🕙 2-minute read
Бақыт құсы - Ыбырай Алтынсарин
Total number of words is 226
Total number of unique words is 165
49.5 of words are in the 2000 most common words
59.8 of words are in the 5000 most common words
67.0 of words are in the 8000 most common words
(Ертегі)
- Әке, - деді бірде Әмзе сапардан оралған әкесіне, - маған бақыт құсын сатып әперші...
Кезекті сапарына жиналған әкесі мақұлдады. Әмзе әкесін ұзақ күтті. Араға айлар, жылдар салып оралған әкесі:
- Таппадым, балам. Бақыт құсы еш жерде сатылмайды екен, - деді.
- Ендеше, өзім іздеймін.
Әмзе жолға жиналды. Ол жұмысқа қырсыз еді. Құдықтан су тартуды да білмейтін. Жастайынан ерке өскен. Өзі айтқанынан қайтпайтын. Сөйтіп, ол бақыт құсын іздеуге шықты.
Жол ұзаққа созылды. Артта талай көл, талай ел қалды. Кезіккен адамдардан бақыт құсының қайда екенін сұраудан жалықпады.
Әмзе шашына қырау түсе бастаған кезде ақ сақалды бір қарияға кезікті. Қария жолаушыны күтіп, сый көрсетті. Не шаруамен жүргенін сұрады. Әмзе бақыт құсын іздеп шыққанын айтты.
- Қап! - деп өкінді қария, - Бақыт құсын қолыңнан ұшырып алыпсың-ау!
- Жо-жоқ, - деді Әмзе иландырып, - мен бақыт құсын кезіктіре алмай жүрмін.
- Жолықтың, бірақ - танымадың.
- Қашан? Қалай байқамай қалдым?
- Сен оны байқай да, бағалай да алмадың. Бақыт құсы жас кезіңде қонған еді.
- Әлде, балалықпен байқамадым ба?
- Айтайын, жолаушы. Сен бақыт құсын босқа іздеп шаршадың. Ол адамды өзі іздеп келеді. Сен жас кезіңнен еңбек істесең, бақытты содан табар едің. Енді кеш. Өйткені сен өміріңнің жартысынан көбін адасып жүріп өткіздің. Енді ерінбей еңбек етуге үйрене алар ма екенсің? Бақыт құсы тек еңбекқұмарларға ғана қонады. Сондықтан бақыт құсы сенен ұзап кеткен.
Өкініш өзегін өртеген Әмзе бармағын тістепті.

You have read 1 text from Kazakh literature.
- Read the next literature work for 3rd Grade
- Батылдық