🕙 1-minute read

Жолбарыс пен түлкі

Total number of words is 103
Total number of unique words is 82
60.8 of words are in the 2000 most common words
68.0 of words are in the 5000 most common words
75.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  (Ертегі)
  
  Бір күні жолбарыс сырқаттанып қалады. Әміршінің көңілін сұрау үшін оның үйіне барлық аңдар жиналады. Тек түлкі ғана келмейді. Мұны байқап қалған қасқыр жолбарысқа жүгіріп келіп, түлкінің сыртынан өсек айтады.
  Ашуланған жолбарыс күжілдеп, дереу түлкіні алып келуді бұйырады.
  Бұл хабарды естіген түлкі жолбарысқа өзі жүгіріп келеді.
  - О, құдіреті күштім! Сіздің мені көргіңіз келген екен, міне, алдыңызға келіп тұрмын! - дейді.
  - Әй! - деп күжілдейді жолбарыс. - Барлық аң келіп, менің көңілімді сұрады, ал сен?..
  - Е, құдіреттім! Сіздің науқас екеніңізді мен барлығынан бұрын білдім. Содан сізге дәрі іздеп кеттім, - дейді түлкі.
  - Ә, солай ма? - деп жолбарыс сабасына түседі.
You have read 1 text from Kazakh literature.