40Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4101Total number of unique words is 232835.0 of words are in the 2000 most common words49.1 of words are in the 5000 most common words57.2 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 41Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4203Total number of unique words is 233134.0 of words are in the 2000 most common words47.7 of words are in the 5000 most common words54.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 42Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4112Total number of unique words is 234535.9 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words59.4 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 43Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4142Total number of unique words is 234336.6 of words are in the 2000 most common words52.5 of words are in the 5000 most common words60.6 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 44Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4182Total number of unique words is 243034.8 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Тағдыр - 45Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 1229Total number of unique words is 90541.0 of words are in the 2000 most common words53.9 of words are in the 5000 most common words60.9 of words are in the 8000 most common words