Апиын Мен Таяқ - 02

Котар ханымның көзінен жасы шығып кетті, бұдан кейін Клодтың да
көзі шықтанды. Олар сүйіскен, сөйтіп, осы күннен бастап...
Иə, бұл солай деген, сөйтіп, мұны өз сөзінен ұстапты, бірақ бұл
алаяқтық емес пе! Əйткенмен, көктемнің өзі де барып тұрған алаяқ
маусым. Тап осындай көктемгі жексенбі күндерінде барлық болашақ
күйеулер жүректері əлдебір қуанышқа толып, бас бостандықтарын талақ
еткен үкімге өз қолдарын қоятынын қайтерсің! Жақсы ойластырылған неке
заңы кодексінде көктемде қиылған некелер жарамсыз болып есептелуге
тиіс қой.
– Билейміз бе, сүйіктім?
Қыз мұны жақсы білетін. Бетховен мен Дебюссиді түсіну мен бағалау
үшін бұған қаншама уақыт қажет болды. Қазір де оларды тыңдай отырып,
содан лəззат алып отырғандай сыңай танытқан. Ол қарсыласуға да
тырысып көрген. Бұл өз қайғы-қасіретіңді əлдилеу тəсілі; мұндай ессіз
арындар себепсізден - себепсіз бұрқ ете түседі де, сынған шыны тəрізді
быт-шыт болады, - осының бəрі африкалық көзбояушылық еді, жəне олар
сиқыршылық ауанын тудыру үшін жасалатын, қояншық құштарлықтарға
арналған дуалаушылардың əдістері, қояншық ғұрыптар. Бұлар Бетховен де,
Моцарт та, Чайковский де емес-ті. Тамыр - тамырын қуалаған атавизмдік
бұл толқындар, алыстан естіліп семген дауыстар жаңғырығы қай түн
түкпірінен жетті екен бұған?
– Қанеки, стансаны мен іздейінші. Бұл уақытта Монако болатын еді.
Əлбетте! Қыз күн мен түннің кез келген уақытында би музыкасын
беретін стансаны жатқа білетін. Ол қабылдағышты қосты да күтіп тұрды.
Естілген қатты дауыс бірден қатайып сала берді, мұны иісі шығатын дауыс
дер еді əдетте Башир. Бұл Алжир - радио болатын." ... Қырық жеті құқық
бұзушы залалсыздандырылды. Өкінішке қарай, тəртіп сақтаушылар
арасынан біреу жеңіл жараланды. Оқиға орнын тазарту жалғасуда.
Кеше Манжентте франко - мұсылман бауырластарының көңіл
өрепкіткен шеруі өтті; мұсылман - соғыс ардагерлері отанға шексіз
берілгендерін тағы бір мəрте мəлімдегілері келген, сол үшін олар, өз
сөздерін тура келтірейін - бір кездерде сырттан келген дұшпанды тас-
талқан еткен кеуделерін енді ішкі жауларына қарсы тоспақшы".
Кеше жиырма бір он бесте Алжирде сұмдық қастандық болды.
Терроршы Бюжо көшесіне граната лақтырды. Тоғыз кісі жарақаттанды, үш
адам: екі баланың анасы, үшінші сəбиін күтіп жүрген еуропалық əйел, бір
шал мен сегіз жасар бала қазаға ұшырады. Кісі өлтіруші тұтқынға алынды.
Алдын-ала ойластырып алғанына сəйкес ол əлгі əрекетінің бəрінен бас
тартты жəне бойында қаруы да жоқ болып шықты. Бірақ көптеген
еуропалық
келушілер
оны
танып
қойыпты.
Жантүршігерлік
зұлымдығының зауалын беруге деген жұрттың ашу-ызасынан қанішерді
патрульдің араласуы ғана аман сақтап қалды. Маған белгі беріп жатыр,
шамасы, бір жаңалық айтқысы келген болар. Жаңа ғана мəлім болғандай,
джипіне салып жіберілген терроршы қашуға əрекет үстінде мерт болған
көрінеді..."
– Күйтабақты ауыстырсаң қайтеді?
– Саған қызықты шығар десем.
– Өлгендер ме? Айтарсың. Мен көр қазушы ма екем?
Қыз тұтқаны бұрады. Аса таныс дауыс естілді:
"Ішкі саяси өмірге келсек, бұл аптада Алжир тағы көш басында тұр,
ондағы құқық күштері..."
– Өшірші!
– Бұл Монако ғой.
– Мен байқап көрейін. Соттенсті тыңдайық. Соттенс қайда?
– Онда қазір биржа бағамын хабарлап жатыр.
Ол тұтқаны беталды бұрай салды.
"Кеше Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сессиясының отыз
тоғызыншы отырысы болды. Делегаттар Алжир мəселесі жөніндегі
сөздердің жалғасын тыңдады. Бірінші болып сөйлеген Оңтүстік Африка
Одағының құрметті депутаты Ұйымға мүше мемлекеттердің ішкі істеріне
араласу Ассамблея үшін қаншалықты қауіпті екенін айқын дəлелдеді...
Оның сөзі жиналғандарға айрықша əсер етті..."
– Түу, оңбағанын - ай!
Ол радионы өшіріп тастады.
Баласы, апайлары, əлемнің барлық радиостансалары бағдарламаларын
есіне сақтайтын қабілеті, соғыс, радионың өтірігі, өз шарасыздығынан
қарадай торыққан ол Клодтан құтылғанша асықты. Оның жалғыз қалғысы
келген.
– Апайым келген соң оған елді көрсетеміз.
– Табылған ақыл!
– Бұл түк істегем жоқ қой. Жəне апайым да.
– Шынымен бе? Жəне мұныңды олар білетін шығар.
– Басқалар үшін біз жауапты болуымыз керек пе? Бұл əділдік емес.
– Ал олар ше? Мінеки, жүз отыз жыл бойы не екенін өздері де
білмейтін қылмысқа бола жапа шегіп келеді, - бұл, сеніңше, əділдік пе?
– О! Сенікі ылғи да осы. Бүгін оларға жан-тəніңмен қарсы шықсаң,
ертең солардың сойылын соғып отырасың.
– Мұндай сөздер саған жараспайды. Бетіңнің бояуын бұзып, жүзіңе қан
тебеді. Саған ең дұрысы барып, ұйықтап алу, сөйтсең, өзіңе жақсы болады.
Ол қызды есікке қарай итеріп жіберді. Қыз есікті жылдам ашты. Бұл
оның баспалдақтан ұзап бара жатқан аяқ дыбысын естіген.
Рамданның хаты кішкентай үстелде жатқан. Соны барып ашты.
"Зиялылар жайындағы бүгінгі əңгімемізді жалғастыру үшін (таңертең
уақытым болмаған: жазба жұмыстары... жəне басқалар дегендей).
Əлбетте, халықтық құрылыстың сөзсіз жақтастарынан басқаларды ату
керек дегенім сені шошытқан болар. Жаңа ғана "Обтан" тағы да өздерін
зиялы санайтын қайдағы бір білімпазсымақтардың пайымдауларын оқып
шықтым (егер бұлар жай оңбағандар емес, айтайын дегенім, бір жол
өтірігін соншаға бағалайтын ақылды адамдар). Олар ар-ұят, ізгілік,
Батыс жəне өркениет туралы жəне бізге қарсы жүріп жатқан сол зұлым
соғыс жайында айтады. Бұлары, əрине, оңбағандық. Бірақ егер жақсылап
ақылға салар болсақ, объективтік, тазалық, ізгілік, еркіндік, əлсіздер мен
езілгендер сияқты бұлжымас қағидаттар сауытын киген солшыл
зиялымыз деп жүргендердің де ұстанымдары пəлендей оңып тұрған жоқ.
Ашығын айтқанда, осы ақылды адамдардың бəрі де төбелеске
араласқан соқырлар сияқты, əлденелік болып, тарих жүрісіне килігеді,
данышпансиды, сəуегейлік етеді, көлгірсіп мақтайды немесе іске алғысыз
ғып тастайды, - осының бəрі байсалды нəрсе емес, тіпті əділетсіздік.
Біз - (өзін халық деп атайтындармен қатар қоюды ұнататын) - біз
оқымысты емеспіз, жəне бір ғана өміріміз бар - егер, алда-жалда
жеңіліске ұшырай қалсақ, онда бəрінің де біткені.
Міне, сондықтан да, күреске сонша күш-жігерімізді, сақтығымыз бен
махаббатымызды жұмсаймыз. Ал кітаптан ғана оқыған сендер
сияқтыларға адам өмірі тізбектің бір бөлшегі ғана. Сендер барлық
халықтардың тарихын өткен ғасырларды оқып шықтыңдар, бұл
болашаққа өздеріңді сыналауларыңа мүмкіндік береді. Ал қазіргі уақытта
сендер тұс-тұстан қыспаққа түскенде ғана тосылып қаласыңдар жəне
бұдан енді қашып құтыла алмайсыңдар. Бірақ тап осы арада айналып
өтесіңдер. Тек бір ғана сəтке! Жəне тап сол сəтте оны орнына қоясыңдар
(тек осылай, əйтпесе қалай болсын) ал оны орнына қойғанда, біздің
бақытсыз өміріміз не болғаны деген сауал туады?
Miнe, сондықтан да бізге Əсем Филипп немесе 7 династия
перғауындарынан көп көңіл бөле қоймайсыңдар, - самарқау, бейжай ғана
көңіл бөлу. Əрине, бұларың ақымақтық. Жоқ, əдейі емес байыбына
бармағандықтан! Өйткені, Перикл немесе біздің шөберелеріміздің заманы
бола ма, сендер сол жетпіс жыл бақытсыз өмірлеріңді бірдей жеңілдікпен
сүре салар едіңдер. Тым құрығанда бізге соны мүмкіндігінше жақсырақ
өткізуге мүмкіндік беріп, сендердің жеңілтектіктеріңнің адам төзгісіз
ауыртпалығын көтеруден құтқара көріңдерші".
Башир хатты үстелге тастай салды. "Осы мұғалімдердің
əдебиетқұмарларын - ай!"
Бартоктың күйтабағын қойған бойда іштей: "Тым құрығанда бұдан
келер залал жоқ!" деп ойлады да, оюлы жəшіктен сигар шығарып,
шылымын тұтатып алғанша алтын жалатқан оттығын сипады. Осы музыка
ылғи да мұның жан дүниесін баурап алатын. Бір, екі, үш минөт өтісімен саяхат та басталып кететін. Қош бол, жер, қош, қам-қарекет! Оқ пен
бомбалы адамдар қайда? Азаптан жəне соққыдан қай жерлерде көз жұмып
еді? Қай жерде оларды күндіз қорқыныш, ал түнде торығу иектеп алған?
Тіліп тастаған қауын тəрізді сан əулетке қай жерде бөлініп жүр? Қайда?...
Жасыл ғажап арал бойын билеген іңкəрлік пен нəзіктіктен бей-жай болып,
мына дыбыстарды тыңдай отыра, осыған келіп тірелетін. Онда бəрі де ап айқын, көгілдір, үйлесімді, сазды да теп-тегіс еді. Дүниедегінің бəрінен
жырақта, тып-тыныш, маңайыңда, мыңдаған миль төңірегінде тірі жан жоқ,
тыныштықтан өзге түк жоқ-ты. Уақыт жылжымайды, уақыт деген мүлдем
жоқ, еңсені езген естегілерімен "бұрынғы" атаулы да, жан азабын
тарттыратын жобалар мен күрделі мəселелерін алға тартатын "кейінгі" де
жоқ, мұнда бəрі де қарапайым қазіргі атаулының қабағы кірбеңсіз, өткенкеткен ұмытылған ешкім де тіпті таяу болашаққа да қам жемейді, уақыт
шексіз де, шетсіз, оны ешкім бөлшектей алмақ емес.
Мысық тізесіне қарғып шықты. Түбіт жүнді жұмсақтау тиген соққы
оны нақты өмірге қайта алып келген: көзін жорта шала жұмған, созылма
үнді, қатқыл мұртты, еріншек те айлалы мысық - əлгі қиялындағы аралдың
тас-талқанын шығарды, бұл арман дүниесін қайтадан ұйпа-тұйпа еткен,
аяғыңа батпандай шойын байлап, қанатыңды шайырға малған, ақылсанаңның əр бұрышын көксің жайлап алған өмір еді. Мысық - бұл сағат
тоғыз соғуы, алдыңдағы тұтас күн мен ұзақ түн, енді бес күннен кейін
апайдың портқа келуі, бұл қабырғалар жəне бомба жарылып жатқан, кешкі
бесте коменданттық сағатты Алжир болатын (ал Париж бұл уақытта
қайнаған өмірін енді-енді бастап жататын).
Ол мысықты үлкен баскетбол добы сияқты үстел астына атып ұрды.
Бүкіл жүндерін тікірейтіп, тістерін ақситып алған мысық ашу-ызасын
пышық жүзіндей жарқ еткізді де, сонан соң сарғыш көздерін шала жұмған
күйі таңқышаян секілді бүйірімен алаупешке барды да, сол араға
домаланып жата кеткен.
Башир алжир айлағын жасырып тұрған пердені көтерді. Əр кеш сайын
аңда, төменде бір көрініс қайталанумен болатын. Осы арадан, əл - Биар
биігінен бүкіл Алжир теңіз Матиф мүйісінде аспанмен астасып кететін
нүктеге дейін алақандағыдай көрінетін, ал күн ашықта тіпті
Джурджураның көгілдір жоталары да көзге тосылар еді. Көктемде перде
сағат жеті кезінде көтерілетін, сонда қарағай, зəйтүн, зəулім үйлер мен
қызыл шатырлы үйшіктер арасындағы жоталар үстіне шашырап жатқан
титтей жарық нүктелері кенет көбейіп, бір-біріне жақындап, ана жердей
бір, мына жердей бір шұғыла шашатын, сөйткен кезде қара түн көмкерген
бұғаз да бір сəтке жарқ ете қалатын.
Жағалауды бойлай - оттардың қызғылт құйрығы бірінің соңынан бірі
ілескен күйінде біртіндеп Алжирге жылжитын. Олардың шеруі толассыз,
жексенбі күндері екі-үш сағатқа созылатын. Фор – де - л,О, Айн - Тайе,
кейде тіпті Корсо немесе Деллиседе достарымен шар ойнағандар орманнан
қайтып келе жататын еді. Бəрі де, еуропалықтар, əрине! Олардың
ортасында алжирліктің болуы ыңғайсыз құбылыс, тіпті олардың
Еуропалық Ұлы мəртебесіне нұқсан келтіретін атауы да жоқ, бірақ заңмен
де жазаланбайтын оспадыр қылық болып шығар еді. Башир тізбекте қанша
алжирлік барын санап көруге əрекеттенді. Ондай ержүрек, қамсыз, терісі
қалың, бəлкім, жүздің ішінде біреу ғана шығар. Əйткенмен, мұның өзі
секілді байқаусызда өтіп кетуге тырысатындар да болатын. Дегенмен,
оларды бірден байқап қалатын да, сол бетте əлдебір үнсіздік келісіммен
қорғаныс немесе ысырып жіберу əрекеті басталатын: бұл бақай есепті
немқұрайлылық, айқын сезілетін өшпенділік, арандату, ең жақсы дегенде,
вирус пен жұқпалы аурудан аулақ жүруге тырысқан қашуға негізделетін.
Ал ана нақұрыс Рамдан шындап келгенде, олар бізге осылайша көз
тоқтатып қарайды, құрметтейді деп көйітеді. Олай десек, онда неге бізді
жақсы көрмейді? Əрқашанда бір аяғынан сылтып тұратын оның
пайымдарының бəрін де жақсы білем: тоқсан пайызы жарлы (онда біздің
күніміз не болмақ?), олар жандарын салып, жұмыс істейді, бала туады,
оларды бірдеңе ғып тəрбиелейді жəне олар үшін алжирлік - тұрмыстық
ақталу ғана. Алжирліктердің қаншалықты жеккөрініштілігі, қаншалықты
бақытсыз əрі адамша өмір сүру мүмкіндігінен мүлдем ада екендігін көру,
олар, еуропалықтардың алжирліктерді қорлауына жəне жек көрулеріне,
олардың бақытсыздығына себепкер бола алатындығын сезіну - олардың
өмірінің мəні секілді. Басқалардың жарлылығы өз кедейшіліктеріне көнуге
мүмкіндік береді, тіпті оны елемей қоюға үйретеді. Ешқандай мəнмағынасыз, күнделікті сұрқай тірлігімен, өткеннің естелігінсіз, үмітсіз
күйбеңдеген олар бұл елде алжирліктер болмаса, қайтер еді? Іштері пысып
өлер еді. Жүздеген тынығушыға бір араб -көктен тілегендері осы емес пе,
жексенбілік серуенге мағына беретін де осы, əйтпесе бірқалыпты өмір
ырғағы секілді бұлар бəрінен де жеріп кеткен болар еді. Олар аптасына бір
рет серуенге шығады, əйткенмен Алжирден елу шақырымнан қашық ұзап
көрген емес, өйткені, доңғалақтары тозады, жанармай да қымбат,
арабтардан қорқыныштары да күшті (қаладан сəл жырақ шықсаң, олар
құжынап жүреді). Жүздеген еуропалыққа бір араб -сөйтіп, олар əлгіні жек
көреді, иттің етінен жек көреді, бірақ өзіңнің ештемең жоқ болса да, жек
көріп, өшпенділікпен қарайтын біреудің болғаны қандай жақсы! Дұрыс
ұйымдастырылған мемлекет əр апталық жексенбі сайын арабтарға орман,
жағажай, киноға барып тұруды міндеттеуге тиіс қой. Тек балға пара
көрмесін, өйткені, ол жерде бұлардың қарындастары мен əйелдері жүреді,
ал арабтар өз ұрғашыларын беттерін жауып ұстайды немесе өмір бойы
қамап қояды.
Əлгі Рамданның жұрттың бəрінен ақылды болғысы келеді.
Башир мектеп дəптерінен жұлып алған парақтарды қайта оқып шықты.
Қарадай жыны келді. Содан соң қызғылт пошта қағазына бір демде жауап
жазып тастады.
"Қымбатты мұғалім, сəлем хатыңды алдым жəне сені тыңдап тұрған
кездегідей тағы ашулана бастадым.
Егер дұрыс түсінсем, сенің ұстанымың əдеттегідей қарапайым да
айқын: саясат -байсалды нəрсе, ой еңбегінің иелері саясатқа ойлану
қабілетін əкелуге тырысып, қателік жібереді дейсің. Бастабында мұндай
кереғар нəрсе айтып, қалжыңдап отырған шығар дегем, бірақ, содан кейін
олай ойлау сені қорлау болар еді, өйткені, мұндай байсалды əңгімеде
əзілдесу дегенді білмейсің ғой деп тағы ойладым. Əйтсе де...
Əйткенмен, саясатты осыншама құрмет тұтудың қажеті жоқ.
Мұның сəнге айналған дерт екенін де білем. Бəрі де осымен байланысты,
осымен өмір сүріп, тіпті осы үшін өліп кетуге де бар біреулерді білем.
Əсіресе соңғы жылдары біреулердің жан тəнімен қарсы болғанын біреулер
жанталаса қорғап жатады. Біреу айқай салса болды. Іс бітті дей бер.
Олар айқайды дəлел деп түсінеді, имандай сенеді.
Ойынға бір араласса, қайтып шығара алмайсың. Күн сайып белгілі
үлесін алмаса тұра алмайтын нашақор немесе дəруіш секілді. Нағыз
дəруіш скрипкадан өзі ұнататын жылауық əуеннің алғашқы нотасын
алыстан болса да естіді бітті, орнында байыз тауып тұра алмайды:
сонда жетіп барып, биге басады, аяқ қолын ербеңдетеді, жер тепкілейді,
қашан аузынан көбігі ағып, табаны қанға боялып құлап түскенше
тоқтамайды. Қолына қылша ұстап тұрғандар, əрине, оңбағандар, оған
келісем, бірақ, соған билеп жатқандарды көргенде жүрегім одан əрмен
айниды. Жүрегімді айнытатыны соншама, тіпті оларға қарап түкіргім де
келмейді. Оның үстіне, олар бұдан естерін жимайды. Керісінше,
ұйқыларынан оятып жіберуге тырысқандарды өлтіріп жіберуге бар.
Еврейлер өздерін жоқтан өзгеге сенуді қойғызуға келген адамды креске
шегелеп тастаған Тарихтағы ең көзі ашық қаланың соттары астында
ажал бұғып жатқан кеселден құтқармақ болған данышпанды улап
өлтіруге шешім қабылдаған
Адамдар тобырдан өз орындарын табу үшін қашаға ұмтылады!
Олардың нөмірлі, мөр басылған, қол қойылған жəне күш көрсетілген
куəліктері бар. Сөйтіп, ешқайда тырп ете алмайды, талон, куəлікпен
нөмірленген, сөреге қойылып, рамкаға салынған Еркіндік ауыртпалығын
көтеріп текке əуреленбейді.
Насихаттарымен басымды қаншама қатырды десеңші! Елің еркіндікке
жетсін десең, кір дейді. Əлде құл болуға пейілмісің? Онда бар, сонда
оқиғаны тым жеделдетпей-ақ, тəуелсіздікке біртіндеп жетеміз.
Коммунистік партияға кір: ғылыми теория, тиімділікке кепілдік беріледі,
ұлтшылдық - бұл өтпелі адасу немесе жазылмайтын дерт қосыл, таза
исламға қайтып орал, онсыз о дүниеде жазалы болғаныңмен қоймай, бұл
дүниеде - ақ қарғысқа ұшырайсың. Ал, қанеки, бері жақындашы! Бері кел!
Жылтырақ мыс шегелерден қандай əдемі қарғыбау жасап қойдық! Қане,
кел, кел! Басыңды мына əдемі қарғыбауға сұқ, қорықпа! Ауыртпайды.
Жəне сен жалғыз да емессің. Айналаңа қарашы, қарғыбаусыз мойын көрсең
маған кел!
Не айтқалы отырғаныңды білем. Ең алдымен, қашандағыдай, мені
қашаға кіргізесің, ұсақ буржуазиялы анархизм деген таңба басасың!
Сонымен бітті. Содан кейін маған ерлік жайында, біліктілердің ерлігі
емес, əрине, қарапайым, атсыз – атаусыздардың ерлігі, қылыш пен
жылтырақсыз, өз ерліктері жөнінде білмейтіндердің ерлігін айтасың.
Ерлік деген бейне апиын немесе құдайдың жібергені сияқты. Өздері
арасында жүрген қара тобырдан ерлердің негізгі айырмашылығы ессіздігі мен сезім атаулыдан жұрдайлығы көрінеді. Өлшеусіз биіктік пен
даңқ сəулесіне олар тек содан кейін, өздерінен соң мыңдап, миллиондап
келген қарапайым тіршілік иелері мəнсіз бақыттан жалығып, өздерінің
ессіз й армандарын ата-бабалардың неғұрлым қанды естелігіне жалғап,
сұрқай тіршіліктерінен баз кешіп кетпеу үшін, өткен күндердің жарқын
беттерін ойлап тапқан кезде ғана бөленетін болады!
Сақтан! Мəдениетті ұстап тұрған ештеңе де жоқ. Бұл
жабайылықтың мықты іргетасындағы жұқа əрі нəзік ыс қана. Оны
үрлеуге де болмайды! Айқындық, ақыл-ой, ізгіліктің жайымен
тұрғызылған құрылысын құлатып тастау үшін бірнеше күн жеткілікті.
Аз-кем уақыттан кейін сен де басқалар тəрізді əлгі апыр - тапыр бидің
қатысушысына айналасың - не барабанда немесе скрипкада ойнап
отырған азғана топқа, не əуен ырғағымен би алаңында жанын салып
шырқ үйіріліп жүргендердің үлкен тобына қосыласың.
Бұл биге қатысушылар оларға сырттан көз салғандарға ғана күлкі
шақыратын сайқымазақ сияқты көрінеді. Бірақ тобырға дендеп кірген
бойда биге қатысушыға айналасың, алдымен əуен ырғағын табуға
тырысасың, сонан соң жаныңды салып жер тепкілеумен боласың,
басқалардың көзіндегі ессіздік ұшқынын да байқамайсың, себебі өз көзің де
тап соныкі сияқты болады.
Əзірге сен алдау-арбау, нышандар мен белгілер ізденістерінен аңыз
туатын тұманды бастапқы, əуесқойлар сатысында тұрсың. Бірақ егер
қарсыласпасаң, сен де басқалармен бірге жоғарғы сатыны аттайсың,
оқиғаларды жорта əсірелеу, оларды дəуірлік дəріптеу сатысында олардың
шын мəнін көрмеу үшін немесе бəрін көгілдір тұман арасынан көру үшін
көзің де жұмулы жүреді. Білесің бе, ұзамай осы қиыстыра соғатын
заңдандырылған алдаушылар, үндесті жалғандық жыршылары - ақындар
көптеп туатын болады. Платон оларды шаһардан қуып жіберген
болатын. Халыққа тұсау салғаны да жетер. Онымен қоймай оны ақымақ
еткені, алдаусыратқаны, жандармға дəлдүрішті тіркеп қойғаны - халық
ішіндегі өзін елемеуі, тіпті адамзат жаратылысын елемей қою деген сөз.
Адамдарды ақиқаттан гөрі алдаудың көбірек еліктіретінін Платонның
білмеген сияқты тұр көрсеткенін де жəне базбір сүреңсіз дəуірлерде
жердің шыққа іңкəр болғанындай топтың мысалдарға құштар
болатынын да білем.
Амал қанша! Кең құлашты данышпандар үшін ақыл-ойдың салқын лебі
де жеткілікті. Олар емен дөңбегіне қағылған сына секілді ақыл-санасына
енген жалпыға ортақ ақиқатқа да, бұлдыр түйсік елестеріне де еліге
қоймайды..."
Башир хатты желімдеп, "Телефункенді" қосты. Қабылдағыш сарнап қоя
берді:
"Тəртіп сақтау күштері отыз бүлікшіні залалсыздандырды..."
Башир Лазрак шалт қимылмен оның үнін өшірді. Қабылдағыштың əлсіз
жарығы құрыған бойда бөлмені қараңғылық одан əрмен қымтай түскендей.
Саясат... Бұл, бəлкім, күлкілі де шығар, бірақ іс те қиынға айналып бара
жатқан сияқты. "Франция-5" ондаған мəйітті айтса, оны əлемнің барлық
радиостансалары да іліп əкетеді.
Жайымен есік қағылды. Əрине, Клод қайтып келген шығар. Бұл жолы
қызды итеріп шығарары хақ.
Ол есікті бар пəрменімен итергенде топсасы жұлынып кетуге шақ
қалған. Бетін безеу басқан, басы қазандай, кішкентай арық бала қабырғаға
жабысып алыпты. Үстіне қызыл асығына түскен тым үлкен көне пальто
киген. Кейіп - кеспірі келіспесе де, батыл Галстукті. Бəтеңкесі тазартылған.
Жұпыны, бірақ жинақы, ұсақ қызметші екені көрініп тұр.
– Доктор Лазракпысыз?
– Иə, соның өзімін.
– Мазалағаныма кешіріңіз... Шұғыл шаруа боп қалып. Кіруге бола ма?
Бұл оған ишарат білдіргенше, сып етіп кіріп те үлгерді.
– Менің атым Арезки. Ағам аңшы мылтығымен аяғын атып алғаны...
Иə, ірі оқпен оқталған... Қабан атуға.
– Қабан атам деп аяғын атып алған ба? - деп сұрады Башир.
Иə, бірақ бұл арадан алыста, он төрт шақырымдай жерде. Бірақ менің
машинам бар.
Он төрт шақырым деймісің? Басқа дəрігерлер жоқ па?
– Бізге сізді айтып еді... Мұғалім Рамдан, білетін шығарсыз? Жасқаншақ
əрі батыл жас қызметші пальтосының түймесін тартқылап қойды.
– Жəне бізге мұсылман дəрігер керек еді, міндетті түрде!
Сағат тағы жартыны соқты. Коменданттық сағатқа небəрі отыз минөт
қалған. Башир ваннаға кіріп, үстіне əтір септі де, көшеде шолғыншылар
көп емес пе дегендей терезе пердесін түрді.
– Мұғалім: "Доктор Лазрак дəрігерлік жəне алжирлік борышын
орынаудан бас тартпайды" деген.
Кішкентай қызметші түймесін жұлқылауын қойып, Баширдің көзіне тік
қарады. "Егер бұл іске киліксем, еш уақытта өз еркім өзімде болмайды", деп ойлады Башир. Ол орнынан шұғыл көтерілді.
Көрдің бе, бауырым, сағат тоғыз жарым болды. Біз онда жетіп
үлгермейміз. Бірақ сені əріптесіме жіберейін.
– Доктор, егер өзіңіз болмасаңыз...
Өкінішке қарай, бауырым, бара алмаймын. кішкентай қызметші
қызарып кетіп, орнынан тұрды.
– Жарайды, амал нешік. Мұныңызға да рахмет... Мазалағаныма
кешіріңіз.
Ол жартылай ашық есіктен сып етіп шықты да, баспалдақтан төмен
түспес бұрын жан-жағына қарады.
Доктор Лазрактың қарадай мазасы кетті. Ол жылы халатына оранып
алып, жұдырығын түйіп, қажалған паркет үстімен терезеден əлгінде ғана
Арезки шығып кеткен есікке дейін адымдап жүре бастады. Соғыс жүріп
жатқан екі жылда мұның жасаған күн сайынғы ұсақ-түйек
оңбағандықтарының жиынтығынан гөрі бұл оңбағандығы анағұрлым
үлкенірек - ті. Соғыс басталған кезде ол мұны жай берекесіздік деген де
қойған. Ұзаққа созылмайды. Берекесіз соғыс, сауатсыз офицерлерімен
олардың басын айналдырып жүрген вьетнамдықтар ғой. Оларға қазіргі
заманғы армияның қуатты догтарына улап-шулап лек-легімен жосылған
шаруалар да солардікі секілді қарусыз да дəрменсіз деген-ді, бірақ оларды
пулеметпен қаншалықты жусатып салғанына қарамастан, діндері берік
болып шықты. күріш алқаптарына істегенін бұлар тағы өз қайта
бастағылары келеді. Бірақ олар Марсельден жіберілген бомба Ханойға
жеткенше уақыт апталап өтсе, ал Алжирге тастау үшін небəрі бір-ақ сағат
қажеттігін білмеді; олар Үндіқытайдың қасында ұлан-ғайыр, адамдары
құрттай құжынаған Қытай барын, ал Алжирдің ту сыртында Сахараның
тау-тау құмдары жатқанын есепке алмаған.
Башир мұны ішкі ақылдың үні дейтін. Бірақ күн өткен сайын бұл дауыс
та əлсірей берді. Таңертеңгі газет оқу жүрегін ессіз құштарлыққа
толтырып, өзі баяғыда өліп қалды деп ойлайтын көне армандарын оятып
жіберетін. Мұның өзі айналып келгенде уытқа қарсы емдік курсқа қайтақайта жүгінуіне мəжбүр еткен. "Байқа! Ауыздығыңмен алыспа!... Бұл да
жай ойын... Бірнеше апта өткен соң күндердің күнінде романтиктер
орманның бір бұрышына аңшы мылтықтарын тастап, үйлеріне қайтады,
кінəсіздер түрмеге отырады, Ал ысқаяқ қулар Мавритан дəмханасын ашуға
лицензия алады немесе тағы бір жасанды сайлаудың депутаттары болып
шыға келеді..."
Бұған қатыспау да оңбағандық, мылқаулық күнə болатын. Ал бірақ тап
қазір істегені нақты, белгілі оңбағандық еді.
"Ағам аяғын атып алды... Ағам тек сізге ғана сенеді..."
Ал егер кішкентай қызметші шынын айтқанда ше? Егер ол бірден:
"Бұдан он төрт шақырым жерде жаралы жауынгерлер бар. Оған, əрине,
француз дəрігерін шақыра алмаймыз ғой..." десе...
Доктор пердені сырды. Алжир айлағының мəңгі жас түрі əдетте көңілін
аулайтын еді. Бірақ біреу бəрін бұзып жібергендей. Жыпырлаған оттар
лапылдаған үлкен алауға айналыпты, оған отын ретінде мыңдаған
кішкентай, аса мəттақам қызметшілерді, кенеп бəтеңкелі жұмысшыларды,
жүкті əйелдерді тоғытып жатқандай: олар түні бойы, керек десең, өмір
бойы жанып жата береді. Ол жақтан естілген шу шынжыр сыңғыры, қор
болғандардың дамылсыз ыңырсыған үндері еді. Кішкентай қызметші
айлақты сиқырлап тастапты. Ұйлыққан оттардың арасынан Башир
əскерилердің етік тері таптаған көшені, автоматтың құмыға шыққан
даусын, ашынған немесе зəрелері кеткен алжирліктер тізбесін көрді,
қолдарын құмыра тұтқасы секілді бастарына қарай иіп алған; көзіне
беттерін пердемен жауып, естері шыға жосылып бара жатқан əйелдер
шалынды, күні бойы үй кебістерін іле сала немесе жалаңаяқ көше кезген
еркектерінен айырылған ұрғашылар тобыры.
Көшенің қарсы бетінде бұдан екі жүз қадамдай жердегі əлі салынып
бітпеген үйде сағат он бірден бастап адамдардм азаптауга кірісетін.
Көршілер радиоларын бар дауыстарымен қоймаған тыныш кездерде бұл
кезекті жауап алып жатқандарды.шайқай - ойбайларын анық еститін.
Үш шолғын бір - бірлерінен он қадамдай қашықтықта көшені жауып
тастапты. Көпшілігін алжирліктер жүргізіп келе жатқан жүк машиналары
ығы-жығы толып кетті. Машина жақындай бергенде алда тұрған солдаттың
бірі оның есігіне еңкейеді. Еуропалықты көрген бойда оған жүре бер
дегендей белгі береді, кейде кешірім сұрап немесе бір-екі ауыз қалжың да
айтып тастайды. Егер анау алжирлік болса, оған автоматымен кезектің арт
жағын көрсетеді.
Башир алдыңғы шолғынның солдаттары кенеттен əбігерленіп кеткенін
көрген. Олардың бірі кішкентай қызметшінің қолын бұрап жатты. Арезки
соққыдан теңселіп кетті. Сонан соң оны джипке лақтырып тастады. Үш
пара оның соңынан қарғып шықты. Жас ми басын көтеріп, тік отыруға
тырысты. Шашын түзеу үшін қолын маңдайына апара берген, бірақ көзі
мен саусақтары қанға боялып қалды. Джип доңғалақтарымен асьфальтты
ойбай салғызып, қаланың төменгі бөлігіне қарай ағыза жөнелген.
Башир жүрегінің қатты тулап кеткенін сезді. Аяқтары шатқаяқтап кетті.
Ол отырып, қолын маңдайына апарып еді, маңдайын тер жуып кеткен екен.
Көшеден əйелдің айқайы естілді:
– Өлтіріңдер бұларды, бəрін де өлтіріңдер!
Башир бойын жиып алуға тырысты. Қазір бəрін салқын ақылмен
ойластырып алмаса болмайды. Комендант сағатына дейін он бес минөт
қалған, бірақ кетіп қалуға, бір жерде жасырынуға мүмкін емес еді. Пара
көшелерді құрсауға алып жатты. Башир бір сағаттан артық уақыты жоғын
біліп тұр. Кішкентай қызметші бірден айта қоймас. Егер мұның жолы
болып, ол Баширдің атын таң атқанға дейін атамаса, таң сəріде комендант
сағаты бітеді де, Башир кетіп қалады.
Ол Клодқа телефон соғып шақырды, сонан соң "Обсерватор",Экспресс",
"Монданың" соңғы сандарын асығыс жинастырып, басқа қағаздармен бірге
алаупешке лақтыра бастады. Ол бəрі жанып біткенше көкжасыл жалынға
қарап отырды да, содан кейін қоңыраулы сағатын төртке қойды. Бесте
комендант сағаты бітетін. Ол кереуетке киімшең қисайды: Башир үнемі
тоңып жүретін əрі өзін пижамамен алып кетуін қаламады. Алғашында көзі
бақырайып ашық жатты. Қорқыныштарын мысқылмен немесе тұрпайы
қалжыңмен жасырғысы келген еуропалықтар сыртта терезе арқылы
тілдесіп жатты: "Баспанасы да, ішетін тамағы да болады... Жəне бəpi де
мемлекет есебінен... Сайрап қоя берер əлі... үстелге де отырады... мына
арабқа жақсы ғой, ол үшін баспана мəселесі шешілген..."
Башир өз ойларын тəртіпке келтіре алмай-ақ қойды. "Менің ағам...
Ағама барыңызшы... Бұл оңбағандық... Кішкентай қызметші айтып қояды.
Тап қазір кету керек... Мен оларға: дəрігермін, деонтологиялық деймін бе...
Олар оның не екенін де білмейді ғой... Соғыстың аты соғыс... Жұмыртқа
сындырмасаң, құймақ жасай алмайсың... Кінəліден айырылып қалғаннан
гөрі кінəсізді жазалаған жөн... Дьенбьенфу... Дьенбьенфуді есіңе түсірші...
Оңбағандық... Кету керек..."
Ол мазасыз ұйқы құшағына берілді. Бұрма - бұрма тау жолымен келе
жатыр екен. Шұғыл бұрылыстың бірінде соңынан жандармдар өкшелеп
қуған кішкентай қызметші пайда болды. Ол аналардан сытылып-ақ кетіп
еді, бірақ жалғыз көзді полицей жетелеп келе жатқан неміс овчаркасы
жолын кесті. Башир кішкентай қызметшімен бірге жүр екен, екеуі де
құлама жартастың ернеуінен келіп шығады, арса-арса арық ат мінген,
ауызында тісі жоқ бір кемпір сақтаныңдар деп айқайлап тұр. Кемпір мұның
шешесі Смина болатын, көздері сұп-суық. Оң қолындағы қамшысымен
аттың сауырынан сабалайды келіп, бірақ ат қозғалмайды, ал сол қолымен
жанталасып сылдырмақ айналдырып жатыр. Сол сылдырмақтың даусынан
оянып кетті.
Біреу есіктің қоңырауын безілдетті. Башир ақырын орнынан тұрып,
жалаңаяқ есікке беттеді. Саңылаудан қараса, Клод пен Рамдан екен. Башир
есік ашты.
– Сен өліп қалдың ба? - деді Рамдан.
– Кіргендеріңді біреу көрген жоқ па?
– Əрине! Бірдеңе істегелі жатырмысың?
– Иə, бірдеңе.
–Біреуді өлтірейін деп пе едің?
– Сені.
Клод күліп жіберді. Ac үйдегі сағат онды соқты. Комендант сағаты
басталды.
Башир Рамданға бұрылды:
– Сенің келмеуің керек еді.
– Клодты көшеде кезіктірдім, əбден берекесі кеткен. Сен телефон соқты
деді. Саған бірдеңе болып қалған шығар деп ойладық. Не болды?