Latin Common Turkic

Көшпенділер - I - Алмас қылыш-07

Total number of words is 2558
Total number of unique words is 1555
34.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жұрт осы сөздерді айтқан жігітке қарай қалды. Бұл жігіт Жәнібек сұлтанның баласы Қасым еді. Ұзын бойлы, қошқар мұрын, ақ сұр жігіт өзіне қадала қалған самсаған жандардан қайыспай, көзі шоқтай жайнаған қалпында, отырған орнынан қозғалмады. Үстіне бадана көз кіреуке киген, хан алдында суырыла сөйлеген осынау жас батыр кенет жұртқа ұнай қалды. Ал ұнатпағандар Шыңғыс ұрпағына «өзіңнен үлкендер отырғанда, сенің сөйлеуің ерсі» деп айта алмады.
Әбілқайыр оған бажайлай көз тастады. «Бұрын қалай назар аудармай келгенмін, — деді ол ішінен, — Жәнібек сұлтанның мына баласы болайын деп-ақ тұр екен! — Ол ақырын езу тартып жымиды. — әрине, оның дегеніне өзге сұлтандар жеткізсе».
Ойға шомып кеткен Асан Қайғы енді басын көтерді.
— Бейбітшілік әрқашан халықтың көкейкесті мұраты, сен сол халық мұратын көксеп отырсың, Қотан жырау, — деді. Бас бәйге сенікі, — енді ол Қазтуғанға қарады, — елдің елдігін, ердің ерлігін мадақтау о да бір паш өнеге, бірақ ерлік ел шабуға бағышталса езгілікке айналады. Демек, Жейхұн өзеніндей тасыған жырың үшін орта бәйгені саған ұсынар едік, от ауызды, орақ тілді Қазтуған жырау, бірақ ақылгөй Қотан қарт Қыпшақтың өзге елге еткен қиянатын бетіңе басып, тұсаған жылқыдай өрісіңді кеңіттірмеді. Сол себептен әлі де айтылмаған жырың қалған іспеттес. Қыпшақ құр ғана басқа елдерді шауып қойған жоқ қой, өз елін қорғағандағы ерлігін естісек дер едім...
Бас бәйгені алған Арғын жағы шат-шадыман боп тасыды. Аталы сөзге тоқ-
тап үйренген жұрт Асан Қайғы шешіміне риза екенін білдірді. Асан шешімін Қазтуған да әділетті көрді. Жеңіліп қап пәрмене болдым демеді. Тек Ақжол бимен бақ күндес Қобыланды батыр ғана намыс оты күйдіріп тақат ете алмай, іштей алай-дүлей.
Айтыс тізгінін қолына ұстаған Асан Қайғы әлі де қызу отырған Қазтуғанды тежегісі келмей:
— Сөйле, жырау, — деп домбырасын ұстаттырды.
әбден қызып алған Қазтуған күттірмеді. Әбілқайыр ханға қарап домбырасын қағып-қағып жіберіп:
— Қалған жырды тағы да тарих өзі жырласын, Қазтуған жырау аузынан әлеумет тек тыңдасын. Құлаққа жағымсыз жай болса, кешіре көрсін, хан ием, — деп жырау өзінің айтар сөзіне рұқсат сұрады ханнан.
Қарапайым ел қамын ойлаған, қызыл тілін қару еткен қазақ жыраулары әрқашанда өз ойларын ашық айтқан.
Бірақ... «аталы сөзге арсыз тоқтамас», дәуірінде ханға да шындықты тыңдау бір ғанибет іс еді. Сол салттан шыға алмай Әбілқайыр да:
— Ақын ел еркесі, айта бер қорғанбай жырыңды, — деді салғырт, Қазтуғанның айтар сөзінен күйінерін күн бұрын сезсе де кеңпейіл көрінбек боп.
Қазтуған жырау әсем көсілген жорғадай толғауын емін-еркін бастап кетті. Аздаған үзіліспен бір ғасырға жуық жүргізілген Шыңғысхан және оның ұрпақтарының шапқыншылығы бір мың екі жүз алтыншы жылы Монғол мемлекеті құрылысымен-ақ басталған. Осының алдында ғана өзін Шыңғысхан деп атаған, әкесі қияттан, шешесі та-та 26  елінен шыққан Темучин құр ғана монғолдардың өзара таласын басып қойған жоқ, ең алдымен монғол елімен аралас Керулен, Аргун, Онон, Орхон өзендерінің бойында көшіп жүрген Керей, Найман руларын жеңіп алды.
Бір мың екі жүз жетінші жылы монғолдар Енисей өзенінің жоғары жағы мен Селенгі өзенінің солтүстік тұсын жайлаған ұсақ елдерді жаулауға кірісті. Осы аттаныстарының арқасында Шыңғысхан әскерін қаруландыруға өте маңызы бар, темір өндіру өнеркәсібіне бай өлкеге ие болды. Сол жылы-ақ Шыңғысхан Орталық Азиядағы Си-Си деп аталатын бір кезде Қытайды тітіреткен тунгус мемлекетін өзіне қаратты. Жауынгер атты әскерін қосып өзінің шебін көбейтті. Содан кейін олар, жер мойны қашық Шығыс Түркістандағы ұйғырларды бағындырды. Осы кезде монғолдар қырғыз, бурят, ойрат секілді Оңтүстік және Орталық Сібірді жайлаған бірталай елдеріне дүрк тиді. Бір мың екі жүз он бірінші жылы Шыңғыс қалың қолмен Қытайға аттанды. Үш жыл соғысып ақырында Пекинді алды. Енді Шыңғысхан екі жүз мың әскермен Орта Азияға бет бұрды. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұрарлықтай әскері болғанмен, бетпе-бет келіп айқасудан бас тартып, бар күшін жеке қалаларын қорғауға бөлшектеді. Соның салдарынан Шыңғыс әскері Хорезм, Самарқант, Мерв, Бұқар — бәрін жеке-жеке шапты. Бұл оған Орта Азияның бар әскерімен қан майданда бетпе-бет кездесуден жеңіл түсті. Бір мың екі жүз он тоғызыншы жылдан бастап үш жылдың ішінде Шыңғысхан әскері бүкіл Орта Азияны өзіне бағындырды. Орта Азия халықтары басқыншыларға қарсы сан рет көтерілді, бірақ монғол хандары олардың көтерілісін қан-жоса етіп, басып тастап отырды.
Осы жылдары Жошы әскері қазақтың көп жерін алып, Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра өзендерінен өтіп Ұлытауға келіп туын тікті. Орта Азияны шауып болғаннан кейін, Шыңғысхан Қыпшақ елімен шекаралас Шығыс Европаны жаулап алуға кірісті.
Жебе мен Сүбітай баһадурлар басқарған отыз мың әскер бір мың екі жүз жиырма екінші жылы солтүстік Иран арқылы Азербайжанды қанға бояды. Енді кезек грузиндікі болды. Бес миллионға жуық Грузия халқының жан аямай қарсыласуына қарамай, Жебенің құрған айласының арқасында бір күннің ішінде отыз мың әскерін қырып, монғолдар солтүстік жағынан Дербентке таяды. Бұл арадан өту оңай болмағандықтан монғолдар Ширван шахқа «Сендермен бейбітшілік бітім істеуге бірнеше адам ғана келдік» деп кісі салды. Ширван шах алдағанды білмей, басты он адамын жіберді. Монғолдар біреуін өлтіріп, қалған тоғызына: «Егер де сендердің өлгілерің келмесе жолды көрсетіңдер» деді. Олар қорыққанынан Дербенттің қиялы жартас, тұңғиық құзды, ыңғыл-жыңғылды ұры сайлары арасымен монғолдарды аман-есен солтүстік Кавказға жеткізді. Солтүстік Кавказда тұратын алан жұрты «монғолға бірігіп қарсы тұрайық» деп Қыпшақтарды болысуға шақырды. Қыпшақтың қалың атты әскері аландарға келіп қосылды. Монғолдармен үлкен айқас болды. Екі жағы тең түсті. Қайтадан ұрысқа дайындалды. Алан мен Қыпшақты жеңе алмайтынына көзі жеткен монғолдар Қыпшақтарға көп тартумен «сендер бізбен қандас елсіңдер, аландар бөтен жұрт, біз сендермен бітімге келеміз, оларға болысушы болмаңдар» деп кісі салды. Монғолдың алтын-күмісіне қызыққан Қыпшақ батырлары аландарды тастап кейін шегінді. Жалғыз қалған аландарды монғолдар қан-жоса етіп қырды.
Ал Қыпшақтар «Бітімге келісетін болдық, бізге тимейді» екен деп әскерлерін үйді-үйіне таратып, жайбарақат жата берді. Сол уақытта ала¦дарды жеңген монғолдар, сау етіп бұлардың еліне жетіп келді. Әскерін таратып жіберген Қыпшақтар монғолдарға төтеп бере алмады. Бірі Донға, бірі Қырымға қашты. Осы уақыттағы Қыпшақтардың ханы Қотан 27  орыстарға кеп «маған туған күн саған да туады, бірігіп монғолға қарсы шығайық» деп өтінді. Орыс князьдары уәдесін береді. Сол күннен бастап Қыпшақ елінің басқыншылармен ауыр айқасы басталды.
Бейбіт елдерді қан жылатқан Шыңғысханды суреттегенде, бір қара албасты құбыжық келе жатқандай қобалжи, алан жұртын сатып кеткен Қыпшақ хандарының опасыздығын жыр еткенде, қарабет болған жандай көзін жерден алмай қиналып зар шеккен Қазтуған жырау, толғауының Шыңғысханға тиер жеріне жеткенінде тіпті зәрленіп кетті. Бауыры қызған бәйге атындай серпіліп сала берді. Жауына қарсы шыққан орыс, Қыпшақ жауынгерлерінің дәл ортасында өзі келе жатқандай, қарағай домбырасын дүбірлетіп, көзінен жалын атып, қаһар төкті.
Орыс, Қыпшақ болып бірігіп, басып алғалы аттанған жауына қарсы шыққанын жырлағанда ер көңілді батыр жыраудың үнінен мақтанған, қуанышты, адамды қанды кекке шақырар бір құдіретті саз естілді. Осылай шалқи қалған Қазтуған Қалқа ұрысын айтқанда кенет «әттең, әттең!» деп күңірене күбірледі.
Бір мың екі жүз жиырма үшінші жылы мамыр айында Днепр өзенінің жағасындағы Олешья деген жерде орыс, Қыпшақ әскері жиналды. Бұған бар әскерімен Киев князі Мстислав Романович, Галич Мстислав Мстиславович, Чернигов князі Владимир Рюрикович, тағы басқа Чернигов князьдары мен Қыпшақ хандары тегіс келді. Бұдан басқа Смоленскіден, Курскіден, тағы бөтен орыс жерлерінен көптеген жауынгерлер қосылды. Мұндай нөпір әскер орыс жерінде бұрын бас қосып көрмеген-ді.
Калка ұрысы деп аталып кеткен монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы Рашид-ад-Дин былай деп жазады: «Орыс пен Қыпшақтар дайындалып көп әскер жинады. Жауының көп екенін көріп монғолдар кейін шегінді. Монғолдарды қорыққанынан шегінді деп ойлаған Қыпшақтар мен орыстар оларды жиырма күн соңынан қуды. Кенет монғолдар аттарының басын кейін бұрып алып, қуып келе жатқан әскерлердің қосылуына мүмкіндік бермей, біразын қырып салды. Бір апта бойы ұрысты, ақырында Қыпшақ пен орыстар шыдай алмай қашуға мәжбүр болды. Монғолдар соңдарынан қалмай өкшелеп, қалаларын қиратып, жұртын бостырып жіберді».
Калка өзенінде орыс пен Қыпшақ әскерінің жеңілуінде анығында екі себеп болған-ды. Днепрден өтіп сегіз күндей жауын қуған орыс пен Қыпшақ полктарының арасы тым алыстап кеткен-ді. Осы жағдайдан отыз бірінші мамыр күні Калка өзенінде тобын жазбай қарсы атой берген монғол әскеріне бұлар бас қосып қарсы шығатын мүмкіндіктері болмаған. Әйтсе де Галич князі Мстислав Мстиславович өзімен ала көз Киев князі Мстислав Романовичты хабарландырмай, Қыпшақтармен бірігіп қан төгіс айқас ашты. Монғолдардың алдыңғы шебін жеңіп, бас күшіне шабуыл жасады. Ұрыс өте қатты болды. Қан судай ақты. Бірақ бұл ғаламат айқасты ең алдымен Қыпшақтар бүлдірді, олар ежелгі тәсілі — қашқан болып жауды ертіп, арттарында күтіп тұрған әскерінің қолына түсіретін әдеттеріне салмақ боп кейін шегіне бастады. Бір тобы шегініп еді, оған өзгесі асыға қосылды. Бұны көрген орыс полктері де кейін тым-тырақай босты. Ақырында, соңынан түре тиген монғолдарға қарсылық істей алмай қалды. Бұл — орыс, Қыпшақ әскерінің жеңілуінің бір себебі. Екінші себебі орыс князьдарының өздерінің ала ауыздығы еді. Галич князі Мстислав Мстиславович Қыпшақтармен бірігіп қанды қақпаннан қалай құтыламыз деп монғолдармен қырылысып жатқанда, Киев князі Мстислав Романович өзен жағасындағы биіктікте «менсіз сендердің қалай соғысқандарыңды көрейін» дегендей, өзінің көп полкімен тұрып қалды. Ал жаулары Галич полктары мен Қыпшақтарды жекелеп жеңіп, енді Киев полктарына келіп тиіскенде, қаптаған монғолға Мстислав Романович төтеп бере алмады. Адырдың жан-жағынан қоршап алып, өзіне төнген монғолдармен үш күн айқасқаннан кейін, олардың «өмірлеріңді сақтап қаламыз» деген сөзіне сеніп екі баласымен жауына берілді. Әрине, монғолдар алдаған-ды, қолға түсісімен князьді балаларымен бірге ай балтамен шауып өлтірген. Қазтуған жыраудың: «әттең, әттең!» деп өкінуіне құр ғана Қыпшақтардың қашқаны емес, монғол қандыбалақтыларының алдауына аңқау батырлардың талайының көніп, сан ұрыста ұтқызған өкініші де бар еді.
Монғол нояндарының соғыс жүргізу әдісі де, жауын алдап түсіру айласы да өздеріндей көшпелі ел Қыпшақтардікіне кейде ұқсағанмен, тегінде ерекше келетін. Монғол әскерінің оннан тоғызы бөтен ұлттардан, өздері жеңген елдердің жігіттерінен, сатылған бұзық, қарақшылардан құрылған. Бірақ бәрі бірдей темір тәртіпке бағынған. Темір тәртіп бұл жер сілкінткен қалың әскердің тек өзіне ғана тән ерекшелігі. Екінші ерекшелігі оның басқа елді шабу, бағындыру, айла-әдістерінде. Монғолдар бір елді шабар болса, ең алдымен ертөлелерін жібереді. Олар өрт салмайды, дүние-мүлік тонамайды, тек шабатын елдің адамдарын өлтіреді, ең болмаса қорқытып қашырады. Сөйтіп, қанқұмарлықтарымен тыныш жатқан елдің күні бұрын зәре-құтын алады. Содан кейін барып қалың қолмен шабады. Бұ жолы ештеңені де аямайды. Қолға түскен қаланы өртеп, қиратып, дүние-мүлкін талайды, тек құлдыққа сатуға, не мал бағуға, өйтпеген күнде өнер-өрнекке жарайтын шеберлері болмаса, қатын-балаға қарамай қырады. Кешегі салтанатты қаланың орнына күйреген кірпіш, тас-талқан болған құр сілімтірін қалдырады. Гүл-гүл жайнаған бау-бақша, жасыл егіні жайқалған ну даланы құлазыған қу тақырға айналдырады. Содан кейін барып өздері шауып кеткен жерлеріне жаршыларын жібереді. Олар тығылып қалған адамдар болса, жасырылған қазына болса, бәрін тауып нояндарына жеткізеді. Әскер басы баһадурлар осы жаулап алған қала, далаларына әкім етіп өздерінің адамдарын қалдырады.
Егер қала мықты қамалға айналып, өздігімен берілмесе, монғолдар бекініс алатын тас атқыш катапульттерін салады. Қамал қабырғалары берік боп тас атқыштар ештеңе істей алмаса, қалаға кіретін үңгір-ладыз қазады. Сөйтіп, күтпеген жерден түн ортасында, не таң ата шаһардың ішінен, не бекіністің арғы бетінен шығады. Аянбай соғысады. Ал, қала халқы тым сақ болып бұндай жағдайға жеткіздірмейтінін білсе, қаланың жанынан ағып жатқан өзен, дарияларға бөгет сап, су арнасын өзгертіп, халықты суға тұншықтырады.
Мединаны алғаннан кейін оның белгілі бек, хакім, би, батыр, оқыған адамдарына рақым етпейді. «Қарсыласпай өздерің берілсеңдер сендерге тимейміз» деп аналарды қарсылықсыз қолға түсіріп ала қалса да шетінен бауыздайды, тірі қалдырмайды. Бұл — шауып алған елге Шыңғыс ханның орнатқан жалпы тәртібі. Ұлы қанішерлер ойынша «басып алған жерде тыныштық болу үшін ол араның ең алдымен басты адамдарын құрту керек. Олар қорыққанынан «бағындым» десе де ыңғайы бола қалса халықты қарсы қойғысы келіп тұрады. Қоя алады да. Рушылық заманда қандай халық болмасын, өзінің басты адамдарының соңынан ереді. «Ал ол басты адамдарын құртып жіберсең, бассыз тобыр ештеңе істей алмайды, басы жоқ дене тірі дене емес, өлі дене».
Шыңғыстың бұл қатал заңын білмеген ел бастайтын хандар өз жандарын аман алып қаламыз деген үмітпен күресер жерінде күреспеді, халық соңдарынан еріп, «жауыңызға қарсы шығуға бармыз» дегенде, қорықты. Ақырында өздері қырылды, халықты да қырғызды.
Осылай алданғанның бірі Киев князі Мстислав Романович еді.
* * *
Монғолдар қарсы жақтың қаласын алу үшін ештеңеден де тартынбайтын. Өлтірген адамдарының майын шыжғырып алып жауы тығылған үйлерге құйып от салу (адам майы ұзақ жанады) не бекініс қабырғасы берік шаһарлардың үстінен грек отын — құм аралас мұнайдан істелген жанғыш затты лақтырып, адам көзі қимас ғажайып сұлу мешіт, шіркеу, патша сарайын өртеу, жан түршігерлік зұлымдық, айуандық қаныпезерлік, алдау дегендердің бәрі де қатар жүретін.
Шапқыншылар әскерлерінің тағы бір қасиеті жылдамдығы еді. Құлынынан бастап ұшы-қиыры жоқ монғолдың құмайт даласында босып өскен жылқы мінген Шыңғыс атты әскерінің бір тәулікте елу фарсат алуы тіпті таң қаларлық іс емес. Бар ұрыс саймандарын, қазан-ошақ, жататын үйлерін тиеген арбалары мен бекіністерді алатын катапульті ауыр көшінің өзі де күніне отыз-қырық фарсат жер жүретін. Бұның бәрі монғол жылқысының төзімділігі мен жауынгерлерінің салт атқа жасынан дағдыланғанынан еді. Осы қасиеттерінің арқасында монғол әскері күтпеген жерден жауының дәл қасынан пайда болып, не күндіз ұрысқан қолының бір түнде басқа жағынан шығып, керек болса қаша жөнеліп, қара үзіп кете беретін. Монғолдың бұл әдісіне тек Қыпшақ жігіттері ғана төтеп бере алатын. Бірақ олар аз, екі жүз мың монғол әскеріне қырық мыңға жетер-жетпес Қыпшақтың салт атты сыпайлары не істей алады?
әйтсе де сонысына қарамай, Қыпшақ, Керей, Найман тәрізді рулар мон-
ғолдарға оңайшылықпен көнбеді. Жерін, елін қорғап ұзақ күресті. Калка өзеніндегі айыбын сан мәртебе ыстық қанымен жуды, асыл ұл-қызының үзіліп кеткен жүректерімен ақтады.
Қазтуған жырау осы монғол шапқыншыларымен алысқан Қыпшақ әскерлерінің ерлігін толғағанда нағыз бір жүйрік атқа мінгендей, көңілі лепіріп, ұшып-қонып қансорпа боп бір орнында отыра алмады. Бір мезет Бошман жырына келгенде тіпті аруақтанып кетті. Бошман — Қыпшақ батыры еді. Иран тарихшысы Джувейни айтқандай: «Қисық қылыштан тірі қалғанның бәрі тағдырдың дегеніне көніп, мойынсұнғанда да» Бошман батыр монғолдардың ырқына көнбеді. Елінің тәуелсіздігін, жерін, суын қорғап шапқыншыларға қарсы шықты. Өзі секілді монғол қолына түспей құтылып кеткен бірнеше батырларды жинап, «Қанға қан! Кекке кек!» деп жауларының жеңіл-желпі жасақтарын құрта бастады. Басқыншылардан кек алуға болатынын ұққан Қыпшақ жігіттері жүздеп келіп Бошманға қосылды. Бұны көріп, Еділ бойындағы уақ ұлттар: башқұрт, алан, бұлғарлар да бас көтерді. Бошманның үлгісінің өте қауіпті екенін түсінген Бату әскерінің қолбасшысының бірі Мөңке Бошманды тез ұстауды бұйырды. Бірақ Бошман ұстатпады. Оның қатары күннен-күнге көбейе түсті. Бошман қатары көбейген сайын, монғолдардан да береке кете бастады, жоқ жерден шабылған көрен 28 , бүлінген жасақтар саны молайды. Бошманды ұстаймын деп енді Мөңке қаһарына мінді, ал аяулы ер Еділ бойының қалың ағашының арасына кіріп ап, басқыншылар шебіне тиісумен болды. Ақырында Мөңке інісі Бөшек екеуі әр кемеге жүз қарулы жауынгер отырғызып, екі жүз желкенменен Еділ бойымен төмен ағып, өзеннің екі жағын бірдей қарап шықты. Бошман бұған да ұстатпады. Еділдің ортасындағы ат көрінбес анақурайлы бір аралға бекініп ап, жағасына жау желкендерін жуытпады. Мерген Қыпшақтар желкен үстіндегілердің басын көтертпеді. Қарсы жағы Бошманды ала алмайтындарына көздері жетіп, енді әрі қарай жүрмек боп тұрғандарында кенет адам айтқысыз қатты жел тұрып, аралдың бір жағындағы суды қуып, біраз жерін қарайтып тастады. Мөңке осы күтпеген қара қатқақ жол арқылы аралға бар әскерін төкті. Мың қаралы жауынгерлерімен Бошман батыр қолға түсті. Монғолдың бір нояны Мөңкенің жарлығы бойынша Бошманды балтамен қақ жарып өлтірді.
Елін шапқыншыларға көтере білген Бошман батыр өз ісін істеп кетті. Оның көтерілісі біткенмен іле-шала Баян мен Жықу атты бұқарадан шыққан кісілерінің бастауымен Қыпшақ жігіттері тағы күреске шықты.
Қазтуған жырау осы көтерілістің барлығын еміренте, бір жалынды үнмен жыр етіп мақтана толғай берді.
Әбілқайыр жыр басталғалы алтын тағынан қозғалмай, қара сұр жүзі сәл қуқылданып үн-түнсіз тыңдап отыр... Ашу қысып тына қалғанын хан сырын білетін дос-қасы тегіс түсінуде... Тек Қазтуған жырау ғана өзгеріп кеткен хан келбетін аңғарар емес. Ел шапқаннан гөрі, елін қорғаған Қыпшақтың ерлігін жыр еткенде дарыны енді шын ашылып, кісендеулі құлашы жаңа ғана жайылғандай, толғауын аңқылдап соғып отыр...
Кезекті енді Қотан жырау алды.
— Құс ұша түзеледі, бетің жаңа жөнделді, Қазтуғаным, —деді ол, — сен бастаған әуенді мен ұлғайта түсейін...
Ашына сарнаған қобыз үніне қосылып, қарт жырау енді бір алуан уақиғаларды бастап кетті...
Шыңғысхан тағына Күйік отырған кезде Батудың қарамағында монғолдың бар болғаны төрт мың ғана жауынгері қалған. Бүкіл Шығыс Европаны жаулап алған айбынды әскері өзіне бағынышты елдердің дені Дәшті Қыпшақ жігіттерінен құрылған-ды. Бұндай әскермен қарамағындағы жұртты билеу де қиын және бұның өлімін күтіп отырған, жүз мың қолы бар Күйікпен бетпе-бет келу де оңай емес. Сондықтан Бату сенімді одақтас іздеді. Бұл — Алтын Орда ханының сол кездегі көкейтесті арманының бірі еді. Міне, осы тұста Новгород князьдары Александр мен Андрейдің әкесі Ярослав, бұрыннан уәделесіп келген Күйіктің ордасына келісім сөзге барған жерінде монғолдардың қолынан қаза табады. Батудың көктен сұрағаны жерден табылады. Новгород князьдары Александр мен Андрей Күйіктен ат құйрығын шарт кесіп бөлінеді де, Батумен бітімге келеді. Новгород князы Александр Батуға алым-салық төлеп, оның баласы Сартақпен өле-өлгенше соғыспай өтуге ант береді. Осы күннен бастап Алтын Орда хандары мен Новгородтың ұлы князьдарының арасында ғасырға таяу созылған келісім басталады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Көшпенділер - I - Алмас қылыш-08
  • Parts
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-01
    Total number of words is 2770
    Total number of unique words is 1567
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-02
    Total number of words is 2731
    Total number of unique words is 1627
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-03
    Total number of words is 2666
    Total number of unique words is 1597
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-04
    Total number of words is 2772
    Total number of unique words is 1616
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-05
    Total number of words is 2808
    Total number of unique words is 1696
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-06
    Total number of words is 2750
    Total number of unique words is 1660
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-07
    Total number of words is 2558
    Total number of unique words is 1555
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-08
    Total number of words is 2693
    Total number of unique words is 1577
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-09
    Total number of words is 2778
    Total number of unique words is 1648
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-10
    Total number of words is 2837
    Total number of unique words is 1569
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-11
    Total number of words is 2828
    Total number of unique words is 1638
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-12
    Total number of words is 2788
    Total number of unique words is 1636
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-13
    Total number of words is 2587
    Total number of unique words is 1455
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-14
    Total number of words is 2686
    Total number of unique words is 1552
    39.2 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    61.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-15
    Total number of words is 2758
    Total number of unique words is 1700
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-16
    Total number of words is 2762
    Total number of unique words is 1696
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-17
    Total number of words is 2753
    Total number of unique words is 1568
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-18
    Total number of words is 2677
    Total number of unique words is 1509
    39.2 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    62.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-19
    Total number of words is 2733
    Total number of unique words is 1610
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-20
    Total number of words is 2428
    Total number of unique words is 1490
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-21
    Total number of words is 2462
    Total number of unique words is 1512
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-22
    Total number of words is 2770
    Total number of unique words is 1616
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    52.2 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-23
    Total number of words is 2601
    Total number of unique words is 1525
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-24
    Total number of words is 2805
    Total number of unique words is 1656
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    60.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-25
    Total number of words is 2807
    Total number of unique words is 1663
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-26
    Total number of words is 2469
    Total number of unique words is 1468
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-27
    Total number of words is 2786
    Total number of unique words is 1634
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-28
    Total number of words is 2643
    Total number of unique words is 1509
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-29
    Total number of words is 2593
    Total number of unique words is 1513
    38.8 of words are in the 2000 most common words
    54.2 of words are in the 5000 most common words
    61.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-30
    Total number of words is 2650
    Total number of unique words is 1550
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-31
    Total number of words is 2677
    Total number of unique words is 1521
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-32
    Total number of words is 1137
    Total number of unique words is 770
    45.1 of words are in the 2000 most common words
    59.7 of words are in the 5000 most common words
    69.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.