Latin Common Turkic

Апиын Мен Таяқ - 11

Total number of words is 3952
Total number of unique words is 2116
34.9 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сабы жып-жылтыр əрі сұп-суық. Жүзін байқап көріп еді, қылпып тұр. Ет
кескеннен тіпті қайтпапты да.
Бұзау мөңіреді. Иттің баяу ырылынан ашуын зорға тежеп жатқаны
білінеді.
– Сен, кемпір, əлі ұйықтаған жоқпысың?- деді Моха.
Башир пышақ жүзін өңірін ашып тастаған жейдесінің жеңімен жайлап
сүртті.
Ол Иттоның басын екі қолымен ұстап жастыққа жатқызды. Қыз үнсіз
дегеніне көнген. Бейне біреу еркелеткен мысықтай шалқасынан жатыр.
– Міне солай, - деді Башир.
Қыз ырғаққа елтігенін қойып, жайымен сыбырлайды:
– Жүрегім, неге үнсізсің.
Ол əуенін аяқтай алмады. Қан-сөлсіз саусақтардың піл сүйегін
сығымдай қысқанын, пышақ жүзінің жоғарыдан өзін тура нысанаға
алғанын, ал Баширдің көзі алыс бір жаққа қадалғанын ғана көрген. Ол
еріндерімен Иттоның көзіне жабысып, ал сол жақта қыз жүрегі соғып
жатқан тұсқа бірдеңенің тигенін сезді... Алдымен жайлап, содан соң
қаттырақ, ақыры тіпті ауыртып жіберген. Қас қаққанша қалай жұлқынып
шыққанын өзі де білмейді. Орнынан тұрды, қолдары жансыз салбырап,
көздері бақырайып кеткен. Башир жатыр. Əбден шаршаған түрі бар. Пышақ
шатырдың бұрышында жалт-жұлт етеді.
– Есің дұрыс па?
Ол қызға тесіле қарады.
– Жақсы болатын еді ғой, - деді жігіт.
Қыз айналысына абыржи қараған. Құп-қу жүзіне қан жүгірді. Тұла
бойы сəл дірілдеп, ұзын белдемшесі де желп-желп еткен. Башир жастықта
қозғалмастан əлі жатыр. Моха көшеде Иттоның: "Жүрегім, неге үнсізсің?" əуеніне салып жүр.
Қыз отырды да басын Баширдің иығына сүйеп, жылап қоя берді. Башир
оның көз жасына булыға айтқан сөздерін естіп отыр:
– Кешір! Мен шынында да солай болуын қалап едім, бірақ ол тап
бүгін... менің атастырылатын күнімнің қарсаңында болар деп
ойламаппын...
– Жарайды, - деді жігіт. - Солай болғаны жақсы шығар деп ойлап едім.
Ол сағатына қарады:
– Түн ауыпты! Сенің шешеңе баруың керек.
Қыз мұның кеудесіне басын сүйеп, əлі жылап отыр. Содан кейін
шатқаяқтап орнынан көтерілген.
Моха! Пышақты ала бер... енді оның маған керегі жоқ.
Мереке келісі күні бойы жалғасты. Салтанатты шерумен келген күйеу
жігіттің туыстары Марокконың қызыл-жасыл жұлдызды жалауын көтеріп
алыпты. Жеті əйел Иттоның шатырын айналып өтіп, жалауды тап соның
ортасына қадады. Сонсын түнімен шырқалды. Итто бір де бір биді құр
жібермей, түнімен биледі. Башир де биге араласқанмен, қыздан оқ бойы
аулақ жүрген. Ол да бір биді құр жіберген жоқ. Содан таң атқанша билеген.
Таңертең бəрі де мас адамдардай аяқтарынан сүрініп, əр жерге сұлай
кетіскен. Ақырында ең төзімді деген шағын топ қалған, бірақ олар да біртебірте титықтап, тарай бастады. Башир бубеннің терісін ұрғылап жүрген
қолдары басқа біреудікі секілді сезінді. Көздері де құр қарағаны болмаса,
ештеңе көрмейді. Өзімен билеген адамдардың бəрі баяу, біркелкі
қимылдарын тынымсыз қайталаған қуыршақтар сияқты көрінген. Сұмдық
бір айқайға басатын секілді ме қалай. Анда-санда əйелдердің көйлектерінде
өрт жалыны бұрқ ете қалып, қайтадан қараңғылық жұтып қоятындай.
Баширдің кірпіктерін бір ауырлық басып, иықтарын шомбал тастар
жаншып бара жатқандай болса да, оның қолдары қасірет үнін шығарған
бубенді өршелене соққылайды. Иə, əрине, мынау жерлеу шеруі ғой. Бұл,
Башир солардың алдында келеді. Итто өліпті. Ол қыздың көйлегін жел
жұлмалағанын көріп тұр. Итто əліпті, міне ол, жансыз, аузы ашылып
қалған. Ал дауыстар болса мұңды бір əуенді қайталай береді. Түн бе, жоқ
күндіз бе? Маңай ақшыл əрі күңгірт. Шеру баяу жылжиды. Зират шамасы
алыста болар. Башир əлі келеді, əлі келеді, жел Иттоның көйлегін
желбіретіп, жұрттың бəрі ыңырси ма, жылай ма... Қашан жетер екен?
Молаға... ажалға... Иттоның өліміне...
– Ұйықтап отырмысың, бауырым?
Мұны Моха шынтағымен түртіп, оятып жіберді. Ол көзін ашты.
Қолдары тағы да тынымсыз бубен қағып, басқалармен бірге:
Жүрегім, неге үнсізсің? - деп тағы да қайталайды.
Иттоның жалт-жұлт еткен көздері таудың басынан жаңа күн шұғыласы
көтеріле бастаған алысқа самарқау қарап отыр. Бұл күні екеуі де кез ілген
жоқ. Итто болашақ қайын атасы мен енесінің алдынан кесе өтпеді. Күні
бойы солардың қасынан аттап шыққан жоқ. Таңертең Рехоның əкесінің
сүйікті асы даярлады, содан кейін оларды жастыққа қисайтып, балаларды
да шулатпай, иттерді де үргізбей, олардың ұйқысын қорғаштаған. Ұзын
белдемшесінің етегімен Рехоның əкесін қаға-маға қасынан еткен сайын
анау: көп ұзамай мынадай сұлу, қамқор қыз біздің шатырымызға кіреді ғой
деген ойдан қуана күлімсіреп қояды. Құрбылары: "Бақыттысың!" - деді.
Еркектер жағы Рехоның əке-шешесін құттықтады. Қыз тек Баширмен ғана
күні бойы лəм деп тіл қатысқан жоқ.
Күйеу жігіттің ата-анасы мен қонақтар қайтуға жиналғанда күн де
көкжиекке еңкейіп қалып еді. Олар астық жиналған соң бір айдан кейін
үйлену тойын өткізуге уағдаласты. Ұзамай шатыр ішінде Башир, Итто,
оның əке-шешесі, Моха мен Туда кемпірден өзге ешкім де қалмаған.
– Қымбатты қожайындар, алла берекесін беріп, мына неке ұзағынан
сүйіндірсін! Қоштасар уақыт болды, менің де кетуім керек, - деді Башир.
Иттодан басқалардың бəрі бұған тағы да қонақ бол деп жабысып жатыр.
Қыз үнсіз отыр, көзі мұның маңайын ғана шарлайды.
– Жоқ, - деді Башир, - достары бақытты болса, дос та риза күйде кетпей
ме.
– Онда əдірісіңді қалдырып кет, - деді Иттоның əкесі. - Той болатын
күнді алдын ала хабарлап, хат жазып жіберейік.
– Бір айдан кейін қайда боларымды өзім де білмеймін, - деді Башир.
Моха күлді:
– Оқымыстылар мен бай адамдар қаңғыбастармен бірдей ғой:
аяқтарында тұсауы жоқ.
– Адамның басы алланың добы деген, - деді Иттоның əкесі Саид.
Башир əрқайсысына жазылмай қалған бүгулі қолын ұсынды.
Ақыры Иттоға таянды.
– Бақытты бол!
– Мен сенімен кетем.
Безектеп тұрған Туда үнсіз қалды. Қарт Саид жөтеліп қойды. Иттоға
тесіле қараған шешесінің көзінде ашу мен таңданыс қоса білінді. Жалғыз
Моха ғана қулана күлген. Башир ештеңе деген жоқ, тек Итто:
– Иə, иə. Тойға дейін əлі бір ай бар емес пе, - деген.
Башир ештеңе демеді, тек кетуді ертеңге қалдырды.
Күн тау асып кетті. Қызғылт шапағы да сөнді. Ана жақта тек бір
көгілжім жарық қана қалған. Анда-санда алыстан иттің үрген даусы
естіледі. Көгілдір көл бетіне қалқып шыққан тат басқан темір кесегіндей
боп көкте ай туды. Шатырдың қасындағы көне лава жартасына қисайған
Башир айдың жұлдыздар жолын жанап кетіп бара жатқанынан көз алмай
қарайды. Анадайда тұрған машина неге екені белгісіз бұған тынығуға
жатқан алып аң сияқты болып керінді. Кеткендерді шабалана үріп шығарып
салған иттер де қайтып келіп, шатыр маңында жүр. Əлгінде ғана осы жерде
мереке думан өтіп еді. Сан алуан дауыстар, алабажақ бояулар, маңғаз
сұлбалар, сүйкімді бет - пішіндер, еркектердің қырылдаған үндері мен
əйелдердің көңілге мұң ұялатқан зарлы əуендері мына түнде қайта
жаңғырығып жатқандай. Баширдің бұл маңнан тұра қашқысы келген.
Шатырдағылардың бəрі ұйықтап жатыр. Оларды оятудың қажеті жоқ.
Ол бəрімен қоштасып та қойған. Иттер бастабында үреді де, машина түн
қараңғылығына сүңгіп көзден ғайып болысымен қояды.
Ол орнынан тұрып, жолда қарауытып тұрған машинасына беттеді. Аяғы
домалақ майда тастардан тайғанақтап, қайыс сандалына шөгір кіріп келеді.
Ол сипалақтап жүріп машинасына мінді. Үстіне самырсындардың қою
көлеңкелері түсіп тұр. Ол кілтін бұрады да, қанша жанармайы қалғанын
көрді: отыз литр. Қалай болғанда да бірінші кездескен жанармай құятын
жерге дейін жетіп қалар. Ол стартерді басты, терезеден жаңбыр
тамшылары ұрғылап жатқандай мотор дырылдай жөнелген. Башир
жайымен машинаны жолға шығарды.
Екі жағынан құрметті қарауылда тұрғандай самырсын ағаштары сап
түзеген. Жол қараңғылық құшағында мүлгіп жатыр. Машина шамының
жарығы бұта - қарағандарды тілгілеп, орман шоғырын нысаналайды,
бұрыла бергенде орман тағы да қараңғылық құшағында қалады. Мінеки,
жарық тұп-тура аспанға шырқады. Машина ай жарығында мүлгіп жатқан
Зайан аңғарына кірді. Жол жақсарған сайын Башир де жылдамдықты
арттырғысы келген Аяғы акселяторды қаттырақ баса берді де, кенет шұғыл
тежегішті басты. Күрт тоқтаған доңғалақтар шиқылы жым-жырт түн
тыныштығын бұзып жіберген. Машина құрыс-тырысы ұстап қалғандай
селк етті; доңғалақтар шиқылдап барып кілт тоқтады.
Арт жақтағы отырғышта біреу қимылдайды. Башир жалт қараған.
– Менің алдына отырғаным дұрыс шығар, - деді Итто айылын да
жимастан.
– Сен мұнда не ғып жүрсің?
– Түнде кетіп қалатыныңды білгем. Шатырдан шығып, осында келіп
жатқанымды ешкім де байқамай қалды.
– Бірақ ертең...
– О! Ертең... мен бəрібір... сенімен бе... жоқ, басқамен бе, бəрібір кетіп
қалар едім.
– Есің дұрыс па! Күйеуің бар емес пе.
– Сен де солай ойлаймысың? Несі бар! Сабыр ет, жəне бəрі де бекер
дүрлігіп жүр! Мен оны тастап кетпеймін. Бір айдан кейін. Жоқ, енді
жиырма тоғыз күннен кейін оған қайтып барам. Сонан соң өмір бойы
қасындамын ғой. Жиырма тоғыз күн! Бүкіл өмірім үшін бұл соншалықты
тым жоғары баға ма?..
– Ол сені тастап кетуі мүмкін ғой!
– Сонысы жақсы болар еді! - деді қыз.
Есікті ашты да Итто алдыңғы жаққа келіп отырды. Өзі бұдан қашықтау
бұрышқа тығылып алыпты.
– Сенімен бе, басқамен бе...
– Онда басқа біреумен кет, сонымен бақытты болуың мүмкін. Ал
менімен...
– Сен ештеңені де білмейсің, - деді қыз. - Бір айдан кейін бəрібір Рехоға
қайтып барамын деймін... Ал қазір процеске кетіп барам.
– Қайдағы процеске?
– Адди-у-Бихидегі. Сот ертең басталады.
– Оны қайдан білесің?
Қыз күлді:
– Ол жайында біздегілердің бəрі де біледі. Жалғыз сен, шетелдік,
білмейсің.
– Ондағылар арабша сөйлейді ғой, сен бəрібір ештеңе ұқпайсың.
– Онда не тұр. Радиодан оны сатқын дейді. Сатқындардың қалай
болатынын көрейін деп едім.
– Тыңдашы, жоқ-жоқ, тыныш отыр да сөзіме құлақ сал Сенің кішкентай
досың Махсен сияқты мен де шетелдікпін. Күндердің күнінде мен де кетіп
қалам.
– Бəрің де кетесіңдер, - деді Итто.
– Оның үстіне қалада жұмыстарым бар.
– Қай қалада?- деп сұрады Итто.
– Сен білмейсің, бұл жерден алыста, Ларашта. Сондықтан айтқанды
тыңда, пальтоңды бері əкелші. Киіп ал мұны, міне дұрыс! Түймелеп ал! Ал
кебісің қайда? Шешіп тастап па едің? Киіп ал. Осылай! Енді ойыңа не
келсе, соны істейтін кішкентай шолжаң қызға ұқсамай, ақылы кірген
бойжеткен қыз секілді машинадан шығасың да, ана жаққа кетесің, -ол
Танефнит жақтығы орманды нұсқады, - сөйтіп, жалғыз өзің ешқайда
бұрылмастан, тоқтамастан кете бересің. Жолды білесің, оны ешкімнен
сұрамайсың. Сөйтіп, шатырыңа да жетесің. Жайлап қана оған кіресің.
Сонсын ұйықтап, таңертең тұрып, əкең мен ағаңа тамақ даярлайсың, олар
жұмыстан келген соң, тамақтандырасың. Жиырма тоғыз күн бойы осымен
айналысып, отызыншы күні ең əдемі киімдеріңді киесің де, Рехо - у Хэридің əйелі боласың. Егер мұршам болса, сенің тойыңды көру үшін
келем. Бəрі де жақсы болады, бақытты боласың. Ал егер мұны істемейтін
болсаң, Итто, онда тап қазір біржолата қоштасамыз.
– Қандай келістіріп сөйлейсің! - деді қыз. - Тек қазір ұйқым келіп тұр.
Мұның бəрін мен оянған соң, ертең айтарсың.
Қыз мұның иығына жабыса түсті. Қыз көкірегінің өзіне жанасқанын
сезген жігіт ұзамай соғып тұрған өзінікі ме, болмаса қыздың жүрегі ме, оны
да ажыратудан қалған.
– Егер тоңсаң, пальтоны ал, - деді қыз. - Тек мені қумашы. Сен ешқайда
асықпайсың ғой, ал қайтып келуге мен қашанда үлгеремін.
Ол ештеңе деген жоқ, пальтоның етегімен қымтанып, Иттоны иығынан
құшақтады. Бұларды жым-жырт тыныштық пен қараңғылық бүркеп алған,
аңғардағы машина айдында адасқан қайық секілді жайымен жылжып
келеді.
– Сонымен жиырма тоғыз күн бойы не бітіреміз?
– Алаң болма, ертең сені Мрирттің каидына тапсырамын, ол сені үйіңе
қайтарады.
– Ол алдымен мені түрмеге отырғызып қояды деп ойлаймысың?
– Сол саған сауап болар еді.
– Түрмеге келіп тұрарсың. Сені күтумен жүрсем, ішім де пыса қоймас.
– Менің оған қолым тимейді.
– Революциядан ба?
– Онда шаруаң болмасын.
Қыз көзін жұмып ұзақ отырды да, сонан соң:
– Азигзада не айтқаның есіңде ме? - деп сұрады.
– Жоқ, Азигзада не айтқаным есімде жоқ, бірақ не айтсам да, оны
есіңнен шығар.
– Оны байқап көргем... Ұмыта алмадым!.. Одан да ештеңе айтпай-ақ
қойғаның дұрыс еді.
– Азигзада не айтып едім?
– Сөзбе сөз айтып бере алмауым мүмкін, бірақ мағынасы есімде.
Азигзада маған: "Қой өз отарында, қорасында тұра беруге бейіл, тек жем
тастап тұрса болғаны. Ал арыстан орманда жалғыз тұрып, аштан өлуге
бар", - дегенсің.
– Тамаша! Құттықтаймын! Өзің аумайсың! Ол Құранның барлық
сүрелерін жатқа айтып шыққанмен, түгіне де түсінбейді. Сен де сол
сияқтысың.
– Ұйқым келді, - деді қыз.
Мрирттен кейін Феске апаратын үлкен тасжол жотаны кесіп өтетін.
Машина жарығы пісіп тұрған бидай алқабын шарлап келеді, тік сабақтарда
толысқан дəндер тізіп қойған моншақ тəрізді. Бірнеше шақырым жүрген
соң Башир айдаладағы иесіз қарауыл үйінің қасына келіп тоқтады.
– Менің де ұйқым келді, - деді ол
– Мына сарайда бізге жақсы болатын шығар, - деді Итто.
Суық болған соң қыз пальтосын ала шыққан. Башир жүк салғыштан
ескі жамылтқыны алды...
Олар келесі күні жеткен Мекнесте қыз мұны базарға апарған. Ауыр жүк
теңдеген арық есектер тар да қараңғы көшелердегі бүкіл жолды жауып
тастағанмен, Итто өмір бойы осы қалада тұратын адамдай лып-лып етіп,
безіп барады.
– Жүр. Менің тойыма қажетті заттар сатып аламыз.
Керекті - керексіз талай зат сатып алған қыз оның бəрін Баширге
ұстатып қойды. Ақыры оның қалталары мен қолдары қына салған пакет,
түрлі дəмдеуіштер, əтірлер жəне сан алуан түсті маталарға толып кетті.
– Мыналарды жоғалтып алмасам жарады.
Ақыры осылардың бəрін орын-орнымен жайғастыру үшін бұлар баққа
келген Көрші отырғышта үстіне кір-кір ақшыл джеллаб пен басына ақ
қалпақ киген əлдебір клерк қолындағы газеттің мазмұнын айтып отыр.
Газет парақтарын əрлі-берлі судырлатқан ол төңірегіндегілерге маңыздана
қарап қойып, əрі қарай көсілтеді:
– "Бұл кісі сарай қызметшілері мен аш-жалаңаш құлдар арасында
шонжар сияқты өмір кешті. Біздің сүйікті отанымыз Мароккода
королдіктегі əділдіктің бірінші жоқтаушысы болып табылатын корольден
басқа азаматтардың бəрінің құқықтары да, міндеттері де бірдей екендігін
оған ешкім айтпаған əрі өзі де сауатсыз болған соң оқи алмаған ғой".
Итто оны қызыға тыңдады. Талеб те қыз жаққа бұрылған.
– Көздерінде жалғандық бар екен, - деді Башир.
– "Марокколықтар ма, шетелдіктер ме, біздің елімізге отаршылдық
бұғауын кигізуден дəмететіндер болса, ондайлар өздерін өздері алдамай-ақ
қойсын, - деп сөзін жалғады клерк. - Біздің тəуелсіздігіміздің басты
сақшылары король, үкімет, сот, полиция мен əскер олардың пасық ойларын
жүзеге асыруларына мүмкіндік бермейді. Иə, тіпті халықтың өзі,
отаршылдық бұғауында зардап шеккен жəне тəуелсіздігіміз үшін қан
төккен халқымыздың өзі-ақ қажет болса, бұл іске араласады жəне
қылмыскерлер жасаған қылмыстары үшін заңды жазаларын алуына қол
жеткізеді..."
Итто көзін ұзын кірпіктерімен жасырып, тұқырып үнсіз отыр. Қолы
жібек матаны умаждай береді.
Жігіт əр сөз сайын бөгеліп, сөйлемдерін бірнеше мəрте қайталап, ақыры
үнсіз қалған. Шамасы, одан əрі өзі де түкке түсінбей отырған сыңайы бар.
Бірақ бұл аудармасын əрі қарай жалғастыруына титтей де бөгет болмады.
– "Адди-у-Бихидің жаңа отаршылдық тіміскіленуіне зығырданы қайнап
отырған бүкіл халық бізбен бірге сот шешімін күтеді, өйткені, ымырасыз,
аяусыз, əділ сот бəрін де əділетпен шешіп, жымысқылардың сазайын
тартқызатынын жақсы біледі".
Талеб аударуын тоқтатты. Газетін маңғаздана бүктеп:
– Бəрі де Аллаһтың ісі, - деді. Жиналғандарды жалғандыққа толы
ойнақтап тұрған көзімен бір шолып өтіп, беті бүлк етпей үнсіз тұрып
қалған. Тыңдаушылар сонда ғана қозғалақтап, ұғымға ауыр тілмен талебтің
мазмұндап бергенін өзара талқылай бастаған. Итто кенет орнынан тұрып,
соларға келді.
– Саған бұл үшін қанша төледі, талеб?
– Бұл менің газетім, қарындасым.
– Қымбат тұра ма? - деп сұрады Итто.
– Жиырма бес франк, бірақ саған сыйлауыма болады.
– Небəрі жиырма бес-ақ франк па?- деп қайталап сұрады қыз. - Бəрібір
мұндай өтірік үшін қымбаттау екен!
Башир қызды қалқалап алған Ол аналар бұған тап беріп, ұрып-соғып,
таптап тастар деп қорықты... Жоқ, оның орнына төпеген боқтық пен айқай
естілді жəне бəрі бірдей бөрідей шулағандықтан сөздерін де ұғыну мүмкін
емес.
– Жоғал əрі күнəкар неме!
– Аллаһтың қаһарына ұшырағыр!
– Үйіңнің төбесі ортасына түскір!
Бұлар алыстап кеткен кезде:
– Жүрегіңде мұсылман қызына тəн бір түйір ар-ұят қалса, қасыңдағы
кəпірмен сенделіп жүрмес едің ғой, - деген сөз қуып жеткен.
Бұлар тағы да машинаға мініп, Рабатқа аттанған. Мухаммед V көшесіне
тоқтаған, Башир ұйықтап жатқан Иттоны оятты.
– Сені мейманханаға жеткізіп салам. Сол жерде ұйқыңды қандыра бер.
Ал өзімнің күні бойы қолым тимейді... Иə, иə, революциямен, - деді ол Жəне маған бұлай қарамай-ақ қой.
– Сендердің революцияларыңнан кейінгі өз опасыздарың туралы ойлап
отырғаным ғой.
– Ондайлар бізде жоқ, о жағын алдан ала ойластырып қойғанбыз.
– Тым ұмытшақ екенсің.
– Сондай біреуді білетін бе едің?
– Жоқ, бірақ сен өз айтқан уағызыңды ұмытып қалыпсың: революция
алма өсірген алма бағы секілді опасыздар да туғызады. Халыққа беретін
наны таусылған кезде билеушілер оған опасыздарды лек-легімен жібереді.
Бұл сенің сөзің емес пе еді?
– Одан да барып ұйықтасаңшы.
– Жоқ. Мына адамдарға қарашы, бəрі де соттың есігі ашылуын күтіп
тұр. Соларға қосылып, сот басталғанша күн сайын осында келіп жүремін.
Сот қоршауының алдында көп адам жиналған: иі түскен бешпенттер
мен сұр джеллабтар қашаға араның ұясындай үймелеп алыпты. Ғимаратқа
кірер ауызда ұйқысы қанбаған полицей тұр.
– Бұл жерде тұрып не бітірмексің? Мыналарға қарасаңшы: қудай арық,
көздері кіртиіп кеткен əрі, əрине, шеттерінен ашқұрсақ. Жей қоятын
нандары жоқ, сондықтан аш қарындарын алдау үшін сатқынды көруге
келгендер. Қарны тоқтар мұнда жоқ. Сен ұзамай оларды көресің, тек
қоршаудың ар жағынан. Мына спектакльді ұйымдастырып жүрген де солар.
Ашқұрсақ тобырдың жеуіне сатқындарды лақтырып тастайды. Олар келген
кезде анықтап қарашы. Майдан жарылғалы жүргендер кілең. Жəне есіңде
болсын, көздеріндегі өшпенділіктерін, тұла бойларын жайлаған
қорқыныштарын зымиян жымиыстарымен міндетті түрде бүркемелейді.
– Қалай болғанда да, мына кісілерге баруым керек, солай ма? Мына
балахонды алшы, -деп қыз бұған джеллабаны ұстата салды, - бұдан
тынысым тарылып кетеді. Егер сот мəжілісінің аяғына дейін мен есіңе
түссем, қайтып кел, əйтпесе қаланы мүлдем білмеймін ғой.
– Жоқ. Мейманханадан бөлме тапқан бойда сені сонда апару үшін
қайтып келем. Өзім Ларашқа кетем. Егер мені ұмытып кетпесең, қайтып
оралғанымша, Рабатта күт.
Үстіне əдемі киім киген Итто топқа кіргенде, ана жер, мына жерден
дауыстар естіген:
– Мынау соның қызы болар.
– Əй қайдам! Көңілдесі, əрине!
– Бұлар сегізде бастай ма? Аяқтарым ұйып қалды.
– Ал мен оған: партияда болғаныма он жыл дедім. Партияға соңғы
сəттерде өткендерге, партия билетін елу мың франкқа сатып алғандарға
орын табылған, ал мені мүлдем ұмытып кетіпті.
– Бар үміт Аллаһта ғой, бауырым!
Бір қыз жұлына сөйлеп тұр:
– Ол аймақтағы тұрмысқа шығатын қыз атаулы алдымен соның астынан
өтуі керек қой. -Аз-кем үнсіз қалып, содан соң: - Өзі кəрі, түрі маймыл
сияқты, аузынан сасық иіс мүңкиді, - деп қосып қойды.
Қатын дауысты біреу беталды кіжініп тұр:
– Оның басын кесіп, өзін қазыққа отырғызып, жергілікті каидтың
дуалының қасына қою керек, жұрт ел арасына жік туғызатындарға не
боларын көрсін!
Қайдағы-жайдағы өсек-аяңдар Иттоға ұнамады. Ақыры ол ұйықтауға
кеткен.
– Ə, доктор, осындамысың? Жақсы болғанын қарашы. Осы қазір
маңызды мəселеге арналған лагерь комитетінің жиналысына бара жатыр
едім... Бірге барасың ба?
Капитанның қарадай көңілі өрекпіп тұр. Джунудтар екі күн бойы
лейтенанттардың бірінің бұйрығын орындаудан бас тартыпты.
– Тіпті не істерімді білмеймін. Джундтардың көпшілігі осы біздің
тауларда жарақаттанғандар, ал лейтенант Абдаллах шен - дəрежелерін
Мароккода алған. Бір жағынан, оларды тəртіпке бағынуға көндіруім керек.
Екінші жағынан, лейтенант Абдаллах... оның отанға сүйіспеншілігіне
шүбəланғаным емес... əйткенмен... Ол, мысалы үшін, жеңіске қаталдықпен
ғана жетуге болады деп есептейді. Неғұрлым қатал болсаң, соғұрлым
жақсы.
Комитет толық құрамында отыр екен. Салтанатты жағдай байқалады.
Капитан Баширді қысқаша таныстырды.
– Жиналысты бастамас бұрын комитеттен Алжирдің бостандығы үшін
құрбан болған бауырларымызды бір минөт үнсіз еске түсіруді сұраймын.
Башир отырғандардың қайсысы лейтенант Абдаллах екенін ажыратуға
тырысты. Бірақ ешқайсысында айырым белгісі көрінбеді.
Капитан жұртты мəселемен таныстырып, ақырында:
– Жиналыс алдағы уақыттарда мұндай жағдай қайталанбас үшін қандай
шара қолдану керектігін шешуге тиіс. Кімнің сөйлегісі келеді?
Біреу қол көтерді.
– Лейтенант Абдаллах! - деді капитан.
– Бауырлар! - деді лейтенант Абдаллах, - жаңа ғана айтылған жағдайды
елеусіз қалдыруға болмайды, өйткені, мұндай жайттар революциямыздың
негізіне де елеулі қатер төндіреді. 1954 жылдың бірінші қарашасында Ұлтазаттық армиясы еліміздің аумағын жүз жылға созылған басқыншылықтан
азат етудің ұлы міндетін алды. Бұл армияға бүкіл əлем көз тігіп отыр. Ал
бұл біздің джунудтардың жанқиярлық ерлігімен қоса темірдей тəртіптің
арқасы екенін кім білмейді? Тəртіп əскердің басты күші екенін, əсіресе
оның еріктілер армиясына қажет екенін қайсысымыз білмейміз? Бір топ
бүлікшілер, бізде нақты мəліметтер жазылған құжаттар бар... - Ол
жиналғандардың бəрін шолып шықты. - Белгілі бір мақсат көздеген бір топ
бүлікшілер джунудтардың сенімін пайдаланып қалуға тырысты. Əңгіме сол
бір топ бұзақыны жазалау туралы болып отыр. Егер сұр жыланды өлтіргің
келсе, басынан көзде.
Тегінде, бір де бір алжирліктің, осында отырғандардың ішінен ешкімнің
революция жауларын қолдамайтыны айдан анық.
Башир оның сөзінің жұртқа пəлендей əсері болмағанын көрді. Қалай
болғанда да, ешкім сөз сұраған жоқ, бəрі үнсіз отыр.
– Сонда қандай шара қолдануды ұсынасың, бауырым Абдаллах? - деп
сұрады капитан.
– Қандай да болмасын шара қолданбас бұрын əлгілерді жазалау керек.
– Сонда қандай жаза беру керек деп ойлайсың?
– Джунудтардың басым көпшілігін жазалаудың қажеті жоқ. Ал бір топ
зымиянға келетін болсақ, жау жағадан алғанда, бұлар өз командирге
бағынбаған кінəлары ап-анық. Бұл үшін барлық армияларда да
қолданылатын жаза біреу ғана.
Капитан оның сөзін бөліп:
– Қорытынды шығармас бұрын барлық бауырлардың пікірлерін тыңдап
алған артық болмас, - деді.
Капитан отырғандардың өзінен көздерін алып қашып отырғандарын
көріп тұр. Тек бұрышта қисық ілінген сағат қана қылмыскерді атуға апара
жатқан солдаттардың аяғының дыбысындай сарт-сұрт етіп, тыныштықты
бұзады.
– Капитан, - деді Башир, - меніңше, Абдаллах бауырдың айыптау сөзіне
екі нақтылауды қосу керек сияқты. Ең алдымен, қазіргі уақытта жағадан
алып тұрған ешқандай жау жоқ. Екінші: ХАА - бұл еріктілер əскері. Кез
келген түйінді шешпес бұрын бұрынғы атқарған қызметтерін де ескеру
керек.
– Башир бауыр... - Лейтенант Абдаллах ашу-ызасын зорға тежеп тұр. Башир бауырым, біз соғыс жүргізіп жатырмыз. Біз ең айуан отаршылдық
режиммен айқасып жүрміз. Тап осы қазіргі уақытта алжирліктердің
біреулері жалдамалылардың оғына ұшса, енді біреулері Алжир
түрмелерінде мерт болуда. Осы соғыс пен жеңіс үшін жауапты партия əрбір
жекелеген жағдайларды қарастырып, түкке арзымайтын қайдағы
бірдеңелермен айналысуға тиіс емес. Адамдардың екі түрі ғана бар:
біреулері революцияны қолдайды, енді біреулері оған кедергі жасайды.
– Қалай болғанда да, Алжирде шайқасқандар өздерінің қай санатқа
жататынын дəлелдеп шықты емес пе.
Бір қызығы, Баширді жиналғандардың бəрі қолдады. Саяси комиссарға
джунудтардың өз борыштарына нұқсан келтіргендерін, бұйрыққа бағынбау
дұшпанның алдында қашумен тең екенін түсіндіру тапсырылды. Ал
Абдаллах бəрін бастаған осы деп көрсеткен жауынгер он бес тəулік
карцерге қамау жазасына кесілді.
Басқалармен бірге Башир бөлмеден шыққанда, оның құлағына
капитанмен оңаша қалған Абдаллахтың сөзі жеткен:
– Мен саған ылғи да айтам ғой, Мұса. Сайып келгенде, зиялылар
революция сатқындары. Олардың бірін қалдырмай атып тастау керек.
Кешкілік капитан Баширдің шатырына кірді.
– Саған ескертейін дегенім, тағы бір "дос" таптың, лейтенант Абдаллах
деген.
Башир иығын қомдап қойды.
– Əйткенмен сақ бол. Ол əй - шайға қарайтын жігіт емес, кез келген
сəтте оқыс шешім қабылдауы мүмкін.
Капитан саусағымен шүріппені басып жатқандай əлпет танытты.
– Комитеттің басқа мүшелерінің үнсіз қалғаны несі?
– Олар қорықты... Егер Абдаллахты мен тоқтатпағанда, бүлікшіге не
талап етерін білдің бе? Өлім жазасын сұрар еді! Ойнайтын адам емес...
– Онысы көрініп тұр! - деді Башир.
– Солай. Жарайды... Тағы бір жаңалық бар.
– Жақсы жаңалық па?
– Кімге қалай дегендей. Командованиеден нұсқау алдым, сені Амируш
шақыртып жатыр. Ол: "Мен оны марокколықтарға уақытша жібергем, бірақ
басыбүтін бергем жоқ", - деп жазыпты. Марокколықтар деп отырғаны біз.
Шамасы, сені бағалайтын сияқты.
– Қашан жүруім керек?
– Екі аптадан кейін.
– Одан да ертерек кетейін, - деді Башир.
– Жоқ. Алдымен аяғыңды емде. Оның саған қажеті болады. Бізге
Алжирден ашықхат жібер.
– Міндетте түрде, - деді Башир.
Башир Ларашта тағы бір жеті болып, жетінші күні кешке Рабатқа жүріп
кетті. Ол бірден Итто тоқтаған Агдальға жөнелген. Баспалдақпен жүгіріп
шығып, есіктің кəрлен тұтқасын тартып қалған. Бірден Иттоға көзі түсті.
Қыздың бет-жүзі алабұртып, көздер! əлдебір алысқа қадалып, қабағы ісіңкі
тартыпты.
– Жылап отырмысың?
– Кетуім керек, - деді қыз, - мерекеге баруым керек қой.
– Ə, иə, мерекеге! - Мұның мүлдем есінен шығып кетіпті. Сот процесін
енді есіне түсірді. Алдында ғана газет сататын балалардың сот ертең
болады деп айқайлап, жүгіріп жүргендерін көрген.
– Оны соттады ма? - деп сұрады бұл.
– Жоқ, - деді Итто тісінің арасынан сыздықтатып.
– Бүгінге белгілеген сияқты еді ғой.
– Олар соттаған жоқ, үкім шығара салды.
– Қаншаға?
– Өлім жазасына, - қыз солқылдап жылағанын басу үшін төсекке құлай
кеткен.
Содан соң орнынан тұрды.
– Кешір мені, - деді қыз, - енді жыламаймын. Оған көз жасыңмен
көмектесе алмайсың.
Башир қызға қарады. Қыз тағы бей-жай күйде отыр.
– Алдымен апиын, сонан соң таяқ.
Баширдің көзқарасынан таңданыс байқаған қыз:
– Өз сөзің ғой, - деген.
– Білем, тек мұны неге айтқаныңды ұқпай тұрмын.
– Газет апиынынан кейін соттың таяғы. Сенің еліңде де сондай бола ма?
– Қайдан білейін? Біздің еліміз əзірге өз иелігімізде емес.
Қыз қолжуғышқа барып, ісінген бетін суық сумен шайды.
– Мінеки, осымен менің қаладағы серуенім де аяқталды, - деді қыз. Еркіндігім де бітті! Үйге қайтуым керек, ондағылардың екі көздері төрт
болып отырған шығар. Үйге барып... Рехо-у-Хэримен заңды өмір сүрем.
Қош бол!..
Қыз бұған қаны қашқан еріндерін ұмсынды.
– Шығарып салайын ба?
– Ал өз жұмыстарыңды қайтесің?
– Жұмыстарым біткен.
– Онда кетейік... бір жағынан менімен жата қалуға ынтық боп,
ауыздарының суы құрып жүрген мына қотыр, қыршаңқы, келте танау,
қышымасы бар иттерден құтқарарсың... Тьфу! Көзін қыспай, сүйкенбей,
алтын тісін немесе американдық машинасын көрсетпей, қасымнан жай
өткен бірі жоқ. Тіпті қарадай жүрегім айныды!
– Жолға шығар алдында бірдеңе қаужап аламыз ба?
– Жоқ, тəбетім тартпайды. Өзіме - өзім əлі келе алар емеспін.
Қыз кеңірдегін көрсетті.
Башир қызды өзіне қарай тартты.
– Көрерсің, ұзамай бəрін де ұмытып кетесің, сөйтіп, бəрі де
бұрынғысынша орнына келеді.
– Жарайды, уақыт болды, - деді қыз, - əйтпесе басым айналып барады.
Сен кеткен соң жүрегімнің ауырғаны да басылар, оны мүлдем естен
шығаратын да уақыт келер.
– Өзің бақытты болуың үшін, мені естен шығаратын кезің болды.
– Есімнен шығып та кеттің. Қазір маған сен тым алысқа, өте алысқа
кетіп қалған сияқтысың, мен бəрінен де айырылған тəріздімін.
Бұл Алжирге қайтатынын айтқан.
– Қашан? - деп сұрады қыз.
– Бір аптадан кейін.
– Ал менің тойымды қайтпексің?
– Тойың да тамаша өтер, өзің де бақытты боларсың.
– Шынында да, менен алысқа кетіп қалған адамдай сөйлейсің ғой.
Бұлар бір апта уақытты Танжер мен Тетуанның арасында өткізді.
Жетінші күні кешке бұлар Айн-Лехке аттанып кеткен.
– Меніңше, енді біз еш уақытта кездеспейтін сияқтымыз, - деді қыз.
– Маған да солай. Екеуміз жол үстінде кезіктік. Біраз жолды бірге жүріп
өттік. Енді айырылысуымыз керек, өйткені, мына жол айрығында
бағытымыз əр жаққа кетеді. Сол дұрыс болар.
– Солай деп ойлаймысың?
Жігіт күлді.
– Жоқ, əрине! Бірақ мұндайда ылғи да осылай дейді ғой.
– Біздің жолымыз еш уақытта айырылмайды. Тек сен үлкен жолмен, ал
мен соқпақпен кетем.
Жұмылған кірпіктерінің арасынан қыздың көзі батып бара жатқан
күннің соңынан əлдебір жыраққа қадалып қалған.
–... жолың қайда бастаса да, - деді қыз.
– Ал тұйыққа бастайтын жол болса ше?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Апиын Мен Таяқ - 12
  • Parts
  • Апиын Мен Таяқ - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2220
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 02
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 03
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2030
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    57.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 04
    Total number of words is 3970
    Total number of unique words is 2089
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 05
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2153
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 06
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2116
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 07
    Total number of words is 3915
    Total number of unique words is 2125
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 08
    Total number of words is 3960
    Total number of unique words is 1963
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 09
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 1959
    38.7 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    59.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 10
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2118
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 11
    Total number of words is 3952
    Total number of unique words is 2116
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 12
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 13
    Total number of words is 3840
    Total number of unique words is 2030
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 14
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2096
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 15
    Total number of words is 4002
    Total number of unique words is 2013
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 16
    Total number of words is 3917
    Total number of unique words is 2075
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    52.6 of words are in the 5000 most common words
    59.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 17
    Total number of words is 3794
    Total number of unique words is 2096
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Апиын Мен Таяқ - 18
    Total number of words is 2088
    Total number of unique words is 1252
    39.5 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.