Latin Common Turkic

Шыңғысханның Ақ Бұлты - 1

Total number of words is 4208
Total number of unique words is 2260
32.0 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Хикаят
Азияның ұлы даласын көктей өтіп, Батыс әлемін жаулап алуға
аттанған Шыңғысхан Сарыөзек даласында жасы да, кәрісі де атқа
қонған сарбаз болып саналатын тұтас халық – мың сан әскерін
иіріп қойып, дәстүрден аттап күнәға батқан жүзбасы мен жеңіс
тойын тойлағанда ғана көтерілетін алтын тінді жауынгерлік туларға
аузынан жалын шашқан айдаһар бейнесін кестелейтін әйелді
жазалады – қаһарлы қағанның бұйрығына бағынбаған екі бәтшағар
дарға асылды…
Бұл кезде Еренқабырғадан Орал тауына дейінгі ұлан-ғайыр
даланы алып жатқан алып Азия Шыңғысханның алдында толығымен
тізе бүккен болатын. Өзіне дейін бірде-бір әмірші толық билігін
жүргізе алмаған осы тұтас әлем – жер бетіндегі ең үлкен құрлықты
ұлдары мен немерелері, одан қалды, қолбасылары басқаратын
ұлыстарға бөліп берді. Енді тек Еділ өзенінің арғы беті – Европа
Шыңғыс Айтматов
жерін мекендейтін елдер мен халықтарды бағындыру ғана қалған
еді.
Сарыөзек даласына сары күз келген уақыт. Жаздың аптабында
құрғап кеткен өзен-көлдердің арна-айдыны ағыл-тегіл жауған ақ
жаңбырдан кейін көз жасындай мөлдір де таза суға толы, демек,
қалың әскер жол бойында ат суарудан қиындық көрмейді. Дала
әскері асығыс-тұғын. Жорықтың ең қиын да ауыр кезеңі – осы
Сарыөзек даласын кесіп өту.
Әрқайсысы он мың жауынгерден тұратын үш түмен әскер – үш
ауыр қол қанатын жая жортып, алда бара жатты. Отыз мың аттың
тұяғынан көтерілген қалың шаң дала өртінен кейінгі түтіндей
бұрқырап, көкжиекті көлегейлеп тұрып алды, түмендердің қуаты
осының өзінен-ақ білінгендей. Жорыққа керекті сан алуан құралжабдықтың сақадай сай тұруы үшін жауапты екі түмен әскер жолда ауыстырып мінетін қосарлы аттар мен қалың әскер күн сайын
қорек ететін үйір-үйір қысырақты айдап артта келеді – олардың
кейіндеп қалмағанына көз жеткізу үшін айналып артқа қараса жетіп
жатыр – ол жақта да көкке шұбатылған қалың шаң сейілмеуге
тиіс. Оның үстіне, көз жетпейтін қашықта қатар келе жатқан басқа
да жасақтар бар. Қалың әскердің қос қанатындағы әрқайсысы үш
түменнен тұратын екі қолға хабар жеткізу үшін салтатты шабарман
үш-төрт күнде әзер жетеді. Бұл екі қол Еділге қарай жеке-жеке бет
алған. Осы он бір түменнің қолбасшылары суық түскенге дейін Еділ
өзенінің жағасында ханның жорық шатырында кездесуге тиіс, сол
жерде алдағы қимылдың жоспарын құрып, Шыңғысханның өзі де,
оның қолбасшылары да, әрбір жауынгер де армандап жүрген аты
жер жарған бай елдерді бағындырып, табанына салып таптау үшін
Еділ мұзын басып өтетін уақытты белгілеу керек.
Айбарынан ай толқыған ауыр қол жорық барысында ештеңеге
алаңдамай, кідірмей, уақытты текке өткізбей алға жылжи берді.
Әскермен бірге шаруашылықпен айналысатын әйелдер де келе жатыр, бар пәле осыдан басталды.
Тау құлаған
Жанында жарты мың жасауылы мен кезеуілі бар Шыңғыс
қағанның өзі көк айдында қалқыған жүзбелі аралдай, қалың қолдың
қақ ортасында келеді. Бірақ мұнда да басқалардан оқ бойы озық,
жалғыз өзі жеке жортып келе жатыр. Дүниенің төрт бұрышын түгел
бағындырған құдіретті әмірші жанына жан жуытпайтын, әсіресе,
көп сөйлемей, алды-артыңды бірдей бағамдап, бәрін мұқият ойластыруды керек етеін жорық кезінде бұл тәртіп қатаң сақталады.
Қағанның мінгені – жарты әлемді бірге шарлаған, жотасы
теңіздің тасындай жұп-жұмыр, кеудесі шығыңқы, жалы күдірейген,
жүрісі жібектей жұмсақ қара құйрық, ақжал жорға. Ханның
жылқышылары алтынмен апталып, күміспен күптелген ер-тұрманы
жарқыраған екі бірдей ерулі атты жетектеп келеді. Астындағы атынан тер шықса-ақ болды, қаған дереу басқасына ауысып мінеді.
Бірақ, бұл жорықтағы елден ерек нәрсе Шыңғысханның
алмастың жүзіндей жарқылдаған, әрқайсысы жүз жігітке татитын,
қағаны үшін жанын беруге дайын тұрған жаужүрек жасауылдары
мен кезеуілдері де, олардың сом алтындай сирек кездесетін
сәйгүліктері де емес еді. Жоқ, бұл жорықтағы ғажап нәрсе мүлдем
басқа болатын. Жол бойы Шыңғысханның басын күннен көлегейлеп
бір шоқ бұлт еріп келе жатты. Қаған қайда барса, әлгі бұлт та соңынан
ере жүреді. Ауқымы алты қанат ақ ордадай шоқ бұлт бейне бір жанды мақұлықтай-ақ Шыңғысханның артынан ерді де отырды. Бірақ,
соны аңғарған ешкім болған жоқ: аспанда жүрген бұлтта кімнің
қандай шаруасы бар – ал, ол Көк тәңірісінің Жер бетіндегі билеушіге
деген шарапатының белгісі болатын. Мұны тек Шыңғысханның өзі
ғана білетін, сондықтан мұның шынымен де өзін бәле-бәтерден
сақтау үшін Тәңірінің бұйрығымен жіберілген жебеушісі екеніне
көзі анық жеткендей іштей масаттанып келе жатты.
Шоқ бұлттың пайда болатынын әлдебір кезбе көріпкел болжаған
еді, Шыңғыс қаған бірде оны шатырына шақырып қонақ қылған.
Жатжерлік балшы басқалардай мұның алдында құлдық ұрып құрдай
жорғалаған жоқ, жағынып-жағымпаздануды да ойына ала қоймаған,
Шыңғыс Айтматов
тек өзіне ғана мәлім құпия сырды бұған еш бүкпесіз айтып берді.
Алтын шатырдың ішінде құрылған хан тағында шалқая отырған
дала билеушісінің қаһарлы келбетінен ыға қоймаған сыйдиған арық,
жұпыны киінген, әйелдердің шашындай ұзын да жалбыр шашы
иығына түскен көріпкел басын иіп тәжім етпеп еді. Жатжерлік өткір
көзді, қауқиған сақалы бар, қараторы, ашаң жүзді адам екен.
– Ұлы қаған, – деді ол тілмаш ұйғыр арқылы өз тілінде, – мен
саған Көк Тәңірінің көңілі түсіп, өзіңе арнап ерекше шарапат
жібергелі отырғанын айтуға келдім.
Мұндайды күтпеген Шыңғысхан бір сәт мүдіріп қалды. Мына
келімсек не ақылынан алжасқан, немесе бұл сөзінің өзіне қандай
пәле болып жабысатынын түсінбей тұр.
– Ол не шарапат, сен оны қайдан білесің? – деп сұрады әмірші
әлгі сөздің қитығына тигенін жасырмақ болғандай маңдайын
тыжырып.
– Қайдан білетінімді айта алмаймын. Бұл құпияның шарты –
осы. Ал, оның белгісі қандай екенін айтуыма болады – төбеңде бір
шоқ бұлт үйіріліп жүреді және қайда барсаң да артыңнан қалмайды.
– Шоқ бұлт па?! – деп қасын керді Шыңғысхан таңданғанын
жасыра алмай. Ханның қаһар төгуін күткен шатырдағылар түгелдей
іштерінен тына қалды. Қорыққаннан тілмаштың ерніне дейін
бозарып кетті. Егер әлгі кезбе жазаланар болса, мұның да аман
қалмасы анық.
– Ия, шоқ бұлт, – деп жауап қатты балшы. – Ол сенің жер бетінде
әмір жүргізуіңді Көк Тәңірінің өзі қолдайтынының белгісі болмақ.
Бірақ, сол бұлтты көзіңнің қарашығындай сақтауға тиіссің, егер одан
айырылар болсаң, онда барлық айбар-қуатыңды да жоғалтқаның…
Алтын шатырдың ішінде жым-жырт тыныштық орнады. Сол
сәтте Шыңғысханнан бәрін күтуге болатын еді, бірақ ошақ басындағы оттың өлімсіреп барып жалп етіп өше қалатынындай, ханның
ашуы да кенеттен басыла қалды. Адуын ашуын әзер тежеген
ол қаңғыған әулиенің сөзін астамдық деп бағаламау керектігін,
Тау құлаған
сондықтан оны жазаға тарту дұрыс болмайтынын түсінген еді,
әйтпесе өзінің хан атына кір келтіруі мүмкін. Сонда Шыңғысхан
жымысқы жымиысын жез мұртымен жасырып былай деді:
– Жарайды, бұл сөзді аузыңа Көк Тәңірі салды делік. Осыған
мен де сенген болайын. Бірақ, маған мынаны айтшы, кемеңгер
кезбе, аспанда жүзіп жүрген бұлтты қалай сақтамақпын, оған менің
әмірім жүре ме? Әлде атқа қанат бітіріп, үстіне сенімді бақташымды
отырғызып әлгі бұлтты қарауылда деп аспанға ұшырайын ба? Олай
болса, оны неге біржола ауыздықтап алмасқа?! Сонымен, қалай
ойлайсың, жел қуған аспандағы бұлтты қалай сақтасам екен?
– Бұл сенің шаруаң, – деді келімсек қысқа қайырып.
Тағы да бәрі тым-тырыс бола қалды, шатыр ішінде өлі тыныштық
орнады, тілмаштың ерні тағы да бозарып сала берді, есуастығынан
ба, әлде басқа бір себебі бар ма – өзін-өзі өлімге кескен бейшара
көріпкелге қарауға батпай бәрі де көзін төмен салды…
– Тарту-таралғысын беріп шығарып салыңдар, – деп әмір етті
Шыңғысхан, қағанның бұл сөзі қорқыныштан қалтырай бастаған
қосшыларының жанына қаңырығы кепкен шөл далаға тамған
жаңбыр тамшысындай әсер етті.
Осы бір ыңғайсыздау оқиға көп ұзамай ұмытылып та кеткен.
Бұл әлемде неше түрлі жарыместер бар емес пе, әлгі көріпкел
де солардың бірі болар. Өзін тылсым дүниеден сыр ұққан жаңа
пайғамбар санап дүние кезген біреу де. Дегенмен, әлгі кезбе
тек өзінің ақымақтығынан ғана өмірмен қоштаса жаздады деу
дұрыс болмас еді. Өзін не күтіп тұрғанын білсе керек еді ғой!
Хан жасауылдары табан астында қол-аяғын қайырып, астамдығы
мен арсыздығы үшін ат құйрығына байлап өлтіруі әбден ықтимал
болатын. Айдалада арыстанмен оңаша жолыққандай, айбарлы
әміршінің алдында жүзі шімірікпей осындай сөзді айтуға бірдеңе
түртті емес пе оны?! Сол түрткі тек ақылынан адасқан бейбақтың
ессіз қылығы ғана ма, әлде шынымен Тәңірінің бұйрығы ма?
Құйындай ұйтқыған дауылды күндердің тасасында ұмыт қалған
Шыңғыс Айтматов
сол бір кезбенің айтқан сөзін Шыңғысхан арада екі жыл өткен соң
ғана есіне алды. Батыс жорығына дайындалуға тура осынша уақыт
кеткен болатын. Кейіннен Шыңғысхан өз ұлысының ауқымын
қайтсем кеңейтем деген арманын жүзеге асыру мақсатында әлемді
табанына салып таптау үшін қажетті күш-қуат пен қаражат жинау, көкейін тескен мұраты – әлі ат тұяғы жетпеген жерлер мен
өлкелерді басып алып, жеңіліс дегенді білмейтін сайыпқыран әскері
басып өткен барлық жерді түгел өзіне бағындырып, Дүниенің төрт
бұрышын түгел билеу туралы ашкөз арманын орындау жолындағы
ең бір қауырт қимылға толы кезең осы екі жыл екенін пайымдаған
болатын. Дала билеушісінің қатігез болмысы мен тарихтан алатын
орны оның бүкіл әлемді жалғыз билеп, теңдессіз құдіретке қол
жеткізсем деген есірік қиялын іске асыруға ұмтылысынан туындайтын. Сондықтан, оның қол астына қараған Азияның ұлан-ғайыр
даласындағы небір ұлыстар мен оларды мекендейтін жандардың,
асқан қаталдықпен бір адамның қол астына топтастырылған сан
алуан тайпалардың тірлік-тынысы, барлық қалалар мен көшпелі
ауылдардағы бай-бағлан мен жоқ-жітіктердің, айналып келгенде,
кім екеніне де, немен айналысатынына да қарамастан, қағанның
құзырына бағынған барша адамның өмірі жаңа жерлерді жаулап
алып, жаңа халықтарды бағындырсам деген осы ессіз құмарлыққа
қызмет ететін. Сондықтан да олардың бәрі бір ғана мақсатқа, бір ғана
жоспарға – Шыңғысханның әскери қуатын арттыруға, жетіспегенін
толтыруға, барын бұрынғыдан да жетілдіре түсуге бағышталған
еді. Жер қойнауынан қазып алып, қару жасауға жарайтын кен
атаулының бәрі, бүкіл жасампаз еңбек Шыңғысхан жауынгерлерінің
әрқайсысы мол олжаға кенелсін деп күтіп жатқан Европаға сұрапыл
шабуыл жасап, оның ертегідегідей бай қалаларын, атты кісінің
белуарынан келетін көкорайлы қалың ормандарын жаулап алуға
арналған еді; ол жерлерде қымыз деген өзен боп ағып жатады,
Шыңғысханның аузынан от бүріккен айдаһар бейнеленген туы
астында жорыққа шыққан әр шерік ыстық құшағы ләззатқа толы
Тау құлаған
ғашығын жұмарлағандай, әлемді билеудің рахатына бөленеді екен.
Сондықтан, іркілмей алға басып, бәрін жаулап алып, дүниені түгел
бағындыру керек! Ұлы қаған осылай бұйырған, ал, оның бұйрығы
сөзсіз орындалуға тиіс…
Ал, Шыңғысхан мейлінше көреген әрі есепшіл, өз ісіне жетік
адам болатын. Ол Европаға басып кіруге дайындық барысында ұсақ-түйекке дейін бәрін екшеп, електен өткізген еді. Ол
өзінің жансыздары мен басқа халықтардан шыққан сатқындар,
көпестер мен саяхатшылар, кезбе дәруіштер, шаруақор қытайлар
мен ұйғырлар, арабтар мен парсылар арқылы қалың әскердің
жорығына қажетті мәліметтерді, неғұрлым қолайлы жолдар мен
өткелдердің қайда орналасқанын біліп алды. Әскер өтетін жерлерде тұратын халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, діні,
сауда-саттығы, немен айналысатыны мұқият зерттелді. Қаған
жазу-сызудан мақұрым болатын, бірақ осы деректердің бәрін жадында сақтап, әрқайсысының пайдасы мен зиянын ойластырып
та қойған.
Тек сонда ғана бар шаруаның үйлесімді болуына, ең бастысы – бұлжымас темір тәртіпті сақтауға қол жеткізуге болатын еді,
осы арқылы ғана табысқа жетуге болатын. Шыңғысхан ешқандай
қамсыздыққа жол бермейтін, өзінің басты мақсаты, өмірлік мұраты
– Батыс жорығына ешкім де, ештеңе де кедергі келтіре алмауға
тиіс. Нақ сол кезде, өзінің алдағы әдіс-амалын ойластыра келіп,
Шыңғысхан бұрын-соңды болып көрмеген қатал бұйрық шығарды:
жасы мен кәрісі түгел әскер болып табылатын халықтың арасында
жорық кезінде бала тууға тыйым салынды. Мәселе мынада,
көптеген жауынгердің жүкті әйелдері мен жас балалары әскермен
бірге көшіп, жорық шатырларында тұратын, қалың қолмен бірге
еріп жүретін. Бұл да өмірлік қажеттіліктен туған салт еді, өйткені,
ешқашан бітіп болмайтын руаралық, тайпааралық шайқастар
кезінде жауыққан ұлыстардың әскерден бөлініп, қорғаусыз қалған
қатын-баланы қырып кетуі жиі кездесетін. Әсіресе, ата дұшпанның
Шыңғыс Айтматов
тұқымын тұздай құрту үшін бірінші кезекте екіқабат әйелдердің
ішін жарып өлтіретін.
Бірақ, уақыт өте келе өмір де өзгере бастады. Бұрын өзара
қырқыстан көз ашпайтын қырық ру тайпалар Шыңғысханның
тұсында ұлы хандықтың Алтын туының астына топтасып, ежелгі
жаулықты ұмыта бастады. Шыңғысхан жас кезінде, әлі Темучин аталып жүрген шағында туыстас тайпалармен талай шабысқан, өзі де
теперіш көріп, талайларды тепкіге де түсірген, тіптен, осындай бір
шапқыншылықта сүйікті әйелі Бөрте көршілес меркіттердің қолына
түсіп қалып, біраз уақыт солардың тұтқыны да болған-тұғын.
Билікке қолы жеткеннен кейін Шыңғысхан ішкі алауыздықты аяусыз қаталдықпен басып тастады. Ішкі тартыс елді басқаруға кедергі
келтіріп, мемлекеттің бірлігін әлсірететін еді. Жылдар өте жорық
кезінде тайлы-таяғымен шұбырып, үрім-бұтағымен бірге жортуыл
жасаудың қажеттігі де жоғала бастады. Ең бастысы – бала-шаға,
қатын-қалаш, шал-шауқан, кемпір-сампыр әскерге масыл болып,
кең көлемді соғыс қимылдарына, әсіресе жолда кездескен өзенкөлдерді басып өтіп шабуылға шыққан жағдайда кедергі келтіре
бастады. Дала әміршісінің қатал жарлығы – әскерге қызмет ететін
және күйеулерімен бірге еріп келе жатқан әйел атаулыға Батыс
жорығы жеңіспен аяқталғанға дейін бала тууға тыйым салуы осы
себептен туындаған болатын. Ол бұған жорыққа шығардан бір
жарым жыл бұрын әмір етті. Сонда ол былай деген еді:
– Батыстағы елдерді бағындырып, аттан түсіп, аяқ суытқан
кезде қанша бала туамын десе де еріктері, бірақ оған дейін менің
түмендерімде баланың жылағаны естілмейтін болсын!..
Шыңғысхан үшін Батыс жорығының сәтті болуына жәрдемдесетін жәйттердің бәрі алдыңғы орынға қойылды да, осы мақсатқа
жетуге кеселін тигізетін жағдаяттарға жол беруге болмайтын
еді; тіптен, өмірдің өзі мен Құдайдың заңын да мойындағысы
келмеген ол соғыстың ғана қамын ойлап, табиғи талап-тілектерді
де түбірімен жоққа шығарды. Ол Құдайды да өз қызметіне жекпек
Тау құлаған
болды – өйткені, өмірге сәби әкелу – Құдай тағаланың бұйрығымен
ғана болатын іс.
Халықтың да, әскердің де арасынан жан баласы бұл
зорлыққа қарсы ләм-мим деп қарсылық білдірген жоқ, бұл кезде
Шыңғысханның қолы шексіз билікке жетіп, ақ дегені алғыс, қара
дегені қарғыс болып тұрған, сондықтан ұрпақ жалғастыруға тыйым
салынғаны туралы жарлыққа жұрттың бәрі жаппай мойынсынды,
ал, бағынғысы келмеген адамды алдынан ажал ғана тосып алатын
еді…
Батысқа жорыққа шыққаннан бері осымен он жетінші күн,
Шыңғысханның бойын бұрын-соңды болып көрмеген әлдебір сезім
буып келеді, бірақ мұны өзінен басқа жан баласы білген емес. Ұлы
қаған ішкі сезімін ешқашан сыртқа шығармайтын, бұл жолы да
бұрынғыдай, өзіне тән асқақтықпен сұңқар құстай суық та айбынды
қалпынан танған жоқ. Бірақ, іштей масаттанып, қиялымен ән салып,
жыр жолдарын төгіп келеді:
…Қара бұлт түнгі аспанды қаптайды,
Қарауылдар қалт етпейді күзетте.
Жер қозғалтар дауылға міз бақпайды,
Ордам үшін мәңгі дайын күреске!
Ер-шерілер кеудесінде оты бар,
Бір серпілсін, асырайын даңқтарын.
Мына мені хан көтерген осылар –
Қымыз, қанмен қосып ішіп анттарын!
Қарлы дауыл, ақ жауында, боранда,
Қаһарына зәһар қосар абылан.
Орда даңқын аспандатар әманда
Нояндарым – жояндарым, әз ұлан!
Еңсем биік, ерлер барда осындай
Батырларым – шын байлығым, қазынам!
Шыңғыс Айтматов
Дұшпандарым тап берсе де тосыннан,
Мерген атқан сұр жебеге кез болар.
Найзалары суарылған жасынға,
Сақшыларым, аңшы итіндей ардалар!
Ай астында күдірейіп жондары,
Көк бөрілер бүлкілдейді, жортады.
Өңшең көкжал жан-жағымнан қоршаған,
Алдында өзім, абаданы – арланы!
Батысты да бағындырып қиратам,
Ойран етіп қаласы мен даласын.
Олжа қылып осы ерлерге таратам
Бар байлығын, қатыны мен баласын!
Таққа міндім! Әлі биік мұратым –
Жер-әлемді дәргейіме қаратсам!
Ер-серілер, сендер менің қуатым,
Бізге осындай іс бұйырды Жаратқан!..
Егер бұл жолдарды дауыстап айтар болса қасындағылардың
оны түсіне қояры неғайбіл – Шыңғыс қаған ешкімге ішін ашып,
сыр шашу дегенді білген емес. Бірақ таңның атысы, күннің батысы
ерден түспей жортқан кезде ол да кейде өстіп өз-өзімен сырласып
қоятын. Бірақ, бұл жолы көңілін тоғайтып келе жатқа басқа нәрсе
– осымен он жетінші күн, ертелі-кеш төбесін күннен қалқалап, бір
шоқ бұлт аспанда тұрып алды, бұл қайда барса, ол да сонда, құдды
үйретілген ит дерсің, бірақ бір айырмашылығы – шоқ бұлт аспанда
еді! Баяғы қаңғыбас балшының айтқаны рас екен. Кім ойлаған!
Сол кезде өзегі қуыс пенденің ойына да келмес оспадарлығы мен
тәкаппарлығы үшін басын қағып-ақ тастауға болушы еді, бірақ бұл
олай еткен жоқ. Демек, тағдырдың жазуы солай болғаны.
Тау құлаған
Көктемеде жайылған қызыл судай қаптаған түмендер мен жүк
артқан арбалар, сапарға бірге ала кететін мал атаулы аспан астын
түгел алып Батысқа қарай қозғалған алғашқы күні-ақ түске таман
астындағы болдырған атын ауыстырып жатып Шыңғысхан көк
жүзіне кездейсоқ көз тастаған, бірақ тура өзінің тас төбесін айналып жүрген, бәлкім, сол жерде тұрып қалған бір шөкім бұлтқа
назарын салмап еді, аспан кезген бұлтта кімнің не шаруасы бар!
Өзінен сәл кейін келе жатқан жеке сақшылары мен нөкерлерінен оза
жортқан Қаған әрқайсысы-ақ іштей осы сияқты құдіретті билеуші
болуды армандайтын ажалды пенде емес, дәл қазір атының тізгінін
тежей ұстаған қолының саусақтары сияқты мұның еркіне құл болып, айтқан сөзі мен ым-ишарасына дейін бұлжытпай орындайтын,
қазір де осының қалауымен әлемді бағындыруға аттанған сан мың
жауынгерден тұратын қалың әскерге ат үстінен көз салып қойып, өз
ойымен өзі болып келе жатқан.
Аспанға тағы бір көзі түскенде әлгі бұлтты тағы да көргенімен,
Шыңғысхан бұл жолы да оған көңіл бөлген жоқ. Дүн-дүниені
түгелдей тізе бүктіріп, дара билеуші болуды көксеген ол көк жүзінде
қалқыған бұлт жердегі салт аттының әр қимылын бағып, соның
ыңғайына еріп келеді деп қайдан ойласын! Ол екеуінің арасында
қандай байланыс болуы мүмкін?!
Ұлы жорыққа шыққан мың сан әскердің арасынан тапа-тал түсте
әлдебір кереметтің куәсі болдық-ау деп ойлаған ешкім шыға қойған
жоқ. Аяқ жолын аңдап келе жатқан адам аспанға қарап қайтсін!
Жазық жерлер мен дөң-белестерді таспадай тілген жолдың бойын
шегірткедей қаптап, дамылсыз алға жылжуды ғана білген қалың
қолдың артында тек ат тұяғы мен арбаның дөңгелегінен шыққан
шаң мен жүріп өткен жолы ғана қалып жатты, кім білген, бәлкім
көпшілігі бұл жаққа қайтып орала алмас… Осының бәрі ханның
дегенімен ғана істелген болатын, ондаған мың адам басқалардан
атағын асырып, шексіз билікке қол созған, ат тұяғы жеткен жердің
бәрін бауырына басуға ұмтылған бір ғана жанның айтқанына
Шыңғыс Айтматов
көніп, айдауымен жүріп келе жатыр. Күн сайын қас қарайып, көз
байланғанша өстіп жүре береді. Тек сонда ғана ат шалдырып, көз
іліндіріп алады да таң ата қайтадан жолға шығады.
Хан мен оның нөкерлері жататын шатырларды құлдары мен
қызметшілері алдын ала дайындап қояды. Әне, көз ұшында бозарып көрінген сол шатырлар. Сарай-шатырдың жанында аузынан жалын шашқан айдаһардың бейнесі жібекпен кестеленіп,
моншақпен тізілген алқызыл жиекті қара ту – Батыс жорығына
арнап әдейі өзгертілген Хан жалауы желбірейді. Небір аламанның
арасынан іріктеп алынған алып денелі, суық жүзді кезеуілдер – хан
сарайының жеке күзетшілері жолдан көз айырмай, әміршіні тосып
қаздия қалған. Қалың әскер осы жерге аялдап, ас ішіп, әл жинамақ,
астан кейін Шыңғысхан жорықтың алғашқы күні қалай өткенін
талқылап, ертеңгі жоспарды пысықтау үшін әскербасы нояндармен
бірге алғашқы әскери кеңес өткізеді. Ұлы жорықтың басталуы
сәтті болып, Шыңғысханның көңілі көтерілген сияқты – нояндарға
сый-сияпат көрсетіп, олардың айтқанын тыңдап, өзі де әңгіме
айтсам ба деп ойлаған, мұндайда әр адам мұны дыбыс шығармай
тыңдап, жұрттың бәрі ұйыған айрандай тұтасып кететін; көп ұзамай
дүниенің төрт бұрышы түгел сөйтетін болады, қағанның айтқанын
төрт құбыла түгел тыңдамақ, әскерді де осы жорыққа әлгі мақсат
үшін – айтқан сөзін бүкіл әлем тегіс тыңдауы үшін бастап шыққан.
Ал, сөз дегенің – мәңгі сарқылмайтын сұрапыл күш!
Бірақ Шыңғысхан ол күні думанды отырыс өткізген жоқ. Көңілі
алаңдай бастаған ол оңаша қалуды қалаған еді. Мұның себебі мынау болатын…
Қонар орынға келе бергенде Шыңғысхан тас төбесінде бір елі
ауытқымай тұрып алған таныс шоқ бұлтты тағы да – осымен үшінші
рет көрген еді. Сонда ғана жүрегі шым ете қалды. Кенет бәрі есіне
түскен кезде жотасы суып сала берді, көзі қарауытып, аттан ауып түсе
жаздады, абырой болғанда атының жалына жабысып қана құламай
қалды. Мұндай күйді ол өмірі басынан кешпеп еді, өйткені, Көк
Тау құлаған
Тәңірінің өзі бұған тірлік кешіп, билік құрсын деп берген дүниенің
кіндігі – Өтікен жерінде мұны таңғалдыратындай ештеңе болып
көрмеген; қағанның қатігездікке суарылған санасын селт еткізіп,
ес білгелі қан кешумен қатып қалған жанын тебірентетін ештеңе
жоқ-тұғын, хан атына лайықсыз қылық көрсетіп, қорыққаннан
қатын құсап аттың жалына жабысу деген бұрын-соңды басына
түсіп көрмеген әбестік болатын! Бір анадан туып, бір емшекті емген
жатырлас бауыры Бектерді қармаққа түскен балыққа бола садақпен
атып өлтірген сәттен, ал, шындығында дала тағысының сұңғыла
сезімімен екеуінің басы бір қазанға сыймайтынын, тағдырдың өзі
ағайынды екеуінің тек біріне ғана алақанын тосатынын түйсінген
сонау бала кезінен бері тірліктің мәнін тек бір ғана тұрғыдан –
қатігез қара күш тұрғысынан ғана танып-білген ол тас па, темір ме,
от па, су ма, ағаш па, аң ба, құс па, күнәһар пенде ме – күші асқанға
бағынбайтын, дөкір күштің алдында бас иіп, мойынсынбайтын
ештеңе жоқ екеніне қапысыз көз жеткізген болатын. Бір күш
екіншісінен басым түскенде таңғажайып нәрсе үйреншіктіге,
тамаша жәйт – аяныштыға айналып кетеді екен. Осыдан келіп
мынадай байлам жасады табанға тапталғанның бәрі түкке тұрғысыз,
ал, жеңімпаздың алдында тізе бүккендерді қалағаныңша езіпжаншуыңа болады. Өмір заңы – осы!..
Бірақ әңгіме Бұланай тауынан түскен үлемдер мен ел кезген
дәруіштер айтатындай, Мәңгі де Шексіз құдірет иесі Көк Тәңіріне
ойысқанда, мәселе мүлдем басқаша болмақ. Ия, тек сол ғана, тылсым
сырлы Тәңірі ғана бұған бағынбайды, жұмбақ та түсініксіз күйінде
қала береді. Көк Тәңірінің алдында мұның өзі де қолынан түк
келмейтін бейшара біреу, оған қарсы бүлік шығару да, қорқытыпүркіту де, жорыққа шығу да мүмкін емес. Тағдырдың қожайыны,
әрі, Гималай ғұламалары айтатындай, күллі жанды-жансыз әлемнің
бірден-бір иесі Көк Тәңіріне құлшылық етіп, жалбарынғаннан
басқа амалы жоқ. Сондықтан, басқа да өзекті пенделер сияқты,
бұл да Тәңіріден шарапат тілеп, жолын оңғаруды, адам баласы
Шыңғыс Айтматов
мекендейтін күллі әлемді жалғыз өзі билеп-төстеуіне жәрдем десуді
сұрап, құрбан шалатын, шын көңілімен мінәжат ететін, ел кезген
үлемдердің айтқаны рас болып, осындай ай астындағы әлемдер
шексіз көп болса, онда Көк Тәңірінің жер бетін Шыңғысханның
жеке-дара билеп-төстеуіне, кейін ұрпақтарына мұра ғып қалдыруына беруіне болады емес пе?! Өйткені адамзат баласының
арасында Төрт Құбыланы түгел билеуге лайықты бұдан өткен
құдіретті кім бар?! Ондай адам жоқ қой! Бұл оның жан адамға
білдірмейтін ішкі сыры болатын: өзі осыған іштей сеніп, бірақ тіс
жарып айтуға батпайтын еді, Көк Тәңірінен елдер мен халықтарды
жеке билеуге беруін сұрауға тек бұл ғана хақылы, әйтеуір біреу
Жоғарғы Билеуші болуы керек қой – демек, басқаларды күшпен
бағындыра алатын құдіретті әмірші тек мұның өзі болмақ! Тәңірінің
шарапаты шексіз, мұның басқа елдерді жаулап алып, табанына
салып таптауына, сөйтіп өз билігін кеңейте түсуіне Аспан әміршісі
кедергі келтірген емес, бірден-бірге бұл өзіне Көк Тәңірінің ерекше
мейіріммен қарайтынына сенімі арта түсті, адам баласының түсінуі
мүмкін емес – Ұлық Тәңірі мұның жағында! Ойлағанының бәрі
орындалып келеді, жүрген жерін отқа орап, қанға бөктірсе де, ол
жерлердің қанша адамы бұған қарғыс жаудырып жатса да, мұның
күш-қуаты мен атақ-даңқы күн санап арта берді, әлгі қарғыстар
айналып келіп өз иесін тауып жатты. Тіптен, қасірет шегіп, қарғыс
жаудырғаннан басқа шарасы қалмаған байғұстардың Тәңірге айтқан
шағымын тәлкек етіп, бұрынғыдан бетер тапап-жанши түсті.
Дегенмен, кейде Көк Тәңірін шамдандырып алып, Аспан әміршісінің
жазасына душар болмасам игі еді деген күдік-күмән да бой көрсетіп
қалатын. Ондайда Ұлы қаған арынын басып, біраз уақыт бойы тымтырыс тына қалады, қол астындағылар да бір сәт тыным тауып, ал,
өзі Көк Тәңірінің әділ жазасын күтіп, тәубасына келуге дайындала
бастайтын. Бірақ Тәңірі бұған қаһарын төккен емес, не кінәлап,
не шарапатынан айырған жоқ. Сонда бұл кәнігі құмарпаздай-ақ,
Көк Тәңірінің төзімін тексеруге, оның қаншалықты әділ екендігін
Тау құлаған
сынап көрмекке тағы да әрекет етіп, бұрынғыдан да қатерлі жаңа
жорықтарға шығушы еді. Бірақ, Аспан Әміршісінің шыдамы шексіз
екен! Енді бұл өзіне бәрін де істеуге болады деген байламға келді.
Жыл өткен сайын өзінің Тәңірінің қалаулысы, тіптен, Көктің Ұлы
екеніне деген сенімі нығая түсті.
Бірақ ол бұған тек ертегіде ғана болатындай, мейрам атаулыда
жыршы-ұзандардың халық деп аталатын қалың тобырдың алдында
мұны Аспаннан түскен әмірші деп атап, өлеңге қосуына, осының
растығының дәлелі ретінде сан мыңдаған адамның қолдарын
көкке созып, мәз-мейрам болуына байланысты ғана сенген жоқ
– ол жай ғана пенде шіркіннің жағымпаздығы ғой. Ол бұған өз
тәжірибесі арқылы көз жеткізді – Аспан Әміршісінің мұны үнемі
қолдап отырғанының себебі, бұл Көк Тәңірінің қалауын орындап
жүр, басқаша айтқанда, бұл – Тәңірінің еркін жер бетінде жүзеге
асырушы. Ал, Тәңірі де бұл сияқты тек күштіні ғана, сол күштің
нақты көрініс табуын ғана қалайды, соны ғана мойындайды, ал, жер
бетінде бұдан асқан кім бар?!.
Әйтпесе, кейде бұған ханның өзі де таң қалатын – кедей де ұсақ
ру болып саналатын, шаруа күйттеп жан бағып жүрген, ғасырлар
бойы аңшылық пен малшылықтан басқаны білмеген қияттан
шыққан жетім баланың аяқ астынан сұңқардай самғап бас айналар биікке тұяқ тіреуін, дүниені тітіреткен қаһарлы әміршіге айналып шыға келгенін қалай түсіндіруге болады? Адамзат тарихында
бұрын-соңды болып көрмеген шексіз билікке қол жеткізуі қалай
– әрі кеткенде, бұл жанынан безген қарақшы-барымташыдан аспауы керек еді ғой, кезінде өзі де содан бастаған болатын. Бұған бас
қатырып жатудың керегі жоқ, Көк Тәңірі қолдамаса, жалғыз атты
Темуджин алтын тінмен өрілген от ауызды айдаһар бейнеленген ту
көтеріп жүре алмас еді, Шыңғысхан деген атты да иемденбес еді
және қазір алтын тақта шіреніп те отырмас еді!..
Міне, соның дәлелі, алып Азияны ұршықтай үйіріп, дабысы жеткен жерді дір қақтырған Ұлы қағанды Аспан Әміршісінің өзі қолдап
Шыңғыс Айтматов
отырғанының нақты көрінісі – қаңғыбас көріпкел айтып, сол үшін
басынан айырыла жаздаған бір шоқ бұлт шынымен төбесінде айналып жүр! Көріпкелдің айтқаны рас екен! Бір шоқ ақ бұлт – Көктің
Ұлын қолдауы мен жебеуінің, әрдайым болашақ жеңістерге бастай
беретінінің куәсі ретінде Тәңірінің өзі жіберген куә!..
Мұндай керемет болады деген ой жорық жолындағы мың сан
адамның бірде-бірінің миына кіріп-шығар емес, жол бойы ілесіп
келе жатқан шоқ бұлтты аңғарған да, бұл неғып төбемізде айналып
жүріп алды деп ойлаған да ешкім болған жоқ. Жел айдаған бұлтта
кімнің қандай шаруасы болсын!.. Осы бір шоқ ақша бұлт ненің нышаны екенін, оның нені білдіретінін тек дала қосынын басқарып,
бүкіл әлемді түбегейлі жаулап алуға аттанған Ұлы Қаған ғана ұққан
болатын, осыны түсінген кезінде оның өзі де айран-асыр қалды,
мұндай адам айтса сенгісіз ғажап құбылысқа өзі де бірде сенсе,
бірде дүдәмалданып, басы дал болып келе жатты. Енді ол осы сырды біреумен бөліссем бе, әлде соның керегі жоқ па деп екі ойлы
бола бастады. Бәлкім, бұл туралы біреуге айтар болса, кім біледі,
ақша бұлт бір-ақ сәтте ғайып болып, абыройы айрандай төгіліп
жүре ме екен? Онда мұны ақылынан адаса бастаған ба деуі де кәдікау... Сонсоң ол тағы да өз-өзіне тоқтау салып, шоқ бұлттың өзіне
еріккеннен еріп жүрмегеніне, оның кенеттен жоғалып кетпейтініне,
оны өзін үнемі нығметіне бөлеп жүргенінің белгісі ретінде Тәңірінің
өзі жібергеніне қайтадан сене бастады. Осыны ойлағанда көкірегін
қуаныш кернеп, жанына қанат біткендей сезім пайда болды, өзінің
кемеңгерлігіне, Батыс елдерін жаулап алуға жорыққа шыққаны
дұрыс болғанына деген нық сенім бойын билеп, әлемдік ұлыс құру
жолында алдынан кездескеннің бәрін отқа орап, қылышпен кескілеу
ниеті нығая түсті. Енді ол осы ойым дұрыс деген шешімге түпкілікті
бекінді. Бұл шексіз билікқұмарлықтың түпсіз тойымсыздығы болатын. Билігі күшейген сайын араны да ашыла түсті…
Жорық жолы жалғаса берді.
Ал, әлгі шоқ бұлт не бағытын, не қалпын өзгертпестен өзінің
Тау құлаған
жорыққа мінетін әйгілі жорғасынан түспейтін Шыңғысханның көз
алдында қалықтап келе жатты. Атбегілер құйрығы қара, жалы ақ
мұндай жылқы мың жылда бір рет туады дейтін. Ол да ғажап емес,
сәйгүлік болмағанымен солығу дегенді білмейтін, ұзақ жүріске
төзімді нағыз жорықтың аты. Құба жорға жауған сайын үдей түсетін
нөсердей-ақ, жүрген сайын қарқынына қарқын қоса беретін.
Иесінің тақымында бейне бір суда жүзген қайықтай сырғушы
еді. Нөсер жауынның төгіп-төгіп барып басыла қалатынындай,
ауыздығы болмаса мұндай ат та арындап барып, бойындағы күші
сарқылғанда бір-ақ жығылудан тайынбайды. Ілгеріде өткен бір
жырау мұндай аттың үстінде өзіңнің мәңгі өлмейтініңе де сенесің
деген екен…
Шыңғысхан өз-өзіне риза, көңілі тоқ. Бойына сарқылмас күш
бітіп, жігері тасып, астындағы аты емес, құдды өзі жортып келе
жатқандай-ақ құба жорғаның бойындағы тасыған қанмен жаны
да, тәні де бірігіп кеткендей алабұртып, діттеген жеріне жеткенше
асығып келеді.
Ия, иесі мен аты шынымен бір-біріне сай еді – екеуінің де
аруағы асып, қуаты тасып-ақ тұр. Қағанның ер үстіндегі отырысы
тұғырынан ұшқалы тұрған сұңқарға ұқсайды. Ат үстінде мығым
отырған шымыр денелі, қоңырқай өңді әмірші үзеңгіні үзіп
жіберердей шірене басады. Аттың үстінде де ол тақта отырғандай
тіп-тік болып, басын кекжите ұстайтын, шықшыты шығыңқы
келген бет әлпеті мен қысық көздерінен қара тастай салқындық
пен ұстамдылықтың лебі еседі. Мың сан әскерді даңқты жеңіске
бастаған ұлы билеушінің бойынан тегеуірінді күш-қуат пен қайтпас
қайсарлық байқалып тұрғандай…
Бүйтіп шабыты тасуының себебі мұның тек ұлы істерге ғана
лайық екенінің белгісіндей басында үйіріліп жүрген сол бір шоқ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Шыңғысханның Ақ Бұлты - 2
  • Parts
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 1
    Total number of words is 4208
    Total number of unique words is 2260
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 2
    Total number of words is 4281
    Total number of unique words is 2170
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 3
    Total number of words is 4228
    Total number of unique words is 2264
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 4
    Total number of words is 2488
    Total number of unique words is 1441
    39.4 of words are in the 2000 most common words
    52.9 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.