🕥 30-minute read
Қатерлі өткел - 17
Total number of words is 3942
Total number of unique words is 2056
39.2 of words are in the 2000 most common words
54.1 of words are in the 5000 most common words
62.0 of words are in the 8000 most common words
Əкпар кеудесінің дүрсілдегенін басып, сəл тұрды. Хасенді құшақтап
жатқан Ханшайымды көргенде, ол түнеріп кетті. Бұрынғы қарындасына
деген ыза, ашуға енді қызғаншақтық, қорлану қосылып, морт мінезді Əкпар
аяғын бір басып, бір тоқтап, ерлі-зайыптының кірəуатының бас жағына
таяды. Саспай оң қалтасына қолын салып, болат кездігін алды. Ана екеуі
бастарына төнген ажалды сезер емес, ақырын ғана пыс-пыс етеді.
Ханшайым жаман түс көріп жатыр ма, дауысы шығар-шықпас болып
бірдеме деп ыңырсиды.
Əкпар білегін сыбанып, кездігін қыса ұстап сəл тұрды да, кенет еңкейе
түсіп қатар жатқан қос кеңірдекті бірдей орып-орып жіберді...
Аспанға атқан қанмен бірге, Хасеннің «Ах» деуге дауысы əзер шықты.
Ал Ханшайым бұлқына атылып кірəуаттан жерге құлады да, бір-екі рет
дөңбекши көтеріліп, кенет бірден тына қалды.
Əкпар артына бұрылып та қарамастан, кездігінің қаны мен қолын стол
үстіндегі дастарқанға тəптештеп сүртті де, есікке қарай таяды. Үйдің есігін
аузында тұрған кілтімен ақырын ашты да, сыртқа шықты. Жайбарақат
жандай жан-жағына қарады. Далада ешкімнің жоқ екенін көріп, аяғын
асықпай басып, өз бетіне жүре берді.
Бірер сағаттан кейін Хасеннің үйіне келген сүт сатушы əйел, күндегі
жабық тұратын есіктің бүгін ашық жатқанына тан қалып: «Ханшайым!
Ханшайым!»—деп дауыстады. Ешкім жауап бермегеннен кейін, үйге кірді.
Қан-қан боп өліп жатқан ерлі-зайыптыны көрігі, атып сыртқа шықты.
Ойбайын салып, көрші үйдегі адамдарды шақырды. Жұрт жиналды.
Милиция келді. Мұндай сұмдықты көрмеген жұрт айран-асыр болды. Бір
кəртаң əйел əлі ұйқысынан оянбаған Зурəні, əке-шешесінің қан болып
жатқанын көрсетпей, үйден алып шығып, əдеттегі уақытынан қалдырмай,
балалар бақшасына алып кетті.
Түс болмай Хасен мен Ханшайымның өлімі бүкіл қалаға тарады.
Жазықсыз кеткен аяулы жандарды аямаған, мүсіркемеген жан қалмады.
Кемпір-шалдар жағасын ұстап, бұларды өлтірген қан ішерге лағынет айтты.
Орыс, қазақ жиналып, бұрын-соңды болмаған осынау қанды уақиғадан
тасыған судай толқыды, ашуына мініп, бұрқ-сарқ қайнаған қазандай, астанкестен болды, заң орындарынан қылмыстыны тезірек тауын, қанды қанмен
жууын талап етті.
Бірақ Əкпар қолға түспей кетті. Жұрт тіпті ешкімге зияны тимеген, осы
бір ардақты екі адамды кім өлтіргенін де білмей қалды. Ал Əкпар
таңертеңгі поезбен Сарыөзек станциясына жүріп кеткен. Егер жолай қолға
түспесе, Алакөл шекарасы арқылы Қытайға өтпек...
Осы бір жан түршігер суық хабар жетер алдында, Бүркіт таңертеңгі
шайын ішіп болып, кеше ғана баспадан келген өзінің жинағының
гранкасын қарағалы жаңа ғана қора ішіндегі бақшаға шығып отырған-ды.
— Бүркіт аға,— деді оған таяп көзі жасқа толған газет тасушы жас сары
бала,— түнде бір бұзық Хасен ағай мен Ханшайым апайды өлтіріп кетіпті.
— Не дейсің?!—деді жөндеп түсіне алмай қалған Бүркіт.
— Хасен аға мен əйелін біреу бауыздап кетіпті.
— Қашан? Қайда?—деуге ғана мұршасы келді Бүркіттің.
Мына хабар оның төбесіне жай түсіргендей болды. Бүркіт сол сыртқа
шығып отырған қалпында, көйлекшең, Хасеннің үйіне қарай ата жөнелді.
Бұл келген уақытта прокурор мен милиция қызметкерлері үйдегі жұртты
тегіс сыртқа шығарып, тиісті тексеру жұмысын жүргізіп жатқан. Ауланы
қоршаған милиция қызметкерлері. Көше бойы иін тірескен жұрт.
Бүркіт ентелей басын қораға кірді, тоқтатпақ болған милицияға бой
бермей, үй ішіне қарай ұмтыла түсті.
Кенет сырттағы жұрт оның:
— Хасенім, боздағым! Қос бауырым!—деп өкіре жылаған дауысын
естіді.
Ертеңіне бүкіл қала болып Хасен мен Ханшайымды ардақтап жерледі.
Тап күресінің құрбаны болған ерлі-зайыптының басына ескерткіш
орнатылып «Ардақты ұл-қызымыз, аттарың мəңгі есімізде сақталады»
деген сөз алтын əріппен жазылды.
Хасен мен Ханшайымды қойып келгеннен кейін, қасіреттен Бүркіт төсек
тартып жатып қалды. Бұл қанды уақиға Əкпардың ісі екені көп кешікпей
анықталды. Шет елге қашып бара жатқан жерінен қолға түсіп, айыбы
мойнына қойылып, жетінші август заңымен, атылу жазасына бұйырылды.
Жау жазасын тартты. Бірақ одан қаза болған екі дос қайта оралар ма!
Бүркітті енді бір үлкен ыза, зұлымдыққа қарсы жанын күйіндірген дүлей
күш биледі.
Бұрын «осы мен тағы қателесіп жүрген жоқпын ба, мен білетін қазақ бір
қазақ емес пе еді, оған таптық күресті совет өкіметі күшпен енгізбеді ме?»
деген сенімсіз ой. да пайда болатын. Ал мына дос өлімі, оған қазақ елі де
тапқа бөліктен, таптық күресте бірін-бірі аямас ел екенін əбден ұқтырды.
Осыны түсінген Бүркіт дос ажалына арналған өлең жазды. Бұл өлеңі
ақын Бүркіттің ең алғашқы таптық сезімінің шын оянуы болатын.
Сондықтан да оны өлкелік партия газеті үлкен əріппен бірінші бетінде
басып шығарды.
Бүркіттің бұл жыры шын жүректен шыққан адал сыры, қайтпас шешімі
еді. Кезден шыққан жас пен жүректе ойнаған кек бірдей орын алған,
күйзелген ақынның жүрегінен шыққан осы бір отты өлең былай деп
басталған:
Жау қолынан қаза тапты,
Қаза тапты жолдасым.
Көзден ыстық қан боп ақты,
Қан боп ақты көз жасым.
Өмірден тек елес іздеп,
Кейде білмей шоқ бастым,
Жол таба алмай, жаным жүдеп,
Ашық күнде адастым.
Сұм тағдырдың ауыр жүгін
Көтере алмай қысылдым.
Дос ажалы ашты бүгін,
Ашты көзді, түсіндім.
Хасен сенген жақсы заман
Болсын енді арманым.
Қидым бəрін, бердім соған
Өмірімнің қалғанын!
Қайта бұрап домбырамның,
Босап кеткен қос ішегін
Қайтарармын қос қыранның,
Жауда кеткен өш кегін.
Біртіндеп қайғылы уақиғаның шуы да басыла бастады... Тек Зурə ғана
əлі еш нəрсеге түсінбей, шешесін «əне келеді, міне келеді» деп күнде
күтуде болды. Ол қазір балалар бақшасында емес, бөтен жерде. Үкімет оны
əке-шешесі қаза болысымен-ақ кішкентай балаларға арналған жетімханаға
берген.
Ханшайым мен Хасенді жерлегендеріне бір ай толған шақта қара
киінген Ольга Павловна мен қасіреттен жаңа ғана басын көтерген Бүркіт
Зурəні іздеп осы жетімханаға келді.
Баланың аты бала емес пе, біртіндеп Зурə да əке-шешесін ұмыта
бастаған-ды. Бұлар келген кезде ол өзіңдей кішкентай қыздармен бақшада
ойнап жүр екен. Ольга шақырып еді, бірден танып жандарына келді.
Көзінен жасы мөлдіреп, ана екеуіне кезек-кезек жаутаңдай құшақтады.
Кенет Зурəнің көзі Ольганың мойнындағы моншақтарға түсіп кетті. Бұны
Бүркіттің əйеліне Москвадан Ханшайым əкеп берген. Шешесінің де
мойнына тағып жүретін осындай моншағы болатын. Сол ойына түсті ме,
Зурə əлсін-əлсін Ольга Павловнаның мойнына қарай берді.
Кенет ол:
— Мама!—деп қалды.
Ольга Павловнаның көзінен жас ыршып кетті. Ол Зурəні бауырына
қысып, аймалап сүйе бастады.
— Айналайын, Зурəшым...— деді егілген жасын тыя алмай,—
жыламашы, жыламашы... Бүгіннен бастап мен сенің мамаңмын... Иə,
менмін сенің мамаң...
Бүгінге дейін бала көрмеген Бүркіт пен Ольга Павловна біріне-бірі
қарады. Олар бірінің ойын бірі тіл қатыспай-ақ түсінді. Хасен мен
Ханшайымның жалғыз қызын өздері бала етпек болды.
Жүдеп келген ерлі-зайыпты енді үйлеріне қуанып қайтты.
Бүркіт пен Ольга Павловна алма-кезек құшақтап көтеріп келе жатқан
Зурə шын бақытты еді. Жаңа əке-шешесіне əлденені айтып, былдырлай
сөйлеп келе жатты...
IV
Өмір жолы көшкен керуен жол тəрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да
көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да
болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз,
қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл
соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз
жыра кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті
бөгейді.
Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады.
Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
Қараңғы түн. Жұрттың бəрі алдақашан ұйықтап қалған. Жақында ғана
алған жаңа пəтеріндегі жұмыс бөлмесінде, столға сүйеніп Бүркіт отыр.
Алдында əлі əріп түспеген бірнеше тарақ, ақ қағаз, беті ашулы жатқан
Алексей Толстойдың: «Қыл көпір, қиямет кешу» романы. Бұл кітаптың
аударам деген бетін Бүркіт бірнеше рет оқып шықты. Бірақ бүгін
күндегісіндей емес, бір де жолын аудара алмады... Қолына қаламын алып
бірнеше рет оқталса да, есіне бағана күндіз өзін шақырған мекемедегі сөз
түсе берді. Ол сөз Бүркітке жыландай суық тиген. Сол сөзден кейін Бүркіт
өзінің тағдырын оқтаулы мылтықтың аузында тұрғандай көрді. Тек біреу
сол мылтықтың шүріппесін басса болғаны, ар жағында алдағы тіршілігі де,
күткен бақыты да, бəрі де быт-шыт болмақ... Жан алқымға түскелі тұрған
қыл арқаннан құтылар жол бар ма? Жоқ сынды...
Көп мезгілден бері Кеңес өкіметіне істеп жүрген зиянкестік қылмысы
ашылып, жақында Қаражан ұсталған болатын. Біреуге қан құстыру оған
жақсылық істеуден жеңіл. Қаражан өзі кеткенімен қоймай, ұзыннан өш
қысқадан кегі бар Бүркітті де ала кетпек болған. Өзінін шын серіктерінің
атын атамай, баяғы Ақанның қырқын берер күндегі кеңестен бастап,
Бүркітпен қастық ісім де, пікірім де бір болды деген жалған жауап берген.
Тергеуші Бүркітті шақырып алып, біраз қыса жауап алған. Бүркіт өзінің
адасқанын, қалай дұрыс жолға түскенін бірін қалдырмай, оған ақтарған.
Тергеуші бұның сөзіне сенді ме, сенбеді ме, белгісіз, əйтеуір Бүркіттен
«қаладан еш жаққа кетпеймін» деген қолхат алып, əзірге босатқан.
Бүркіттің қазіргі қобалжуы осыдан туған. Өзінің Қаражан секілді
көрсетушісі барында, аман қалам деп ол тақа дəмеленбейді. Сондықтан да,
Бүркіт қараңғы түнге сескене қарайды, көңілін алдындағы жұмысына
қанша аударам десе де, ақыл шіркін тұнып қалған қара судай бір селт
етпейді, бар ойын күткен қауіп билеп алған.
Бүркіт ауыр күрсінді. Кенет оның көз алдына бүгін көрген бөтен бір
сурет елестеп кетті.
Бағана тергеушіні күтіп, құлазыған тып-тыныш коридорда жалғыз
отырғанында, жанына былқ-былқ басып, сұңғақ бойлы, бір кербез əйел
келген. Онысыз да көрікті бетін əдемілеп бояп алған, үстінен жұпар иісі
аңқиды. Жүдеп отырған Бүркітке ол «Қандай келбетті жігіт едің!»
дегендей, көзін сынай бір тастап, ақырын күлімсіреген. Жүзінде қуаныш
ойнайды. Осынау түксиген коридорда қайғысыз адамды көргеніне ақын таң
қалып, оның бетіне дұрыстап қараған. Бірден тани кеткен. Баяғыда
Ақшатыр қаласында бірер көргені бар, атақты сұлу Мəрукей екен. Сол қыз
күніндегісінен тіпті өзгермегендей. Сол ойнақшыған көз, сол сүюге
жаратылған қып-қызыл бүлдіршін ерін... Əйел Бүркітпен танысқанша
болған жоқ, коридордың бір қалтарысынан тергеуші көрінген.
Ол Бүркітпен амандасып:
— Қазір,— деп Мəрукейге қарады,—ұмытпасам,
Айбасовтың əйелі боласыз ғой... Неге келдіңіз?
Мəрукей тергеушіге күле жауап берді.
— Заявление əкилдім...
сіз
Қаражан
— Не жайында? — Тергеуші əйелдің қолындағы қағазын алды...
— Понимайте...— Мəрукей қалай деп айтуын білмей сəл кідірді,— мин
враг народаның невистасы болып нура алмимынбит. Одан бизнім... Ботен
игітке ергə шығам...
Тергеуші əйелге тесіле қарады. Оның шаршаған жансыз сұрғылт көзінің
түбінде кенет бір қатал сезім жарқ ете қалды.
— Тым ерте екен!—Ол бұл сөзді айтуын айтса да, бір секунд өтпей,
біреу естіп қалды ма дегендей, жан-жағына қарап:
— Мейліңіз,— деді.— Бірақ сіз арызыңызды мұнда емес, сотқа
апарыңыз... Еріңізден безгеніңізді тек сот қана растап үкім шығара алады.
— Извините в таком случае,— əйел жымың ете қалды,— Қош
болыңыз...
— Қош...
Кетіп бара жатқан əйелдің соңынан тергеуші тағы да көз тастап, неге
екені белгісіз, басын шайқаған. Содан кейін өзінің қатал пішініне қайта
көшіп:
— Жүріңіз,— деді.
Бүркіт Қаражанды қаншама жек көрсе де, əйелінің осынау жексұрын
мінезіне таң қалып, жауын аяп кетті. Қазір де сол ойдан шыға алмай тұр...
«Тəңірім, ондай опасыздығыңнан сақта».
Бүркіт шамды жағып, қайтадан келіп столының қасына отырды.
Кітаптың бетін ашып, қолына қаламын алды. Бірақ, қобалжыған көңіл тағы
да жұмыс істетпеді. Тағыда қайғы, тағы да қобалжу... Бойын билеп алған
бір тұрақсыз сенбестік сезім бар ақыл-ойын өзімен бірге жетектеп əкетіп
барады. «Бүйте берсе, ел-жұрт не болады? Келешегіміз не болады? Мұндай
темір тегеурінді өмірден өлім артық емес пе?»
Бүркіт осы бір ауыр ойда ұзақ отырды. Əлден уақытта үйге майыса
кірген сары қыздай, күн де шыға бастады. Қара көлеңке үй іші аздан кейін
тіпті жарық болды.Ағаш бастарында алтын сəуле ойнады. Көшеде жүрген
адам, жүгірген машинаның үні құлаққа келді.
Келесі бөлмеден Ольга Павловнаның тұра бастаған сыбдыры
естілді.Бүркіт кенет кітапқа үңіліп, өліп-талып жұмыс істеп жатқан
адамдай еңкейе қалды.
Үстінде желең шапан, шашын жөндей, жанына Ольга Павловна келді.
— Немене, түні бойы көз іліктірмегенсің бе,— ол ерінің шашынан сипап
ақырын езу тартты,— бүйте берсең, мен жесір қалармын...
Бүркіт əйелінің белінен құшақтай өзіне тартты.
— Ұйқы қайда кетер дейсің... Өмір деген бір зулап өте шығар от арба
емес пе, дер кезінде одан орын ала алмасаң, айдалаға қаңғып қаласың...
Мүмкіндік барында енбек ету жөн...
Ольга Павловна ерінің алдындағы бір ауыз сөз жазылмаған ақ қағаздарға
қарады. Бүркіттің тағы да қандай түн өткізгенін айтпай түсінді. Оны өте
аяп кетті.
— Дегенмен, саған азырақ дем алу керек болар. Мұндай қалпында...—
деп əйел сөзін аяқтамай тоқтады.
— Оқасы жоқ... Бүгінгі түн есеп емес...— Бүркіт ақырын езу тартты.—
Ақын деген бір беймаза адам ғой, кейде өзіне де тыныштық бермейді.
Əлденені ойлап, өз жүрегіне өзі əлек салады.— Кенет ол алдында жатқан
кітапты ақтара бастады.— Жақсы кітап... Шын жүректен жазылған...
Мұндай кітапты аудармау күнə... Тезірек аудар деп əр беті өзі тіленіп
тұрғандай... Оның үстіне сен де маған көп жəрдем бердің... Ленинградқа
алып барғаның қандай жақсы болған... Қаласы да, адамдары да — бəрі көз
алдымнан кетпейді. Жазыла аударуыма бұ да зор көмек...
Ольга Павловна стол үстіндегі Алексей Толстойдың кітабын қолына
алды.
— «Қыл көпір, қиямет кешу». Иə, бұл кейбір адасқан орыс
интеллигенттерінің революцияға бет бұрудағы ауыр жолы...
— Біздің жолымыз орыс интеллигенциясының жолынан да қиын болды
ғой.
Бүркіт алыстағы, тау бастарына қарады.
— Қаңдай əдемі таулар... Əсіресе таңертеңгі кезде... Көгілдір басын күн
шалып, қалаға таяй түскендей болады. Қарағым келеді де тұрады.
Ол кенет терезеден кілт бұрылып столдың жанына келді, Ольгадан
кітапты алды.
— Орыс интеллигенциясына бізден анағұрлым жеңіл болды ғой, Ольга,
сен бұны түсінесің бе? Оларға тек екі таптың қайсысына қосылу қиындығы
ғана бөгет болса, біздің алдымызда бұдан басқа да төтенше қиындықтар
көп болды ғой. Ең алдымен бізге кімге еруге тиістіміз деген сұрақты шешу
керек болды. Бір жағымызда əдет-ғұрпы, діні, мəдениеті, тілі бізге жақын
Шығыс тұрса, екінші жағымызда кеше ғана отаршылық саясатын жүргізген
Россия тұрды. Кімге еру керек еді? Халық таңдауын өзі тапты. Шын
жүрегімен тапты. Ал біз болсақ... адастық. «Оқыған азамат» деп
жүргендердің көбі адасты. Артынан дұрыс жол таба алмай, тағы
қиналдық...
— Бүркіт, сен қазақ интеллигенциясының осы төтенше ауыр жолы
туралы кітап жазуың керек.
— Шіркін-ай, жаза алсам сол бір кітапты!.. Өзің де білесің ғой, бұл —
менің көптен бергі арманым... Енді міне...
— «Енді міне...» деп нені айтасың?
— Сенің таңдағаның да бір дұрыс адам болмады ғой, Оля... Қайда барса
алдынан «қорқыттың көрін» көретін бір сары уайымшыл жанға неге
шықтың?.. Ақын біткеннің бəрі осындай ма, əлде тек мен ғана осындаймын
ба?.. Жоқ тек мен осындай секілдімін... Қөңіліме титтей күдік түссе, бүкіл
бойымдағы дарыным суалып қалғандай сезінем. Өзің білесің ғой, мен аз
шатысқам жоқ. Кеше большевиктердің сөзіне мүлдем сенбедім. Ал бүгін
сол қатемді түсініп, қалған өмірімді халқыммен бірге өткізейін деп шын
жүрегіммен жаңа жолға шығып едім, көріп тұрсың ғой, көңіліме тағы да
қара түн орнай бастады. Тағы да еш нəрсеге түсінбей шатысуға айналдым.
Бүркіт тоқтап қалды, жанына жақын келген Ольга Павловна:
— Сондықтан да, Бүркіт, саған жазу керек,— деді,— жүректегі зіл
көздегі жаспен тең, төгіп-төгіп алмасаң, көңілің жеңілденбейді...
— Сонда нені жазуым керек? Қай жаққа қарасан да, ғажайып табысқа
көзін түседі. Анау Қарағанды, Ембі, Жезқазған... Адам айтып жеткізе алмас
табыс! Халықтың қайратты еңбегінің нəтижесі! Ал сонымен қатар, күнде
«халық жауы» болып ұсталған азамат... Бұл бір жалпы интеллигенция
атаулыға, əсіресе жаңа қылтанақтап көктеп, көтеріліп келе жатқан қазақ
интеллигенциясына төтенше нəубет болды... Неге былай? Түсінбеймін...
Қаражан секілділердің сазайын тартқаны сауап. Ал тіпті кейде... Түнде он
үшінші пəтерде тұратын қарт археолог Павел Димитриевичті əкетті. Мен
терезеден көріп тұрдым. «Бұл шалдың қандай жазығы бар?» деп сұрауға
батылым бармады... Неден қорықтым? Біреу атып тастайды деп сескендім
бе? Жоқ, Оля, мен ажалдан қорықпаймын. Адал іс үшін, кеудемді оққа
тосуға бармын. Ал түнде...— Бүркіт кенет үйді кезіп жүре бастады,—
аяғымды аттауға құдіретім жетпеді. Неге? Мұндай рухани күйзеліске
ұшыраған қазір жалғыз мен емес... Бүркітті мен жақсы білемін. Дəл мұндай
жағдайда жүріп, қандай шығарма жаза аласың? Жазған күнде ол қандай
болып шығады?.. Шын жүректен тумаған шығарма дүниеге шала-жансар
келген бала тəрізді, ұзақ өмір сүре алмайды. Ондай туынды кімге керек?
Бүркіт тағы да үндемей қалды. Ольга да тіл қатпады. Бұлар осылай үнтүнсіз ұзақ тұрды.
— Шай қояйыншы,— деді əлден уақытта барып Ольга Павловна.
Ол ауыз үйге шығып кетіп, аздан кейін қайта оралды.
— Бүгінгі газеттер...
Бүркіт сылбыр қимылдап, газеттерді қарай бастады. Ас үйде примус
жағып жүрген Ольга Павловна кенет Бүркіттің столды қолымен тарс еткізіп
ұрып қалып, «Айуан!» деген қатты дауысын естіді. Əйелі жүгіріп үйге
қайта кірді.
Бүркіттің қолында газет, жүзі ашудан қара күреңденіп кеткен, не істерін
білмеген адамдай, кітап шкафына сүйеніп тұр. Көзінде үлкен қайғы...
— Көрдің бе мына мақаланы?—деді ол əйелі кіргеннен кейін газетті
көрсетіп.— Неткен қан шелек жан еді мына Жолыбеков!..
— Жолыбековың кім? Əнеугүнгі жиналыста саған қарсы шыққан қара
сүр жігіт пе? Не жазыпты?
— Иə, сол. Көрінгенді «халық жауы» деп өлкелік газет бетіне күнде бір
мақала жазады. Міне «Қаражан Айбасовтың ауыз жаласы» деп, мені де
жазып қойыпты. Қаражан ұсталғанда, бұл неге қалды дейді...
— Сонда сенің орныңа егін екпек пе?
— Қазіргі жағдай өсек-аяңға, пəле-жалаға жол беріп тұрған жоқ па?
Қастасқан өшін алар, көре алмаған қақпан құрар ауыр күн туды ғой.
Біреудің көз жасы арқылы езінің осу жолын көздейтіндер де аз емес.
Жолыбеков та соның бірі. Көр де тұр, ол жақында өзінің директорын
құртып, соның орнына отырады...
Бірақ бір күні болмаса бір күні қара жүзділігі бетіне басылмай ма? Соны
да ойламағаны ма оның? Иə, солай секілді. Демек сенде не шаруасы бар?
Сен директор емессің ғой?.. Жоқ, Бүркіт, мұндай пəледен тез құтылу үшін
сен қазір баруың керек.
— Қайда? Кімге?
— Өлкелік партия комитетіне, не болмаса ішкі істер халық
комиссариатындағы Сергей Степановичқа... Ол сені жақсы біледі ғой.
— Мынандай мақаладан кейін, өлкелік партия комитеті не мен не
бетіммен барам? Мен секілді кешегі ұлтшыл, партияда жоқ жанмен кім
сөйлеседі? Жоқ, мен онда бармаймын. Барғанмен, ештеңе шықпайды.—
Бүркіт ақырын уһледі.— Сергей Степановичқа жолығуға болар еді, бірақ ол
көптен бері ауру көрінеді.
Сергей Степанович Гаврилов Ақшатыр қаласында Хасеннің өтініші
бойынша Бүркітті абақтыдан босатқан кісі, қазір ол Қазақстан ішкі істер
халық комиссарының орынбасары. Алматыға көшіп келгеніне екі жылдан
асқан. Бүркітті бірнеше рет үйіне шақырып, өзі де бір-екі рет оның үйінде
болған. Ақынмен өте достасып кеткен. Кеше Бүркіт тергеушіге жауап беріп
шыққаннан кейін, Гавриловтың қабылдау бөлмесіне барған. Оның ауырып
ішкі істер халық комиссариатының ауруханасында жатқанын естіп, үйге
ренжіп қайтқан. Ауруханаға барып, жұрт көзінше жолығуға, қаралы болып
жүргендіктен, батылы жетпеген. Бір кесірім тиер деп те сескенген.
Бүркіт кеше өзін тергеуші шақырғанын Ольга Павловнаға айтпаған еді.
Бəрібір қолынан не келеді, əлі мені ұстар-ұстамасы белгісіз ғой, күні бұрын
несіне шошытам деп ойлаған. Сондықтан да Ольга Павловна ерінің неге
мұнша түңіле қалғанын толық түсініп тұрған жоқ. Ол мына жала мақаладан
құтылатын жол бар деп ойлайды. «Əділет» деген сөзге иманыңдай сенеді.
Ал Бүркіт болса, бұл мақаланың жай мақала емес екенін бірден ұқты.
Мойнына қыл арқанның түскелі тұрғанын енді əбден түсінді. Сөйтсе де,
Ольга Павловнаны күні бұрын қамықтырмайын деген ниетпен:
— Көрінген былшылға көңіл бөліп қайтеміз, Олечка?— деді күлімсірей
қарап.— Аққа қара жаққанмен, дым да шықпайды... Одан да шайыңды
дайындашы, баспаханаға баруым керек еді.
— Қазір...
Осы кезде ауыз үйге ұйқысынан оянған Зурə шықты.
Күн сайын Ханшайымға ұқсай түскен. Мінезі де шешесінің жас
кезіндегісіндей ерке шолжаң. Ол бөлмесінен шыға жүгіріп кеп Ольга мен
Бүркітті құшақтап кезек-кезек сүйді.
— Папа,— деді екі көзі кенет жайнай түсіп,— кеше мен класта өлең
айттым, мұғалім апай маған бес қойды.
— Қандай өлең айттың, қалқам?
— Сенің өлеңіңді. «Бесік жыры» деген ана кітаптың ішінде бар. Əнін
өзім шығардым.
— Қойшы?!.
— Нанбасаң тыңдашы... Апам да əлі естіген жоқ. Екеуің де тыңдаңдар...
Қазір мен айтып беремін.
Зурə əке-шешесін қолдарынан жетектеп, өзінің бөлмесіне алып барды,
үлкен қара күйсандықтың пернелерін екі қолымен бірдей басып, кішкентай
күміс қоңыраудай сыңғырлаған дауысымен өлеңді шырқап қоя берді:
Ұйықташы, қалқам, ұйықтай ғой,
Емдің ғой апаң емшегін.
Ұйықташы енді ұйықтай ғой,
Уілдемей, тентегім...
Балбырап жылы жатсын деп,
Жабайын қымтап көрпеңді.
Ұйқыға тəтті батсын деп,
Тербетейін еркемді!..
Бүркіт тағы қуанды. Сол минутта ол Зурəні өлең-күйге көбірек
əуестендіріп, өзіне жеке мұғалім əпермек боп шешті.
Шайларын ішіп болып, Бүркіт қызын мектепке апарып салды да, баспаға
барып өзінің ақырғы шыққалы жатқан кітаптарының жаңа ғана басылын
біткен беттерін алып, үйіне қайтты. Көңілі сəл көтеріле түсті. Кітабын
тоқтатпағандарына қарағанда, Бүркітке ешкім тимейтін тəрізді... Осы
сағаттан бастап сары аурудай созылған күндер өте бастады. «Керек
болсаңыз, тағы да шақырармын» деген əнеугі тергеушіден еш дерек
болмады. Не ол «енді сіз боссыз» деген хабар бермеді. Жалғанда
келешегіңе көзің жетпей, күпті болудан жаман не бар, Бүркіт əбден жүдеп
кетті. Үйінің жанына машина келіп тоқтай қалса да, «мені əкетуге келген
екен» деп, түн ұйқысынан шошып оянатынды шығарды. Аударып жатқан
жұмысы да өнбеді. Қайғылы қатерлі сезімге булыққан, «қашан əкетеді» деп
секем алған көңілден не шықсын, алға басқан аяғы кейін кетіп, Бүркіт күр
іштей тұншығып жүре берді...
Күйеуінің мұндай жағдайын керген Ольга Павловна да не істеуге білмей
əбден дағдарды. Оның да көңіліне «Бүркітке шын тимес пе екен?» деген бір
қауіпті күмəн пайда болды. Қолдан келер дəрмен жоқ, бұ да артын күтіп,
жан күйігін сабырлыққа жеңгізуге тырысты.
Əнеугүні Мəрукей сыланып-таранып тергеушіге текке келмеген екен,
тап тартысына «қырағы» жас жігіт махаббатқа келгенде судай соқыр болып
шықты, көп кешікпей Мəрукейдей сұлу əйелге үйленгенін езі де білмей
қалды. Бүркіттің ісін «тексеріп» болып, оны ұстауға арналғам бар
материалын халық комиссарына берген күннің ертеңіне, «халық жауының»
əйеліне үйленгені үшін жұмыстан босатылды.
Халық комиссары Бүркіттің ісін өзінің орынбасары Гавриловна жіберді.
Соңынан қадағалап отырған тергеушісі жоқ іс Сергей Степанович
ауруханадан шыққанша жатып қалды. Бұл кезде Қаражан да өзінің жазасын
алып, сонау қиыр күншығысқа айдалып кетті. Бүркітке енді ешкім түйіле
қоймады. Міне осы кезде Гаврилов та ауруханадан шықты. Бүркіт үйіне
барып жолығып, онымен ұзақ сөйлесті.
...Ішкі істер Халық Комиссары орынбасарының ауызғы қабылдау
бөлмесі. Шағын ғана столда жасы қырықтар шамасындағы əйел машинка
басып отыр. Қабылдау бөлмесі мен кабинетті жылытатын орасан үлкен
пеш қабырғаға қабысып, төбеге тіреледі.
Қабылдау бөлмесіне Халық Комиссариатының орынбасары Гаврилов
кеп кірді. Ауруынан бөтен, сірə, ісі де қиын болу керек, жүзі солғын, əбден
жүдеп кеткен.
— Сəлеметпісіз, Полина Гавриловна!
— Ой, есенсіз бе, Сергей Степанович... Кіргеніңізді де абайламай
қалыппын... Сауығып шығуыңызбен құттықтаймын.
— Рахмет.
— Əлі де емделіп жата тұрмадыңыз ба?
— Торт ай бойы дөңбекшідім. Жетер. Сар жұрт болған ескі жара, Бұдан
артық. жата беруге болмайды. Жұмыс бастан асып жатыр... Полина
Гавриловна, маған келген хат-хабар бар ма?
— Аз да болса бар. Сіз жоқ, болған соң, келген хабар-ошардың бəрін
дереу бөлім-бөлімге таратып берем. Сіздің емханадан шығатыныңызды
естісімен кейбір жекелеген істерді бөлек сақтап жүр едім.
— Рақмет... Маған əкеле қойыңызшы соларды.
Сергей Степанович кабинетіне өткен кезде, секретарь əйел сейфті ашып,
қағаздарды ала бастады.
Сергей Степанович стол жанына барып отыра берген кезде секретарь
əйел кеп кірді, қолында шағын ғана бір топ іс қағазы. Солардың үстіңгі
жағында бір кітапша бар. Сергей Степанович таңғажайып «документке»
түнере қарады.
— Маған сақтап қойған бұл өзі қандай кітап?
— Өлеңдер.
— Өлеңдер дейсіз бе? Бізге қашаннан бері жыр жіберетін болған?
— Сізге деп халық комиссарының өзінен кеп түсті. Ақын Бүркіт
Күнтуаровтың ісі. Ішінде айыптау қорытындысы да бар.
Сергей Степанович істі қолына алды. Ішінде Бүркіттің бұрынғы кезде
ұлтшылдықпен жазған өлеңдерімен бірге Хасен тірі кезде шыққан алғашқы
кітабы да бар. Тергеуші айыптау қорытындысын мықтап жазыпты. Көбіне
Қаражанның сөзіне сүйеніпті. Халық Комиссары орынбасарының өңі
сұрлана қалды.
— Прокурор бұған не депті?—деді ол аз-кем үнсіз тұрғаннан кейін.
Секретарь əйел бір топ қағаздың жоғарғы жағындағысын алып,
документке көз жүгіртті.
— Тұтқынға алынып, жауапқа тартылуына қарсылығым жоқ депті.
— Солай деңіз? Қарап көрейінші!
Сергей Степанович алдындағы істі тағы да бір шолып өтті.
— Бүркіт тамаша жігіт. Мен ол жөнінде қателеспеген екем. Ал
Қаражанның мына көрсетуі... жала. Егер бұл іс менен бөтен кісінің қолына
түссе...
Ол істі тағыда қолына алды да, тергеушінің қорытындысының үстіне
«Дұрыс тексерілмеген. Бүркіт дұрыс адам. Іс қысқартылсын» деп жазды да,
қол қойды.
— Мұныңыз не, Сергей Степанович?
— Полина Гавриловна, сіз екеуміз қызметтес болғанымызға қанша
уақыт өтті.
— Тоғыз жылдай...
— Сондықтан да мен сізге сенуге дағдыланғам. Менімше, сіз 1924
жылдан партия мүшесі болсаңыз керек?
— Иə, он үш жылдан асты. Ленин ұранымен үндес келем.
— Ал менің партия қатарына өткеніме ширек ғасыр. Революцияға анық,
дұшпан, қаскөй жауларға қарсы күрестің мəн-жайын көптен білетін де
сияқты едім, сол күресті жүргізіп келе жатқан чекистердің бірімін деп
білемін. Сөйте тұра қазіргі қимылымызда мен түсінбейтін жайлар бар-ау
деп ойлаймын. Басында оңынан тұрған жел бара-бара дүлей дауылға
айналып, азалы насырға шапқандай көрінеді. Осы сұрапыл астан-кестен
ішінде біреулер лауазымға көл созды, біреулер бір-бірінен өш алудың
жолына түсті, ал енді біреулер шүбəлану ауруына шалдықты. Соның ақыры
бұрқыраған арыз, тау-төбе жала-пəле жазуға əкеп соққан түрі бар.
Байқайсыз ба?
Полина Гавриловна тыңдапты да қапты.
— Солай болғанда тым болмаса мұндағы біздер, өмірі партия жолын
аяққа таптамайтын чекистер, бір жағынан, бұрынғыша жауға мейрімсіз,
ымырасыз болайық, екінші жағынан, анық адал жандарға жабылған
жаланы тани білейік; революция ардагері Феликс Эдмундовичтің өсиеті
солай еді ғой. Кəне, тағы қандай іс бар? Беріңіз!..
Сергей Степанович орнына отырды да, кезекті істі қарай бастады. Міне,
ол қағаздан көз қиығын аударып, əлі де түрегеп тұрған секретарь əйелге
қарады.
— Сіз неге түрегеп тұрсыз, отырыңыз...
Ол Полина Гавриловнаға жұмсақ орындықты нұсқап, өзі тағы да
алдындағы қағазға іждиһаттана үңілді.
Ертеңіне Сергей Степанович Бүркітті шақырып алып, бүгіннен бастап
оның бос екенін, істің қысқартылғанын айтты. Қуанғанынан Бүркіт үйден
қалай шыққанын да білмей қалды. Бірақ оның бұл қуанышы ұзаққа
бармады. Кенет жүрегі удай ашып, көзіне жас келді. Өзінің ісі
қысқартылғаннан он күн өткеннен кейін, ол Сергей Степановичтың
ұсталғанын естіді. «Халық жауы» деген сөз кейбіреуге күр тағылған жала;
екеніне Бүркіттің көзі енді анық жетті. Бірақ қолдан келер амал жоқ, күр
күйінген; үстіне күйіне түсті. Егер Бүркіт Гаврилов не үшін ұсталғанын
білсе, қазіргі күйінуі тіпті ойыншық болып қалар еді. Тек əйтеуір білген
жоқ.
Ал Сергей Степановичтың ұсталуына себеп болғанның бірі Бүркіттің ісі
еді. Мені көрсеткен Бүркіт деп қате түсінген Қаражан сонау күншығысқа
айдалып бара жатып, ақынның аман қалғанын естіген. Өштескен жау
аянып қалмады. Бүркіт үстінен арыз үстіне арыз жазды. Бір қағазында
Гавриловтың оны Ақшатыр қаласында бір рет тұтқыннан босатқанын айта
келіп, өзінің тергеушіге берген жауабына қоса, Сергей Степановичтың
Бүркіттің ісін қысқартқан күні Алматыға келіп түскен. Бүркіт пен
Гавриловтың бір тілектегі адам екені енді ешкімді. де күмандандырмаған.
Оған Гавриловтың басқа да «халық жауларына жеңіл қараған» істері
қосылып, ол он жылға сотталды. Ал Бүркіт Күнтуаров жөнінде жаңадан

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қатерлі өткел - 18
- Parts
- Қатерлі өткел - 01
- Қатерлі өткел - 02
- Қатерлі өткел - 03
- Қатерлі өткел - 04
- Қатерлі өткел - 05
- Қатерлі өткел - 06
- Қатерлі өткел - 07
- Қатерлі өткел - 08
- Қатерлі өткел - 09
- Қатерлі өткел - 10
- Қатерлі өткел - 11
- Қатерлі өткел - 12
- Қатерлі өткел - 13
- Қатерлі өткел - 14
- Қатерлі өткел - 15
- Қатерлі өткел - 16
- Қатерлі өткел - 17
- Қатерлі өткел - 18
- Қатерлі өткел - 19