- Read the next literature work for 3rd Grade
- Батырлар жыры
🕙 2-minute read
Батылдық
Total number of words is 269
Total number of unique words is 213
60.5 of words are in the 2000 most common words
70.2 of words are in the 5000 most common words
74.8 of words are in the 8000 most common words
Бір сағат өтті. Жаттауды оқыған оқушылардың гуілінен сыныптағы ауа біртүрлі ұйқы келтіреді. Доббис мырза үстелдің жәшігін ашты да, кітапқа қолын созды. Алсам ба, алмасам ба дегендей кідірді. Балалардың көбі оның бұл қимылына жай ғана қарады. Ал олардың ішінде екеуі шыдамсыздана күтті. Доббис мырза әуелі кітапты сипады. Сонан соң қолына алып, орындыққа дұрыстап отырды да, оқуға кірісті. Том Беккиге қарап қойды. Ұсқыны жоқ, мергеннің көздеуіне іліккен үркек қоянға ұқсап, әрең отыр. Том сол бойда онымен керісіп қалғанын ұмытып кетті. Тезірек көмек беру керек!
Жағдайдың қиындығы сол - бір нәрсені ойлап табатын уақыт жоқ. Тамаша! Керемет ой келді. Ол жүгіріп барып, кітапты алып, есіктен шығып кетеді. Бірақ сәл-пәл ойланып қалды және оңтайлы сәт өтіп кетті: мұғалім кітапты ашып үлгерді. Сәл ертерек қимылдап, сол сәтті ұтымды пайдаланса ғой!
Үнсіз сәл үзіліс. Сол сәл үзілістің ұзақтығы сондай, тіпті онға дейін санап үлгеруге болады. Мұғалім ашуға булығып, ақыры:
- Кім мына кітапты жыртқан? - деп сұрады. Бір дыбыс жоқ. Түйреуіштің түсіп кеткенін де естуге болатын. Бәрі үнсіз. Мұғалім кінәліні іздеп, әр баланың жүзіне көзін қадады.
- Бенджамин Роджерс, сен бе кітапты жыртқан?
Жоқ, ол емес. Тағы тыныштық.
- Джозеф Гарпер, сен бе?
Жоқ, ол да емес. Мұғалім балалардың қатарын қарап болып, қыздар жаққа бұрылды.
- Эмми Лоуренс?
Қыз басын шайқады.
- Грейси Миллер?
Ол да солай.
Ендігі кезекте Бекки Тэчер. Томның қол-аяғы бірдей дірілдеп кетті. Жағдай өте қиын еді.
Дәл осы сәтте Томның басына найзағайдай жарқ етіп, бір ой келе қалды. Ол орнынан атып тұрып:
- Мұны жасаған мен! - деп айқайлап жіберді. Том бір минуттай тұрды да, шашылған ойларын жинап, жазаны қабылдау үшін алға шықты. Беккидің көзіндегі таңдану, алғыс оған берілген марапаттай еді.

You have read 1 text from Kazakh literature.