Latin Common Turkic

Абай жолы - 55

Total number of words is 4136
Total number of unique words is 2178
25.4 of words are in the 2000 most common words
37.8 of words are in the 5000 most common words
44.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ауылдан соғым терiсiмен келiп, қалада бiр ай, екi ай жатып қайтатын бұл жастар, кейбiр кештерде осындай жиын үстiнде, арақты мәжiлiс, ән-сауық кешiн өткiзетiн. Шайға арналған тәттi дәмдiмен қатар, тоңазып тұрған қазы-қарта, жал-жая да тураулы күйде үстел үстiне орнай бастады. Ысқақ мынау көрiнiске көңiлденiп, бiр ырғалып қойды.
– Е, бәсе! Мынауың ақыл болды ғой, Қысатай, – дегенде, бiраз жұрт қошеметтей күлдi. Шұбар Ысқақты әзiл етiп, ол айта беретiн бiр сөздi iлiп, қағытып:
– Осының өзi де "бәзмi Жәмшиден" болып бара ма деймiн, Ысқақ! – дегенде, Мағауия, Көкбайлар күлiсiп қойды. Ысқақ айтатын ертегi хиқаялардың iшiнде осы отырған жұрттың бәрiнiң құлағына әбден қанықты болған сөздiң бiрiн айтқан едi Шұбар.
Үлкен дөңгелек үстелдiң айналасына қоралай, жиылған қонақтар iшiп-жей отырып, әр алуан көңiлдi, желiктi әңгiмелерге кетiп отырысты. Бiрiн-бiрi әзiлдей, iле сөйлеген күлкi де бар. Ысқақ бiр кезде Абайдың осындай жас мәжiлiстi тәуiр көретiнiн еске алып:
– Абай ағам осы жолы қалаға бекер келмей қалды-ау! – деп едi.
– Жоқ, үйiнде отырса отырсын. Осы биыл кiтап оқумен өлең жазуға бет берген жылы боп тұр! – дедi Қысатай.
Шұбар қиястана сөйлеп, Мағауияға қарап:
– Әй, бiлмеймiн, сол шынарың өсе берсе, өзiмiз ығында қап, өлең жазуға батылымыз бармай қалатын болмасақ, – деген едi.
Мұнысы бiрталай жастың, жаңа жазған өлеңдерiн Абай сынына беруге қорғанып тартынып жүретiнiн бiлдiргендей. Оның арғы түкпiрiнде Шұбар көңiлiнде жатқан қызғаныш та жоқ емес-тi.
Шұбар соңғы сайлауда болыстықтан түсiп қалған. Iштей дәрежеқұмар, менменшiл болғандықтан бұл жiгiт Абайдың күнде өсiп келе жатқан ақын-атағын да қызғанатын. Осы күнде Абайдың iнi достарының арасына кiрiп әрi ақын, әрi әншi атанбаққа барын салып жүр. Бұның жаңағы сөзiне Мағауия күлдi де:
– Ендеше тәуiр өлең шыққанша, көрсетпей тұра тұрамыз да! – дедi.
Шұбар мұң шаққандай болды.
– Тәуiр, жаманын қайдан бiлейiн, әйтеуiр биыл жаңа өлшеу, жаңа уәзiн iзденiп, бiр өлең жазып апарып көрсетiп ем: "бұл өлең бұлай жазылмайды. Осы өлшеумен мен жазамын" деп, сол жаңалығымды алып та қойды-ау, өзi! – деп қыжалдана күлдi.
Ендi бiр азда ауыз үйдiң есiгi ашылып, қолына қамшы ұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-шұқыр еткен, аяздаған бiр жолаушы кiрiп келедi екен. Ол кiре бере:
– Ассалаумағалейкүм! – деп, мәжiлiске даурыға сәлем бердi. Отырған жұрт бұның сәлемiн тосырқай, жақтырмай, ақырын алды. "Кiм екен?" десiп, үңiле қарасты. Жолаушыны алдымен таныған Ысқақ болды. Ол жадырай күлiп жiберiп: "Е, Мұхаметжанбысың!" дегенде, үйдегiнiң бәрiнiң шырайы шапшаң өзгердi.
Абай аулынан кеткен бетiнен қалаға бүгiн жетiп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тiреген жерi осы. Ол ел-жұрттың амандығын жапырлай сұрап жатқан жиынға жауап бере тұрып, саптамасын тастады. Белiн шешiп, сыртқы киiмiн шешiп болып, шоқша сақалы мен қысқалау мұртына қатқан мұзды арылтып, бiраз тоқталып тұрды. Ендi отырғандар әр жерден қағылып, "былай шық, былай шық!" дескенге келiп едi. Мұхаметжан саспастан сүртiнiп, ықшамданып алып, төр жаққа қарады.
– Дәл бүгiн осы Мұқа мен Көкбайдың тап ортасынан отыруға рұхсат па, қауым! – дедi. Мұқа төмен қағыла бердi.
Мұхаметжан келiп қасына отырғанда, Көкбайдың ойына бiр сезiк кiрiп қалды. Әнде де, ақындықта да осы, отырған жастардың ешқайсысына жол бермеймiн дейтiн кеуде Мұхаметжанда анық бар екенi күмәнсыз. Бүгiн өзiнде бiр қыжал бар сияқты. Мұхаметжан жайланып болмастан, Көкбай соқтыға сөйледi.
– Сақал-мұртына мұз қатып, шақыр-шұқыр басып келген кiм десем, ауыл екен ғой!
Мұхаметжан:
– Ауыл жаман болса, медресенi тастап, құдайдың үйiнен қашып, өзiң неғып ауылға барып жүрсiң?
Бұрын Көкбайдың молдалық оқуын оқығанын еске алып, жұртты күлдiре кеп, Мұхаметжан:
– Үндеме, береке сол ауылда, неғыласың! – дедi.
– Қай берекенi айтасың? – деген Көкбайға:
– Қай берекенi айтсаң да тауып беруге мен кепiл болайын. Тек шайымды iшкiзшi, жаным! – деп паңдана қарады. Осыдан соң Мұхаметжан үндеген жоқ, шайға кiрiстi. Өзгелер iшiп, жеп болған. Кейiн-кейiн шегiнiп, бұрынғыша әңгiме, әзiлдерiне ауысты. Шұбардың тiлегi бойынша ендi жұрт ән-күйге ауды.
Бұл кездердiң бәрiнде Мұхаметжан ашығып, тоңазып келген бетiнде үн қатпай, қызы-қартаны жеп, шайды мейлiнше көсiлiп, терлей iшiп отыр едi. Жұрттың өлеңiн де, әнiн де тiптi тыңдамаған тәрiздi. "Өзегiмдi жылытып алайын" деп қойып, Қысатай ұсынған коньяктан да бiр-екi рюмка iшiп алған.
Әредiкте бiр ретте Ысқақ бұған: "Абай аулына соқтың ба, денi сау ма екен?" деп сұрағанда, құр ғана: "соқтым, сау, сәлем айтты" деп қана шегiнiп шықты. Дастарқан жиылды. Осы кезде боздай шыққан, басым үндi Мұқа "Топай-көкке "сермеп отыр едi. Кейiн жұрттың тiлеуi бойынша тағы да басқа бiр-екi әндi айтып шықты. Соңғысы – бiр қоңыр ескi ән. Сөзi де "аулым көшiп барады көк қауланға" екен.
Осы әнi бiте бергенде, Мұхаметжан жұрттың сұрағанын күтпестен, тамағын кенеп ап, Мұқаның домбырасына қол созды. Анау да әнiн бiтiрiп,
– Осынша ақын жиылып ап, "жабағы арық, тай семiз көп сауғанға" деп отырармысың әлi күнге! Тыңдасаң өлеңнiң өлеңiн тыңда. Сөз олай емес, былай! – дедi де, бөгелместен ән соза жөнелдi.
Бұл кеткен Татьянаның нәзiк назы: "Амал-жоқ-қайттым-бiлдiрмей". Жұрт қалт етпей, тына қап тыңдады. Мұхаметжан әнiнiң бұларға мәлiм бiр ерекшелiгi – ешбiр сөзi шала болмай, анық естiлетiн, алғашқы бiр ауызды естiгенде, тыңдаушылар " бәйiт пе, орыс әнi ме?" деп, ненi тыңдап отырғанын айыра алмады. Аздан соң бұл әннiң өзгеше бiр қоңыр мұңы бар, шер толқытып шығарған, салмақты, терең ән екенi байқалды. Осымен қатар, әсiресе жұртты ұйыта бастаған – өлеңi мен тiлi едi.
Барлық жас ақындар мұңды ғашық лебiзiн ұққан сияқты болады. Бiрақ сонымен қатар, "осылай болса керек едi ғой" деумен бiрге, өзiмiз естiп көрмеген сыр мен шер екен-ау деп, құлай тыңдайды. Екi-үш ауыздан соң Мұхаметжанның аузына барлық елдiң көзi қадалып қапты. Таң-тамаша қалдырған ғажап саз. Және соншалық нәзiк бұралып ырғалған таза сезiмiмен сондайлық бiр ыстық жүрек тiл қатып, үн салғандай. Көзiнiң жасын iркiп тұрып айтқан, көз алдыңда дiрiлдеп, тыныс алып тұрған шыншыл көңiл.
Мұхаметжанның қызара нұрланған жүзiн көрiп, жаңағыдай әсем жырына елтiп отырып, ақкөңiл Ысқақ бiр әредiкте тiл қатып қалды.
– Ой, көмейiңнен айналайын! – дейдi. Әншейiнде күлерлiк те жай. Бiрақ мынау халде ешкiм де тыныштықты бұзған жоқ.
Әншi iркiлмей отырып, барлық "Татьяна-хатын" ақырына шейiн жырлап шықты да, күрсiнiп ап, маңдайының терiн сүрте бастады. Үй iшi сiлтiдей тынып қапты.
Көкбай да, Шұбар да үн қатпайды. Бұлар сұрлана томсарғандай боп, Мұхаметжанның түсiне де қарамайды. Оның бетiнен ыққан тәрiздi. Көкбай Мұхаметжанның келiсiнен-ақ осындай бiрдеме шығарын сезгендей болатын. Iшiнен: "астам сөйлеп келiп едi, тегiн емес екен" деп, мынау өлең мен әннiң жөн-жосығын да сұрауға батпады. Өзге ақын-әншiлер де осы сияқты халде отыр. Жұрттың үндемеген жым-жырттық күйiн Мағауия ғана бұзды. Ол Мұхаметжанға әлi сүйсiне қараған жүзбен:
– Ал, Мұқа, ендi бұл әннiң, бұл өлеңнiң жөн-жосығын айтпайсыз ба? – дедi.
Шұбар мен Көкбай Мұхаметжанға ендi қарасты. Бiрақ, екеуi де қатты күдiктен қараған тәрiздi. Мұхаметжан бөгелген жоқ. Кiшкене-молда жазған хатты Көкбайға берiп жатып:
– Бұл Пушкиннiң сөзi емес пе, жiгiттер! Соны жақында қазақшаға аударып және мынадай ән шығарып, "осымен айтыңдар" деген Абай ағам. Бәрiңе жiберген, менен жiберген сәлемдемесi осы! – дедi.
Шұбар ендi ғана жадырап, күлiп жiбердi.
– Уh! Жаным жаңа кiрдi ғой, Мұхаметжан "өзiм шығардым" деп сала ма деп зәрем жоқ едi! – дедi.
Көкбай да сүйсiне күлдi:
– Бәсе, мынандай жыр шығарған, Мұхаметжан-ау, сен болсаң сенiмен не деп тайталасар едiм? Жолды берiп, ендi өлеңдi жалғыз сен айт, мен қойдым дегеннен басқа нем қалар едi? Түу, бағымды алып қоя жаздағандай боп шұқшиып ең, рахмет саған, рахмет, Мұхаметжан, – дедi.
Осы кезде Мұхаметжан сыртта қалған атын есiне алып, тысқа шығып кеттi. Күнi бойы терлеп кеп, ендi далада аязда тоңазып, дiрiлдеп тұрған атын жылы қораға өз көзiмен кiргiздiрiп, жайластырып болып, Мұхаметжан қайта үйге кiрген уақытта қараса, үйдiң iшiндегi жай бiртүрлi жат боп, өзгерiп қапты.
Ендi үлкен үстелдiң ортасына пеш қырында тұрған лампаны әкеп қойысыпты. Бастығы Ысқақ боп, бес-алты кiсi қағаз, қарындаш алып, үстелге жабысып қапты. Шетiнен көшiрiп жатқаны – Кiшкене-молда жiберген "Татьяна-хаты".
Мұхаметжан үндемей кiрiп, есiк алдында бiраз тұрып, мырс еттi.
– Е, мынаның бәрi менiң бұйрығымды көшiрiп жатқан песiрiм бопты ғой. Бәрекелде, Пушкин, тiптi әруағыңнан айналайын! – дедi. Ақындардың құр күлгенi болмаса, бұл сөзге жауап қайырар мұршасы да жоқ.
Олар тегiс көшiрiп болған соң, кеш бойында бiреу домбырамен, бiреу үнмен ылғи "Татьяна-хатын" айтуда болды. Тек үйрене алмағандар Мұхаметжанға бастатып, өздерi екiден-үштен қосылып отырып айтты. Сонымен түн ортасы ауғанша, барлығының ден қойғаны – Мұхаметжан әкелген жаңалық сый едi. Көп-көп мезгiл өтiп, жатарманға тақағанда, бұл үйдiң iшiнде домбыра тартып, ән сала бiлетiн адамның барлығы да Татьяна әнiн, мұңын жаттап алды.
Осы кештен екi күн өткен соң, қаладағы бiр Уақтың қыз ұзататын тойына Мұқаны шақырысқан едi. Сондағы қыз-келiншек, күйеу-жолдастар, қайын-жұрт, жас-кәрiнiң ортасында " Татьяна-хаты " Пушкин үшiн өзгеше жаңа бiр қауым ортасында тұңғыш рет топ алдына шықты. Атақты әншiнiң үнiмен орыс ақыны сазын шерттi. Бұнда да барлық мәжiлiстi шын сезiм, шыншыл наз ұйыта мүлгiттi.
Мұқа соңғы сөздерiн ырғап, қайырып болғанда, әннiң басынан-ақ құлай тыңдап отырған бiр қарт сөз қатты:
– Қарағым, көп жаса, бойды балқытып-ақ ән айттың. Ал ендi осыны айтқан кiм? Соны бiр шешiп берсеңшi! – деп едi. Әншi жiгiт:
– Орыстың баяғыда өткен ақыны Пушкин деген кiсi болған екен соның сөзi. Қазақшаға аударған Абай – дедi.
Осы күндерде қалада, өзi кездескен мәжiлiсте Ысқақ та, Мұхаметжанның өзi де үнемi "Татьяна-әнiн" айтумен болып едi. Қаладан қайтар алдында Мағаш Михайловқа соңғы рет кiрдi. Абайға досы жазған хатты алып отырып, бұндағы жас арасында қызығы басылмаған, жаңа әннiң де жайын айтып едi. Абайдың Пушкиндi аударғанын, әсiресе Татьяна хатын аударғанын естiгенде Михайлов Мағашқа ентелеп, жақындай түстi. Бұл хабарға қызығып сұрастыра бастады.
– Қалай? Ибрагим Кунанбаевич "Татьянаны" қазақ тiлiнде сөйлеткен бе? Қандай боп шыққан? Маған қазақша болса да айтып шығыңыз. Асықпаңыз! – дедi.
Мағаштың жүруге ыңғайланып қолына ұстап отырған тымағы мен қамшысын Михайлов қос қолымен алды да, үстел үстiне қойды.
– Кәнi, Мағаш, айтыңыз, маған айтып берiңiз! Абай аударған сөздердi менiң бiлгiм келедi! – дедi.
Мағаш Михайловқа тағы бiр жаңалық айтты.
– Сөз ғана емес, әнi де бар. Бiз "Татьяна-әнi" деп, қазiр осы барлық Семей шаhарына күнде-күнде айтып, жайып жүрмiз!
– Әнi! Музыкасы ма?
– Оны кiм шығарған? Оны да әкем шығарған.
– Айтыңыз ендеше, әнiмен айтыңыз.
Мағаш осыдан соң, "Татьяна-хатын" Михайловтың жүзiне тура қарап отырып, түгел айтып шықты.
Михайлов бұл кездерде қазақтың тiлiн көп түсiнетiн боп қалған-ды. Өзi жарытылысында ән-күйге де аса бейiм адам болатын. Балалық тәрбиесiнде музыка сабағын бiрнеше жыл оқығаны да бар-ды. Мағаш әнi соңғы кезiне жеткенде, ол ыңылдап отырып, бiрге қостап, қосыла айтып шықты. Абай әнiн о да жадында тез тұтып қалды. Айтумен қатар, әннiң уәзiнiмен өлең жолдың өлшеулерiн де санай отырып, жiгiт әнiн бiтiрген кезде, ол орнынан атып тұрды. Мағашты екi иығынан қысып, аз сiлкiте түсiп:" рахмет, көп рахмет!" дедi де сол арада тез сөйлеп кеттi.
– Ибрагим Кунанбаевичке сәлем айтыңыз, мен оны құттықтаймын! Бұнысы жақсы, аса жақсы. Пушкиндi оның халқы бiлмек керек. Бiлмек түгiл, сүймек керек! – деп, қызына сөйлеп алды. Соның артынан ән үстiнде өзi байқаған бiр жайын айтты.
– Бiрақ менiң ойымша, аударғанда Пушкиннiң кей жерiн дәл аудармаған екен. Әсiресе барлық жолдардың өлшеулерi Пушкинмен үнемi бiрдей шықпаған. Сiз айтқан әнге қарағанда, солай байқалды. Тек мен мұны кемшiлiк демеймiн. Қазақшаны шала аңғардым. Түгел ұққам жоқ. Сондықтан өлеңнiң бар жақсылығын бiлiп алмай, кемшiлiгiн айтып сынау, әдiлетсiздiк болар едi. Өзiңiзше, өз бiлуiңiзше, қазақша өлеңi жақсы ма, қалай? Пушкин осы Татьяна-хатына" қарағанда, сiзше, өнерлi ақын ба? – дедi. Соңғы сұрауына айрықша мағына берiп айтты. "Татьяна-хатын" қазақша оқығаннан берi Пушкин турасындағы Мағаштың ойы тiптi бөлек, аса қадiрлеген ой едi.
– О, Евгений Петрович, Пушкин әр өлеңiнде осы "Татьяна-хатындай" болса, бiз қазақ баласы ондайлық қуатты көрген емеспiз. Пушкиннiң бiз бiлген ортада теңдесi жоқ па деп ойлаймын. "Татьяна-хаты" бiзге әкем аударып берген көркiнде Пушкиндi соншалық қасиетпен, сәулетпен танытты! – дедi.
Михайлов бұл сөзден аударманың анық ақын аудармасы екенiн аңғарып, Абайға тағы да алғысқа толы, қалтқысыз достыққа толы сәлемдерiн жолдап жатты.
3
Бүгiн Ақшоқыдағы ауылда қалың думан бар, ауыл әбiгерде. Кешкi шайдан соң Абай отырған үлкен бөлмеге, қонақтардан басқа, барлық ауыл адамдары да бiрi артынан бiрi кеп, лық толған едi. Бөлмеге сыймағандарды Әйгерiм, Ербол, Баймағамбет және Абайдың жас iнiсi Кәкiтай төртеуi меймандос жүзбен түкпiр үйге орналастырды. Ауыз үйге жайғасқан жастар да бар. Абайдың тату, сыйлас көршiлерi – шал Байторы, қартаң, Бүркiтбай, Байқадам сияқтылар қастарына кемпiрлерiн ертiп кеп, Абайдың өз жанына отырысқан. Даусы жiңiшке болса да, аса қатты шығатын Кәкiтай Әйгерiмге көмектесiп үш үйдегi жиынның бәрiне өзi шай жасатып бергiзген. Қай үйге барса да, ашық жарқын жүзiмен жиынды ырзалап, үлкеннiң бәрiне әдептi iнi болады. Жеңге құрбыларға әзiлқой, ақкөйлек, ашық қайын боп, Абай мәжiлiсiн бұл ауылдың барлық жанына еркiн, қызық мәжiлiс еткiсi келедi.
Кәкiтай – Абайдың Ысқақ деген iнiсiнiң баласы. Жасы Мағауиямен құрдас. Ол екеуi достық пен туысқандығы, құрбылығы қосылып, жан жүзiнде ең бiр тәттi, ыстық жақындар болатын.
Кәкiтай Мағауиядан қысы-жазы айрылыспайды. Соңғы екi жыл бойында ұдайы Абай аулында, соның өз тәрбиесiнде жүретiн. Кең, ашық жүздi шошақтау келген сұлу, өткiр көздi Кәкiтайдың мұрны шолақтау болса да, бетiнде бала-бозбалалық, уыз жастық бар. Жұқалау, қып-қызыл ерiндерi мiнсiз, кiнәсыз, тазалықпен тыныс алады. Қандай сұлу қызға бiтсе де, мiндi дегiзерлiк емес. Оның осындай айнадай ашық таза мөлдiр жүзбен шiңкiлдеп, қатты сөйлейтiн және бар шынымен үнемi ашық сөйлейтiн мiнездерiн Абай ерекше сүйедi. Өз балаларынан, тек Мағаш пен Әбiш болмаса, Кәкiтайды сонағұрлым артық көредi. Оның әке-шешелерiне жiбермейдi.
– Ысқақ пен Тектiден, Мәнiкеден не тәлiм алушең? Сенiң ата-анаң осында – өзiм боламын. Менiң бауырымда, қасымда өс, – дейдi. Аса мейiрленiп, Кәкiтайды көңiлдендiрiп отырады. Қалаға барып оқи алмаса да, соңғы екi жыл бойында. Кәкiтай Абайдың қасында отырып, орысша тiл үйренуге, жеңiл кiтаптар оқуға бар ынтасын салып жүр. Жазды күнi елге келген Әбiштен сол жаз бойы оқып қалған едi. Қалада, школда болған Мағауияның бiлгенiнен де көп пайдаланатын. Өзi Абайдың қасынан екi елi айрылмайды. Ат үстi жүрiсте, жай отырған мәжiлiсте, ас үстiнде, қысқасы, Абайдың қалт еткен бос кезiнде орыс тiлi жөнiнен, оқыған кiтаптар мәндерiнен үнемi сұранып, талмастан тiмтiнiп, түртiнумен болатын.
Сол Кәкiтай бүгiнгi Абай аулының қонақтарына да үлкен қызу, қызық желiк бiтiргендей. Қонақтардың жастары Абайдан кiшi болғанмен, қазiр Абай алдында Кәкiтайдың еркiндiгiн, ерке иелiгiн көрiп, сезiп отырып, өздерi де бүгiн Абайға бiр үйдiң iшiндей, жанаса, жақындай түскен сияқты. Бұл қонақтар бөтен емес. Абайдың iнi, достары, ақын, әншi, жас қауымы болатын.
Олар барлық тобымен бiрнеше ай Семейде жүрiп, жаңа қайтып келген. Бүгiн күн батар алдында Абай аулына көп шана, көп салт атпен асығып, сағынысып жеткен. Мұқа, Мағауия, Ырсай, Қысатай, Мұхаметжандар болатын.
Жастар келiп, шайға отырмастан бұрын-ақ Абай мен Әйгерiмнен, Ерболдан бүгiнгi кештi өздерiнше кең сауықпен өткiзуге рұхсат өтiнген. Топ атынан бұл жайды бiлдiрген Ысқақ.
– Абай аға, бiздiң осы тобымыз биылғы қыста Семей қаласында шетiмiзден әншi ақын боп атақ алып қайтпадық па!Атақты әншi мына Мұқа былай тұрсын. Қалада қыз ұзатылса, келiн түссе, сүндет тойы болса, ар жақ, бер жақтың барлық үйлерi осы бiздiң бiрде-бiрiмiздi қолға түсiрiп, өз мәжiлiстерiнiң шырайын ашуға сонша құштар болды! Тiптi қанымыз жерге тиген жоқ. Қалаңыздың алақанынан түскемiз жоқ деуге болады. Соның көптен-көп себебi – сiздiң әндерiңiз, әнмен айтқызған өлеңдерiңiз болды. Әсiресе, мына Мұхаметжан апарған "Татьяна-әнiне" тал бойы ұйымаған жиын көрмедiк. Сүйтiп мiне, аулыңызға осы кеп отырған iнi-бауырларың ән-өнердiң үлкен бiр думаны боп, тың өнер тауып кеп отыр. Бүгiн сол тобымызбен алдыңыздан өтейiк. Бiздiң сауығымызды көрiңiз! – деген-дi.
Абай Ысқақ сөздерiн күле отырып, сүйсiне тыңдады.
– Бiреуiңнiң өзiң бiр үйдiң думаны болсаң, бүгiн қауымың боп келгенде, Ақшоқыға қан базарды көшiрiп келдiк десеңшi! Сал! Салыңдар әнiң мен сауығыңды! – дедi. Содан кейiнгi сөзiн шай бастала берген кезде, үй iшi достарына қаратып айтқан.
– Әйгерiм, Кәкiтай, Ербол, Баймағамбет! Сен төртеуiң, ендеше, ауылдағы анау көршi-малшылар қорасындағы барлық үйлердiң шал-кемпiрлерiн, жас-желеңiн түгел жиып әкелiп, бұлардың ән-сауығын бiрге тыңдаңдар. Олардың көңiлi сергiп қалсын. Мына қонақтарың болса, Семейдiң қалың қала, мол жиындарында бәйгеге түсiп, төселiп келгендер, маңдайы ашылғандар көрiнедi. Алқыны зор емес пе! Бiздiң төртеу ғана боп тыңдағанымызды азсынар, мiсе тұтпас. Осылар олқысынып, ұртын шайнап алмасын, үйренген қауымын, халқын қастарына жиып берiңдер. Бар үйлерге жайғастырып отырғызып, оларды да жақсылап қонақ етiңдер! – деген.
Ымырт жабылғаннан берi қарай, Кәкiтай, Баймағамбет екеуiнiң тыным алмай, сарп ұрып жүрiп, жұртты жиғандары, көңiлдене күткендерi сонан соң басталған-ды.
Думан-сауық басталғанша Мағаш Абайға қаладағы көп жаңалықтарды айтып отырған. Бiр уақыт, әкесiнiң сұрауымен Михайлов жайына көштi.
Өзiнiң Михайлов үйiнде бiрнеше рет болғанын айтты. Бұған да кiтаптар берiп, көмек еткенiн сөйледi. Сонымен бiрге ең соңғы кездесудi есiне алды. "Татьяна-әнiне "байланысты Михайлов мiнездерiн, Абайға айтқан жақсы сәлемдерiн жеткiздi. және де "Пушкин өлшеуi мен Абай уәзiнi дәл бiрдей емес пе?" деген күдiктi ойы болғанын да жеткiзiп берген едi. Абай Михайловтың танығыштығына таңырқап, сүйсiнiп сөйледi.
– Михайловтың айтқаны рас, жiгiттер. Менiң тәржiмам Пушкин өлшеуiмен үнемi бiрдей түсiп отырған жоқ. Дәл тапқан. Одан басқа Татьянаның жүрек тiлiн қазақ тiлiмен айтқызуда, менiң өзiмше, өзiмдiк бiр себептермен, кейде дәл шығармағаным да бар! – дедi. "Өзiмдiк бiр себеппен" дегенiнде, өз қаны мен жанынан туған кейбiр шындықтар барын тұспалдаған. Бiрақ бұл жайды бұл отырыста осыдан әрi шешiлiп, таратып айтқысы келген жоқ. Михайловқа сүйсiнген ойына қайта оралды.
– Япыр-ай, қаншалық қайран қаларлық сергектiк, сезгiштiк бар Михайловта! Қазақ тiлiн жете бiлмейдi, бiрақ сонда да менiң күдiктi жерлерiмдi дәл басып айтқан. Бұ ғылым адамның бойына сiңiп, бар жаратылысын ағартқан шақта, қандайлық қырағы қасиет бiтiредi. Қасымдағы қазақтан да алыста отырған Михайлов менiң барымды бiлiп, болжап отыр ғой! – дедi.
Бұл кеш түн ортасына шейiн созылған ән мен өлең, әсем өнер жарысының қызу еркiн сауығы болды. Түнгi астан соң көршiлерден келген қонақтар жатар мезгiлiн ойлап, тарасқан едi. Ендi қала қонақтары мен Абайдың ең жақын айналасы ғана үлкен үйде кеңiрек тыныш жайғасып отырысты. Бұл кезге шейiн қонақтар мен ауыл адамдарының iшiнде ән айтпағандар аз-ақ. Ол тек Абай мен Әйгерiм ғана.
Екеуiнен басқаның барлығы бiресе жеке айтқан Мұқа, Мұхаметжан болса, бiрде екеулеп айтқан Мағауия мен Кәкiтай болды. Кейде Ысқақ, Ербол, Баймағамбетке шейiн қосылып, тобымен, өзiнше хор болып та айтысқан.
Ендiгi отырыста Абай мен Әйгерiмнiң қалауы бойынша жеке, шебер әншiлер ғана ескiлi-жаңа әндердi айтып отыр едi. Бiр кезекте Ысқақ пен Мұхаметжан Әйгерiмнiң өзi айтуын өтiндi.
– Талайдан жеңешемнiң әнiн естiмей кеттiк қой!
– Нелiктен айтпай кеттi! Бiр тыңдайтын шағымыз болмады ма, Абай аға! – дескен.
Абай да Әйгерiмнiң нұрлана балқыған, ақ-қызылы шапақ атып көрiктенген жүзiне аса ынтыққандай қарап қалған екен.
– Айтпай кеттi ғой Әйгерiм! Айтады деймiсiң! – дедi.
Үнiнде өкiнiш тәрiздi, бiр қимас қиналу салқыны да бардай. Шынында, соңғы бiрнеше жыл бойында, Абай мен Әйгерiм арасы тек бiр сыйластық қана сақтасқандай. Көңiлдiң тоңы жiбiп, бұрынғысындай емiренiскен күйдi қайта таба алмаған. Сырт сүйiспендiкпен ғана, бiр орында тұрып қалғандай едi. Араларында алғашқы бақыт жылдарындай ұзақ сыр шешiп, шер айтатын сағаттар үзiлген. Ыстық толқын күндерi тоқталып, әлденеден тыйылып қалған болатын. Әйгерiм жаңағы Абай назын көрiп, сол бұрынғы күндердiң ерекше нәзiк сезiмталдығымен, жүрегi дүр сiлкiнгендей болды. Жалт бұрылып, Абайға қараған нәркес қара көздерiнде тұңғиықтанып тұрған көркем ажармен қатар, бiр сұрау да бар сияқты. Күйлi, нәзiк үнiмен, ән ырғағын ақырын айтқан сәндi саздай етiп, сөз қатты:
– Мен бе едiм, Абай-ау! Айтқызбай кеткен өздерiңiз, өзiңiз емеспедiңiз, – деп, сыпайы ғана күлiп қойған.
– Ендеше айтшы, Әйгерiм! Шертшi барыңды. Бiлгенiң, ұққаның бар ма, жаңа әнiңдi айтам! Бармедi сондайың? – деп, Абай өзге емес, ендi тек Әйгерiмнiң айтқанын күттi.
Осы кезде Әйгерiм Ерболға сәл ғана қабақ қағып, белгi еткендей едi. Сыр мiнез дос домбыраны Мұқаның қолынан алып, Әйгерiмнiң қасына отырып, Татьяна әнiн тартып жөнелдi. Сол сәтте бұл мәжiлiсте Абай өзi де көптен естiмеген және естiмегенiне ендi өкiнерлiктей ететiн, жiңiшке күмiс толқын, нәзiк, сыңғыр үн кеттi. Абай тыңдай отырып, таңдана түседi. Бұл бiлмесе де, өзi " үйрен " деп айтпаса да, Әйгерiм Татьяна-әнiн және Татьяна-хатын тегiс жақсы бiледi екен. Ерболға жаңа белгi еткенi – Әйгерiмнiң соңғы кездегi сырын сол бiлетiн. Оған домбыра тартқызып, соның баяу үнiмен айтуынан Татьянаның әнiн де, барлық хатының ұзақ сөзiн де Әйгерiм өздiгiнен жаттап, бiлiп алған екен. Бұның әнi шыққанда, Татьяна сазын осы күнге шейiн айтып жүрген жiгiт әншiнiң бәрi "шын Татьяна осы! Ал гүл жанған ақ жүздi, өзгеше нұрлы Әйгерiм", деп, "дәл өзi" деп таныды. Таныды да, қыбыр етпей сiлтiдей тынды.
Абай да алғаш әндi шығарған күнi Мұхаметжан айтқанда, бiр тамашалап тыңдаса, сонан соңғы анық бойы ерiп тыңдағаны осы. Ауылда, Абай қасында, әншi жастан ешкiм қалмағандықтан, Татьяна әнi тек домбырада болмаса, әзiрше көп айтылған жоқ-ты. Әйгерiм қазiргi сәтiнде Абай үшiн жаңа бiр тыныс, туыс тапқандай. Сонау жылдарда ерi Әйгерiмнен көз ала алмай, демi үзiле қыбыр етпей, ұйып тыңдайтын күйiн тапты. Қазiр Әйгерiм өзi де әндегi сөздi бiр дыбысын бұлжытпастан анық етiп, әрбiр азғантай нақысын да бар жанын салып, жеткiзе айтады. Ән емес, бұл сәтте ол, арманын, назды мұңын шертедi. Татьяна назы емес, өз жүрегiнiң қайнай шыққан ыстық жалын шынын айтады. Жан-иманын, жас мiнажатын, құпия дұғасындай етiп, жалғыз қадiрлесiне арнайды. Абайға айтады ...
...Өзге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Әуелде тағдыр иеден
Қожам сенсің, не керек.
...Әуелде кірдің түсіме,
Ортақтасып өміріме.
Толғау салып ішіме,
Сол күнде-ақ жақтың көңіліме...
Құдайдан болғай деп емі,
Құдайыны мол бердім.
Көрген жерде-ақ мен сені,
«Осы екен ғой, сол!» дедім...
Тағы да толқынып, назды, мұңды жар шерi ширатылады. Қазiр Әйгерiм жүзi аппақ бопты, қызыл арай жоғалғандай. Шын шабытты ақын, ыстық толқынына берiлiптi. Даусына, сөзiне бар жаны да өзiнiң шыншыл тынысымен тұтас ерiп қосылғандай. Айтқан сайын нәзiктенiп, нұрлы сырын аша түскендей. Жиынды ұмытып, бiр Абаймен наздана, кiнәласқандай. "Жазығым бар ма едi? Болса, кешпесiң жол ма! Өзiме өзiң ғана болып, барыңменен келмесең жол ма! Тапшы қайта бұрынғы жарқын, ыстық күнiңдi. Тапшы өзiмдi!" дегендей.
...Жатқан сайын ұйқыға,
Дұға оқушы ем шошынып.
Ұнатып мені халқыңа
Жүруші едің қосылып...
Шеше көңілімнің жұмбағын,
Әлде бәрі алданыш,
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс.
Осыдан соңғы жолдардың жiбек талдай нәзiк ширатылған сөзi мен ырғағы Әйгерiмнiң бар қуатын, ендiгi шыдамын, ықтиярдан тыс әлсiретiп, үздiктiрiп апара жатқандай.
...Не болса да, өзімді
Тапсырдым сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді,
Есірке деймін жалынып...–
деп келдi де, Әйгерiм тоқтап болмастан өксiп жылап жiбердi, тына қалды. Үй iшi де жым-жырт. Абай құп-қу боп, екi көзi шарасынан шығып үлкейiп, бар денесi тоңази дiрiлдегендей, қабақ шытып қалды. Қатарында отырған Әйгерiмдi қатты қысып құшақтай алып, жасты көзiнен ұзақ сүйiп алды.
– Әйгерiм! Асылым! Әнiңмен, жасыңмен қайта таптың ба! Татьянаның әнi, наз-мұңы сенiң де жүрегiңнiң шыны боп шықты-ау көңiлiңнен! – деген едi.
Екеуiнiң айналасындағы жас достар қауымы да бұлардың күйiн соншалық жақсы ұғынды.
– Қайран Татьяна, қазақ қызынан да мұңласыңды таптың ба! Талай шыншыл жасқа тiл бiтiрерсiң-ау! – деген едi Ысқақ.
Өзге жұрт үн қатқан жоқ. Бiрақ " анық рас, шын солай " дескендей, ым қаққандай болысты. Жастар Абай мен Әйгерiмдi ендi қайта сөйлете алған жоқ. Ол екеуiнiң жүрегi қазiр сөздi қажет етер еместей. Үнсiз халдерiне шыншыл көңiлдерi қазiр-ақ сырласып отырғандай. Қайта оянған қатты ғашықтық ендi көлденең бiр сөздi де, көлденең бiрде-бiр көздi де керек етер еместей. Осыны анық аңғарған Мұқа мын Ысқақтар ақырын тұрысып, тараса бердi. Аз уақытта Абай мен Әйгерiм екеуi ғана қалғанда, бiрiне-бiрi соншалық ыстық жалынмен құшақ жайып, ұзақ сүйiсiп қалған едi.
Бiрталай жыл ұғыса алмай, тығылып қалған iштегi түйiндерiн ән таратты. Шабытты, тең ақынша табыстырды. Бұл өмiрде ендi қайтып қажымастай, айнымас, азбас махаббат табыстырды. Татьянаның мұңды сазы мен шерлi назы қайта қуантып, өшкендерiн жандыра табыстырды.
Осылайша 1887 жылдың қысында, орыстың данасы Пушкин өзiнiң сүйiктi Татьянасын қолынан жетектеп кеп, кең қазақ сахарасына ең алғаш рет қадам басты.
Өзi тыңдаушысын ұйытқан қадiрлi ақын болды. Татьянасы қазақ жасының жүрек сезiмiне бұрын қазақ сөзiмен айтылып көрмеген көркем, шебер тiл бiтiрiп, жандай жақын туысы бола келiп едi.
ЭПИЛОГ
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшiрiлiп жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желiндей жай жылжып, бiрақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахара бұрын естiмеген сарын естi. Ғасырлар бойы жұмбақтай үнсiз сұрақпен мелшиiп, мүлгiп тұрған далаға жел қанатымен жырдай жауап естi. Игi желдей. Жыл жетерiн бiлдiретiн көктем желiндей естi. Ол – тарихтың жаңа бiр төлiнiң үнi. Арттағы қыстан тумай, алдағы жаз үшiн, жаздың жаңа өсiм-өнiмi үшiн, гүл атар тiрлiгi үшiн туған төлдiң үн-лебiзi. Оның жыры – жаңа дүние көксеушi, жаңа өрiстi iздеушi жыр. Барлық сергек ой, сезiмтал жүректер үшiн, тынымсыз ойлар үшiн, алысар жiгер үшiн туған жырлар едi ол.
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшiрiлiп, әуендеп толқып Ералыға жеттi. Абай қалаға апарып оқытқан жатақтың жетiм балалары Хасен мен Садуақас кеш сайын өздерi көшiрiп алған өлеңдердi оқиды. Құдық басында, кешкi ауыл сыртында, от басында әр кезде Абай сөздерiн бұларға оқытып отырып тыңдайтын Дәркембай бастаған көп кәрi-жас бар.
Абайдың аға досы Дәркембай насыбайын иiскеп, шiмiркене түсiп, хат оқыған жасқа жабыла тақап, ұзақ тыңдайды
...Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузына түсті мұртың...–
деп, ел мұңдары боп кеткен Абайды көз алдына елестетедi. Оның айтқанына сенедi Дәркембай. Ақын мұңына қарт көңiлiнiң мұңын қосып бас изейдi.
Дәндiбай, Еренай боп, бiр кезек "Күздi" оқытады. Бiр емес, қайта оқытады–
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы...–
дегенде, барлық кәрiлер құшырлана күледi. Бұны бекер едi деп ешбiр Тәкежан, Майбасар, Оразбайлар да айта алмас. Осы қарттар үй iштерiмен бай ауылдардың шетiнде талай кешiрген күйлер, күндер ғой. Сондайлық өз күйлерiне дөп тиетiн өлеңдердi бұл жиын әсiресе көп оқытады. Оқытқанды мiсе қылмай.кейде "мақамдап айт", "әндетiп оқы" деп, жастарға әнге қосқызып айтқызады. Бiр кезек бар жастар қосылып, жырлап та кетедi. Қоңыр кеште көп жастың үнiмен толқыған шындық жыры тыңдаушы қарттарды қатты таңырқатады. Сүйсiнген үндер шығады...
– Сөзi қандай!
– Неткен сөз!
– Алпыс екi тамырды шымырлатқан сөз.
– Айтарсың. Осылай айтарсың. Қазақ баласы айтпағанды сен айтарсың, Абай! Асылым! Шөлiмдегi жалғыз алтын терегiм. Шөлден шүлен боп туған сергегiм! – дейдi Дәркембай. Көп үнсiз тыңдаушының сүйсiнген жалынын атады.
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшiрiлiп, жатталып Мұхаметжан әуенiмен Ұлжан аулына жеткен едi. Кеше кеш бойы Оспан отауында Мұхаметжан Абай сөздерiн әрi оқып, әрi жырлап берген. Ауылдың жас-желеңi, көп көршiсi Еркежан мен Оспан отауын iштен кернеп, тыстан да жапырлай басып, анталап тыңдаған.
Ұлжан Абайды көптен, қыстан берi көрмеген. Ана көңiлi сағынышты едi. Таңертең Мұхаметжанды өз алдына шақыртып, Абай сөздерiн көп оқытты. Кiрген мен шыққанға, ат үстi жолаушының келгенiне де қараған, мойын бұрған Ұлжан жоқ.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Келейін сендерге де енді аяңдап..–
дептi баласы. Анасына да ескерткенi де! Бұрынғы кейбiр надан ақынды. Сатымсақ сөздi, мәнсап мәздi шенептi баласы
Ел бүлігі Тобықты,
Көп пысыққа молықты!..–
дептi бiр кезек.
Ұлжанның Абай сөздерiне әрi таңырқап ырза болып, әрi тереңдеп ойланып ұйып қалған қалпын Оспанның қатты күлкiсi бұзды. Шешесiнен төмен отырған Оспан да кешеден бергi әдетi бойынша үндемей, қыбыр етпей тыңдап едi. Әлi күнге "жақсы, жаман" деп бiр ауыз сөз қатқан жоқ-ты. Қазiр сол үнсiз Оспан шұғыл құбылып, қатты өзгердi. Қарқылдап күлiп, құшырлана мәз болады. Анадай жерде қиыс отырып, қымыз iшiп жатқан Тәкежандарға қарап, иек қағып, соларды мазақтап күлiп отыр.
– Әнi... Ана отыр! Ойбай-ау, тап мыналар ғой сол айтқаны!
Ел бүлігі Тобықты,
Көп пысыққа молықты!..–
дей түсiп тағы күледi.
Тәкежанның қасында Оразбай мен Жиренше бар-ды. Солардың өлеңдi де қазiргi Оспанды да жақтырмаған қабағын тани түсiп, бұл ендi әсiресе мәз болды. Қазiр айқын мазақ ете күледi.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Абай жолы - 56
  • Parts
  • Абай жолы - 01
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2087
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 02
    Total number of words is 4238
    Total number of unique words is 2139
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 03
    Total number of words is 4296
    Total number of unique words is 2040
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.2 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 04
    Total number of words is 4202
    Total number of unique words is 2189
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 05
    Total number of words is 4223
    Total number of unique words is 2084
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 06
    Total number of words is 4191
    Total number of unique words is 2036
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 07
    Total number of words is 4168
    Total number of unique words is 2144
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 08
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2080
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 09
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2152
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 10
    Total number of words is 4220
    Total number of unique words is 2083
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 11
    Total number of words is 4318
    Total number of unique words is 2093
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    53.1 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 12
    Total number of words is 4267
    Total number of unique words is 2192
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 13
    Total number of words is 4287
    Total number of unique words is 2219
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 14
    Total number of words is 4236
    Total number of unique words is 2157
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 15
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2177
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 16
    Total number of words is 4322
    Total number of unique words is 2238
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 17
    Total number of words is 4288
    Total number of unique words is 2118
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 18
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2120
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 19
    Total number of words is 4259
    Total number of unique words is 2193
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 20
    Total number of words is 4317
    Total number of unique words is 2186
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 21
    Total number of words is 4214
    Total number of unique words is 2207
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 22
    Total number of words is 4322
    Total number of unique words is 2195
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 23
    Total number of words is 4248
    Total number of unique words is 2236
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 24
    Total number of words is 4212
    Total number of unique words is 2208
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 25
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2148
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 26
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2274
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 27
    Total number of words is 4194
    Total number of unique words is 2158
    25.7 of words are in the 2000 most common words
    37.6 of words are in the 5000 most common words
    43.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 28
    Total number of words is 4389
    Total number of unique words is 2191
    27.4 of words are in the 2000 most common words
    40.5 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 29
    Total number of words is 4368
    Total number of unique words is 2277
    25.0 of words are in the 2000 most common words
    36.6 of words are in the 5000 most common words
    42.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 30
    Total number of words is 4194
    Total number of unique words is 2258
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    36.2 of words are in the 5000 most common words
    43.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 31
    Total number of words is 4256
    Total number of unique words is 2205
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.0 of words are in the 5000 most common words
    43.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 32
    Total number of words is 4252
    Total number of unique words is 2226
    26.3 of words are in the 2000 most common words
    39.0 of words are in the 5000 most common words
    45.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 33
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2139
    25.9 of words are in the 2000 most common words
    37.6 of words are in the 5000 most common words
    44.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 34
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2231
    24.5 of words are in the 2000 most common words
    35.2 of words are in the 5000 most common words
    41.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 35
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2283
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    36.4 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 36
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2206
    24.0 of words are in the 2000 most common words
    34.8 of words are in the 5000 most common words
    40.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 37
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2209
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.5 of words are in the 5000 most common words
    44.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 38
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2209
    24.9 of words are in the 2000 most common words
    36.5 of words are in the 5000 most common words
    42.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 39
    Total number of words is 4160
    Total number of unique words is 2184
    25.8 of words are in the 2000 most common words
    36.5 of words are in the 5000 most common words
    42.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 40
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2283
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    35.8 of words are in the 5000 most common words
    41.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 41
    Total number of words is 4247
    Total number of unique words is 2270
    24.2 of words are in the 2000 most common words
    36.6 of words are in the 5000 most common words
    43.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 42
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2314
    24.4 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 43
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2047
    26.6 of words are in the 2000 most common words
    37.1 of words are in the 5000 most common words
    42.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 44
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2222
    25.1 of words are in the 2000 most common words
    37.0 of words are in the 5000 most common words
    43.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 45
    Total number of words is 4230
    Total number of unique words is 2178
    25.6 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    43.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 46
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2187
    26.1 of words are in the 2000 most common words
    37.4 of words are in the 5000 most common words
    43.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 47
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2066
    25.3 of words are in the 2000 most common words
    37.3 of words are in the 5000 most common words
    43.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 48
    Total number of words is 4077
    Total number of unique words is 2168
    24.9 of words are in the 2000 most common words
    35.9 of words are in the 5000 most common words
    41.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 49
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2220
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 50
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2122
    25.2 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    41.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 51
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2247
    24.0 of words are in the 2000 most common words
    34.5 of words are in the 5000 most common words
    40.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 52
    Total number of words is 3828
    Total number of unique words is 2027
    25.0 of words are in the 2000 most common words
    35.3 of words are in the 5000 most common words
    42.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 53
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2266
    26.7 of words are in the 2000 most common words
    38.5 of words are in the 5000 most common words
    44.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 54
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2081
    25.5 of words are in the 2000 most common words
    37.4 of words are in the 5000 most common words
    43.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 55
    Total number of words is 4136
    Total number of unique words is 2178
    25.4 of words are in the 2000 most common words
    37.8 of words are in the 5000 most common words
    44.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Абай жолы - 56
    Total number of words is 1428
    Total number of unique words is 907
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.