🕙 1-minute read

Біздің Отанымыз - Қазақстан

Total number of words is 157
Total number of unique words is 136
43.2 of words are in the 2000 most common words
48.2 of words are in the 5000 most common words
56.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  - Сіз қай елде тудыңыз? - деп сұрады бірде менен француз жазушысы Мәскеуде жолыққанда.
  - Қазақстан Республикасында.
  - О, қандай үлкен ел, ғажап ел! Оның жеріне бес Франция сыйып-ақ кетер еді!
  - Иә, - дедім мен мақтаныш сезіммен. - Қазақ даласы кенді Алтай тауларынан Ақжайықтың жасыл жағалауына дейін, Қаратау жоталарынан Қызылжар ормандарына дейін созылады. Біздің жердің қойнауы алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға аса бай.
  Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары өседі. Аппақ қардай ақ мақта өсетін аудандар да бар. Көлеміне көз жетпес бақшалардан шырынды алма, алмұрт, жүзім, қара өрік пен сары өрік тереміз.
  Осындай кең-байтақ, жомарт далада батырлар мен ұлы ақындар, саусағынан сан өрнек төгілген зергерлер, шеберлер өмір сүрген. Бүкіл дүниежүзіне Абай мен Жамбылдың, оқымысты Шоқан Уәлихановтың, жазушы Мұхтар Әуезовтің, академик Қаныш Сәтбаевтың есімдері жақсы таныс.
  Біздің республикамызда жүз жиырмадан астам халықтың ұл-қыздары тату-тәтті, ынтымақпен, жемісті еңбек етеді. Біз қандас болмасақ та, жандаспыз!
  Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті де ортақ Отанымыз!
You have read 1 text from Kazakh literature.