- Read the next literature work for 2nd Grade
- Бұлбұл мен тоқылдақ
🕙 0-minute read
Ботақан
Total number of words is 36
Total number of unique words is 34
26.4 of words are in the 2000 most common words
41.0 of words are in the 5000 most common words
43.9 of words are in the 8000 most common words
Бұлтақандай ботақан,
Мамық жүнді, май табан.
Аққудай иіп мойынын,
Маң-маң басып жайылған.
Екі өркеші баладай,
Екі көзі танадай.
Шудалары жібектей,
Жез бұйдасы желектей.
Сырмақ жабу жарасқан,
Сыр мінезі әдемі.
Мыңқ етпейтін момақан,
Осы - біздің ботақан.
Мамық жүнді, май табан.
Аққудай иіп мойынын,
Маң-маң басып жайылған.
Екі өркеші баладай,
Екі көзі танадай.
Шудалары жібектей,
Жез бұйдасы желектей.
Сырмақ жабу жарасқан,
Сыр мінезі әдемі.
Мыңқ етпейтін момақан,
Осы - біздің ботақан.
You have read 1 text from Kazakh literature.
- Read the next literature work for 2nd Grade
- Бұлбұл мен тоқылдақ