🕙 1-minute read

Қысқы кеш - Сəбит Мұқанов

Total number of words is 121
Total number of unique words is 112
42.8 of words are in the 2000 most common words
57.7 of words are in the 5000 most common words
67.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  Ішін тарта, сұрлана боран соғып тұр. Кейбір үйдің терезесінен, кей үйдің маңдайшасынан жылтырап көрінген электр шамы болмаса, ауыл ақ қар жамылып, түн құшағына бұғып, мүлгіп қапты. Түтеген бораннан қыбырлаған жан, қарайған бұта көрінбейді. Жалғыз-ақ ысқырынған желден үркіп, жаяу борасын үйден-үй, төмпешіктен-төмпешік қуып, жыландай сумаң қағып, дамылсыз аралап жүр. Кейде ол қақпаға үйіріле соғып, сәл толастап кідіреді, кейде құтырынып, ақ шаңын көкке будақтатып, екінші тұстан бұрқ етеді де, күшейген желден бел алып, қайтадан сумаңдай әр үйдің әйнегін тырс-тырс қағады.
  Осындай көңілсіз деген түннің өзінде сырттай мүлгіген ауыл іштей қазанша қайнайды. Сіз терезесінен жарық жылтыраған әр үйден алуан кәсіппен шұғылданған әрқилы адамды көресіз... Солардың бәріне батыс жақ шеттегі электрстансысы қуат жеткізіп, денедегі барлық мүшелерге бірдей мүлтіксіз қан құйған күшті жүректей моторы тынымсыз соғады...
You have read 1 text from Kazakh literature.