Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ақ Жайық - 50
Total number of words is 4097
Total number of unique words is 2206
35.7 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
58.7 of words are in the 8000 most common words
жүруге тиіс емес. Менің түбімді қазып жатыр. Он алтыншы жылғы
Лұқпан болысты желкелегенімді, окоптан қашып келгенімді бетіме
басып, сен қызылдарға қол берген бұзықсың, сені дарға астырамын деп
жатыр.
Арғы жағын Ғұбайдолла мұқшап сұрамады. Бұл əкім қараға бас имей
келген «Шойқараның» Жанша əскерімің бастығы Кирилловпен ғана
емес, полицмейстр Арон торемен қарсыласып қашып шыққан əрекеті
толық көз алдына келгендей болды. «Мұны ұстаса соттайды. Соттаса
не болары белгілі ғой. Мұны қайда жасырып, қалай арашалауға
болады? Бұлар менің өз басымды да...» деген ойын түптетпестен
Мəмбет:
— Ғұба-ақа. мағaн Ғалиасқардың қай жерде жүргенін айт.
Mенсоларға қосыламын. Жəне жалғыз қосылмаймын — мына .хан
жігіттерінің ішіндегі серіктерімді ала кетемін , — деді.
— Ғұбайдолла бұл соңғы сөзге құлағын тіге қалды. Тəжірибесі мол,
өмірдің сан қилы жасырын астарын байқап көріп отырған учительге
«Ғалиасқарға қосыламын» деген талап жоқ жерден табыла қалған ақыл
сияқтанды «Бірақ қалай қосылады? Ғалиасқар қай жерде қазір,? Хан
жігіттерінің арасындағы серіктерін бұл қалай алып кетеді? Өзі барып
қақпанға түсіп қалса, өкінішті кете ме? Арон төрені өлтіремін деуі де
хауіпті іс?» —деген сұраулар оны сан тұйыққа тіреп, күрмей берді.
Мұғалім бұл қиын жұмысты ақылға салып шешпекші болды.
— Мəмбет, сен біздің қырдағы күтірге бар да жат. Іші таза, өзі оңаша,
көзден таса жер. Өрістегі жылқышылар келіп мазаңды алмаса, ешкім
бармайды. Тамақты жігіттер жеткізіп берер. Басқасын соңынан
сөйлесерміз,— деді.
«Күтірде жата тұр» деген сөзге ойланғаннан кейін Мəмбет те көнді.
Бірақ оның ойы Ғұбайдолланың ойлағанынан əлдеқайда басқа еді. Ол
өзінің елден өзге оғаш мінезіне бақты — оның тағы да жұрттың
аузынан түспес бір істері айқындала берді.
Қамыстыкөлден төрт-бес шақырым төмен, Қашар-сойған беттегі қос
күтірге барып, жан-жақты көзбен бір шолды да, Мəмбет ымырттатып
қалаға қайта оралды.
2
Ол Ғұбайдолланың: «Күтірде жата тұр, басқасын соңынан
сөйлесерміз» деген ақылын алған жоқ. Ол бұл оқымысты адамнан
кеңес те сұрай келген жоқ-ты. Тек қана істейтін ісін жəне істеп салған
ісін дереу мəлімдейтін ескі əдетінше айтып салған сөзі еді. Бірақ,
учительдің күтірге иек қаққаны оған екінші бір жойқын ой салды.
«Күтір оқшау тұрған бір қамал. Арғы жағы өріс, өрісте жатқан көп
жылқы. Тоқтай тұр, сен Кириллов, мені конокрад дейсің?! Конокрадты
мен саған енді көрсетейін. Тігерге тұяқ қалдырмай полкының атын
ондап-жиырмалап айдап əкетейін де тұрайын. Коп тарының ішінен
тауып алып кер ала тарыны? Қабыл мен Науырызалының есепсіз
жылқысының ішіне қосып алып, біраз күннен кейін ат біткеніңді
Ақшат тауға, онан əрі Ақбұлаққа қарай қызыл тұйғындардың жатқан
жеріне жөңкілтейін бəлем» деді ол ішінен қалаға қарай атын аяңдатып,
терін кептіріп келе жатып. Ол бір кез тіпті Арон төрені енді қайтып
аузына да алмай қойды, бар қаһары Кирилловне ауды. Кеше, «Мишка,
сен шын көрме, конокрад деп ойнап айтып ем» дейді астымда жатып.
Баяғыда да соны айтқан. Бірақ қолымнан босанып кетісімен
Мергеневканың барлық жігітін жинап алып келіп, ен далада жабылып
ұрып кеткен жоқ па еді. Өрісте бір күн, бір түн жатып, дед Митрейдің
үйіне еңбектеп зорға жетіп жығылдым. Мынау соның салған таңбасы
емес пе? — деп, Мəмбет оң жақ құлағының қалқан шеміршегін қамшы
ұстаған қолымен сипап қалды. «Бұл итті алқымынан алып біржола езе
салмаған екенмін. Содан кейін мейлі, маған істерін бұл сары ала
погонды мырзалар істей берсін. Тентектің ақылы түстен кейін келеді
дейді. Өзімізде де бар, несін аядым екен! Енді қайтып қолына түссем
Кириллов мені өз қолымен атар» деп ойлады Мəмбет, кешегі ісіне
бүгін есеп беріп. Талай сабалып, талай тепкіге ұшырап құлақ-еріні
əлденеше рет жырылған бұл Мəмбет бейнебір өмірдің оты мен суына
түсіп шыңдалғандай. Оның ешбір жаннан сескенбеуі де, ұдайы тек
ұлық біткенмен айқаса кетуі сол қаршадайынан жүрегіне шемендей
қатып, еріксіз дүмпіген тірі қорлық пен ащы зорлықтың өшпейтін
зардабы болуы керек. «Қап!» деп тістеніп қойды ол тағы да
Кирилловты бір жайлы етпегеніне өкінгендей.
Есіктен кіріп келген бойы төрден бір-ақ шығып, таңданғандай қарай
қалған үлкен көзді сұлу қара торы қызға:
— Төре қайда?— деді Мəмбет.
Үстінде əскер киімі болса да «шойқараның» алқа-салқа түріне қарап
жəне жан шошырлық қызыл-тарғыл көзінен көзін алмай қыз сəл
бөгеліп қалды. Бірақ қаланың да, даланың да түрлі жандарын көріп
жүрген, өзі оқыған, əрі өткір қыз Мəмбеттен сескене қоймады. Ол тіпті
мұны ертегі, қисса-жырларда кездесетін дəуперілердің бір адамға
зиянсыз, жə бір көлді бір ұрттайтын, болмаса тау мен тауды алақанына
салып салмақтап тұратын «зұмқара» ма деп қалды. Əйелдің көбі
нəзіктен гөрі берен күшті, aқылдан гөрі оғаш істі, көріктіден гөрі
шомбал тұрматты адамды жақсы көре береді. Əəсіресе дүлей ерліктің
иесі, бет қайтпас қара дүрсін Мəмбеттерді алыстан да сезіп, біліп
қашудың орнына оған үйіріле кетеді. Арон төренің жалғыз қызы
гимназистка Шаһизада да сол оғаш жандарды сүйгіш қыздың біреуі
екен.
— Папамды сұрайсыз ба?— деп қыз қабағын кере қалды.
— Қаратаев Арон төрені сұраймын,— деп, Мəмбет алыстан
күңкіреген күндей дүңк-дүңк етті.
— Полковник сұлтан Гарун Ахметович мемлекет советінде — Батыс
уалаятының бастығы ұлы мəртебелі хұзарында. Сіз... хорунжийсіз бе —
деді қыз аз мүдіріп қалып, Мəмбеттің қара мауыт кең
гимнастикасының иініндегі əскерлік чин белгісіне қарап тұрып.
Мəмбет те қызға қарай қалды. Оқыған қазақ əйелдерін көрмеген,
тіпті бай казак-орыстың ақтиын ішік, шəйі көйлек киетін, қолына
алтын балдақ салатын үлпілдеген ақ денелі қыздарынан сұлу жан бар
деп ойламайтын Мамбет мына қарсы алдында тұрған жайнаған өте
көрікті қара торы қызды көктен түскен арудай көрді. Mұның да үстінде
əсемдеп тіккен асыл шəйі көйлек, қолында алтын балдақ, құлағында
мың құбылған жақұтты сырға, аяғында алтын зермен оқалап тіккен
қызыл сақтиян етік. Əсіресе қыздың өзгеше нұр шашқан өткір сөздері
баурап-тартып бара жатқандай болды. Ол өмірінде бұл төренің үйінде
мұндай сұлу қыз бар деген жоқ-ты. Сұлулығының үстіне салтанатты,
оқыған, сымбатты ару кездесерін ойлаған емес-ті. Ол бөгеліп қалды,
қызға не дерін таппай кідірістеді; оның үстіне қаншама «бас кесемін»
деп серт берсе де Мəмбет сан қатерге кездескен өзгеше өмірінің ішінде
адам өлтіріп көрмеген жан-ды. Ғұбайдолла учительдің үйінен
кеткеннен бері оның есі дерті кенет сол жерде ойға алған, полктың
атын қуып əкетіп, ежелден егесіп өскен Кирилловты қаражаяу
қалдыру еді.
— Бикеш, сен Арон төренің қызымысың? — деді ол ойда жоқ жерден
босаңси қалып. Оның үні өктем түрінен күрт өзгеріп, баланың үніндей
жіп-жіңішке болып шықты.
— Офицер клубында болғаныңыз жоқ па? — деп қарсы сұрақтады
қыз езу тартып.
Қыздың қап-қара қасы мен ұзын кірпіктеріне сай оң жақ бетіндегі
қара меңі бірге езу тартқандай тебіренді.
— Мен офицер емеспін ғой...— деп күбірлей түсті Мəмбет өзінің
ақсүйек, төре, болмаса, атақты адамдардың тобына кіре алмайтынына
қорынғандай.
— Сіз де офицерсіз, хорунжий белгіңіз бар, оқымаған шығарсыз,
бəлкім. Оқымасаңыз да... — деп қыз сөзін аяқтамай, оның алқа-салқа
түріне, офицерге керекті тəрбие-тəлімінің жоқтығына жəне дөкір
тіліне кешірім бергендей аяныш шырай көрсетті. Сөйтті де:
— Отырыңыз. Ия, мен полковник сұлтан Гарун төренің қызымын.
Ол кісі кеш қайтар. Лейтенант-помощниктерін ертіп төтенше
мəжіліске кетті.
— Отырмаймын, кетемін,— деді Мəмбет тез даусын өзгертіп.
Оның ойына қазарманы бөрліктіріп, жолдастарын ертіп шығу ниеті
түсіп кетті.
— Жай келдіңіз бе, хорунжий мырза? Папама кім келді дейін?
Атыңызды айтсаңыз,— деп қыз бір адым ілгері жүріп, кім екенін білуге
қатты əуестенгенін байқатты: — қазақтың балуан офицері келді дейін
бе? Əлде батыр келбетті ер жігіттің бірі келді дейін бе?
— Мəмбет келді де, бикеш. Əкең... бұзық Кирилловты жақтап менің
соңыма түсуін қоймаса — айтпады деме, онда жақсылық жоқ...
— Мəмбет!.. Сіз Мəмбетсіз бе? Кəдімгі подполковник Кирилловтың
сыйын берген Мəмбетсіз бе?..
Қыздың өңді жүзіне таңырқау мен шаттық қосыла жүгірді —
қиылған қап-қара қастары керіле қалды; көздері əрі оттай жайнап, əрі
үлкейіп кеткен сияқтанды, бетіндегі қара мең күлім қақңаннан гөрі
мəз-мейрам болып билеп бара жатқанға ұқсады.
— ...Жұрт əңгімесі тек қана сіздің кешегі қимылыңыз жайында,
Кирилловты масқаралағаныңыз туралы. Ольга ханум: «кеудесін
көтерген подполковниктің өзіне де сол керек еді» дейді. Құрбанға
шалатын ақ сарыбас қошқардай етіп қол-аяғын байлап кету сұмдық
қой, Мəмбет аға! Айтыңызшы, қалай етіп байладыңыз, өз аузыңыздан
естиін. Отырыңызшы, Мəмбет аға! Осы заманның нағыз Хақан батыры
сияқты екенсіз ғой?.. Отырыңызшы!
Қыз қолқалай қалды. Оның ойына: «Бұл адам əкеме де жазым жасарау!» деген жаман ниет кіріп те шыққан жоқ.
— Апыр-ай сұмдык, іс! Ешбір жанның қолынан келмейтін сізге
ғана... сіздің мына батырлық келбетіңізге сиятын іс! Жасынан əскер
қызметінде жетілген жауынгер казак-орысты байлап тастау!.. Əскер
басы, штаб бастығы подиолковникті!..
Мəмбет сəл кідіре түсті де:
— Жоқ, бикеш, — деді тағы да ілкі жер астынан шыққындай дүңк
еткен өктем үнмен: —мен бұл үйге əңгіме соғуға келгенім жоқ...
Məмбет сөзін тауыспай есікке адымдады.
— Жоқ, Мəмбет аға, сіз айтыңыз!.. Жақсы, бұл жолы айтпасаңыз,
екінші жолы айтыңыз. Келіңіз, Мəмбет аға. Ертең келіңіз, күндіз.
Келесіз ғой, Мəмбет аға?! Мəмбет мойнын бұрмады, тек қана есіктен
шығып бара жатып, басын шапқап-шайқап қойды.
Қапелімде Мəмбеттің бұл түн жортып жүрген жүрісіне де, айтып
кеткен сөзіне де жете түсіне қоймаған қыз көруге жан қорқарлық
жанның ізіне сəл уақытқарап тұрып қалды да, сол таңданған күйі
екінші бөлмедегі үй күтуші татар əйеліне жүгірді.
— Сіз Мəмбетті көріп пе едіңіз? Кəдімгі подполковникті байлап
кеткен Мəмбетті? — деді ол əйелге ентіге төніп.
— Жоқ, жоқ! Көргенім де, естігенім де жоқ Мəмбет дегенді. Ол кім
еді?
— Уай, жеңгей! Кəдімгі дəу Мəмбет! Нағыз Мəмбет. Нағыз алып
адам! Қазір ғана шығып кетті. Əлі қорадан шығып кетпеген шығар.
Сөйтті де қыз əйелді қолынан ұстай алып, сыртқа қарай сүйреді.
Біраң сырт қараңғы екен, үйден шыққан адамның көзіне ешбір
қарасын ілікпеді. Тек қана қақпадан шығып əрілеп кеткен аттылының
дыбысы құлаққа келді.
— Ол келеді, жеңгей. Ондай ер адам қорықпауға тиіс. «Ондай адамға
тиме» деп папама айтып қойсам — тимейді. Кирилловтың намысын
қорғап айыптауға болмайды ғой бұл сияқты екі кісіге əлі келерлік
хорунжийді, — деді қыз өзін де, əйелді де жұбатқандай.
Бірақ, əйел қыз сөзіне зер сала қоймады, оның кім екенін, не үшін
келетінін сұрап жатпай, ыңғайға көшіп:
— Келсе, көрерміз қандай адам екенін, бикеш,— деді де қойды.
Ал, жарты сағаттан соң келген Арон төре, қызының əңгімесінен
шошып кетті. Ол сонда да сыр бермей тыңдап, жай-жапсарды өзінше
түйді де:
— Шаһизада, сен жата бер. Сағат он екіге жуық, — деп офицер
Абылаевты екінші бөлмеге алып шықты.
— Бүл бүлік жасауға келген. Подполковникті жазым етуі мүмкін. Тез
Кирилловтың үйіне жетіңдер. Мүмкін, сол жерден қолға түсірерсіздер.
Қасыңа үш-төрт жауынгер ал да сол үйді торы. Түрменің күзетшілеріне
хабарла, ондай бұзық түрмеге шабуыл жасауы да мүмкін. Тез
қимылдаңдар! — деп бұйрық берді.
Мəмбет те ойға алғанын тезірек орындауға кірісті; оның ойға
алғаны: «алдымен казармадағы серіктерімді алып шығайын!» болды.
Сондықтан ол Арон төренің үйінен шыға сала қаланың солтүстік
бетіндегі казармаға қарай жортты. «Қазақ уалаяты қазақ əскерін
құрады. Саналы жігіттер қолына қару алып, сол уалаятын корғауға
тиіс. Атқа мін, азамат! Өз алдыңа ел болып, тізгін алуға ұмтыл!» деген
ұран Мəмбетке ғана арналған сияқты болып еді. Ол жазға салым өз
соңынан ерген жігіттерін бастап келіп, сол болашақ əскерге бірінші
болып жазылған-ды. Əрі жігерлі, əрі орыс тіліне жетік, оның үстіне сан
жігітке бас боларлық батыр атақты Мəмбетті «Командир ету керек»
дегендер де болды. Бірақ əскерлік білімі жоғын еске алып, оған «Полк
бастығының бірінші серігі» деген атақ қана берілген болатын. Бірінші
серіктің міндеті: болашақ полктың барлық шаруашылығын басқару еді
де, оның ішінде атпен, ер-тұрманмен, жем-шөппен, қора-қопсымен
қамтамасыз ету бір ғана Мəмбеттің мойнына жүктелген. Атсыз келген
жасақшыларға ат сатып əперу, атымен келгендерді есепке алып
тəртіптеу, құрал-жабдық, қора-қопсы əзірлеп, казарма салдырып оны
жабдықтау, жем қорын жасау, пішен дайындау Мəмбеттің сыбағасы
болған. Ол қанша ақша аламын десе алып, қанша ат керек болса тауып,
қанша мүлік керек десе оны жинап, өзіне-өзі қожа болып келген. Бірақ
осы лауазым оған кенет жақпай қалды. Жақпаудың алды
подполковник Кирилловты көргеннен-ақ басталды.
— Мен өмір бойы казак-орыстардың жекіруін есту үшін тудым ба?
— деді бір күні Жаншаның өзіне кіріп келіп.— Теңдік алдым, əскер
болдым десем — бəрі баяғы қаз-қалпында. — Арғы жағын Мəмбет
айтқан да жоқ, қайрылып тілге де келген жоқ, уалаят бастығының
мекемесінен шықты да кетті. Бұрыннан сыры белгілі Мəмбетті де
үгіттеп, не қорқытып ұстауды орынды деп таппай, Жанша:
— Уа, тентек! Солай демесең Мəмбет боласың ба?! деп қарқ-қарқ
күлді де қойды.
Осыдан кейін еді, Мəмбеттің, Кирилловпен сөзге келуі.
Оның серіктері, ашса алақанында болатын серіктер. Xaн əскеріне
біpгe келіп, бір жазылған жігіттерінің бірі Əжіғали-ды. Əжіғали он
алтыншы жылы окопқа бірге барып, бірақ «жолы түспей» Мəмбет өз
бетімен елге жөнелгенде Бобруйскіде қалып қойған-ды. Бір жыл
жарымнан кейін ғана ол «шойқарасымен» елде кездескен. Ал енді бірі
Мəмбет қайда жүрсе — сонда жүретін, ат қосшысындай болып кеткен
кішкене Жапалақ.
Жаңа ғана ұйқыға кеткен казармаға кіріп келіп Мəмбет:
— Əжіғали мен Жапалақты оят! Танымай тұрсың ба, көзіңді неге
жыпылықтатасың? Тез! — деді түнгі қарауыл жасақшыға зекіп.
Жасақшы оның əмірін екі еткен жоқ.
— Қазір, Мəмбет аға. Қазір оятам. Əжіғали ат басында, күзетші,—
деп бұрышқа қарай жүгірді.
Қарауыл жасақшы Мəмбеттің не оймен келгенін де, не іске бет
алғанын да білген жоқ. Жұрт көзінің қырынан ығып жүре беретін
Мəмбетке оның қарсы жауап қатуы да мүмкін емес еді. Кешегі күндізгі
ісін еміс-еміс естісе де, бұл мықты жанды бір Кирилловнһке бола
қашып əрекет жасайды деген солдат ұғымына сыймайтын да. нəрсе
ғой.
— Мəмбет аға келді, Жапалақ! Түрегел. Жапалақ!— деді күзетші
бұрыштағы жасақшыны жұлқылай түсіп. Жұлмалап үлгергенше
аяғынан тік тұрып та қалған Жапалақ:
— А, а-а, қайда Мəкең? Қашан келді?— деп қаңбақша дөңгеленді.
Жапалақ шешінбей, киімін сүр шекпен одеялының астына кіре
қойған екен, бейнебір «жау келді!» деген атойға күні бұрын əзір жатқан
адамдай ұмтылды. Бірақ ол қаншама тез ұмтылса да, Мəмбетке
күзетші жасақшы бұрынырақ жетіп:
— Ояттым, Мəмбет аға, міне!— деп мəлімдеді.
— Əжіғали ат басында, Мəке. Екеуміз жетеміз бе? — деді Жапалақ,
бейнебір барлық сыр.бір өзіне аян адамша.
— Жетпейсің,— деп дүңк етті, Мəмбет. — Қара жауғашты мен бүкіні,
жиенің мен собалақ сарыңды ерте шық. Қару-жарағыңмен. Мен
Əжіғалидың қасында тосамын.
Мəн-жайды оған Мəмбет түсіндіріп жатпады. Бұрыштағы
Жапалақтың қасында жатқан бірлі-жарымнан өзге бас көтергендер
болмады — үйренбеген жігіттер ертеден кешке əскер ойынынан
салығып, қорылы мол қалың ұйқының құшағында жатыр еді. Ал, бас
көтерген бір-екі адам Мəмбетті көріп орындарынан қобалжи түсті —
қапелімде не болып жатқанын ұға алмай ақырады.
— Қашып кетті демеп пе еді? Қайтып келгені ме?
— Қашып қайда барады, келген ғой,— десті олар балаша таңырқап.
— Мəмбет олардың сөзін
таңырқағанына да көз жіберген
қойған винтовканың бірін
оқшантайын беліне қыстырды,
қайта шықты.
естіген жоқ, кім бас көтеpiп, кім
жоқ. Ол есікке таяу жердегі мосылап
алды, қатарындағы жауынгердің
сөйтті де келген ізімен казармадан
Көп ұзамай Жапалақ та аты аталған адамдарын төсегінен тез
тұрғызып, өртке жөнелген жандай ат бағанаға жүгіртті. Бұларға
Жапалақтың айтқаны:
— Ат басындағы Əжіғалиға жүгіріңдер; сендерді Мəкең күтіп тұр,—
деген бір-ақ ауыз сөз болды.
Мəмбеттің сөзін хан жарлығындай көретін бұл адамдар сол сəтте
жағалай жатқан тізбек-тізбек ат бағандарының түбіне жиналып та
қалды. Ал, Мəмбеттің бұларға айтқан сөзі мəн-жайды ежелеп түсіндіру
емес, тікелей бұйрық есебінде шықты.
— Мына казак-орыстар жайлаған хан əскерінде мен сендерді
тепкіге тастап кете алмаймын. Аттарыңа мініңдер де соңымнан
еріңдер. Өзім барда ешкім маңдайларыңнан шерте алмайды. Барар жер
— Ақшат. Мына екі арғымақ пен қара айғырды жетекке алыңдар.
Əжіғали, мұнан басқа тəуір ат болса тастама,— деді ол шəшкелеп
астауға салған шепті бір шайнап, бір тыңдап тұрған қамыс құлақ
бойшаң аттарды нұсқап.
— Тастамаймын!— деді Əжіғали.
Оның жауабы сонымен бітті де, жігіттеріне иек қақты. Не борі
ширек сағат ішінде казарма мен ат баған түбінен еркек қойдай бөлініп
шыққан бір шоғыр адам қаланың арқа бетіне қарай жорта жөнелді. Бұл
шоғырдың саны шағын болғанмен ісі өзгеше еді. Қарулы күшкe
қасақана қарсы шығып адамын ертіп, атын айдап кету басқаға ой
салатын, мұнан да үлкен бүлікке бастама сияқты іс-ті. ІІІоғырланып
шыққан не бəрі тоғыз адамның жетегінде қос арғымақ пен жүйрік қара
айғыр ғана емес алдарына іріктеп салған бір үйір аты да бар-ды.
3
Ертеңіне...
Жасақтанып жатқан əскері бар, ішкі тəртібін басқаратын əкімшілік
орындары мен полиция басқармасы бар, қарауыл взводы мен түрмесі
бар, прокуратурасы мен соты бар бұл Жымпиты үкіметі өз тізгінім өз
қолымда деген ниетте еді. Бірақ орынсыз зорлықпен сорақы түрде
жазалау ісіне қарсы бас көтерген елдің қырын қабақтығы, əсіресе
Жұныстың болыс кеңсесіне жігіт жинап келгені жəне оның үстіне
Əбдірахман отрядының Орал атамандары-жөнелткен қару-жарақ
керуенін өзіне бұрып алып кеткені «уалаят» басшыларына ауыр тиіп
еді. Енді мына Мəмбеттің ісі көлденең қырсық болды. Екі күн оны қолға
түсіре алмай əуре болып жүргенде аяқ астынан шыға келіп
полицмейстр сұлтан Арон төренің үйінде күш көрсеткені, казармадан
адам ерткені, күзетті ат қорадан сан жүйрік айдап кеткені
қастандықтың ұлғайғаны сияқтанды. «Бұл тегін іс емес. Мұның түп
тамыры арғы беттегі қызыл бəлелерде жатыр, бергі жақтағы оның
жалауын көтеруші Əйтиевтің астыртын əрекетінде жатыр. Жасырын
жиналыс ашу, бұқара арасында іріткі салу, хұкіметке қарсы топ жинау
соның ғана əдісі. Мына елден шыққан Оразбайдың бұзық баласы соның
қол шоқпары. Тал түсте штаб бастығын ұрып-жығып, қаруын тартып
əкету тек осы сияқты бас кесер бандиттердің қолынан ғана келеді,—
деп түйді Арон төре. Ол бұған енді не істеу керек екенін ойлап-пішті.—
Бұл бұзық қашқанда қайда барады? Орал өлкесінде оның ашықтанашық қылмыс жасап бас паналар жері жоқ. Елде сенімді адамдар мол:
болыс пен старшина, судья мен салықшы жəне құпия қызмет
атқарушы азаматтардың көзінен таса қалуы мүмкін емес. Оның
құтылар жолы жалғыз Əйтиевтің тобына қарай асу... Богдановкаға
жеткізбей тосқауылдау керек.
Арон төре түнделетіп Қараоба болысына шабарман жөнелтті.
Қабанбай мен Қақпақтыға да адам шаптырды. «Белгілі бандит Мəмбет
Оразбаевты қалайда ұстап, хұкімет қолына табыс етіңдер» деген
жасырын жарлық жіберді. Сөйтті де полицмейстр төре болған жайды
жасырмай, тіпті оны «бунт» деп атап, уалаят бастығы адвокат
Жаншаға мəлім етті.
Жанша ұзақ ойланды. Əдетінше тез жарлық бере салудың орнына,
ол төренің сөзіне сын таққандай болды. Оның: «қуғыншы шығардым!
Қалайда таптырам! Ондай бұзықты тез соттатып, стройдың алдына
жазалатам» дегеніне басын шайқады.
Екі иығын селтең ете түсіріп, «мұнысы несі?» деген тұйық сұраққа
тірелген сұлтанға:
— Көрерміз,— деді Жанша.
Бірақ ол Арон төре шығып кеткеннен кейін адъютант Қаржауовқа:
— Біздің жігіттер адам танымайды. Тани қалса — оны орнына
жұмсай білмейді. Мəмбет сияқты берен қимылды адамды ебін тауып
мыңға қарсы шығаруға болады. Ол мыңды да селт еттіре алатын көзсіз
ер. Бізге осындай ер жігіттер керек. Оны əлгі төре, ит қосып үркіткен
асаудай, əрілетіп жіберуге қалды. Меніңше Мəмбет беделді
адамдардың жетегінде; жетегінде болмаса да — соларға арқа таңады.
Мұны тоқтататын ана Ғұбайдолла сияқты учительдер. Мен оны
Ғұбайдолладан ақыл сұрап жүреді деп естігенмін. Жылы сөзбен кері
қайырып алу амалын көздеген жөн. Мəмбетті өзімен тілдестірсе, ол бір
жағы аталас та адам еді,— деді.'
— Ол кəрі тарланды шақыртайын, — деп еді адъютант, Жанша оған:
— Шақыртпа. Ғұбайдоллаға өзің барып: «Жанша сəлем айтты,
азамат бүтін болмай, ел бүтін болмайды. Пікір таласы қастыққа емес,
достыққа жеткізуге тиіс. Уалаят Ойылға көшкелі жатыр, соны білдір
деп еді. Уалаят басшысы ел ағасының есен-сау болуын тілейді, осыны
сізге айта келдім» дерсің. Сөз арасында Мəмбет жайында əңгіме болса
«бір тентек ел ішінде жүрмес болар ма. Адасқанның арты жөн, —
қайтып үйірін тапқан соң, ол сондай тентек дейді» деп түйерсің. Арғы
жағы өз билігіңде,— деді.
Сөйтіп Қаржауов Ғұбайдоллаға жолығуға, оған басшысының сəлемін
тапсыруға аттанды.
Ал, Арон төре басшысының «көрерміз» деген солқылдақ сөзін
басқаша ұқты. «Бүлікшілермен күресіп көрмеген, сот мəжілісінде тіл
безеп шешендікке салынғаннан өзге өнері аз. Аяқ астынан жасырын
ұйымның, жасырын отряд құрып, іштен шалуға отрядтарын қаптатып
жіберген Əйтиевтердің қылығы насырға шауып бара жатқанын
білмейді» деп секті ол Жаншаны ішінен. Ол өз ойын түптеуге кірісті.
Түрмедегі хауіпті адамдарды тез соттау жағын ойлады. Ал, «Ең ірі жау»
деген Меңдігерей Епмағамбетовты тез Ойылға жеткізуге — сол жерде
соттауға тырысты. Оны Ойылға жеткізудің қажеттігін «түрме сенімсіз»
деп дəлелдеді. Ол басшыларды «мына Мəмбет сияқты бас кесерлер
көбейіп кетсе алдымен түрмеге шабуыл жасауы мүмкін» деп
қорқытты.
Мəмбетті қолға түсіріп, оған ең ауыр жаза беруді подполковник
Кириллов Ароннан да қатты қолға алды.
— Бұл белгілі конокрад! Сахараның нағыз жортып жүретін көк
бөрісі. Оның бөрілігін мен о бастан білемін. Оны атып тастаған кісіге
алғыстан басқа айтарым жоқ. Осындай күнəкар бұзықты басшылардың
əскер маңына жуытқанына таңым бар. Жуыту өз алдына, бұл бас
кесерді командирдің жəрдемшісі етіп белгілеу идиоттың ғана ісі. Бұған
одан өзге баға жоқ,— деді ол штаб басшыларына.
Кирилловтың Мəмбетті мал баққан бақташы кезінен бастап білетін,
жас шақта онымен талай қырқысып та қалып, ерегіспен өлтіріп
тастамақшы болғаны да кешеден бері көз алдына қайта оралған
суреттер еді. «Осындай жандардан арылмай əскер де, əскерден тыс
қауым да адамшылық қалыпқа келе алмайды. Орыстың осы типтес
соғылғандары патшаға, Христосқа, дінге қол көтерумен келеді» деді
ішінен, Орал атты казагінің шен-шекпеніне ие болып келген ежелгі, əрі
дəулетті, əрі атақты жауынгерінің бірі.
Арон төре мен подполковник Кирилловтың Мəмбетті қас дұшпан
санауы тегін де емес сияқты. Мəмбеттің түп тамыры бітіспес
тартыстың терең түбінде жатқанын олар сезсе керек. Өйткені...
Өйткені сол күні, тап сол сағатта, сол қаланың ішінде, жалпақ төбелі
көп қазақы үйлердің бірінде екі жас жігіт сөйлесіп отырды. Олардың
сөздері бозбалалық сөз емес, бұл да сол кəдімгі «уалаят» басқарып
отырған атақты адамдар мен əскер басындағы полковниктердің қолға
түсіреміз деген Мəмбеті жайында еді. Бұл жас жігіттердің жолдары да
қилы-қилы. Бір сол жердегі Аронның қолында тұтқында отырған
Меңдігерейдің баласы Əмір болатын. Аблаевтың Өлетті поселкесіндегі
ойранынан кейін бар жайды Хакімнен естіп, Əмір қолға түскен əкесінің
соңынан келген. Бірақ, жас жігіт түгіл əйел Күлшанды да тұтқынға
алып, бала мен шалды қылышпен туратқан қатал жандардың көзіне
түспей Əмір жасырын жүріп, жасырын əрекет істеуге кіріскен-ді. Ал
оның қасындағысы: сонау Ілбішін түбіндегі Дуана болысынан шығып,
ішкі жақтағы орыс поселкелерін аралап, жоса сату сылтауымен жүріп,
үш ай бойы жоғалып кеткен, Меңдігерейдің жабық пəтерінде болған,
жасырын съезді көрген, Аңқаты бойындағы болысқа жабуыл жасаған
Жұныстың жігіттерімен сөйлесіп, оларға дем берген, алты жылдық
Қарасу мектебін бітірген, сөзге ұста, жас Оразды. Бұл өзі аса зор іс
бітіре қоймаған жас болса да, тамшыдан су тасыған қарлығаштай,
халық қамын жеген алғыр ағаның жетегінде теңдік пен бостандыққа
қол созған талапты жастың бірі еді. Талапты жас əрқашан да, əр
заманда асқақ қиял, ұшқыр ой, биік мақсат, кіршіксіз махаббатқа қол
созған ұрпақтың серкесі ғой...
«Дмитриев пен Қаратаев жеті басты жалмауыздай қорыған
атамандардың қолында. Оларды халқымен бірге босатамыз, «Қырық
трубаның» қақпасы Оралдың қақпасымен бірге ашылады» деген
Əбекеңнің сөзі қосары да, алары да жоқ ақиқат. Ал мына
полицмейстрдің қолынан Меңдекеңді қалайша жұлып алмаймыз!
Айналайын, сен Мəмбетті қалайда тап. Қалайда сөйлес онымен. Мен
Ғұбакеңмен ақылдасайын. Əттеген-ай, білмей қалдым Мəмбеттің кім
екенін. Оны...
— Тсс!— деп Əмір Ораздың сөзін бөліп жіберді.
Бұл үй тігінші Жарке дегеннің үйі еді. Сырттанкірген сол Жаркенің
əйелі екен, жас жігіттердің сөзі бөлінгенін аңдаған жоқ, өз естігені
ішіне сыймай:
— Сұмдық есіттің бе?— деді əйел еріне аптығып.
Кішкеве қонақ бөлмеде əңгімесін доғара қойғанекеу де, өз ісімен
шұғылданып терезенің нақ түбінде машинаны тырсылдатып отырған
ері де құлағын тіге қалды.
— ... Сұмдық! Əлгі соғылған Мəмбет əскердің бар атын айдап кетіпті!
— Қой əрі.
— Əй, мен өтірік айтып тұр дейсің бе, батыр-ау! Жұрттың бəрі
шулап жүр. Əлгі Керіл ме еді, кім еді, кешегі қол-аяғын соятын,
тоқтыдай етіп байлап кеткен!? Соның арғымағына дейін... тіпті бар
ғой... (əйел сыбырлай түсті) ханның арғымағын да алып кетіпті дейді.
Бетім-ау, бұл соғылған оны қайда апарады?
Қонақ бөлмедегі екі жігіт мырс ете қалды. Жəрке əлі сенбеген
пішінмен:
— Əй, қойшы. Сендер де бір қайдағы жоқты шығарасыңдар. Базарға
ат айдап сататын Мəмбетті ұры дедің бе соншама.
— Ойбай-ау, мен жанымнан шығарып тұр дейсің бе? Ана жақтағы
оқымысты қайнымнан сұрашы, маған нанбасаң. Жалғыз ат емес,
əскердің тең жартысын ер тіп кеткен соңына.
— Сендердің өсектеріңе енді оқымысты қайныларың араласпақшы
ма?
Тұйык, мінезділеу тігінші, əйелінің сөзіне қолды бір-ақ сілтеді де,
машинасын қайтадан тырсылдатты. Шын сөзі зая кетіп бара жатқан
əйел шыдамады. Екінші бөлмеге басын сұғып:
— Қайным, айтшы, менің сөзім рас қой. Мəмбеттің барлық жігіттерін
ертіп, бар атты қуып кеткені рас қой... Ораз анықтай түсті. Ентіккен
əйелдің сөзін құлаққа ілмеген Жаркені де мақтай сөйледі.
— Барлық атын айдап кеткен жоқ, жеңгей. Жұрт асырып айтады.
Жəкең нанбаса оның да жөні бар — жұмыс адамы көлденең сөзге аса
құлақ қоя бермейді ғой.
— Жоқ, айдап кеткені рас қой; біздің қожайын тіпті соған нанбайды.
— Рас, рас. Жиырма қаралы ат алып, казармадағы сегіз жолдасын
ертіп кетіпті Мəмбет.
— Сегіз адам аз ба екен! Ертең Мəмбет он сегізін ертіп кетер. Ол
қайта келмес деп пе едің. Мəмбет қорқар дейсің бе!
— Міне, бұл сөзің дұрыс, жеңгей, Мəмбет қорқатын жан емес. Ол
бүгін сегізін ертсе, ертең онан да көбін ертер дегенің дəл болжал.
Əкімдердің қорқып жатқаны да сол істің түбі қиынға шаба ма деген
хауіптен.
Жəрке машинасын қайта тоқтатты. Ол басын шайқап қойды.
— Соның саған қанша керегі болды? Ана қонақтарыңның шайын
тездетсейші. Жұмысы бар ғой, кеңсе адамы, — деп əйеліне тоқтау
салды.
Көп сөйлей бермейтін жəне бұйрығын екі етуді жаратпайтын ерінің
ыңғайына көшіп əйел де:
— Əйтеуір, айдап кеткені шын ғой. Əрине, бірден бəрін айдап кете
алмайды, — деп əлде өзін, əлде Мəмбетті жұбатқандай болды.
Шай үстінде Ораз үй иесіне:
— Менің жолдасым. Қызметке тұрсам ба деп келген екен. Бірақ
жайлы жер болмай тұр. Ыңғайлы орын болса өзім хабарласармын деп
елге қайтарғалы отырмын. Аты Əмірғали,— деп таныстырды
жолдасын.
— Үй кең болмаса да бейіл кең. Қанша күн тұрамын десе де рұқсат,
— деді үй иесі пəтердің тарлығына қысылды ма деп ойлап.
Мəмбет жөнінде де, бұл жаңа қонақ жайында да Жəрке Ораздан. еш
нəрсе сұрамады. «Əркімнің өз жұмысы өзіне жеткілікті» деген қағида
— оның аузынан тастамайтын, өмірі өзгертпейтін қағидасы еді. Соған
барып ол басқаның ісіне кіріспей, өз ісімен бола берді.
— Мен осында қонамын ба, əлде етшінің үйіне барамын ба?— деді
Əмір, шығуға ыңғайланған Оразға.
— Осында бол. Ғұбакең келуге тиіс. Сол кісінің жəрдемі керек.
Ақылы... мен «ақсақалға» кіріп шығуға тырысамын. Ол кісі не дер?! Сен
үйде бол, кітаіп оқырсың.
— Аурухана жаққа барып қайтамын...
— Байқа. Көлденең көз көп. Қауырт жұмысың болмаса, шықпағаның
жөн.
— Аманат хат бар, соны табыс етемін.
Ораз оған тура қарады да, бірақ үндемей «мейлің, өзің біл» деген
ұғымды лебізсіз ұқтырды. Ол үйден шығып бұрынғы гауптвахты —
қазіргі түрме жанындағы интендант басқармасына қарай кетті. Оның
ойы түрмедегі «ақсақалмен», яки Меңдігерей Епмағамбетовпен тілдесу
еді. Ал əкесін іздеп келген Меңдігерейдің баласы Əмір «аманат хатын»
тапсыру үшін ауруханадағы Мүкарамаға жолығу жайын ойлады.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
1
Əркімде бір арман. Тап сол кез Мүкараманың арманы да созса қол
жетерлік еді. Бірақ оның қолға түсері аз, сондықтан да ол арман
атанумен келеді ғой...
Хакіммен ең соңғы кездескеннен кейін қыз елегізумен болды.
Қиырға, сонау Жайық жағасына көз тігумен болды.
Жағасында жалаң аяқ жүгірген, айдынына құлаш ұрған, су астынан
сүңгіп сүйрік алған Ақ Жайық қой!
Аппақ анау аязда ақша бетің албырап, шана сүйреп жүгіріп сырғанақ
тепкен жаға ғой!
Мектепке еніп, ер жетіп, кітап оқып, сəн түзеп, биге үйренген қала
ғой.
Алып ұшқан жас шақта, қол ұстасып жүгіріп, бүгіннен қызың ертеңді
сүйіктісі Хакіммен бірге күткен қала ғой!..
Соңғы кездесу! Бəрі көз алдында! Өзгеше! Хакім өзгеше. Бойшаң
тартқан. Ақша беті қара қоңыр тартқан сайын ажарлана түскен. Сөзі де

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ақ Жайық - 51
- Parts
- Ақ Жайық - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3992Total number of unique words is 220735.1 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3983Total number of unique words is 229433.6 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words57.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4133Total number of unique words is 229835.5 of words are in the 2000 most common words50.8 of words are in the 5000 most common words59.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3959Total number of unique words is 218336.1 of words are in the 2000 most common words52.1 of words are in the 5000 most common words59.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4053Total number of unique words is 221136.9 of words are in the 2000 most common words51.9 of words are in the 5000 most common words60.3 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4016Total number of unique words is 223833.9 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3920Total number of unique words is 234932.3 of words are in the 2000 most common words46.5 of words are in the 5000 most common words54.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3840Total number of unique words is 219032.9 of words are in the 2000 most common words47.1 of words are in the 5000 most common words54.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4039Total number of unique words is 231135.4 of words are in the 2000 most common words49.9 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4002Total number of unique words is 224735.5 of words are in the 2000 most common words50.1 of words are in the 5000 most common words57.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4073Total number of unique words is 233334.0 of words are in the 2000 most common words47.7 of words are in the 5000 most common words55.6 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4151Total number of unique words is 225336.9 of words are in the 2000 most common words52.0 of words are in the 5000 most common words59.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4055Total number of unique words is 228134.7 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words56.8 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4050Total number of unique words is 231834.0 of words are in the 2000 most common words48.1 of words are in the 5000 most common words55.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4131Total number of unique words is 221836.7 of words are in the 2000 most common words51.0 of words are in the 5000 most common words58.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4072Total number of unique words is 232135.1 of words are in the 2000 most common words49.9 of words are in the 5000 most common words57.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4100Total number of unique words is 231436.6 of words are in the 2000 most common words50.2 of words are in the 5000 most common words58.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3963Total number of unique words is 227336.1 of words are in the 2000 most common words49.7 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3994Total number of unique words is 213634.6 of words are in the 2000 most common words48.6 of words are in the 5000 most common words56.0 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4045Total number of unique words is 228034.7 of words are in the 2000 most common words49.9 of words are in the 5000 most common words57.0 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4147Total number of unique words is 215737.7 of words are in the 2000 most common words53.9 of words are in the 5000 most common words61.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4109Total number of unique words is 215134.8 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.9 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4033Total number of unique words is 234333.3 of words are in the 2000 most common words47.4 of words are in the 5000 most common words55.9 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 24Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4102Total number of unique words is 221136.0 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words59.9 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 25Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4150Total number of unique words is 215137.9 of words are in the 2000 most common words52.7 of words are in the 5000 most common words60.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 26Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4090Total number of unique words is 211235.7 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words58.3 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 27Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4102Total number of unique words is 215936.5 of words are in the 2000 most common words51.0 of words are in the 5000 most common words58.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 28Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4085Total number of unique words is 228135.0 of words are in the 2000 most common words50.5 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 29Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4099Total number of unique words is 223135.8 of words are in the 2000 most common words50.8 of words are in the 5000 most common words59.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 30Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4159Total number of unique words is 221437.1 of words are in the 2000 most common words52.2 of words are in the 5000 most common words59.6 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 31Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4168Total number of unique words is 220336.5 of words are in the 2000 most common words50.8 of words are in the 5000 most common words58.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 32Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4211Total number of unique words is 223435.8 of words are in the 2000 most common words50.3 of words are in the 5000 most common words58.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 33Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4154Total number of unique words is 235034.9 of words are in the 2000 most common words50.3 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 34Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4209Total number of unique words is 226635.7 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words57.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 35Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4185Total number of unique words is 221737.0 of words are in the 2000 most common words50.1 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 36Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4208Total number of unique words is 229835.4 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words56.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 37Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4117Total number of unique words is 224936.2 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words57.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 38Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4106Total number of unique words is 225535.2 of words are in the 2000 most common words50.0 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 39Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4073Total number of unique words is 227634.7 of words are in the 2000 most common words49.6 of words are in the 5000 most common words56.8 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 40Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4174Total number of unique words is 228835.8 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 41Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4204Total number of unique words is 225137.6 of words are in the 2000 most common words52.8 of words are in the 5000 most common words60.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 42Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4143Total number of unique words is 209338.5 of words are in the 2000 most common words54.6 of words are in the 5000 most common words62.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 43Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4228Total number of unique words is 234735.3 of words are in the 2000 most common words51.7 of words are in the 5000 most common words59.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 44Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4204Total number of unique words is 222436.7 of words are in the 2000 most common words52.3 of words are in the 5000 most common words60.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 45Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4142Total number of unique words is 217234.6 of words are in the 2000 most common words50.1 of words are in the 5000 most common words58.0 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 46Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3990Total number of unique words is 238930.6 of words are in the 2000 most common words45.4 of words are in the 5000 most common words52.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 47Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3961Total number of unique words is 229933.4 of words are in the 2000 most common words48.0 of words are in the 5000 most common words56.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 48Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4213Total number of unique words is 219335.2 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 49Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4106Total number of unique words is 214337.0 of words are in the 2000 most common words52.0 of words are in the 5000 most common words59.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 50Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4097Total number of unique words is 220635.7 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words58.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 51Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4149Total number of unique words is 230734.9 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words57.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 52Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4131Total number of unique words is 213636.1 of words are in the 2000 most common words49.6 of words are in the 5000 most common words56.3 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 53Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4038Total number of unique words is 219334.7 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words57.9 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 54Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4077Total number of unique words is 243432.3 of words are in the 2000 most common words46.5 of words are in the 5000 most common words54.9 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 55Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4046Total number of unique words is 231032.8 of words are in the 2000 most common words45.9 of words are in the 5000 most common words53.8 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 56Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4008Total number of unique words is 222535.0 of words are in the 2000 most common words50.7 of words are in the 5000 most common words58.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 57Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4065Total number of unique words is 214036.0 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 58Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3931Total number of unique words is 215433.2 of words are in the 2000 most common words48.7 of words are in the 5000 most common words56.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 59Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4080Total number of unique words is 233833.3 of words are in the 2000 most common words47.2 of words are in the 5000 most common words54.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 60Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4020Total number of unique words is 221935.1 of words are in the 2000 most common words50.1 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 61Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4100Total number of unique words is 208138.0 of words are in the 2000 most common words52.3 of words are in the 5000 most common words59.8 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 62Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4059Total number of unique words is 206537.5 of words are in the 2000 most common words53.4 of words are in the 5000 most common words60.5 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 63Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4191Total number of unique words is 230637.1 of words are in the 2000 most common words51.7 of words are in the 5000 most common words59.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 64Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4179Total number of unique words is 235735.7 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words58.8 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 65Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4153Total number of unique words is 215137.0 of words are in the 2000 most common words52.3 of words are in the 5000 most common words60.4 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 66Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4192Total number of unique words is 209035.5 of words are in the 2000 most common words50.0 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 67Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4106Total number of unique words is 217937.5 of words are in the 2000 most common words52.9 of words are in the 5000 most common words61.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 68Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4126Total number of unique words is 227836.3 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.2 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 69Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4094Total number of unique words is 227435.7 of words are in the 2000 most common words50.1 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Ақ Жайық - 70Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 2664Total number of unique words is 152139.4 of words are in the 2000 most common words53.5 of words are in the 5000 most common words61.3 of words are in the 8000 most common words