- Read the next literature work for 3rd Grade
- Қараторғай
🕙 2-minute read
Қамқорлық - Бердібек Соқпақбаев
Total number of words is 239
Total number of unique words is 198
47.4 of words are in the 2000 most common words
61.9 of words are in the 5000 most common words
73.4 of words are in the 8000 most common words
Қолында аша ағашы бар сүр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының астындағы шарбақ ағашы сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды.
Жантас екінші рет атып үлгергенше балапан торғай жанталасып ұша жөнелді.
Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Көшенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талықсып әрең жетіп қонды. Жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты.
Жантас ентелеп тағы жетті. Зақпысын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап өтті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды. Бала балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп әлсіреген балапанның енді көтеріліп ұшуға халі де қалмады.
Үрейі ұшқан балапанның жүні үрпиіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап, «Аяшы!», «Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етеді. Бірақ безбүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қолсозым жерде тұрып атқылай бастады.
Кенет Жантастың арт жағынан:
- Әй, о немене? - деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқанда да тимесе, онда бас салып Қожадан бұрын ұстап алмақ.
Бірақ бұл жолы атылған тас иесінің жауыз ниетін құптап ұшты. Дәл топшысынан дөп тиген тас балапан торғайды домалатып түсірді...
Торғайды Қожа ұстап, мәпелеп үйге әкелді. Газет бетіне нанның үгіндісін сеуіп, «же» деп торғайға апарды. Бірақ балапан жемек түгіл, басын оңды-солды бұрып, татып алмады.
Қожаның босатып қоя беруі мұң екен, балапан жорғалап барып кереуеттің астына еніп кетті...

You have read 1 text from Kazakh literature.