- Read the next literature work for 2nd Grade
- Оспантайдың ойыны
🕙 1-minute read
Өрттен құтқарушы иттер
Total number of words is 185
Total number of unique words is 143
67.7 of words are in the 2000 most common words
78.6 of words are in the 5000 most common words
85.3 of words are in the 8000 most common words
Өрт болғанда жас балалардың үй ішінде қалып қоюы жиі кездеседі, өйткені олар қорыққанынан тығылып қалады да, үнсіз жатады. Ал түтін оларды анықтап көруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан осындай жағдайларда пайдалану үшін Лондонда иттерді үйрете бастаған. Ондай иттер өртсөндірушілермен үнемі бірге болады. Үйден өрт шыға қалғанда өртсөндірушілер итті балаларды алып шығуға жұмсайды. Осындай бір ит Лондонда он екі баланы өлімнен аман сақтап қалған. Оның аты Боб екен.
Бірде үй өртенді. Өртсөндірушілер әлгі үйге келіп жеткенде, алдарынан бір әйел жүгіріп шықты. Ол жылап тұрып, үйде екі жасар қызының қалып қойғанын айтты. Өртсөндірушілер Бобты жұмсады. Боб баспалдақтар арқылы жүгіріп барып, түтіннің арасына еніп, көрінбей кетті. Бес минуттан соң ол көйлегінен тістеп, қызды көр; теріп, үйден жүгіріп шықты. Ана қызының тірі екенін көргенде қуанғанынан көз жасын төгіп, құшақтай алды. Өртсөндірушілер итті сылап-сипап, жарақаттанған жері жоқ па екен деп қарай бастады, бірақ Боб қайтадан үйге қарай ұмтыла берді. Өртсөндірушілер үйде тағы бір тірі жан болуы мүмкін деп ойлады да, оны жіберді. Ит үйге жүгіріп кірді де, аздан соң тісіне тістеп алған бір нәрсені көтеріп қайта шықты. Жұрт оның алып шыққан затын анықтап көргенде, бәрі де күлді: алып шыққаны үлкен қуыршақ екен.

You have read 1 text from Kazakh literature.