Latin Common Turkic

Саулық кiлтi өз қолыңда - 01

Total number of words is 3709
Total number of unique words is 2062
18.7 of words are in the 2000 most common words
27.9 of words are in the 5000 most common words
33.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БIРIНШI БӨЛIМ
ЕКIНШI БӨЛIМ
ҮШIНШI БӨЛIМ
ТӨРТIНШI БӨЛIМ

Адам баласы ерте заманнан-ақ өз денсаулығын нығайтуға жəне өзiн-өзi
емдеу əрекеттерiне айрықша назар аударумен келедi. Бұл орайда көптеген
тамаша тəжiрибелердiң жинақталғаны белгiлi. Олардың үлкен бiр саласы –
ағзаны ашықтыру. Қолыңыздағы еңбекте осы салада талмай еңбек етiп келе
жатқан белгiлi қаламгерлер Поль Брэггтiң (АҚШ) «Ашығудың ғажабы»,
Г.Малаховтың (РФ) «Дененi тазалау, несеппен емдеу», Кацудо Нишидiң
(Жапония) «Табиғи жасару» кiтаптарын ақтара отырып, автор өз
тəжiрибесiн де алға тартқан. Аталмыш авторлардың еңбектерiнен мол
мағлұмат пайдаланылған.
Уатқан Жарқынбай бұл еңбегiнде дұрыс тамақтану, жүйелi түрде ашығу
жайын тəжiрибе арқылы баяндай отырып, осы салада жарық көрген басқа
авторлардың деректерiн пайдаланған.
Кiтапта көп нəрсеге көңiл бөлiнiп, денсаулыққа пайдалы жəне зиянды
жайттар сараланған.
У.Жарқынбай ұзақ жылдар бойы хирург қызметiн атқарған бiлiктi де
бiлiмдi азамат. Бұл кiтап бiраз өңделiп, екiншi рет баспадан шығып отыр.
Сондықтан да оқырман қауымның көңiлiнен шығатынына сенемiн.
Төрегелдi ШАРМАНОВ, медицина ғылымының докторы, академик
БIРIНШI БӨЛIМ
АШЫҒУ
Денсаулықтың негiзi – салауатты өмiр салты, ауру-сырқаудың алдын алу,
дəрiсiз дауалау, iшiмдiксiз тамақтану. Шылым шегуден, əртүрлi
химикаттардан адам баласы өзiнөзi қорғай бiлуi қажет. Табиғи тағамдар
мен химикатсыз дəрi-дəрмектер қолдану, қоршаған ортаны сауықтыру
қоғамдық мəселе. Мұның бəрi де табиғи гигиенадан туындаған. Халық
арасында «iшiп-жеу үшiн өмiр сүрме, өмiр сүру үшiн iшiп же», – деген
қанатты сөз бар.
Ал табиғи гигиенаның негiзiн салушылардың бiрi Р. Тролл: «Химиялық
дəрi-дəрмектермен дауалау адам ағзасына жат, ғылыми тұрғыдан қарағанда
танту, табиғатына зиянды», – деген.
Химиялық дəрiге негiзделген емдеу тек аурудың басталған ең қатты
кезеңiнде ғана көмектесе алады, бiрақ мүлде сауықтырып жiбере алмайды.
Орыс халқының ұлы физиологы И.П. Павлов: «Адам денесi ең жоғары
дəрежеде өзiнөзi басқарушы, бағыттаушы, қолдаушы, жетiлдiрушi» – деп
есептедi. Бұл жүйе табиғат берген заң күшiне бағынады.
Табиғи гигиена дегенiмiз – табиғат заңын бiлу, сауықтыру жинағы, барлық
дененiң бүтiндей тұтастығын табиғи əдiстермен сауықтыру (К.Нишидiң
денсаулық жүйесiмен өмiр сүру тамақтан уақытша бас тарту, жүгiру, суда
жүзу, терлеу, дене еңбектерiмен шұғылдану, дененi суыққа шынықтыру,
орынды тамақтану – тамаққа табиғи көкөнiстердi, жемiс-жидектердi
молырақ пайдалану т.б.).
Табиғи гигиена бiздiң жеке басымызға өзiмiз қамқорлық жасау
мүмкiншiлiгi мен бiлiмiн сыйлады. Дəстүрлi медицина аурудың пайда болу
себебiмен емес, ауруды емдеумен шұғылданды. Денсаулық – жеке адамның
жеке басының мəселесi. Əрбiр адам өз ауруына өзi себепкер болады, яғни
ауруына өзi кiнəлi. Ауаның ластануынан, ортаның радиациямен
ластануынан сақтау, химикатсыз дəрi-дəрмектер мен табиғи тағамдар
қолдану, қоршаған ортаны сауықтыру мемлекетпен аралық мəселе. Бiрiбiрiнсiз алға баспайды.
Табиғи гигиенаның пайда бола бастаған алғашқы жылдарындағы ғылым
қайраткерлерiнiң бiрi – Поль Брэгг. Өзi дəрiгер. «Ашығудың ғажабы» деген
кiтап жазған. 90 жасында сергек, төзiмдi, күшi мығым, қозғалысында шек
жоқ, икемдi болған. Күн сайын 3-5 шақырым жүгiрiп, суда көп уақыт жүзiп,
тауға өрмелеп, теннис ойнап, би кештерiне де қатысып, ұзаққа жаяу сапарға
шығудан да жалықпаған. Адамның төзiмдiлiгiн тексеруде сахара
шөлдерiнде су татпай өткен екен. Ол күнiне 12 сағат жұмыс iстесе де еш
жерi ауырып, шаршауды сезбеген. Медициналық тақырыпта дəрiс оқудан
да жалықпаған.
П. Брэгг жүйесiнiң негiзi – ағзаны табиғи сауықтыру, ашығумен тазарту,
дұрыс тамақтану, жаттығып шыңдалу. Көңiл күйдiң көтерiңкi болуына
үлкен мəн берген, табиғи сауықтырудың құрамы деп есептеген. П. Брэгг
жүйесiнiң негiзгi тетiгiнiң бiрi тиiмдi тамақтану, күнделiктi тамақтың 60
пайызы жемiс-жидек, көкөнiс болуын, оны шикi немесе шала пiсiрiп
пайдалануды ұсынған. 0ндiрiс өңдеуiнен өткен-iшiп жемдерден бас тартуға
кеңес берген. Олар – қант, конфет, какао, кофе, шоколад, пряник, торт,
печенье, əртүрлi тоқаштар, шұжықтар, консервiлер (ет, балық, тосап). Брэгг
етке өте үйiр болуға кеңес бермеген, қайта аптасына 3-4 рет аздап жеуден
ары бармауды оңды көрген. Брэгг сауықтыру əдiсiмен шұғылдануға, еңбек
белсендiлiгiн арттыруға, дененi шынықтыруға үлкен көңiл аударған.
Денсаулығы босаңсыған адамдарға жаяу жүруден бастап, бiртебiрте
жүгiруге кеңес берген. Таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, дұрыс демала бiлу,
осының барлығы П. Брэггтың сауықтыру жүйесiнiң құрамына жатады. Ол
өз жүйесiнде ашықтырып, сауықтыруға көп көңiл бөледi.
Ашығу – тамақтан уақытша бас тарту, дененi едəуiр тазарту деген сөз.
Соңғы мəлiметтерге сүйенсек, жемiс-жидекпен күзде, дəндi дақылдармен
қыста, көкөнiспен жазғытұрым жəне жазда тамақтану орынды деп
есептеледi. Бұл көкөнiс пен жемiс-жидектердi қыста жеме деген сөз емес.
Дененi жинақталған ас қалдықтарынан тазарту үшiн апта сайын бiр күн,
мезгiл сайын 7 күн ашығып үйрену пайдалы. Ашығып тамақтан бас
тартқан кезде тек буға айналдырып алған су iшкен жөн. Ашығу дегенiмiз –
оңды тамақтана бiлмейтiн, арақ iшетiн, шылым шегетiн, наша қолданатын,
ластанған су, ауа, химиялық дəрi-дəрмектердi көп пайдаланатын
адамдардың денесiн улы қалдықтардан тазарту, сөйтiп ағзаны өзiнөзi
уландырудан құтқару əдiсi.
Брэгг ашығудан бұрын дəрiгерден кеңес алуды, ашығу кезiнде дəрiгердiң
немесе тəжiрибелi адамның бақылауында болуды ескертсе, Г.Малахов:
«ашыққан адамға дəрiгердiң де, тəжiрибелi адамның да қажетi жоқ,
ашыққан адам өзiнөзi басқара бiлуi қажет» – дейдi.
«Əрбiр адам денесiнiң ашығу əсерiне жауабы дербес болатындықтан, оған
нақты рецепт жоқ» – дейдi Ю.С.Николаев.
Ашыққанда жүйелi түрде ашығу жөн. Дұрыс ашығып, тамақтану ережесiн
ұстана бiлсең, қан қысымың қалыптан жоғары болса азаяды, ызақор,
ашушаң болсаң – терiтерсегiңдегi қотыр, қышыма болса, ол да жоғалады.
Ашығуды К. Нишидiң жүйесiмен қоса, несеппен ұштастыра алсаң,
көптеген дерт, дербезден (остеохондроз) сауығасың, сондай-ақ, көптеген
ауру-сырқаудың алдын алуға болады.
Ашыққан кезде Брэгг жатып демалуды ұсынған. Соңғы жылдарда ашығуды
зерттеген тəжiрибемен байқаудың нəтижесiнде, ашыққан кезде əр түрлi
спорт, дене шынықтыру, дене еңбегiмен шұғылдануға болатындығы
дəлелдендi. Рас қайсы, бiр адамдар да ашығу кезiнде дене еңбегiмен
шұғылданып жүргенде денесi босап, басы айналғандай да болады. Егер
ондай белгi бiлiнсе жатып, аздап дем алса, басылады. Себебi,
жасушалардан жиналған улы қалдықтар қанға құйылады. Ал, жасы
ұлғайған, денесi өте бос, қозғалғысы келмейтiн адамдарға жұмыс iстетуге
болмайды. 0зi қалап тұрса ғана болады. Бұл арада сөз ұзақ уақыт жаяу
серуендеу, шаңғымен жүру, жүгiру туралы болып отыр. Мен өзiм
ашыққанда ешбiр еңбектен бас тартпаймын. Қайта дене еңбегiне
қызығушылығым арта түседi.
Брэгг: «ашығу алдында жəне ашығу кезеңiнде табиғи болмысқа қарсы
болғандықтан, клизмамен iш тазалауға болмайды» – десе, К. Ниши –
«ашығу алдында жəне ашығу кезеңiнде күн аралатып, клизмамен iшектi
тазалап тұру жөн» – дейдi. Бұл көзқарасты Ю.С.Николаев, Шелтон,
Г.Малахов та құптайды.
П.Брэгг өзiнiң жазған «Ашығудың ғажабы» деген кiтабында: «ақшаға төсек
сатып алуға болады, бiрақ ұйқы сатып ала алмайсың» – деп жазады.
Денсаулық – зор байлық. Денiң сау болмаса, байлықтан не пайда.
Салауатты өмiр сүру үшiн ақшаның да рөлi аз емес. Рақат өмiр сүру үшiн
қора-қопсыңнан бастап, жатар орныңа дейiн қалауыңа сай болуы керек.
Адам ата, Хауа анадан бастап, адам баласы ұзақ өмiр сүргiсi келедi-ақ,
бiрақ ол мүмкiн емес. Адам баласы өлiмнен қашып құтыла алған жоқ,
қайда барса да алдында қорқыттың көрi қазулы. Бiрақ кездейсоқ ажалға тап
келмеген адам салауатты өмiр салтын сақтап, табиғи тағамдармен
тамақтану ережесiн сақтай бiлсе, ұзақ өмiр сүруiне болады. Адамның өмiр
кiлтi өз қолында. Кейбiреу өзiнiң тағамға, iшiмдiкке ұстамсыз,
қомағайлығымен табиғаттың жобалаған жасының жартысына да жетпей
өледi.
Егер қолайсыз жағдайлар əсер етпесе, жабайы жəндiктер өзiнiң толық
жасына жетедi. Тiптi, миллионнан бiр адам да өмiр сүру шегiне жетпейдi.
Ал жан-жануарлар тiршiлiк ету үшiн немен қоректенудi сезiмi арқылы
реттеп, керектiсiн ғана пайдаланады. Ал адам неғұрлым улы iшiмдiктермен
қосып, сiңiмдiлiгi ауыр аспен тамақтанады. Соңынан «бiз неге 100-150 жыл
жасамаймыз» деп таңданады. Бiз көп жасауға құмар-ақпыз, ал өмiр
жасымызды өзiмiз қысқартамыз. Мұнда қандай мəн бар. Адамның iшкi
құрылысының ең кiшкентай бөлшектерiне дейiн ғажап, ақылойы ең жоғары
жетiлген бола тұра қабiлетi жұмбақ күйiнде қалып отыр. Адам бiтiмi
сезiмтал, нəзiк, мейiрбан, ақылды болғанымен, өз денесiне назар аударудан
гөрi қолындағы үй жануарларын баптап қарауды артығырақ көредi. Тарихи
ескерткiштерге, тiптi ескi заманның тасқа салған таңбаларына көбiрек
қамқорлық жасалуына таң қаласың. Бəрi де қажет шығар, бiрақ адамның өз
денсаулығына көзқарасы басқа болуы тиiс. Дұрыс ойдың адамдары
бақытты, пайдалы, ұзақ өмiр сүрудi қалайды. Мүмкiн болса, ұзақ өмiр
сүруге апаратын сенiмдi денсаулық ережеге сай болуы шарт. Əттеген-ай,
сол – заңдылықтың барлығы орындала бермейдi.
ХIХ–ХХ ғасырлардың өлiарасында дене шынықтырудың негiзiн қалаушы
Бернар Макфедден: «Дене шынықтыру мəдениетi» деген журналының
сыртқы бетiне «Ауру – бұл қылмыс, қылмыскер болудан сақтанайық» деп
жазады.
Əлсiздiк, босаңдық, аурушаңдықты мен адамның ғажап денесiне келген
қорлау қылмысы деп бiлемiн. Мен өзiмнiң денсаулығымды қалпына
келтiрiп, жақсарту үшiн қажеттi мүмкiншiлiктердi сақтай отырып, дененi
жетiлдiру шараларын да пайдаланамын» – деп жазады П.Брэгг. Ары қарай
«сергектiк, өмiрге төзiмдiлiк, көнбiстiлiк сияқты қасиеттердi ұстанып,
пайдалануым арқылы мен өзiмдi «денсаулық миллионерiмiн» деп
санаймын» – дейдi.
Адамның кəрi-жасына қарамай, денсаулықтың қуанышына бөлену,
денсаулық миллионерi болу үшiн де еңбектену қажет. Кəрiлiктi
мойындамаудың негiзгi «құпиясы» табиғи тағамдарды пайдалану, тағам
түрлерiн жаңарту, жүйелi түрде тамақтан уақытша бас тарту, таза ауада
серуендеп, таза су iшiп, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданып,
дұрыс демалудан тұрады. Жүйелi түрде ашығып, тамақтан бас тартып,
дененi тазартып əдеттенсеңiз, сiздiң денеңiздiң өзi-ақ еңбек етiп, қимылдай
берудi тiлеп тұратын болады. Жаттығуға шығындаған уақытыңа өкiнбейтiн
боласың. Күн сайын сергiп, денең жеңiлдеп, жүрiсiң жылдамдап, бүкiрейе
бастаған белiң де жазылып, келбетiң жақсарып, тiк жүретiн боласың.
Сондықтан «Аз жесең – көп жасайсың, кiм өзiнiң жарамсыз əдеттерiнен
бас тарта алса, – күштi сол», – деген ғой Бенджамин Франклин. Тiршiлiк
көзiнiң қуатын үнемдеп жұмсау үшiн аз же, ашық. Бiз уланған дүниеде өмiр
сүрудемiз. Тiршiлiк қуаты дене қызуын үнемi 36,6 градустен төмендетпей,
жоғарылатпай ұстайды. Дене қызуы бұдан төмендесе де, жоғарыласа да
ауырамыз. Қазiргi заман мəдениетiне сай тiршiлiк қуатының жауы көп.
Олар – адамдардың өзi жасаған улар. Бiз уды өмiрден аластатып
жоғалтуымыз абзал.
Қалалы жерлер мен полигондарда бiздiң демалатын ауамыз радиациямен,
өндiрiс пештерiнiң будақтаған түтiнi, шаң-тозаң, қаптаған көп машина,
техникалардың шала жанған улы газдарымен уланған. Сондықтан да тыныс
ағзаларының, өкпенiң рагы, қантамыр, жүрек ауруларының көбеюi тiптi ана
құрсағында пайда болған ұрықтың дұрыс дамымай əртүрлi жағдайға
ұшырап, дене мүшелерi не көп, не аз, қарны қампиған, басы шектен тыс
үлкен болып, адам сиқы жоқ нəрестелердiң тууына жаның түршiгедi.
Ауаның ластануын денсаулықты былай қойғанда, ұлтқа төнген қатер деп
бiлуiмiз қажет.
Бiздiң өзен, көлдерiмiзде ластанған суды iшуге жарамды ету үшiн хлормен
тазалау əдiсi дұрыс емес. Себебi, хлор денеге барып уға айналады.
Сондықтан хлордың орнына оттегiнi пайдаланады.
Егер бiз денемiздегi улы заттардан арылып, тазаланамыз десек, ашығу
қажет. 0йткенi, астан уақытша бас тартып, ағзаны физиологиялық
демалдырсақ, тiршiлiк қуатын қалпына келтiремiз. Қуат көзi молайған
сайын у азайып, бiртебiрте мүлде аластатылады. Ашығу дегендi дененi
сауықтыру, тазарту деп түсiнген жөн. Бiрақ емдеу емес. Бiз ашыққанда,
iшiп-жеген тағамды қорыту үшiн жұмсалатын тiршiлiк қуаты ендi
денемiздегi улы заттарды сыртқа бөлiп шығаруға жұмсалады.
Жер өңдеуге де, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен күресуде де химикаттар
пайдаланылады. Соның бiрi – ДДТ деп аталады. Ауылшаруашылық
өнiмдерi, көкөнiс, жемiсжидектерге дейiн химикаттармен тыңайтылады.
ДДТ жəне басқа химикаттар жерге, соңынан астық өнiмдерiне, көкөнiс,
жемiс-жидектерiнiң тамыры арқылы сiңедi. Дегенмен, улы заттарды азайту
үшiн қызанақтың сыртқы қабығын сыдырып, сəбiздiң сыртын ғана тағам
етiп, өзегiн пайдаланбайтын да əдiстер бар. Тағамдармен денеге енген
уларды сыртқа шығару үшiн 3-4 күн ашығуды ұмытпаңыз.
Базарлардың сауда-саттық қоймасында алма, жемiсжидек əп-əдемi болып,
жылтылдап тұрады. «Бақсам бақа екен» демекшi, Шолоховтың «Көтерiлген
тың» романында: «сығандар арық атты желмен үрлеп қампитып қойып,
сатпаушы ма едi: сол жарқыраған əдемiлiктiң де жөнiн бiлген артық емес.
Шамның майымен жұқалап сылап қойса бəрi əдемi көрiнедi. Ондағы
балауыз өнiмнiң шырынын ауаға ұшып кетуден сақтайды, дəмiн кетiрмейдi
– дəмдi жаңа ғана сабағынан үзiп əкелгендей көрiнедi. Бiрақ шамның майы
мұнай өнiмi екенi баршаға мəлiм. Ол iшке барып, ас болып сiңбейдi.
Сөйтiп, одан сандаған ауру пайда болады. Сондықтан оны да ашығумен
ғана денеден шығара аласың.
Адам денесi жеке жасушалардың жиынтығы. Егер бiз дұрыс тамақтана
бiлсек, тамағымыз бiздiң өсiп, ер жетуiмiз үшiн негiзгi қажеттiлiгiмiздi
өтейдi. Ағзалар қызметi қалыпты болса, бiз 120 жастан да артық жасаймыз.
Егер адам сасыған ауамен дем алса, оның торшаларына тиген əсерден
ауырып, төсек тартады, не өлiп тынады. Жейтiн асын былғап, оның
құрамын синтетикалық химикаттармен өзгерте берсе, дене жасушаларына
зиянын тигiзедi. Олар қызметiн тоқтата бастайды. Ондай заттарға
бейiмделуден қалады.
Егер дененiң таза болуын қолдағыңыз келсе, iшегiңiзге клизма қойып, 2436 сағат ашығыңыз. Осыншама уақыт ашыққанда химикаттардан
тазаланасыз. Ашығар алдында жəне соңында несепке зертханалық зерттеу
жасатсаңыз нəтижесi белгiлi болады.
Ас тұзы – натрий суда ерiгенде улы сiлтiге, хлор – өте улы газға айналады.
Мiне, осыны бiз ас тұзы деп айтамыз да, тұзсыз тамақ жеcек дəмi келмейдi.
Ас тұзы – тағам емес. Денеге сiңбейдi. Тұздың құрамында витаминдер, нəр
жұғымдылығы жоқ. Тұз жүрекке у ретiнде əсер етедi. Ол денедегi
қальцийдi жойып, iшек-қарынның шырышты қабықтарына зиянын тигiзедi.
Тұз денсаулыққа зиянды болса, адамдар онымен неге қоректенедi? Себебi,
мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап жеп келедi. Бұл ақыры əдетке,
нанымға айналды. Тұзсыз тамақ дəмсiз болды. Оның денсаулыққа пайдасы
бар ма? Көптеген елдер ас тұзын мүлдем пайдаланбайды. Одан келiп-кетер
зиян жоқ көрiнедi. Мысалы, эскимостар. Тұз үй құстарына умен бiрдей.
Бүйректiң нəзiк сүзгiштерiне тұз қандай əсер ететiнiн ойлап көрiңiз.
Асқазан, бүйрек арқылы тұзды сумен жуып шығаруға кiрiседi. Мiне, осы
кезде тұздалған тағам жеген адамдар шөлдей бастайды. Басқа мүшелерге
қарағанда бүйрек тұздан көп зиян шегедi. Сыртқа шықпай қалған тұздар
табанға, асықтың буынына шөге бастайды. Дене тұзды ерiту үшiн тұз
шөгiндiсiне суды мол жiбергендiктен, iсiк пайда болады. Остеохондроз –
тұздың жасаған дертi. Жүректiң қызметi қандағы кальций мен натрий
тұздарының ара қатынасына тiкелей байланысты.
Ас тұзының қан құрамындағы мөлшерi көбейсе, кальцийдi шайып жiбередi.
Қан қысымы мен жүректiң соғуын арттырады. Əрине, қан қысымының
көбеюiне тұздан басқа да себептер мол. Адам өзiн-өзi зорлап ойлану,
шамадан тыс жұмыс iстеу, қайғы-қасiретке душар болу, шылым шегу,
спирттiк iшiмдiктерге əуестену, дəрi-дəрмектiң жанама əсерi, машина,
техникалардан шығатын шала жанған улы газдардың да əсерi бар. Əрине,
осы факторларды жоя алсақ, жүрек, қан тамырлары мен қан қысымы
сырқаттарынан айығатын болар едiк.
Жұмыс орны өте ыстық өндiрiстерде жұмысшы терлегенде «денесiндегi
тұздар азайып кетедi» – деп, тұз жегiзiп жататын елдер де кездеседi. Ал,
бұл дұрыс емес. Көп терлегеннен тұз азаймайды. Бiздiң қазiргi жейтiн
негiзгi жемiстер мен басқа тағамдарда қажетiмiздi өтейтiн тұздар (натрий)
жеткiлiктi.
Тағам құрамындағы табиғи натрий жеткiлiктi болғандықтан натрий тұзын
денеге жiберудiң қажетi жоқ. Науқас адамдарға ота жасағаннан кейiн
қанына 0,85 %, кейде одан да көп мөлшерде тұз ерiтiндiсiн құяды. Негiзгi
ауруынан айығып шыққанна кейiн əлгi адамдардың қайсыбiрiнiң қан
қысымы көтерiлiп, бейнет шегедi. Науқас неден болғанын бiлмейдi. Дəрiгер
ота жасағаннан кейiн натрий ерiтiндiсiнен қанға неше литр жiбергенiмен
ешбiр iсi жоқ. Мiне, бiз сөйтiп кейбiр кездерде қан қысымы ауруын
ауруханадан да алып шығамыз. Егер бүйрегi зақымдалмаған болса, тұзсыз
тамақтанып, бiрнеше күн ашықса, қан қысымы қалпына келедi. Ал,
бүйректiң нəзiк сүзгiлерi қызмет iстемей қалған болса, онда сөз жоқ қиынға
соғады. Денеге тұздаушы дəрiлер емес, табиғи натрий қажет. Табиғи
натрий күнделiктi iшетiн суда, көкөнiстерде, етте мол.
П.Брэгг былайша жазған: «Менiң 50 жыл өмiрiмде ашығып жасаған
тəжiрибеммен ғылыми зерттеуiмде байқағаным, жоқ дегенде төрт тəулiк
(96 сағат) ашыққанда тұздар денеден шығатын мүмкiндiк бар.
Ол үшiн несебiңдi зертте. Тек булап алған су iшiп төрт күн ашығып көр.
Алғашқы күнгi несебiңдi жина. Оны жинаған бөтелкеңдi салқын көлеңкелi
жерге 2-3 апта сақта да, 12 не 21 күннен кейiн жарыққа шығарып қарасаң,
бөтелкенiң түбiнен натрийдiң жанама тiршiлiк əрекетiн көресiң. Қашан
несебiңнен натрий тұзы жоғалады, сол кезде бүйрегiң кедергiсiз жұмыс
iстейдi.
Аузың құрғап, шөлдейтiн əдетiңмен денеңдегi аздаған iсiк кетедi. Iшiпжеген тағамдарды сiңiруге жұмсалатын тiршiлiк қуатын ашыққан кезде
ендi тек дененiң əрбiр түкпiрiне жиналған улар мен тұздарды сыртқа
шығаруға жұмсау мүмкiндiгiн алдың, жасушаларың жасарды. Төрт күн
ашыққаннан кейiн ендi тұзды тағам қолдануды тыю керек. Барлық түрлi
iшiп-жемдерде «жасырын тұздар» бар. Сондықтан апта сайын бiр тəулiк
ашыққан жөн. Ашығу – тазалаушы, бiрақ дауалаушы емес. Парыз – қатаң
əмiршi. Бiз бұған бағынуымыз мiндет.
Тiршiлiк қуаты – қымбат дүние, дүкенде сатылмайды. Көптеген адамдар
кофеде, арақта, шайда, кока-колада тiршiлiк қуаты бар деп ойлайды.
Қателеседi. Тiршiлiк қуаты адамға өмiр сүру үшiн Алланың ғана берген
сыйы. Адам жаман əдеттердiң салдарынан ауырады. Күш-қуаты
төмендейдi. Тiршiлiк қуаты азаяды. Сөйтiп денесi босаңсиды. Күшқуатының төмендеуiнен бүйрек, терi, өкпе, iшек – барлық улы қоқыстарды
бөлiп шығару жүйесiнiң тiршiлiк əрекетi баяулайды. Сөйтiп, əртүрлi улы
заттар денеден толық бөлiнiп шықпайды.
Дененiң əртүрлi бөлiктерiндегi улы шөгiндiлер сезiм жүйесiне əсер
ететiндiктен ауыртады. Бұл сiзге берiлген салауатты өмiр сүру
заңдылығымен есептеспей жатқаныңызға табиғаттың алдын ала берiп
отырған дабылы. 0зiмнiң жағымсыз қылығымнан болды деп адам өзiн
кiнəламайды. «Жоқ, мен суық тигiзiп алдым, шаршадым, өзiмдi нашар
сезiнемiн, себебi мен қартайдым» – дейдi. Нағыз шындық айтылмайды.
0зiн-өзi ақтаумен болады. Сiздiң мезгiлсiз қартаюыңызбен ол жер, бұл
жерiңiздiң ауруы жəне дерттiң пайда болуына өзiңiз ғана жауаптысыз.
Басқа ешкiм де жауап бермейдi. Тiршiлiк қуатының деңгейiн төмендетiп
алғансыз. Денеден улар бөлiнiп шықпайды. Жиналған улар ол жер, бұл
жерiңiздi ауыртады, сiздi қинайды.
Ашығу – бұл табиғат тiршiлiк қуатын сақтаған қойманың кiлтi. Ашығу –
əрбiр жасуша, əрбiр мүшеге тiршiлiк қуатын сыйлайды. Сiз үшiн мұндай
қызмет жасау ешкiмнiң қолынан келмейдi. Мұны өзiңе-өзiң ғана жасауың
тиiс. Барлық аурудың 99 пайызы дұрыс емес, табиғи емес тамақтанудан
шығатынына сенемiн. Адамдар өздерiнiң ауруын, мезгiлсiз қартаюын не
болса содан көредi, бiрақ тамақтан болды демейдi. Сондықтан азап шегу
себебi олар үшiн жасырын күйiнде қала бередi. Рас, рак iсiгi əбден үлкейiп
өңешi бiтелген күнi жеп отырған тамағынан көретiнi бар. Бiрақ, бұл көрiнiс
ауру асқынып бiткеннен кейiнгi тiршiлiк.
Əдетте, адамдар мұның көп жылдар бойы асыра жеп, ашығып тазартуды
пайдаланбағаннан болғанын бiлмейдi. Табиғат бұл уды қай кезде
ақтарғысы келедi, мiне, сол кезде «қопарылыс» жасағанын ауру деп жүр.
Дəл осы кезде ғана адамдар аурудан құтылу жолын iздей бастайды. Ол жол
– ашығу екенiн еске де алмайды. Ауру дегенiмiз – табиғат сiздiң денеңiз
улы заттармен толып кеткендiгiн бiлдiретiн белгi. 0лгендерде ауру
болмайды. Тiршiлiк иесiнде ғана проблема бар. Ашығу арқылы денеге
жиналған қалдықтар мен уларды сыртқа шығару табиғатыңа көмектесе
аласың. Мұны əрбiр жабайы аң-құстар да бiледi. Бұл нағыз жəндiктердiң
түйсiгi – ерiксiз сезiмi. Бiз адамдар өркениеттi ортада ұзақ өмiр сүрiп
келемiз. Бұл түйсiгiмiздi ұмыттырды. Ұмытқанымыз ашығу едi.
Адам нағыз ауырған кезде тамаққа тəбетi шаппайды, тағамның иiсiнен
сескенедi, дəмiнен жиiркенiп, лоқсып құсады. Қамқоршы туыстар мен
достар тамақ iшудi үгiттейдi, «тамақ iш, күш-қуатың кiредi» дейдi. Осы
сендiруден кейiн сiз аз да болса тамақтанғыңыз келедi. Бiрақ түйсiк
тамақтануды доғаруды ескертедi. Табиғат сiздiң ашығуыңызды қалайды.
Неге десеңiз, ағза күш-қуатын дененi тазалауға жұмсағысы келедi. Табиғатананың нəзiк дыбысын есту мен түйсiну қиын. Ашыққанда сiздiң сезiну
қабiлетiңiз күшейедi. Ашығу – ақыл-ойды сергiтедi, табиғат тылсымын
түйсiк арқылы сезiндiредi.
Египет, ұлы Александрия бiр кезде дүние жүзiнiң мəдениет орталығы
болғанын бiлемiз. Сол кезде адамдар жылына 40 күн ашығуға мiндеттi
болған. Ұзақ уақыт судан басқа дəм татпаған, ашығуды бiлетiн бiлгiр
абыздардың қасында болып, үйренген. Будда, Иса, Мұхаммед (ғ.с.)
пайғамбарлардың өздерi де ашығады екен. Сонымен, ашыққанда ағзаның
көңiл күйi мен халi төмендегендi былай қойып, үлкен ой күшiн қосады.
Ашыққаннан кейiн ақыл-ойы өткiр, еңбегi өнiмдi ақпарат хабарларды да
тез қабылдай алатын болатынына көзi жетедi, тек тексерiп көру керек.
Виктор Гюго денемiздегi уды адамның iшiндегi «жыланға» теңеген екен.
Шындық солай. Өзiндiк улану ұзақ ұзақ жасаудың жауы, мезгiлсiз
қартаюдың қатал дұшпаны.
Улану (интоксикация) соңғы ғасырларда адам баласының ең үлкен жауына
айналып отыр. Үйреншiктi болғанымен аз зерттелген-дi.
Өзiндiк улану – бұл бiздiң қауiптi жауымыз болатын себебi, ол қанды
уландырудан басталады. Жүрек, бауыр, бүйрек, қызыл қантамырларын
зақымдандырумен ауруды ұлғайтады. Мезгiлсiз қартаюдың барлық
себептерiн қоса айтқанда, ағзалардың улануы ең бастысы. Қанның
тазалығын сақтау – бұл мəселенiң жартысы ғана. Бiз көбiнесе шамадан тыс
көп тамақтанып, алдыңғысын қорыта алмай жатқанда, жаңасымен асқазан
қызметiн ауырлатамыз. Бiз нақтылы белгiлеген сағаттарда: қарныңыз аш
па, тоқ па, оған қарамастан, түскi тамақ iшетiн мезгiлде тоя тамақтануға
əдеттендiк. Бұл соңғы ғылыми жаңалықтарға қарағанда құптарлық емес.
Денi-басы толық сау туған бала ғылымға сəйкес өмiр сүрсе,
қиыншылықсыз-ақ 120 жасқа жетуге тиiс екендiгiне күмəнданбаңыз.
Қартаюдың ауруы деген жоқ. Сiздi өлтiретiн нақтылы бiр ауру бар. Егер сiз
бала кезiңiзден дұрыс тамақтанып, апта сайын бiр тəулiк жылына 4 рет
мезгiл-мезгiл 7-10 күннен ашыға бiлсеңiз, өлтiретiн аурулардың
мүмкiншiлiгi азаяды.
Бiздiң заманымызда балаларды мүлде терiс тамақтандырады. Бiрiншiден,
көптеген аналар балаларына омырауын емiзбейдi, не емшектен өте ерте
шығарады. Сондықтан бала өзiне ең қажеттi тағам – ана сүтiнiң нəрiн ала
алмайды. Балалар бөтелкеден емiзiк емедi. Барлық пайдалы заттардан
тазартылған ақ ұн, шақпақ қант, қауiптi тұздармен тамақтандырылады. Осы
заманғы баланың денесiн улау туа сала басталады. Сондықтан мезгiлсiз
күйреу сөзсiз болады, бiреуге ертерек, бiреуге жайырақ. Егер сiз денсаулық
жөнiнде нақтылы мəлiмет алғыңыз келсе, жан-жағыңызға қараңыз:
көптеген балалардың тiсiн құрт жеп, бүлiнген. Көбiсi 20 жасқа жетпей-ақ
жасанды тiс салдырады. Тағамның асқазанға жағымдысы сiлтiлiсi бола
тұра, iшiп-жегенiмiздiң көбiсi қышқыл. Бiлiмсiздiктiң өзi қауiптi жау.
«Бала кезiмде – деп жазады П. Брэгг – тамақты қалың етiп майлаған табаға
тауықтың балапанынан бастап, шошқаның тұздап, сүрлеген майы мен етi,
картоп, қою тұздалған қаймақ, көптеген тоқаш (пирожки) сияқты əртүрлi
қуырылған тамақтар жеп, қайнатпасы (варенье) тағы бар жəне жылдар
бойы өзiндiк уланумен азап шеккенiмдi бiлмегенмiн. Мұнан басқа көптеген
қоздырушы заттар, уландыратын тағамдармен тамақтанғанмын.
Өзiндiк улану салдарынан 8 сағат ұйықтаудың орнына 10 сағат
ұйықтайтынмын. Сонымен қатар, ұзақ уақыт ұйықтап тұрсам да, сергек,
ширақ емес солғын, көңiлсiз оянатынмын».
Көптеген адамдар өмiр сүрiп жүрген жоқ, тек күнелтiп жүр. Көпшiлiгiнiң
денесi улы заттармен сiрескен, олар үшiн өмiр – азап. Күнмен жарысып,
ерте тұруды əдетке айналдыр, өте көп дүние жасап үлгiресiң. 0зiңе-өзiң
күш жұмсай бiлсең, жетiстiктерге оңай жете аласың. Көпшiлiк адамдар
шылым шегедi, кофе, пепси-кола, спирт iшiмдiктерiне əуестiгi де түсiнiктi.
0зiндiк уланудың əсерiнен олар терең уайым-қайғыға берiледi. Таза бұлақ
көзiн ешкiмнiң де уландырғысы келмейдi. Ал, бiз өмiрiмiздiң қымбат бөлiгi
қанымызды үнемi уландырып келемiз.
Бiздiң қанымыз табиғатында сiлтiлiк реакцияда болуы шарт. Бас аурудан
бастап, бөртпе, безеу пайда болып, iрiңдеген қышыма шығуы қарапайым
тұмау сияқты аурулар қышқылданудан пайда болады. Ал, ол өзiндiк
уланудың салдары. Қанымыз аса ласталған жағдайда абайсызда бiздi бас
салуға мүмкiншiлiгi дайын тұрған, өзiмiздi ауру ететiн микробтардан қалай
сақтанамыз. Бiз микробтарға құнарлы ортаны өзiмiз жасап, өз үйiндей
сезiнiп, өсiпөнуiне, ағзаларды қырып-жоя беруiне мүмкiншiлiк туғызамыз.
Қышқылданған қанды қалай бейтарап қалдыруға, қалай тазалауға болады?
Жауап: өзiндiк улану бiлiне сала қанды сiлтiлiк қосындыларымен
қанықтыру керек. Үш-төрт күн ашығып, соңынан сiлтiлiк тағамдарға көш,
қышқылы мол тағамдардан бойыңды аулақ ұста. Ал, қандай өнiмдер
сiлтiлiк реакциялы болады? Əсiресе, жаңа көкөнiстер, жемiс-жидек, жасыл
(аскөк, ақжелке, пияздың сабағы) қосылған салаттар сiлтiлiк реакция
бередi. Тағамдардың алпыс пайызы көкөнiстер мен жемiс-жидек, шикi,
жаңа дайындалған болуы керек.
Тамақ алдында үнемi салат же, шикi болғаны жақсы. Уланған əлжуаз
адамдар көкөнiс пен жемiс-жидекпен қоректенуден бас тартады. Денсаулық
үшiн сiлтiлiк көкөнiс пен жемiс-жидек таптырмайтын тағам. Алдымен өзiнөзi күштеп жей берсе, уы шығып соңында сiлтiлi тағамдармен тамақтануға
көңiлi ауатын болады. Асыра жеумен өзiңдiөзiң уландырма, асыра жеу
мезгiлсiз өлтiредi.
Қандай өнiмдер қышқыл болады? Негiзiнде көмiрсутегi, кофе, шай, спирттi
iшiмдiктер, ұннан жасалған тағамдар, ет, балықтар жатады. Бұл өнiмдердi
жеуге тыйым салудың, тiптi, жартылай шектеудiң өзi адамға қорқыныш
туғызады.
Егер өмiр жасыңды ұзартқың келсе, көп нəрсе жасауға тура келедi. Ең
ақырында, бұрын сiзге қорқынышты болып көрiнгендер есте ғана қалады.
Жаңа мақсат бұрынғымен салыстырғанда қаншалықты қиын сияқты
көрiнсе де iске сəт деп ойлап, кiрiсiп кетсеңiз, мəселенi шешу тым оңай.
Негiзiнде жемiс-жидек, көкөнiс, салат, жаңғақ, күнбағысты талғау етiп,
диета ұстану тiптi де қиын емес. Шынында, жас жемiс-жидек, салат,
көкөнiстердiң тiзiмi көп жəне əртүрлi. Осыларды мол көлемде дайындап
алуды ешкiм де жоққа шығармайды. Жаңғақ жəне барлық дəндi дақылдар
сiңiмдi, дəмдi. Азғантай қуырылған жер жаңғағы мен бадам жемiсi,
күнбағыс пайдалы. Егер сiздiң денеңiзде қышқылдың артуы бiлiнсе, тек
осы азықтүлiктердi молырақ пайдаланып, тiптi, ашығумен үйлестiру дұрыс.
Егер сiз ет қана пайдаланатын болсаңыз, оны аптасына екi немесе үш рет
жеумен шектелiңiз. Шамалы əлсiреп, бей-жай бола бастасаңыз сiлтiлiк
тағамдарға көшiңiз. Оның белгiлерi: бас ауру, лоқсу, көздiң алды бұлдырау,
ыңғайсыз дəм сезiну, əлсiздiк, ойлау қабiлетiнiң босаңсуы. Əрине, бұл
белгiлер аса қауiптi емес. Егер бауырың сыр берсе, ет пен май, қанттан бас
тартыңыз. Басқаша айтқанда, сiз осының бəрi-бəрiн табиғи күйiнде, яғни
жемiс-жидек, көкөнiстердi пайдаланыңыз. Жаңғақ, күнбағыс, жер жаңғағы
ақуызға бай, 3-4 күн ашық. Ашыққан кезде тек буға айналдырған су iш. Бұл
өте пайдалы. Ашығу бiткен соң тек көкөнiстерден дайындаған тағам жеңiз.
Улы қышқылдардың кристалы (қатты дене) денеде қалай пайда болады?
Бiздiң денемiз күнделiктi өмiрде пайда болып отыратын улардан одан өзiнiң
төрт жүйесiмен тазалап, құтқарып отырады. Бiз өмiр сүру үшiн
тамақтанамыз, сұйықтармен сусындаймыз, ауамен демаламыз. Көпшiлiк
адамдар тамақты үйреншiктi дағды бойынша шегiнен артық жейдi.
Көбiнесе майлы ет, жұмыртқа, ақ нан, қант, вафли, кəмпит жейдi, iшетiн
арақ-шарабы тағы бар. Əлгi көп асты қорытып, сiңiруге, мұндай мол
тағамдардың қалдығын сыртқа шығарып тастауға тiршiлiк қуаты
жетiспейдi. Олар жылжып, қозғалып тұратын буындарға шөгедi. Бұл өте
баяу жүретiн процесс. Дұрыс тамақтана бiлмеудiң салдары көп жылдардан
соң буындардың əлегiн шығарып, көңiлсiздiк туғызады. Буындағы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Саулық кiлтi өз қолыңда - 02
  • Parts
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 01
    Total number of words is 3709
    Total number of unique words is 2062
    18.7 of words are in the 2000 most common words
    27.9 of words are in the 5000 most common words
    33.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 02
    Total number of words is 3743
    Total number of unique words is 2072
    21.1 of words are in the 2000 most common words
    30.6 of words are in the 5000 most common words
    36.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 03
    Total number of words is 3714
    Total number of unique words is 1998
    19.6 of words are in the 2000 most common words
    29.1 of words are in the 5000 most common words
    35.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 04
    Total number of words is 3761
    Total number of unique words is 1937
    18.9 of words are in the 2000 most common words
    28.4 of words are in the 5000 most common words
    33.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 05
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1924
    19.0 of words are in the 2000 most common words
    26.9 of words are in the 5000 most common words
    33.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 06
    Total number of words is 3672
    Total number of unique words is 1925
    18.6 of words are in the 2000 most common words
    27.2 of words are in the 5000 most common words
    31.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 07
    Total number of words is 3698
    Total number of unique words is 1778
    19.7 of words are in the 2000 most common words
    28.8 of words are in the 5000 most common words
    33.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 08
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1750
    19.4 of words are in the 2000 most common words
    28.4 of words are in the 5000 most common words
    32.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 09
    Total number of words is 3726
    Total number of unique words is 2007
    19.0 of words are in the 2000 most common words
    27.1 of words are in the 5000 most common words
    32.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 10
    Total number of words is 3603
    Total number of unique words is 1810
    18.2 of words are in the 2000 most common words
    25.7 of words are in the 5000 most common words
    30.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 11
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1969
    19.3 of words are in the 2000 most common words
    27.8 of words are in the 5000 most common words
    33.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 12
    Total number of words is 3739
    Total number of unique words is 1921
    20.0 of words are in the 2000 most common words
    28.8 of words are in the 5000 most common words
    34.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 13
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2043
    21.9 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    37.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 14
    Total number of words is 3744
    Total number of unique words is 2021
    20.8 of words are in the 2000 most common words
    30.2 of words are in the 5000 most common words
    35.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 15
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 1895
    21.0 of words are in the 2000 most common words
    29.5 of words are in the 5000 most common words
    34.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 16
    Total number of words is 3762
    Total number of unique words is 2084
    22.0 of words are in the 2000 most common words
    31.1 of words are in the 5000 most common words
    37.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 17
    Total number of words is 3654
    Total number of unique words is 2114
    19.3 of words are in the 2000 most common words
    29.1 of words are in the 5000 most common words
    35.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 18
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1931
    21.0 of words are in the 2000 most common words
    31.1 of words are in the 5000 most common words
    36.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 19
    Total number of words is 3734
    Total number of unique words is 1709
    21.7 of words are in the 2000 most common words
    31.2 of words are in the 5000 most common words
    36.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 20
    Total number of words is 930
    Total number of unique words is 640
    26.2 of words are in the 2000 most common words
    37.2 of words are in the 5000 most common words
    42.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.